COVID-19 вирусы және сақтаудың жолдары

2019 жылы желтоқсан айында Қытай елінің Ухань қаласының тұрғындары COVID-19 вирусына шалдыққаны белгілі болды. Осылайша Ухань қаласын карантинге жабылды. COVID-19 вирусына шалдыққан адам жөтелсе, түшкірсе ауа арқылы таралып басқа адамдарға вирус жұғады. Тіпті сол вирус жұқтырған адамдар қолданған тұрмыстық заттары арқылы жұғуы екен. COVID-19 вирусы жұғуы әлемнің көп елдеріне әрі қарай жалғасты. Бұл COVID-19 вирусы Нұр-Сұлтан қаласында 2020 жылдың 13 наурыз күні жетті. Президенттің қаулысы бойынша елімізде төтенше жағдай қйымдастырылды. Қазақстан COVID-19 вирусынан сақтану мақсатында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларын карантинге жабылды.

COVID-19 вирусын басқа облыс тұрғындарына жұқтырғандар белгілі болғасын, кейін басқа облыстардың барлығы карантинге жабылды. Сақтық шараларын ары қарай сақтау үшін қазіргі таңда білімді мектепте емес, қашықтықтан алудамыз. Енді вирустан қалай сақтануға болатын жайлы айтамын.

Дәрігерлердің айтуы бойынша COVID-19 вирусынан қалай сақтануға болады. Бірінші әр адам санитарлық гигиена талаптарын сақтау керек. Екінші көпшілік тамақтанатын жерлерге, қоғамдық орындарға, базарларға бармағаны жөн. Үшініші қолды жиі-жиі сабындап жуып, антисептикалық құралдарды қолдануды әдетке айналдыру. Төртінші үйіңізді таза ұстау. Мысалы: жиі-жиі сумен жуып, ауаны тазартып отыру. Бесінші түшкіргенде, жөтелген кезде мұрын мен аузызды бір реттік салфеткалармен қолданған дұрыс. Алтыншы әрине үйде болыңыз. Үйде отырсаңыз тек өзіңізге ғана емес, өзгелерге де көмегіңіздің тигені.

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік.

Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмол ауылы

№5 Ақмол орта мектебінің 5 «А» сынып оқушысы

Жұмабай Әлтаир

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше