Қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері

Қашықтықтан оқыту- бұл ғаламторды пайдалана отырып қашықтықтан оқыту тәсілі. Мұнда мұғалім мен оқушы физикалық тұрғыдан әр түрлі орындардан табылады. Қашықтықтан оқытудың ерекшелігі – бұл сабақты мектептің сыныбында емес, үйде отырып оқу. Қашықтықтан оқытуда сабақ материалдарын өз бетінше меңгеру. Жаңа сабақ материалдары мен тапсырмаларды BilimLand онлайн мектебі, kundelik.kz, вацап, телеграмм мессенджері арқылы алуға болады. Кейбір оқушылардың үйінде ғаламтор болмауы мүмкін, сол себепті олар «Балапан» арнасы арқылы да сабақты қашықтықтан оқуға болады. Негізі оқушыларға барынша білім алуға Білім және Ғылым министрлігі көп жағдай жасап отыр. Бұл оқуда табысты болуың тікелей өзіңе байланысты.

Қашықтықтан оқу дегеніміз – компьютердің алдында отыру деген сөз емес. Ол аз мөлшердегі онлайн сабақ және көп мөлшердегі оқушының жеке оқуы. Қашықтықтан оқу үшін: мұғалім жіберген сабақ кестесімен танысу, ата-ана мен бірлесе күн тәртібін жасау, қажетті арнайы құралдарда дайындап қадағалау, оқу орнын дайындау. Қашықтықтан оқу кезінде мұғалімді мұқият тыңдау, жаңа тақырыпты толық меңгеру үшін өте маңызды. Сабақта өткен жаңа материалға байланысты мұғалімге сұрақтарыңды қою арқылы жауап алуға болады.

Қашықтықтан оқудың тағы бір ерекшелігі – компьютер мен телефонды білім алу үшін қолданылады.

Қашықтықтан оқудың пайдасы мол болды. Өз бетінше оқу материалын меңгеруді, бос уақытты тиімді пайдалануды(онлайн курстар) үйретті. Елімізде болып жатқан жағдай кезінде қашықтық оқыту ең тиімді болып табылады.

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы,

№5 Ақмол орта мектебінің 5 «ж» сынып оқушысы

Урстембекова Мерует

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше