Абай атамызға арнау

Абай ақын,анадан дара туған.

Абайдың өлеңдерін көп оқығам,

Өлеңдерін оқығаннан бір түйгенім,

Балаларға өлең жазып, таң атырған.

Бала кезден Абай ширақ,пысық болған.

Анасы оның Ұлжан да шешен болған

Сөз қадірін білетін ортада өскен,

«Ескітам» медресесінде оқып, дәріс алған.

Өлеңдері керемет,бар ақыннан,

Абай жолын білемін мен жақыннан

Сөзге зор, маңыз беріп қарайды екен,

Өлмейтұғын артынан сөз қалдырған.

«Қансонарда бүркітші шығады аңға»

-деп өлең жазған екен балаларға.

Балалар оны жаттап,жарысып жүр,

Алғысым шексіз,Абайдай ақындарға!

Өзім ақын емеспін,тек жақынмын.

Жақсы көрем өлеңін бар ақынның

«Абай-дана,Абай-дара қазақта!»-деп,

Абайға арнап өлең жазып отырмын мен.

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы № 46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейі

1«Г» сынып оқушысы Серікбай Нұрасыл Жомартұлы

Жетекшісі: Жунусова Лаззат Алмасбаевна

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше