COVID-19 вирусы және сақтану жолдары

Коронавирус ауруының пандемиясы күн сайын өршіп барады. COVID-19 вирусының шығу тегіне байланысты ақпарат өте көп.
Коронавирус ауруының пандемиясы туралы не білемін? Коронавирус ауруының пандемиясы 2019 жылы, желтоқсан айында Қытайдың Ухань қаласының тұрғындары түсініксіз пневманияға шалдыққаны анықталған кезден басталады екен. Аталған вирус адамдарда COVID-19 деп аталатын инфекциялық ауру тудырады. Оның негізгі сипаты – өкпені зақымдауында. Вирусты жұқтырған адам еркін тыныстай алмайды, жөтел қысып, ыстығы көтеріледі. Бұлшық ет ауырады, іші өтіп, әлсіздік пайда болады. Алайда аталған сипаттамалар кәдімгі тұмауға ұқсағанымен, COVID-19 коронавирусының инфекциясы әлдеқайда қауіпті. Ауру туралы негізгі ақпаратты аурудың белгілерін, асқынуларын, оның қалай берілетіндігі және оны басқаларға таралуын қалай тоқтату керектігін түсінуіміз керек.
Өзімді және жақындарымды коронавирустан қорғау үшін нені білуім керек?
1. Қолымды жиі сабынды сумен кем дегенде 20 секунд жуып тұрамын, немесе құрамында спирті бар құралдарды қолданамын.
2. Инфекция ұзақ уақыт қолдарымызда сақталғандықтан, бетімді қолыммен ұстамауға тырысамын.
3. Жөтелгенде немесе түшкіргенде аузымыз бен мұрнымызды жабу үшін сұлықты қолданғанымыз жөн болады. Одан кейін сұлықты қақпағы бар қоқыс жәшігіне тастауымыз қажет.
4. Тұмау белгілері бар адаммен араласудан аулақ болуымыз қажет.
5. Қызу, жөтел немесе тыныс алуымыз қиындаған жағдайда, дәрігерді үйімізге шақырып, тезірек медициналық көмекке жүгінуіміз қажет. Бұл вирустың таралуының алдын алатын күнделікті әдеттер.

Осы бір дерттен аман қалу үшін халық арасында ауызбіршілік пен қатаң тәртіп аса маңызды. Бүгінгі таңда барлық қазақстандықтардан не талап етіледі? Бірінші кезекте, қауіпсіздік ережелерін бұлжытпай орындау.
Сөзімді қорытындылай келе бұл індетпен барлығымыз бірге күресуіміз қажет. Барынша үйден шықпай, аурудың алдын алып отырайық!
Біздің елде барлық іс-әрекеттер жасалып, ондай ушығуға жол берілмейді деп ойлаймын!

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы «Алға орта мектебі» КММ.
3 «А» сынып оқушысы Үмбет Ұлпа Мизатқызы
Жетекшісі: Умбетова Ғалия Тимукуловна

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше