Юсупова Сулыухан Куанышбаевна

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

«Арай» бөбекжай-бақшасы Тәрбиеші

Юсупова Сулыухан Куанышбаевна

Күз ертеңгілігі №12 «Ботақан» кіші тобы

Тақырыбы: «Алтын күз – ырыс, береке, бірлік»

Мақсаты: Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы баллардың білімдерін кеңейту; күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту; балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Барысы: зал іші күзгі суреттермен, мерекеге сай сарғайған жапырақтармен безендірілген. Залға музыканың сүйемелдеуімен балалар кіреді.

Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,

Жасымыз бен кәріміз.

Қырдан кепті қыдырып,

Алтын күз бізге нұр төгіп.

Тілегім аман болсын ел іргесі,

Алтын күз қайта келді берекесі.

Молшылықтың жаршысы бола білген,

Алтын күз – ырыс, береке, бірлік ала келді.

  • Армысыздар ата-аналар, қадірменді қонақтар! Бүгінгі біздің жыл мезгіліндегі ең тамаша «Алтын күз – ырыс, береке, бірлік» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Көбейді құт береке,

Астық толы қамбамыз,

Құтты болсын мереке,

Құтты болсын алтын күз.

Амир

Алтын,сары қызыл, көк,

Алуан түрлі жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Інжу

Алқаптан бидайды,

Қоймаға ел жинайды.

Тырнасы тізілген

Ұнатамын күзді мен.

Ислам

Жүргізуші: Ал, балалар, балалар,

Енді бері қараңдар!

Бізге қонақ келмекші,

Сендерді бір көрмекші.

Әуелі жұмбақ жасырам,

Қулығымды асырам.

Таба алсаңдар шешімін,

Қонағымды ортаға шақырам.

Жұмбақ: Бұлттар төгіп, жерге шөгіп,

Дала тұман басады.

Шөп сарғайып, өңі тайып,

Денең мұздап тоңады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай мезгілде болады?

  • Жарайсыңдар, балалар, ендеше қонағымызды қарсы алайық!

Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым!

Өмірге көп қосқаным,

Күз сыйлығын алыңдар,

Сыйлығына қаныңдар.

Молшылыққа кенеліп,

Шаттық әнге салыңдар.

Жүргізуші: Қош келдің, Алтын күз ханшайымы! Ал балалар, ендеше өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық.

  • Түсті алтын жапырақ,

Ағаштан үзіліп.

Ұшты ұзақ сапарға

Тырналар тізіліп.

Сая

Алма пісті бағымда

Пісті балдай қауында.

Жүзімдер тұр мөлдіреп,

Үзер шағың келді деп.

Маржан

Өлкемізге күз келді,

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

Абдул

Ойын: «Жапырақтарды үрлеу»

Жүргізуші: Ән салыңдар, күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын толайық,

Би билейік, ойнайық.

«Саңырауқұлақ» биін қабыл алыңыздар!

Күз ханшайымы: Рахмет, балалар!

Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздің балалар көкөністер мен жемістерді қалай тез жинай алатынын білесіз бе?

Күз ханшайымы: Білмейді екенмін…

Жүргізуші: Ендеше, тамашалаңыз.

Ойын: «Көкөністер мен жемістерді жинау».

  • Жарайсыңдар, балалар. Көрдіңіз бе, Күз ханшайымы, біздің балалар қандай епті, жылдам.

Ән: «Күзде»

Жүргізуші: Келесі кезекті өлең шумақтарына берейік.

Мен жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім.

Амина

Мен өрікпін, өрікпін,

Табиғатқа көрікпін.

Сүлеймен

Мен алмұртпын, алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттың.

Зере

Мен алмамын, алмамын,

Аузыңда қалар бал дәмім.

Ақнұр

Іші толған шәрбат,

Дәмі қандай айбат,

Оның аты жүзім.

Нұрислам

Жүргізуші: Күз ханшайымы, бізідң қыздарымыз сізбен бірге Жапырақтар биін билегісі келіп тұр.

Күз ханшайымы: Жарайды, билесек, билейік.

«Жапырақтар биі»

Жүргізуші: Күз арқылы білеміз,

Жомарттықтың салтын біз.

Біз өзіңді сүйеміз.

Рахмет, саған Алтын күз!

Күз ханшайымы: Балалар, менің сендерге арналған сыйлығым бар. Қабыл алыңдар!

Күз ханшайымы балаларға әкелген сыйлығын үлестіріп, балалармен қоштасады.

Жүргізуші: Құрметті көрермендер, ата-аналар! Осымен «Алтын күз – ырыс, береке, бірлік» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар!

«Ана дейтін – асыл жан»

–Сәлеметсіздерме, құрметті қонактар, ата-аналар! Баршаңызды келе жатқан 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. №12 «Ботақан» тобының «Ана дейтін – асыл жан» атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер! Ендеше сахна төріне сұлу да сымбатты «Ботақан» тобының бүлдіршіндерін қошеметпен қарсы алайық!

  • Армысыздар, аяулы аналар!

Армысыздар, мейірімді әжелер!

Қызғалдақтай құлпырған қыздар!

Ана десем сезім билер тым ыстық,

Жарасады адамдарға туыстық.

Бар адамға бер ананың мейірімін,

Орнар еді бар әлемде тыныштық.

Ендігі кезекті бүлдіршіндердің аналарына арналған өлең шумақтарына кезек берейік.

  • Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжемізді ардақтап,

Әдеппен бас иеміз. Әмина

Мен анамды сүйемін,

Құшағына енемін.

Мәпелеген анамды

Қуантсам деп келемін. Амир

Бәрімізге анасың,

Біз үшін ең данасың.

Құтты болсын мейрамың,

Құтты болсын, анашым. Сая

(Балалар орындарына отырады. Осы кезде музыка әуенімен қызыл телпек келеді.)

Қызыл телпек: – Сәлеметсіздер ме, балалар!

  • Сәлеметсің бе, қызыл телпек! Сен бізде қайдан жүрсің?

Қызыл телпек: мен әжемді көктем мерекесі – Аналар күнімен құттықтауға бара жатырмын. Әжем осы жерге жақын орманда тұрады. Балалар, сендер әжелеріңді жақсы көресіңдер ме?

Балалар: Иә!

Жүргізуші: әрине, жақсы көреміз ғой. Қызыл телпек, сен неге көңілсізсің, неге мұңайып отырсың?

Қызыл телпек: орманда келе жатып қасқырды кездестірдім. Қатты қорқып, қашып кеттім, ал ол соңымнан жүгірді. Қасқырдан әрең құтылдым. Қашамын деп адасып кеттім. (Жылайды).

Жүргізуші: ендеше, қызыл телпекті ренжітпей оған көмектесейік балалар. Бүгін бізде 8 наурыз мерекесі, сен бізбен бірге қал.

Қызыл телпек: қандай тамаша! Бәлкім мен аз уақытқа қалармын.

Ән «Мерекеңмен, анашым».

Жүргізуші: олай болса, ендігі кезекті балалардың өлең шумақтарына берейік.

Менің анам ардақты,

Алтыннан да салмақты.

Жақсы көріп баласын,

Мәпелейді анашым. Медина

Анам, анам, ақ анам,

Мен өзіңдей-ақ болам.

Айтқан тілді аламын,

Жұмсағанда барамын. Маржан

Баланың да тірегі,

Даланың да тірегі.

Шаршамасын ешқашан,

Аналардың жүрегі. Ислам

Әлпештеген, аялаған,

Ақ сүт берген маматайым.

Сәлем айтып бүгін сізге

Мейрамыңмен құттықтаймын. Ақнұр

Жүргізуші: ал балалар, билейік, арулар мерекесін тойлайық.

Би: «Қолшатыр» биі

Жүргізуші: қызыл телпек, саған ұнадыма?

Қызыл телпек: өте керемет!

(музыка әуенімен қасқыр кіреді. Қызыл телпек тәрбиешінің артына тығылады.)

Жүргізуші: сәлем қасқыр! Неге сонша ырылдайсың?

Қасқыр: Қарным ашты ойбай-ай,

Ашу келді қандай-ай!

Үш күн бойы аш жүрдім,

Енді ешкімді тыңдамаймын.

Жүргізуші: Мұңайма, қасқыр, мұңайма.

Қапшығыңды жасыра,

Кел сен біздің бақшаға,

Қарсы аламыз қуана.

Тамақтаймыз дәмді біз,

Ботқа беріп таңғы асқа,

Тойдырамыз сорпаға,

Лапша менен кампотқа.

Қасқыр: қандай керемет! Сендерде рахат екен. Мен бақшаға қуана-қуана барамын.

Жүргізуші: қанекей, қасқыр, дос болайық.

Қасқыр: қалай сонда, «дос боламыз»?

Жүргізуші: қазір сені үйретеміз. Бізбен бірге шеңберге тұр. Сенің жұбың

Қызыл телпек болады.

Би: «Балапан» биі.

Қасқыр: ой рахмет сіздерге балалар! Бәрің сондай тамашасыңдар. Мен сендерді жегім келгеніне ұялып тұрмын. Кешіріңдер мені. Қызыл телпек сен де мені кешір. Енді ондай қайталанбайды. Өз қателігімді қалай жөндесем болады?

Қызыл телпек: мен адасып кеттім, әжемнің үйіне баратын жолды көрсетсең жақсы болар еді.

Қасқыр: әрине, мен саған көмектесемін. Енді мен әдемі, әдепті, мейірімді қасқырмын. Бүгінгі мереке күні әжелер мен балаларды, қыздарды жемеуге уәде беремін.

Жүргізуші: бәркеледі, жолдарың болсын. (Қызыл телпек пен қасқыр қоштасып кетеді.)

Ойын: «Шар» ойыны

Жүргізуші: құрметті ата-аналар мен қадірменді қонақтар! Осымен бүгінгі «Ана дейтін – асыл жан атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар! Құттықтау сөз кезегін бала-бақша басшысы Куанышкалиева Айжан Кенжешовнаға береміз.

«Қателеспей қайтала» дидактикалық ойыны.

Ойын шарты:табиғат аясында шығатын шулы дыбыстарды және жәндіктер мен жануарлардың дыбыстауларын дыбыстап айтқызу.

Жаңбыр жауды –тырс-тырс-тырс;

Жел тұрды- уууу- ууууу –уууууу;

Ағаштар шуылдады – ышшш-ышшш-ышшш;

Көліктер жүрді –вуу-вууу-вуууу;

Есікті біреу соқты – тук-тук-тук;

Сағат тықылдап жүреді- тик-так-тик-так;

Маса ызыңдады- ыззз-ызззз-ыззззз;

Қоңыз ыжыңдады- ыжж-ыжж-ыжжж;

Мысық мияулайды –мияу-мияу-мияу;

Ит ырылдайды- ырр-ыррр-ыррррр.

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу іс-қызметі: Көркем әдебиет. Ертегілер елінде

Тақырыбы: «Түлкі мен қоян» ертегісі

Мақсаты:

Білімділік: ауызекі сөйлей білуге дағдыландыру.Дамытушылық: сұраққа толық жауап беру қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: балаларды батырлыққа, өжеттілікке, бір біріне жақсы тілек айта білуге тәрбиелеу.

Қолданатын құралдар: ойын барысында қолданылатын демонстрациялық материалдар.

Сөздік жұмыс: айлакер, жәутік.

Билингвалды компонент: түлкі –лиса – fox, қоян – заяц – rabbit, арыстан – лев – lion.

Ұйымдастырылған оқу іс-қызметінің барысы:

1.Кіріспе бөлім:

Жұмбақ шешу.

  1. Қырда жүрер ол жортып,

Іні де жоқ бармайтын,

Құйрығымен бұлаңдап,

Қандай аң ол алдайтын?

  1. Көзі тостақ, өзі қорқақ.

-Дұрыс айтасыңдар, айлакер түлкі мен қорқақ қоян.

Ойланып, жұмбақтың шешуін табады.

2. Негізгі бөлім: –Балалар, түлкі жыртқыш аң, оның баласы жәутік. Ал қоян жыртқыш емес, оның баласы көжек.

  • Қоян өте қорқақ аң, оны үйде асырауға да болады.

«Түлкі мен қоян» жайлы орыс халқының ертегісімен танысамыз.

Түлкі мен Қоян

Әуелде Түлкінің құйрығы жоқ еді. Арыстанмен тату тұрмаған соң үнемі қашып жүреді екен. Жүрген ізін жасыра алмай қиналыпты. Сол үшін арыстан түлкінің артынан еріп, аңдып жүріп, оның ініне түсіпті. Түлкі інінің екінші тесігінен шығып кетіпті. Шығып кетпесе, қасқыр түлкіні өлтіріп тастар еді. Түлкі орманда келе жатып ағаш түбінде отырған Қоянды көреді. Ол мезгілде Қояндардың құйрығы ұзын, жүгірулеріне кедергі келтіреді екен. Сол жерде қоян өзін ұстап алған Түлкіге: «Мені өлтірме, құйрығымды сыйға берейін», – деп жалыныпты. Міне содан бері түлкінің құйрығы ұзын болыпты, ал Қоянның құйрығы қысқа болып қалыпты.

-Ертегі ұнады ма?

-Ертегі не туралы айтылған?

-Ертегіде Түлкінің құйрығы қандай болыпты?

-Қоян құйрығын кімге беріпті?

-Иә, балалар содан бері түлкінің құйрығы ұзын болыпты, ал қоянның құйрығы қысқа болып қалыпты.

Сергіту сәті:

Жазған аңыз, ертегіңді,

Ынта қоя тыңдаймыз. (кітап оқығандай қимыл көрсетеді).

Ертегілер еліне ұшатын кілемге отырып ұшамыз ұшамыз.

(екі қолымен қанат жасап ұшады).

Түлкі болып қашамыз қашамыз.

(бір орындарында тұрып жүгіреді).

Қояндай сақ болайық, сақ болайық,

Ал, енді орнымызға отырайық.

Түлкі мен Қоянға сипаттама беріңдер.

Түлкі қандай? (қу, айлакер)

-Түлкінің терісі қандай? (үлпілдек, жұмсақ)

-Тағы нелер үлпілдек, жұмсақ болады? (қар, тымақ, мысықтың жүні, балапан, жастық).

-Түлкінің баласын қалай атайды? (жәутік) екен.

-Ал, Қоян қандай? (қорқақ)

-Балалар, қоянның баласын қалай атайды? (көжек)

Ойын: «Қандай жануар?»

Ойынға конверт дайындалады. Конверттің ортасы дөңгеленіп қиылған. Жануарлардың суреті конвертке салынады. Ойықтан көрінген аңдардың дене мүшелері арқылы қандай жануар екенін табады. Балалар ойынға қызығушылық танытып ойнайды.

3.Қорытынды:

Қандай ертегімен таныстыңдар?

Сендерге ертегі ұнады ма?

Сұрақтарға жауап береді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше