Жаңа сабақтар

Мукушев Жунус Шамиханович

Ақмола облысы, Атбасар қаласы № 7 қазақ орта мектебі

Алғашқы әскери дайындық мұғалімі Мукушев Жунус Шамиханович

Тақырыбы: Алғашқы әскери дайындық сабақтарында жаңа технологияны пайдалану.

Сабақтың тақырыбы:

«Посты қабылдау және тапсыру кезіндегі, постыда немесе пост маңында өрт болған жағдайдағы сақшының әрекеттері».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: сақшының посты қабылдау, тапсыру кезінде және постыда өрт болған жағдайдағы іс-әрекет тәртібін меңгерту.

Дамытушылық: сақшаның қарауылшы, қарауылшының сақшы лауазымына кірісу сәтін ұғындыру, сондай-ақ постыда өрт шыққан кездегі жүйелі іс-әрекет жасауға машықтандыру.

Тәрбиелік: қырағылыққа, бастамашылдыққа және жарғы талаптарын қатаң сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Оқыту әдісі: баяндау, көрсету.

Көрнекілігі: қарауыл қалашағы, АКМ автоматы, АКМ автоматының макеттері, сүмбі-пышақ, қаруды майлау және тазалау орны. Мультимедия аспабы, экрандар, видеокассета, телевизор.

Пәнаралық байланыс: Мемлекеттік құқық, Қазақстан тарихы.

Әдебиеттер:

  1. ҚР Қарауылы Күштерінің жалпы әскерлік жарғылар жинағы (Гж ҚҚЖ) 362-364 беттер.

2.АӘД оқулығы, Алматы 2006ж. — 108-110 беттер.

Сабақтың жүрісі:

1.Ұйымдастыру кезеңі – 5 минут.

  • взводты кезекшінің сапқа тұрғызуы кезекшінің баяндауы;
  • оқытушының сәлемдесуі мен оған взводтың жауап қатуы;
  • оқушылардың сырт пішін тексеру;
  • оқушылардың оқу орындарына отырғызу;
  • оқушыларды түгелдеу

ІІ. Өткен сабақтар материалдарын пысықтау – 15 минут.

Бөлімшелер жарысы.

1 – кезең. Полиглот – 4 минут.

Экранға мультимедия арқылы 50,60,70,80,90 және 100 ұпайлық 6 сұрақ шығады. Бірінші бөлімше ұпайлар санына қарап кез келген сұрақты таңдайды, таңдап ұпайдың қатарына өткен сабақтар материалдары бойынша нақты сұрақ шығады. 1- бөлімше 10 секунд ішінде сұраққа жауап беріп тиісті ұпайды өз қоржынына салуы керек, егер дұрыс жауап бере алмаса сұраққа жауапты 2,3 бөлімшелерден кім бірінші қол көтерсе жауап беру мүмкіндігі соған берілді, ол кезде тиесілі ұпай дұрыс жауап берегн бөлімше қоржына түседі. Толық жауап берілмесе ұпай ещкімге де берілмейді. Сұрақтарға жауап беру кезегі бөлімшелердің реттік номері бойынша ауысып отырады.

Ұпайлар Сұрақтар

  • Қарауылдардың қандай түрлері бар?
  • Пост дегеніміз не?
  • Сақшы дегеніміз кім?
  • Сақшыға не істеуге тыйым салынады?
  • Қарауыл деген не?
  • Сақщы қандай тұлға және ол ерекшелік немен айқындылады?

Сұрақтарға жауап беру аяқталғаннан соң мультимедия экранында жарғыға сәйкес жауабы көрсетіледі.

Ең көп ұпай жинаған бөлімшеге «Үздік бөлімше» атағы беріледі.

2 – кезең топтастыру стратегиясы «Кім жылдам?» — 4 минут.

Мультимедия экранының ортасында – сақшының міндеттері жазуы шығады, оның айналасында сұрақ түрінде сақшының 10 міндеті жарғыдағы жазылу реттерімен біртіндеп шығып отырады. Сұрақтарға жауап беру құқығы бірінші болып қол көтерген оқушыға беріледі.

Дұрыс жауабы – 10 ұпай.

3 – кезең. Ситуациялық жаттығу – 3 минут. Мулльтимедия экранында постыдағы сақшының өз міндетін атқару кезіндегі жарғымен тыйым салынған іс-әрекетінің бейнесі беріледі.

1.Постыда қаруын жерге қойып, кітап оқып отырған сақшы.

  1. Пост (объект) маңына келіп сақшыға кітап беріп жатқан бөгде адам мен сақшы.
  • Саңырауқұлаққа «Сүйеніп шылым шегіп тұрған сақшы».

Оқушылар әрбір көріністегі сақшының тарапынан жіберілген тәртіп бұзушылықты талдап түсіндіреді.

Оқушылар білімі әрбір көрініс бойынша жеке бағаланады.

4 – кезең. Жаттығу (Автоматты оқтау және автоматтың оғын алу кезіндегі сарбаздың «с-әрекеті) – 2 минут.

Жаттығу кабинеттегі (Қаруды тазалау және майлау( орында жүргізіледі.

Бір оқушы қаруды оқтайды (жарақтайды).

Екінші оқушы қаруды оғын алады (жарақсыздандырады).

Бағалауда: Қаруды оқтау және оғын алу тәртібінің сақталуы және саптық тәсілдердің нық орындалысы ескеріледі.

5 – кезең. Өткен сабақты қорытындылау және жаңа сабақ тақырыбын жариялау 2 минут.

ІІІ. Жаңа сабақ материалдарын баяндау — 15 минут.

Сақшаның өз міндетін атқаруда әскери және мемлекеттік маңыздағы жауынгерлік тапсырманы орындаушы лауазымдық тұлға екендігіне назар аударып, сақшы постты қалай қабылдап тапсырады, «Постта және пост маңында өрт шыққан кездегі оның іс-әрекеті қандай», — деген сұрақтиарға жауап беру үшін: «Постты қабылдау және тапсыру кезіндегі, постыда немесе пост маңында өрт болған жағдайдағ сақшының әрекеттері», — дгене жаңа сабақ тақырыбын хабарлау.

  1. Сақшыларды ауыстыру әдетте әрбір екі сағаттан кейін, жұп не тақ сағаттарда жүргізіледі. Ауа температурасы 20 — ден төмен, қатты дауылды және аязды күндері сыртқы постылардың, сондай-ақ пеш жағылмайтын ішкі үй – жайлардағы постлары 1 сағат сайын ауыстырылды.

Жаз кезінде ауаның температурасы +30 жоғары болса сақшылар 1 сағаттан: кейін ауысады. Ол жөнінде нұсқауды қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекші береді. Аусымның 2 сағаттан 1 сағат сайын ауыстырылуы жөніндегі пост ведомостысына жазбаша түсіріледі. Қарауыл үй — жайының алдындағы сақшылары 30 минут сайын Қарауыл бастығы не оның көмекшісі ауыстырып отырады.

  1. Мультмедиядан постыдағы жауынгерлік тапсырманы орындаушы сақшы және 20-25 м.жерден қарауыл бастығы мен ауысымдық қарауылшылар бейнесі беріліп, сақшының постты тапсыру және жаңа аусым бойынша қарауылшының қабылдаудағы іс-әрекетті көрсетілді.

Постқа 10-15 м. Қалғанда қарауыл бастығы: «Аусым, тоқта!» — деп пәрмен береді де өзі сақшыға жақын барады. Сақшы – өзіне қарауыл бастығы келгеніне көзі жетеді.

Қарауыл бастығы бір қарауылшыға: «Қатардағы Ботағараев, постпен оның маңына бақылау жаса!» — деген бұйырық береді.

Қатардағы Ботағараев «Құп болады!» — деп маңына бақылау жасауға кіріседі.

Қарауыл бастығы: «Қатардағы Қалыбаев, постқа адымда!» — деп пәрмен береді. Қарауылшы Қалыбаев саптық адыммен сақшыға қарай қозғалады. Сақшы 1 адым оңға алады, басын қарауылшы Қалыбаевқа қарай бұрады. Қарауылшы Қалыбаевта сақшының қатарына келіп тоқтап, басын сақшыға қарай бұрады.

Қарауыл бастығы: «Сақшы, посты тапсыр!» — деп пәрмен береді. Сақшы ауызша посты тапсырады. Постының № — , пост табеліндегі барлық күзетуге жататын объектілерді, олардың есіктерінің мөрленген мөр №-лері аталып, қызмет атқару кезінде постта және пост маңайында байқалған жайттарды, егер ондай жағдайлар байқалмаса, «бөгде жайттар байқалған жоқ», — деп баяндайды.

Қарауыл бастығы «Қатардағы Қалыбаев, постты қабылдап ал!» — деген пәрмен бойынша сақшы жаңа келген (Қабылдаушы) қарауылшыға күзетілерін объектлердің есік, терезелерін, қабырғаларын, құлыптардың бауларын, байланыс және өрт құралдарын пост киімдерінің бар жоқтығын көзбе-көз тапсырады. Егер постты тапсыру және қабылдау кезінде ақаулар болса қабылдау тоқтатылады, бұл жөнінде қарауыл бастығына баяндалады.

Жоғарыда көрсетілген тізбедегі мүліктер дұрыс сақталған және есіктер бекітілген мөрлер үлгілерге сәйкес келсе, сақшы мен посты қабылдаушы қарауыл бастығына (қызметке таратушыға) келіп:

Тапсырушы:»Лейтенат мырза қатардағы Шайхиев №1 постты тапсырды» — деп, Қабылдаушы: — «Лейтенат мырза, қатардағы Қалыбаев №1 постты қабылдап алды!» — деп баяндайды.

Қарауыл бастығы: «Қтардағы Шайхиев, посттан алға адымда!» пәрмені берілген кезде тапсырушы алға ауысым қараулшыларына қарай адымдайды, ал қабылдаушы қатардағы Қалыбаев постқа қарай өз міндетін орындауға адымдайды.

Қарауылшының сақшы орнына, сақшының қараулшы орнына ауысу сәті: «Қатардағы Шайхиев, посттан алға адымда!» пәрменінен кейін жүзеге асады.

Постпен оның маңын уақытша күзетке алған қарауылшы саптағы өз орнына тұрады. Қарауыл бастығы: «Ауысым, менің соңымнан адымда!» пәрменін беріп, аусымды келесі постқа алып жүреді.

  1. Сақшының постта және пост маңында өрт шыққан кездегі іс-әрекеті. Мультимедиядан пост маңында болып жатқан өрт көрінісі бейнеленеді.

Сақшы:

  1. «Саңырауқұлақтағы» байланыс құрылының тетігі (конкасы) арқылы қарауыл бастығына хабарлайды.
  2. Қаруын «Арқаға» күйіне алады.
  3. «Өрт сөндіру» жабдықтарынан өрт сөндіргішті алып, пост маңына бақылау жасауды жалғастыра отырып, өртті сөндіруге кіріседі.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.