Келбетова Улмекен Тлепбаевна

Жаңаөзен қаласы «Тенге бөбекжай-бақшасы»

Тәрбиеші: Келбетова Улмекен Тлепбаевна

«Біз – Қазақстанның болашағымыз!

Мақсаты: Отан деген сөздің мағынасын түсіндіру. Туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында олардың сөздік қорларын көбейтіп, танымдық қызығушылықтарын арттыру

Дамытушылық: Өзінің Отаны туралы әңгімелеп айтуға үйрету, зейіндерін дамыту.

Тәрбиелік: Туған жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету,түсіндіру, сұрақ-жауап, мақтау, мадақтау, қорытындылау.

Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар, әр мемлекеттің шекарасы көрсетілген саяси карта, қарындаштар.

Сөздік жұмыс: атамекен

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Мотивациял

қозғаушылық

Балаларға орнынан тұруды ұсыну. Үнтаспадан Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін тыңдайды.
Ұйымдастырушылық – ізденістік Атамекен сөзіне сөздік жұмысын жүргізеді.

Атамекен – ата-бабадан ұрпаққа мұра болып қалған ежелгі құтты қоныс, мекен.

Билингвальды компонент

Атамекен – родной край, отбасы – семья, бауырмал – почитающий родственников, қонақжай – гостеприимный.

–Біздің Отанымыз қалай аталады? (Қазақстан)

«Отан – отбасынан басталады» дегенді қалай түсінуге болад

Мақалдың мағынасын ашу.

Отан отбасынан басталады.

Демонстрациялық көрнекілікпен жұмыс.

-Әлемде өте көп елдер бар. Мына картада әр елдің жер аумағы бөліп көрсетілген.

Ал енді балалар, біздің тәуелсіз Қазақстан туралы тақпағымызды айтайық.

Жарайсыңдар балалар, Отан туралы тақпақты жақсы біледі екенсіңдер.

Енді орнымыздан тұрып бір сергіп алайық.

Сергіту сәті:

Бұл шақта, бұл шақта

Кішкентаймыз қазір біз.

Кішкентай болсақ та

Ел қорғауға әзірміз

-Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел – қазақ халқы. Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз, қолбасшы батырларымыз ке-байтақ жерімізді сырттан төнген қауіптен қорғап келді.

Қазақ халқы – ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық.

Балалар да өз ойларын жеткізеді:

-Атамекен деп туған жерімізді айтамыз. Ол – менің атам, менің арғы бабаларым мекен еткен жер. Енді сол жерде мен туып-өсіп жатырмын.

Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан аталу себебі: жергілікті халық – қазақ. Біздің еліміз – көпұлтты ел. Қазақстанда тұратын басқа да көптеген ұлт өкілдері Қазақстанды өзінің Отаны деп санайды.

Мақалдың мағынасын талдау: «Отан – біздің отбасымыз, үйіміз, балабақшамыз, туған жеріміздің табиғаты, ауылымыз, қаламыз». Балалар картадан Қазақстан жерін көреді.

Омар:

Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен тек,

Елдің ашық қабағы.

Ақ ниетті – алтын күн,

Асқақ арман – қыраны.

Қолдарын жан-жаққа созады, жоғары көтереді, төмен түсіреді. Отырып-тұрады. Қолдарын беліне қойып, екі жаққа кезек-кезек бұрылады. Қолдарын жоғары көтеріп, адымдайды.

Мұқият тыңдайды, әңгімеге кіріседі.

Туған қаланың, ауылдың көрікті жерлерінің суретін салады. Салған суретінің мазмұны бойынша не салғанын әңгімелеп айтып береді.

қорытынды Қорытындылау.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы Отан туралы алған білімдері пысықталады.

Балалар Отан туралы әңгімелейді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше