Нурахманова Айжан Муратханқызы
ШҚО, Өскемен қаласы «М.Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі» КММ
Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі
Нурахманова Айжан Муратханқызы
- Сынып сағаты: “Мен қашықтықтан қалай оқимын және вирустық аурулардан қалай сақтануға болады”
- «Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жөнінде ата-аналарға арналған жадынама»
- Ашық сабақ тақырыбы: Апта күндері.
| ҰОҚ.ҚМҰҚ Сабақ тақырыбы: | Мен айналаны танып білемін. Апта күндері. | Мектеп: Өскемен қаласы әкімдігінің М.Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі КММ | |
| Күні: 04.12.2019 ж. | Педагогтың аты-жөні: Нурахманова А.М | ||
| СЫНЫП: МАД «Д» сыныбы | Қатысқандар: 25 | Қатыспағандар: | |
| Оқыту мақсаттары | 0.2.4.2.Аптадағы күндердің/жылдағы айлардың санын білу. | ||
| Күтілетін нəтижелер | Барлық тəрбиеленушілер: -апта күндерін, жыл мезгілдерін атайды. | ||
| Көптеген тəрбиеленушілер: -апта күндері мен жыл мезгілдерінің бірізділігін анықтайды. | |||
| Кейбір тəрбиеленушілер:-апта күндері мен жыл мезгілдерін білдіретін сөздерді пайдалана отырып, өз бетінше əңгіме құрастырады. | |||
| Тілдік мақсаттар | Дағдыларын дамыту: -жыл мезгілдері мен маусымдары туралы сөйлемдер құрастыра алады. Пəндік лексика жəне терминология: -бүгін, кеше, ертең, бүрсігүні; тəулік бөліктері, күн, апта, ай, жыл. Пікір алмасуға арналған сұрақтар: – Қыста (көктемде, жазда, күзде) қандай мерекелер атап өтіледі? – Алдымен не болды, содан кейін не болды?Жазу: -жалғастыру, бояу. | ||
| Алдыңғы білім | Уақыт түсініктері: бүгін, кеше, ертең, бүрсігүні; тəулік бөліктері, күн, апта, ай, жыл. | ||
| Жоспар | |||
| Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-əрекет | Ресурстар | |
| Басталуы 0–5 минут | Амандасу.Шаттық шеңбері: Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Он саусақтың саласындай, Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Бiр адамның баласындай. Ынталандыру. Балаларды апта күндері туралы əңгімеге тарту. – Балалар, бір жылда неше мезгіл болады? – Қазір жылдың қай мезгілі? – Қыс айларын кім айтады? – Ал бүгін аптаның қай күні? – Мектепке, үйірмелерге қай күндері барасыңдар? – Сендер қай күндері демаласыңдар? Өзектендіру. Балаларға апта күндері туралы тақпақтар, жұмбақтар оқып береді. Балаларға осы білетінін жəне оны жалғастыруды ұсынады. |
||
| Ортасы 6-15 минут
«Ой қозғау» стратегиясы. |
Мақсат қою (проблемалық жағдай).
Тақтадағы тірек сызбаға назар аударайық Апта туралы ертегі арқылы түсінік беру. Алыс-алыс орманда Жыл деген ата турады екен. Оның төрт балалары бар екен.(Көктем,Жаз,Күз,Қыс) Он екі немерері бар екен.(12 айлар) Бір шөбересі (Апта) Және жеті шөпшегі бар екен. Әр шөпшегінің әдемі есімі бар. Жыл атаның шөберелерімен танысайық: Дүйсенбі,Сейсенбі,Сәрсенбі,Бейсенбі,Жұма, Сенбі, Жексенбі. Бірақ Ата шөберелерінің аттарын шатастырып алыпты.Енді Жыл атаның шөберелеріеің аттарын табуға көмектесеміз. Оны мына тақпақ арқылы тауып аламыз. 1.Дүйсенбіде доп ойнады алаңда, 1 2 3 4 5 6 7 Ертегі арқылы берілген тапсырманы оқушыларға өз бетінше орындауға ұсыну. Оқушылар 1 аптада 7 күн бар деген тұжырым бойынша есептеу дағдысын бекітеді. Қазақ халқы үшін 7 қасиетті «киелі сан» сан болғандықтан топтаймыз: 1. Жеті ата 2. Жеті қазына 3.Жеті күн 4.Жеті ырыс 5.Жеті дәм.(Наурыз көже) 6. Жеті нан (7 шелпек ) 7. Жеті жұт Және «жеті қарақшы» жұлдыз атауы. Ал ертегілерден Жеті лақ ,Ақшақар мен жеті ергежелі. Апта — 7 тәулікке тең уақыт аралығы. Апта күндері бірінен кейін бірі ретімен келеді: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Апта күндері – Дни недели Дүйсенбі – Понедельник Сейсенбі – Вторник Сәрсенбі – Среда Бейсенбі – Четверг Жұма – Пятница Сенбі – Суббота Жексенбі – Воскресенье (Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс. 1-тапсырма. – Кейіпкерлеріміз əр күні не істейтініне қара? – Аптада неше күн бар? (Жеті.) Жаңалық ашу. (Ұ) Кемпірқосақта қанша түс бар болса, аптада сонша күн бар.Балалар түстермен сəйкестендіріп апта күндерін айтады. – Бір апта бойы не болғанын айтыңдар? – Сендер апта күндерінің атауын білесіңдер ме? – Сурет бойынша аптаның əр күні балалардың не істегенін айтыңдар. |
Суреттер
Суреттер Суреттер Апта күндерінің атаулары жазылған парақшалар Əліппе- дəптер. |
|
| 16-25 минут
Ойын |
Сергіту сәті
Апам үшін күнде мен, Отынға ағаш жарамын. Су құямын гүлдерге, Дүкенге де барамын. Сыпырымын үй-ішін, Жуамын ыдыс-табақты. Жылай қалса бөпешім, Жұбатамын ойнатып! Жаңаны қолдану. (Ж) 2-тапсырманы орналасу заңдылығын сақтай отырып жалғастырады жəне бояйды. «Апта күндерi» дидактикалық ойыны. Ойын мақсаты: Апта күндердi есте сақтау. Апта күндерін рет-ретімен айта білуге дағдыландыру. Қажетті құралдар: Апта күндерiн шартты түрде белгiлейтiн 1-7-ге дейiн фигуралардың немесе ұлттық таңбалардың суретi салынған 1ден 7дейін сандардың суреті бар тәж. Ойын барысы: Тәрбиешi балалардың мынаған келiсiп алуын өтiнедi. Бiр таңба бар тәж аптаның бiрiншi күнi-дүйсенбi, екi таңба бар тәж аптаның екiншi күнi-сейсенбi және т.б. бiлдiредi. Балалар апта күндерiнiң атын хормен қайталайды. Тәрбиешi 7 баланы шақырып оларға тәждердi таратып бередi. Шақырылған балалардың әрқайсысы тәжбен таңбаның санына қарап: “Сабыр – сәрсенбi”, “Мен – жұмамын” және т.с.с. дейдi. Осыдан кейiн әуеннің ырғағымен балалар араласы бибилейді.Әуен тоқтап қалғанда балалар өз орындарын тауып сапқа тұзеліп трет-ретімен тұрады. Кейін тәрбиешi аптаның кез-келген күнiнiң атын дауыстап атайды. Бiлетiн бала алдына шығып тұрады. 1 2 3 4 5 6 7 (Ө) Өткен тапсырманы бекіту үшін3-тапсырманы орындау ұсынады. 3-тапсырма |
Əліппе- дəптер.
Əліппе- дəптер. |
|
| Рефлексия
20-30 минут |
Мадақтау. Қорытынды жасап, балаларды мадақтау. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынылады. Егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады. Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады. | Əліппе- дəптер. | |
