Жансыз және жанды табиғат

БҚО, Орал қаласы Круглоозерный жалпы орта білім беретін мектебінің «О»сыныбы тәрбиешісі Казиева Багила Махуовнаның

Ашық-ұйымдастырылған оқу –қызметі конспектісі.

МАД 0 -б Тәрбиеші: Б.М.Казиева Уақыты: 24.04.20 Кабинет:
Тақырыбы Жансыз және жанды табиғат
Сабақтың мақсаты Тақырыпты зейін қойып түсініп , мазмұнын түсіне білуге үйрету, мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруге ынталарын арттыру.
Көрнекіліктер Үлестірмелі суреттер, плакат т.б
Іс-әрекет кезендері Тәрбиеші әрекеті Балалардың іс — әрекеті
Психологиялық ахуалды қалыптастыру Ұшты талдан жапырақ

Сары көбелек секілді

Аспанда жай шатырлап

Тамшы жерге секірді

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.
Ұйымдастыру іздестіру

Жаңа сабақ

Бүгін біз табиғат аясына саяхат жасаймыз. Біздің айналамызда жасыл орман. Қазір біз гүлдері жайқалып өсіп тұрған алқапқа келдік. Дала гүлдері әдемілігімен көздің жауын алып, иісі мұрныңды жарады. Өзімізге ұнаған бір гүлмен танысамыз. Мына кереметті қара! Мына гүл қимылдап, өздігінен жылжып барады. Алайда бұл жылжыған көбелек екен. Көбелек сендерге бір нәрсе айтқысы келіп, құлақтарыңның тұсына келді. Міне, енді сендерге сыбырлап жатыр. Мұқият тыңдаңдар (үнтаспадан естіледі). «Маған тиіспе, балақай! Табиғатты қорғай біл. Табиғат-ана сені жақсы көреді. Әрбір шөп, өсімдік, гүл, құмырсқа, өрмекші барлығы да өмір сүргісі келеді. Өтінемін, осыны есіңде мәңгі сақта» Балалар барлық қимылдарды тәрбиешіге қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.
Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді.

Кездесті, міне, керегі:

Екеуі қайың астынан.

Біреуі терек қасынан.

Қанша олар болмақ есепте,

Тоқылған салса себетке?

Оқушылар ойын ойнайды
Рефлексивті — түзетушілік Сурет бойынша түсіндір Тапсырмаларды әр бала өз алдына ерекше орындады.
Күтілетін нәтиже:
Білу Тапсырма мазмұнын толық есте сақтады.
Өзіне үйренгені Жаңа білімді түсінеді
Үйрену . Сұрақтарға толық жауап беруге үйрену.

Өткізген тәрбиеші: Казиева Багила Махуовна

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше