Адамзат тарихындағы пандемиялар

Адам баласының өмір сүру тарихында осы уақытқа дейін адам өміріне қатты қауіп төндіретін вирус пен ауру түрлері көптеп таралды. Әлемнің түпкір – түпкіріне жайылып қаншама адамның өмірін жалмады. Солардың ең алғаш тарихи деректермен расталғаны – Оба. Бұл аурудың негізігі қоздырғышы Оба таяқшасы. Адамға көртышқан мен бүрге жұқтырған. Тарихи дерек көздерінде бұл індет алғаш рет біздің заманымыздан бұрын 540-шы жылы кездескен. Ол кезде жаһан халқының саны не бәрі 400-450 миллион болған. Ал бұл індеттен 150 миллион адам көз жұмған. Содан соң індеттің өршуі басылды.

Бірақ XIV – ғасырда Африка мен Азия жерлеріне Қара өлім деген атпен қайта оралып сан млн.адамның жер жастануына себепші болды. Осының бәрінен кейін оба таяқшасының өршуі басылғанмен 1855 жылға дейін жалпы саны 20 миллион адамның өліміне себепші болды. 1720 жылы обаның жаңа түрі пайда болды. Оған – Марсель обасы деген ат қойылды. Сол қаланың портына келіп тоқтаған кеменің ішінде қатерлі індеттен көз жұмған 6 адамның мүрдесі болған. Кеме ішіндегілерді түгел қырып болып, қала ішіне таралған вирус нағыз пандемияға айналды. Қалалар мен көшелер бос қалып қаңырады. Оба дертінің кеселін талдап болдық.

Салдары мен салмағы жөнінен кем түспейтін – Тырысқақ яғни Холера ауруына тоқталайық. Алғаш рет 1816 жылы Бангладеште таралған індеттің алғашқы кезеңдерінде-ақ өршуі. Кейін сол темптің сақталуы сол аймақтың өзінде 500 мың адамның қырылуына әкеліп соқты. Кейіннен бұл дерт дендеп АҚШ, Канада, Германия, Франция, Ресей сынды елдерге жетіп 1920 жылға дейін жалпы саны 10 млн адамды топырақ жамылдырды.

Оспа немесе Қара шешек ауруры.Бұл індет туралы ақпарат аз содан болар адамға орасан зор зиян келтірген аурулардың бірі. Бұл дертті жұқтырған адамның тірі қалуы екіталай, тірі қалсада – денесінде тыртықтар қалып қояды немесе мүгедек болып қалуы ықтимал. Індеттен жазылудың бір жолы – індеттің жеңіл түрі сиыр оспасын адамға жұқтыру. Осы арқылы адамдар індеттен аман қалған. Түрлі вакцинаның көмегімен адамдар аман қалсада Оспа XX- ғасырға дейін 400 миллион адамның өмірін жалмады. Ең сорақысы сол адамдар індет кезінде екпеден бастартып, жағдайды ушықтырған. Испан тұмауы алғаш рет Испанияда 1918 жылы мамыр айында анықталған. І-ші Дүние жүзілік соғыс пен тұспа тұс келген дерттің асқынуына азаматтардың көшіп қонуы, әскерлердің қозғалысы себепші болды. Аляскадан Германияға жетіп, Амазонка аралдарына дейін барған індет алғашқы 20 апта ішінде 35 миллион адамды мерт қылды. Әлем бойынша бұл пандемиядан 100 миллион адам қырылды. 2009жылы індеттің жеңіл түрі қайталанды. Содан соң XX- ғасырда Испан тұмауы Шошқа тұмауы деп өзгертілді. Енді осы қазір барлық жанның қауіп төндірген Соvid-19 вирусы туралы айталық. Халық арасында Тәж вирусы деп аталып кеткен пандемия Қазақстандыда айналып өтпеді. Сақтансаң сақтаймын деген. Жоғарыда адамзат тарихындағы пандемияларды бекер тізіп шыққан жоқпын. Осы індеттерді барлығы дерлік қарапайым гигиена талаптарын сақталмауынан өршігенін естен шығармағанымыз абзал. Осындай қауіпті кезеңде 1 ғана жанның ойланбай жасаған қадамы барлығының ауруына себепші болуы мүмкін. Сондықтанда дәл қазіргі сәтте үйде болуымыз маңызды. Жұмыла көтерген жүк жеңіл ғой. Қазақстандағы әр отбасы өзінің, өзгелердің қамын ойласа – үйден шықпай отырғаны абзал. Адамның үрейін ұшырар статистиканы айтып не қылайын. Күн сайын өсіп келе жатқан сандарды өзімізде біліп отырмыз ғой. Бұрын уақыт тапшылығынан отбасымызға көңіл бөле алмаушы едік, енді соның орнын толтыратын уақыт беріп тұрғанда неге пайдаланбасқа?

Бұл қазақтың басына не келіп, не кетпеді.

Бұлдағы сан қиындықтың бір өткелі.

Әр отбасы үйде болып сақ отырса,

Бұл індетте кетеді.

Ақмола облысы, Целиноград Ауданы, Ақмол ауылы,

№5 Ақмол орта мектебінің 11«А» сынып оқушысы

Айдынова Наргиз

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше