Мырзахмет Гүлнұр Амандыққызы

Келісемін Бекітемін

№12 «Ажар» ясли –бақшасы №12 «Ажар» ясли -бақшасы

КМҚК әдіскері: КМҚК меңгерушісі:

_________Аукенова А.А ________Ж.С. Сейсембаева

Шебер сынып

Логопедтік жұмыстағы ойын технологиялары

Логопед-мұғалім: Мырзахмет Г. А.

Мерзімі: 12.02.2020 ж.

Уақыты: 14:00

Тақырыбы:Логопедтік жұмыстағы ойын технологиялары

Мақсаты: Педагогтармен сөйлеу апаратының бұлшық еттерін дамытуға арналған логопедтік жаттығулар мен ойын арқылы дамытудың жолдарымен бөлісіп, педагогикалық шеберлікпен алмасу;

Міндеті:

  • Тәрбиеленушілердің ауызша сөйлеу тілінің бұзылыстарын түзету;
  • Тәрбиеленушілердің жазба тіл бұзылыстарының алдын алу;
  • Педагогтарға әдістемелік көмек көрсету;

Көрнекіліктер: слайд презентация, ойынға қажетті құралдар, түрлі-түсті қарындаштар, таяқшалар.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Педагогтар шаттық шеңберінде бір біріне допты лақтыру арқылы жылы сөздер айтып, шебер сыныпты бастау.

ІІ. Логопедтің жұмысы туралы түсінік беру.

Баламен жұмыс кезінде бәрін ойын арқылы жүргізу керек. Логопедтің міндеті – баланың тілін дамытуға арналған жұмыстарда баланы қызықтыру болып табылады. Баламен жұмыс қызықсыз өтпес үшін оны ойындармен өткізу керек.

Алдымен шебер сыныпқа қатысушы педагогтарды «Ш», «Ж», «Р» дыбыстарын жасырын таңдау арқылы 3 топқа бөлінеміз.

Бүгінгі шебер сыныбымызда логопедтік жұмыстарда қолданылатын келесі ойын технологияларымен таныстырамыз.

  • Артикуляциялық аппаратты дамыту үшін арналған ойын технологиялары.
  • Баланың сөздік қорын дамыту үшін арналған синквейн технологиясы.
  • Бала есте сақтау қабілетін дамыту үшін арналған мнемотехника.
  • Тыныс алу жаттығуларын дамыту үшін арналған ойын технологиялары.
  • Логопедтік массажды дамыту үшін арналған ойын технологиялары.
  • Бала тілін жаңылтпаш оқу арқылы дамыту технологиясы

1) Артикуляциялық аппаратты дамыту үшін арналған ойын технологиялары.

Балаларға артикуляциялық жаттығуларды жасату оңай емес. Жаттығуларды жасағанда көп энергия мен шыдамдылық керек. Баланы қызықтыру үшін Тіл туралы, Тілдің өмірі туралы ертегілер айтуға болады. Артикуляциялық жаттығуларда ұлдар мен қыздарды қызықтыру үшін әртүрлі ертегілер әлеміне баруға болады. Мысалы: қыздарға арнап Қызыл телпек, ал ұлдарға арнап машиналар әлеміне саяхатқа шықсақ болады. Сонымен қоса жаттығуларды музыкамен өткізуге болады. Ертегілер арқылы балалар жаттығуларды қызығушылықпен орындайды.

«Көңілді Тіл туралы ертегі»

Ерте ерте ертеде Тіл ауыз-үйшікте өмір сүріпті. (тілді сыртқа шығарып, қайта ішке кіргізу)

Үйшіктің сыртында әдемі қоршау болды. (күліп тісті қоршау сияқты көрсету)

Үйшіктің шатырында ұзын мұржа болыпты. ( ерінді мұржа сияқты көрсету)

Таңертең Тіл ұйқыдан тұрып, терезені ашты. ( ауызды қатты ашып, жабу)

Тіл төбедегі күнге қарады. ( тілді жоғары көтеру)

Тіл жердегі шөпке қарады. ( тілді төмен қарату)

Тілге дала қатты ұнады да жүгіріп қыдырып қайтуды ойлады. ( тілді оңға-солға қарату)

Одан кейін Тіл атқа отырып жүгіре жөнелді. ( таңдайды тағу)

Орманда Тіл саңырауқұлақты көріп оны жинай бастады. ( тілді таңдайға жапсыру)

Келе жатып көп жаңғақтарды да жинап алды. (ауызды жауып, тілді бір шетке екінші шетке тигізу)

Бір кезде суық жел соқты. (С-С-С деп дыбыс шығару)

Тіл ағаштардағы жапырақтардың қозғалғаның естіді. ( Ш-Ш-Ш деп дыбыс шығару)

Орманда қандай керемет! ( Күлу)

Осындай ертегілер айтумен қатар балалар жақсы көретін тәттілермен де артикуляцияқ жаттығуларды өткізуге болады. Педагогтарға тәттілерді үлестіріп артикуляциялық жаттығуларды сушкимен, ұзын печеньемен, кәмпиттермен шебер сынып өткізу ұсынылады.

2) Баланың сөздік қорын дамыту үшін арналған синквейн технологиясы.

Синквейн технологиясы балалардың сөздің қорын ұлғайтып, есте сақтау қабілетін дамытады. Сөйлеу қабілетін көбейтіп, өткен тақырыпты есте сақтау үшін, рефлексия үшін қолданылады. Синквейн технологиясында бастысы балалар білетін сөздер болуы керек.

Синквейн технологиясының негізгі ережесі 5 жолдан тұрады:

  1. Кім? не? деген сұраққа жауап беріп 1 сөзден тұратын зат есім болуы керек
  2. Қандай? қай? деген сұраққа жауап беріп 2 сөзден тұратын сын есім болуы керек.

  3. Не істейді? деген сұраққа жауып беріп 3 сөзден тұратын қозғалысты көрсететін етістік болуы керек.

4 . Сөзге байланысты мақал-мәтелдер, өлең жолдары, афоризмдер болуы керек.

  1. Сөзді естігендегі ассоцация немесе синоним

Мысалы:

1.Өмір

  1. Әдемі, бақытты
  • Жүгіруде, өтуде, тоқтамауда,

  • Өмір –өзен ағады.

  • 5.Із

    1. Жүрек
  • Таза ашық

  • Соғады сүйеді күреседі

  • Өз жүрегімді балалар үшін беремін

  • Мотор

  • Шебер сыныпқа қатысушы әр топқа Синквейн технологиясының 5 жолы бойынша өздері қалаған сөздерге Синквейн технологиясын құрайды.

    3) Бала есте сақтау қабілетін дамыту үшін арналған мнемотехника.

    Мнемотехника есте сақтау қабілетін дамытуға арналған технологияның түрі. Тілдік қабілеті бұзылған балалардың психологиялық қабілетімен, есте сақтау қабілеті жоғалса, тақпақтарды жаттауға қызығушылық болмаса мнемотехника көмектеседі.

    Мнемотехникада суреттермен тақпақтармен ертегілерді айту арқылы ойлау қабілетін, есту-көру қабілетін, бейнелеуді, сөйлеу қабілетімен есте сақтауды дамытады.

    Мнемотехникада алдымен жайдан қиынға өтуге болады:

    1. мнемоквадраттар (бір сурет)
    2. мнеможолдар (бірнеше суреттер)
    3. мнемотаблицаға (өлең мен ертегіге арналған суреттер)

    Мнемотехника балалардың жасына сай болуы керек:

    1.Кіші топқа 6 торкөзден тұратын мнемотехника.

    2.Орта топқа 9-12 торкөзден тұратын мнемотехника.

    3.Ересек топқа 12-15 торкөзден тұратын мнемотехника.

    Шебер сыныпқа қатысушы әр топқа тақпақтар таратып мнемотехникаға салып көру ұсынылады.

    1. Тентек болма,ақ бұзау,

    Еріншек болма,ақ бұзау.

    Кең далада сенімен,

    Жарысып мен жүгірем

    1. Гүлге толып жан-жағым

    Асыр салып жүгірдім.

    Өсті талап талғамым,

    Көп нәрсені ұғындым.

    3.Бақша біздің панамыз,

    Мектеп біздің анамыз

    Ұлағатты ұстаздан,

    Оқып білім аламыз.

    4) Педагогтармен сергіту сәті: Кинезиологиялық жаттығу.

    5)Тыныс алу жаттығуларын дамыту үшін арналған ойын технологиялары

    Тыныс алу жаттығуының балалар денсаулығы үшін пайдасы өте зор. Себебі дұрыс тыныс ала отырып баланың сөйлеу тілі де кезегімен қалыптасады. Көбінесе тыныс алу жаттығуы дизартрия, кекештену және басқа да сөйлеу ауытқуларынан зардап шегетін балаларға көп көмегін тигізеді.

    Тыныс алуды жаттықтыру үшін әртүрлі ойындар қолданылады.

    Балаларға арнап шарларды үрлеу, қағаз алақандарды ұшыру, қағаз көбелектер сияқты әртүрлі жаттығулар жасалады.

    Тыныс алу жаттығуы:

    1. «Цветок распускается» (А дыбысы)

    Жаттығу барысы: қолды жоғары көтергенде ауа жинап, төмен түсіргенде «ааа» деп ауа шығарамыз айтамыз.

    1. «Пускаем облачка» ( О дыбысы)

    Жаттығу барысы: қолды екі жаққа жайып ауа жинап, о сияқты қолдан фигура жасағанда ауа шығарамыз.

    1. «Рубим дрова» ( У дыбысы)

    Жаттығу барысы: қолды көтергенде ауа жинап, қолды төмен түсіргенде ауа шығарып, енкейіп ууу дейміз

    1. «Маятник» (Ы дыбысы)

    Жаттығу барысы: қолды екі жаққа созғанда ауа жинап, кеудегі тигізгенде ыыы деп ауа шығарамыз.

    1. «Змея» (Ш дыбысы)

    Жаттығу барысы: қолды көтергенде ауа жинап, қолды төмен түсіргенде толқынды салып ауа шығарып шшш дейміз

    6)Логопедтік массажды дамыту үшін арналған ойын технологиялары.

    Логопедиялық массаж-қан түтікшелеріне, тіндердің перифериялық тілдік аппаратына, нервке, бұлшық еттердің жағдайына белсенді механикалық ықпал жасайтын тәсіл.

    Логопедиялық массаж белгілі уақыт кезеңдерімен жасалады, аптасына 2-3 рет. Бұл кезең 2 аптадан 2 айға дейін созылуы мүмкін. Сылап-сипау кезең басында 5-7 мин. созылады, ал аяғында 20-25 мин созылады. Массаж кезінде науқастың еш жері ауырмауы тиіс. Тек қана балаларда ыңғайсыздық болуы мүмкін.

    Логопедиялық массаж қимылдары:

    1.Сипалау

    1. Сылау
  • Діріл, ұру

  • 4.Қысу

    Крупенчук О.И қасықтармен жасалынатын логомассажы қазіргі таңда ең тиімді тәсілдердің бірі десе болады.

    Қасықпен жасалынатын логомассаж

    Логомассаждың мақсаты: Логопедиялық массаж сөйлеу мәнерін, функциясын түзетуге бағытталған.

    Жаттығу барысы: екі қасықты алып маңдайды сағат бойымен сипалау, екі бетті жоғары-төмен, оңға-солға қасықпен сылау, т.б.

    8. Бала тілін жаңылтпаш оқу арқылы дамыту технологиясы

    Шеңгел! Шеңгел!
    Шеңгелге енген де,
    Шеңгелде сенделген де
    Еріншек Ерден бе?

    Шешендер шебер,
    Шынайы шенер.
    Шенелген шіркін,
    Шөмиіп шөгер.

    Шыбыс дыбыс шығарды,
    Шығысқа шыбыс ығысты,
    Қасқыр шыбысқа қарай жылысты.

    Шырша сыпырғыштың
    Ұшышырпыл сыншы.
    Барша сыпырғыштың
    Ұшықырқылсыншы.

    Жоғалды бес шыбыш,
    Жоң өлі еш сыбыс.
    Жоқ өлі еш сыбыс,
    Жоғалды бес шыбыш.

    Жегіп алып арбаға
    Парманқұл пар-пар атты,
    Аралады шартарапты,
    Алатаудан арқар атты.

    Жадырамыз
    Жайдан-жай жадырамайды.
    Жай жағдайы
    Жақсарса жайдарыланады.

    Жез түстес үзік-үзік,
    Зер жіппен ақ үзікті
    Өрнектеп жүзік тізіп,
    Әдемі етіп ызыпты.

    Райхан, раушан реңділес

    Реңдестерім ренжіспес.

    Раушанның райханы,

    Райханның раушаны,

    Рахаттар еңсізденбе.

    Ақ шар бар

    Көк шар бар

    Көп шар бар

    Төрт шар бар

    Торта қойдым

    Орта қойдым!

    Орта қойдым

    Жортақойдым.

    Тау бар,тау бар,

    Таудабау бар,

    Бауда ара бар,

    Ара барда,бал бар.

    С мышами во ржи подружились ежи.
    Ушли в камыши – и во ржи не души.

    На крыше у Шуры жил журавль Жура.
    Жил журавль Жура на крыше у Шуры.

    Ёж, ёж, гже живешь?
    Ёж, ёж, что несешь?

    Ужа ужалила ужица.
    Ужу с ужицей не ужиться.
    Уж от ужаса стал уже –
    ужа ужица съест на ужин.

    Карл у Клары украл кораллы, а Клара у Карла украла кларнет.

    Королева Клара строго карала Карла за кражу коралла.

    ІІІ. Қорытынды

    Рефлексияны ретінде педагогтар «Бағдаршам» арқылы үш түстін біреуін таңдап, не үшін ол түсті таңдағаның және шебер сыныптың қалай өткеніне баға беріп кетеді. Өздеріне ойын технологиясы жақын болғандығын айта кетеді.

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

    Больше на

    Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

    Читать дальше