Бекгалыева Сантай Худайбердиевна

Жаңаөзен қаласы «Тенге бөбекжай-бақшасы»

Тәрбиеші: Бекгалыева Сантай Худайбердиевна

Тақырыбы : «1 – кыркүйек білім күні»

Мақсаты: Балаларға Білім күні-мерекесінің қоғамда алатын орнын көрсету; Мерекелік көңіл-күй орнату; балалардың мектеп туралы түсініктерін кеңейту; мектеп оқу құралдарымен таныстыру;Балаларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. . Елімізде тек қана бейбітшілік, тыныштық үшін, әр адам оған атсалысу керектігін түсіндіру.Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету

Дамытушылық: Балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіріп айтуға үйрету.

Балалардың бойында ұлтық мақтаныш, өз ана тіліне деген сүйіспеншілік сезімдерін қалптастру.

Тәрбиелік: Бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.

Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Кіріспе «Достық шеңбері»

Біздің топта балалар
Тату – тәтті ойнайды.
Дос көңілі әрқашан
Тек жақсылық ойлайды

Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі кездесуіміз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1-ші қыркүйек күні барлық балалбақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады.

Балалар шеңберге тұрады.
Негізгі бөлім Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер. Міне балалар біздер Елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар.Қазақстан Тәуелсіз Республика болды. Балалар, сендер көп нәрсені біліп, жақсы оқу үшін көп еңбектену қажет екенін білесіңдер. Халық айтқандай: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»: «Білім инемен құдық қазғандай».

Және балалық шақтан бастап еңбек етуге бейімделу керек.

Ал сендер білім турады қандай мақал мәтелдер білесіндер?

Мақал- мәтел.

Білім басы- бейнет, соңы-зейнет.

Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.

Тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.
қорытынды Мінекей- 2019 – 2020оқу жылы құтты болсын Жаңа оқу жылы құтты болсын!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше