Туремуратова Маржан Ертаргынкызы
Ақтөбе облысы Әйтекеби ауданы «ТАҢ ШУАҚ» МДҰ балабақшасының тәрбиешісі Туремуратова Маржан Ертаргынкызы
Баяндама
Тақырыбы: « Бала – сенің бауыр етің»
Мақсаты: Отбасындағы ата – ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ананың мейірімін, махаббатын, жақсылығын түсініп, оған балалық сүйіспеншілікпен жауап бере білуге баулу. Балаларға адамгершілік тәрбиесін бере отырып, оларды өзін – өзі тәрбиелеуге, өз ойын, ішкі сезімін ашық айтуға дағдыландыру.
І. Кіріспе
– Құрметті ата – аналар, бүгін біз сіздерді «Бала – адамның бауыр еті» деген тақырыпта пікірлесіп, ой бөлісейік деп, ата – аналар тренингін өткізіп отырмын. Өздеріңіз білесіздер, бала тәрбиесінде сіздердің алатын орындарыңыз ерекше.
Аналар мен балалар дөңгелене жайғасып отырады.
– Балалар, көңіл күйлеріңіз қандай?
– Тамаша.
– Балалар, біздің аналарымыз бізге шуақ шашып, жылы лебіздерімен, жақсы сезімдерімен қоршап тұр. Аналарымыздың ыстық жүрегінен қуат алып, бір – бірімізге жылы лебіздерімізді алақан жылуы арқылы білдірейік.
– Ашық аспан тілеймін!
– Мен өзіме және өзімнің туыстарыма, анама, әкеме, әжеме, ағама және кішкентай бауырларыма денсаулық тілеймін!
– Менің отбасымда тыныштық және сүйіспеншілік болсын!
– Өзімнің көршілеріме, таныстарыма, достарыма бақыт тілеймін!
– Біздің елімізде, бүкіл жер шарында бейбітшілік болсын!
– Аналарымыз аман болсын!
– Ата – ананың сүйікті баласы бол!
– Айтқан тілектеріңіз қабыл болсын, осындай сөз үйреткен біз тәрбиешілеріміз бен ата – аналарымызға рахмет!
ІІ. Бөлім
Сезім бөлісу сәті
А) Аналар баласына жай уақытта айта алмайтын тәтті сөздерін, ойларын, тілегін айтсын (3 – 4 ана) «Айналайын құлыным……»
Ә) Баласы анасына деген өз жүрегіндегі сезімін білдіреді. «Анашым», «Менің анам қандай сұлу», «Анам менің бақытты».
ІІІ. Бөлім
Ата – аналар үшін жағдаяттық сұрақтар
А) Балаңыз сізге көмектесіп, үй жинастырып жүріп байқаусызда қымбат ыдысты сындырып алды. Сіздің іс – әрекетіңіз? (баланы жұбатып, әдейі істемегенін айтасыз)
Ә) Баланы жазаладыңыз, содан соң ғана өзіңіздің артық кеткеніңізді байқадыңыз. Не істейсіз? (Өз қателігіңізді мойындап, үлкендер де қателік жіберетінін түсіндіресіз)
Б) Балаңыз түрлі сұрақ қойып, жауап беруіңізді өтінеді. Сіз шаршап тұрсыз қалай жауап бересіз? (шаршап тұрғаныңызды түсіндіріп, жауабын белгілі бір уақытта беруді белгілейміз)
В) Балаңыз көшеден киімін ластап келді, сіздің әрекетіңіз. (Сен көшеден лас болып келгенде мен саған ренжимін)
Г) Сіз үйге келгенде балаңыздың ойыншықтарды қоқыс қылып үйінді жасап отырғанын көресіз, ренжисіз. Сіздің көзқарасыңыз? (Маған сенің ойыншықты өз орнына жинамағаның ұнамайды)
Балалар үшін логикалық ойындар
А) Әр түрлі қолғаптардың сыңарын табу. (алдымен түсінік жұмыстары жүргізіледі)
– Мынау не?
– Қолғап.
– Оны қай кезде киеміз?
– Қыста.
– Сенде неше қол бар және саған неше қолғап керек?
– Екеу.
– Олай болса мыналардың ішінен бір пар қолғапты іздеп жауып ала қой.
Ә) Сұрақтарға жауап алу.
1. Күндіз жарық, ал түнде…? (қараңғы)
2. Аспан көк, ал шөп…? (жасыл)
3. Кішкентай сиыр – ол бұзау, кішкентай ит – ол…., кішкентай қой – ол…? (күшік, қозы)
4. Ит тауыққа ұқсай ма, әлде мысыққа ұқсас па? Несімен ұқсас?
5. Қарт адам мен жас адамның айырмасы неде?
ІV. Көрініс
«Шалқан» ертегісін тамашалау
V. Бөлім
Қауышу сәті
Әр ана өз балаларына ризашылығын білдіріп, құшақтап отыруына болады.
VI. Бөлім
Қорытынды бөлім
Ән: «Аналардың тілегі»
Білім беру саласы : Денсаулық.
Бөлім: Дене шынықтыру.
Тақырып: « Біз аязда шынығып , шымыр болып өсеміз ».
Мақасаты: Балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтіп , қысқы ойындар мазмұнын меңгерту.Бала денесін ойын арқылы қозғалысқа келтіріп, таза ауада шынықтыру . Іс – әрекетке деген қызығушылығын ойын арқылы қалыптастыру.
Көрнекілік : Шана , аққала , қар , күрек , жалауша.
Ойының жүру барысы : Балаларды алаңда дөңгеленіп шеңбер жасап тұрып, бір- бірінің алақандарын беттестіріп тілек айтады.
- Ауамыз таза болсын.
- Денсаулығымымыз мықты болсын.
- Ойын қызықты болсын.
- Жарыс көңілді болсын.
- Жеңімпаздар көп болсын.
Балалар музика ырғағы мен айналып жай жүріп келіп , аяқ қол бұлшық еттеріне арналған сергіту жаттығуларын жасаймыз.
Ойын жарыс түрінде болған соң, балалар екі топқа бөлінеді. Ойынды бастамай тұрып әділ қазыларды сайлаймыз.Ойынды бастаймыз топтарды ортаға шақырамыз. Жарыс 6 кезеңнен тұрады .
- Таныстыру.
- « Жолды қардан тазарту».
- « Үйшік жасау » .
- « Шана мен жарысу».
- « Пингвиндер».
- « Шаңғы мен жарысу ».
Балдық жүйе 5 деп бағаланады .
Таныстыру.
- Барыс тобы. Ұраны : Денсаулық зор байлық.
- Қыран тобы . Ұраны : Дені саудың жаны – сау.
2.кезең « Жолды қардан тазарту».
Ойын шарты: Балалар қолдарына күрек екі топ, жолды қардан тазартады.Қай топтың балалары бірінші келсе сол топ жеңімпаз.
3.кезең « Үйшік жасау ».
Ойын шарты: Қар кесінділерін кішкене үйшік тұрғызу, қай топ бұрын болса , сол топ жеңімпаз.
4.кезең. « Шана мен жарысу ».
Ойын шарты: Екі топ бір баланы шанаға отырғызып сүйреп мәре сызығына дейін жарысады. Қай топ бұрын жетеді, сол топ жеңімпаз.
5.кезең. «Пингвиндер ».
Ойын шарты: Допты екі аяғының арасына қойып кедергілерден өту.
6.кезең. « Шаңға мен жарысу ».
Ойын шарты: Балалар шаңғыны киіп мәреге барып киін кайтады ,бірінші келген топ жеңімпаз.
Қортынды : Қортындылап балаларды марапаттау үшін әділ қазыларға сөз кезегін береміз.
Тақырыбы: « Гүл сыйлайық Анаға»
Мақсаты: Мерекелік көңіл күйін құру ән,және қозғалыс дағдыларын қалыптастыру. Өзінің жақын адамдарын қуанта білуге мейірімділікке тәрбиелеу.
Ертеңгіліктің барысы көрнекіліктер: Балалар залға қол ұстасып «Тәттім-ау» әуенімен кіреді.
Тәрбиеші: Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі 8-ші Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз. Алғашқы көктем мерекесі әлемдегі ең асыл жан ол Ана десек жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Олай болса бүгінгі аналарға, әжелерімізге арналған «Қарлығаш» ересек тобының бүлдіршіндерінің «Гүл сыйлайық Анаға» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Барлық бала хормен: Құттықтаймыз анашым 8-ші Наурызбен.
Тәрбиеші: Ақ қар еріп су көбейіп! Сай салаға толады ағаш басы бүршік атып. Гүл бәйшешек басады. Балалар бұл қай кезде болады? (көктем мезгілінде)
Көктем келеді: Ата-аналар мен балалармен амандасады.
Тәрбиеші: Көктем қош келдің төрлет Көктем біз сені көп күттік. Біздің балалардың көктемінің алғашқы мерекесіне қалай дайындалғанын тамашала.
Тәрбиеші: Той пердесін ашайық.
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық.
Хор: Ақ мамам.
Тәрбиеші: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді демекші балаларымыздың аналарына арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Ясир: Анам болса қасымда
Басқа бақыт не керек,
Анашымның жүрегі.
Мейірімді ғой керемет.
Амина: Наурыздың сегізі.
Сұлулықтың негізі,
Әдемі сөз баланың,
Анаға айтар лебізі.
Ғизат: Я тебе желаю счастья.
Радости, тепла
Чтобы не случилось
Ты всегда добра.
Нұрайым: Бесіктерін әнімен
Тербетуде аналар,
Жасай берсін сәнімен,
Жер бетінде аналар.
Ернұр: Бәрімізге анамыз.
Біз үшін күн боп жанасың,
Құтты болсын мерекең,
Құттықтаймын анашым.
С.Кәусар: Көктем келді жадырап.
Күн нұрымен таласып,
Жайнай берші жарқырап
Жаны жайсаң аналар.
Тәрбиеші: Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін,
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге,
Қол соғып қарсы алайық қыздарды.
Би: Гүлдер биі:
Көктем: Балалар сендер ойнауды жақсы көресіңдер ме? Егер сендер менің сұрақтарыма жауап берсеңдер мен сендерге ойын әкелдім келісесіңдер ме?
Балалар көктем мезгілінде қай жақтан құстар ұшып келеді? (жылы жақтан)
Көктемде ең алғашқы қандай гүл шығады? (бәйшешек) дұрыс қазір менің қолымда бәйшешек гүлдер. Қазір мен жерге 5-еуін қоямын музыка ойналады сендер билейсіңдер музыка тоқтағанда тез гүлді жерден алу керек. Кім үлгермейді сол ойыннан шығады.
Тәрбиеші: Ендігі кезекте балаларымыздың тақпақтарын тыңдайық.
Димаш: Апатайым анашым.
Ақылы мол данасың,
Қамқоршысы баланың,
Гүлі сенсің әр үйдің.
Сабина: Анам менің анашым.
Сені жақсы көремін.
Мерекемен бүгінгі,
Құттықтаймын мен сізді.
Ержан: Құтты болсын анашым.
Құтты болсын мерекең,
Әр кез саған тілеймін,
Ұзақ өмір жолдарын:
Ж.Іңкар: Жүзімізге қараңыз,
Бал күлкілі баламыз.
Бізге қымбат күн шуақ,
Бізге қымбат анамыз.
Азиз: Жанымызды жайнатқан,
Өзіңіз ғой аналар,
Зор денсаулық, мол бақыт.
Тілейміз біз балалар.
Гауһар: Ана біздің күніміз.
Ананың біз гүліміз,
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Мадияр: Я за все тебе спасибо,
В ден прекрасны говорю,
Я тебя люблю.
Тәрбиеші: Ендігі кезекте ортаға ұлдарымызды шақырайық.
Би:
Тәрбиеші: Әдемі биден киін балапандарымыздың тақпақтарын тыңдайық.
Айлина: Еркелеймін шаттанам,
Жарқын күлкің бақ маған,
Ақ бетіңнен сүйейін,
Келші, келші ақ мамам.
Үсен: Мәпелейсің мені анам.
Қолыңдағы құсыңдай,
Құлпыра өсіп демалам
Құшағыңда қысылмай.
Ұ.Іңкар: Теңдесі жоқ данасың.
Арқа сүйер панасың,
Еңбегіңді ақтаймын,
Аман болшы анашым.
Арсен: Анамды мен жақсы көрем
Айтқан тілін алып жүрем,
Қасымда анам жүргенде,
Шаттанып ойнап күлем.
Айжұлдыз: Аналарды сүйеміз.
Ақылын ойға түйеміз,
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Айсұлтан: Баланың да тірегі.
Дананың да тірегі,
Ауырмасын ешқашан,
Анамыздың жүрегі.
Аружан: Өмірдің қызығы.
Өзіңсіз өтпейді,
Мен үшін анама,
Ешкімде жетпейді.
Бақдәулет: Мақтанам ана,
Шат әнім ана,
Өзіңе тақпақ,
Жаттадым ана.
Нұрсая: Бізді өсірген анашым,
Еңбегіңіз зор екен,
Құтты болсын анашым,
Құтты болсын мерекең.
Ақарыс: Аспандағы айымсың,
Бақытыма балаған,
Құтты болсын мерекең,
Айналайын жан анам.
Тәрбиеші: Балалар қалай ойлайсыңдар бүгін қандай мереке? (Аналар)
Балалар ең асыл жан кім? (Ана) Осындай үлкен мейрамында аналардың жүзіне қуаныш сыйлаймыз ба? (Иә). Ендеше барлығымыз ән салайық.
Ән: Айналайын мама.
Тәрбиеші: Мың бұралған қайындай.
Бишілер шықсын ортаға,
Ал ендеше қол соғайық,
Қошеметпен қолқала.
Би: Мамино сердце.
Көктем: Балалар өздерің өнерлі, әдемі екенсіңдер. Мен сендерге ризамын. Мен сендермен қоштасайын. (шығып кетеді)
Тәрбиеші: Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым.
Ұзақ өмір жүз жасап,
Ауырмашы анашым -дей келе осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақта жарасымды. Олай болса әр баланың өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар соны қабыл алыңыздар.
Тәрбиеші: Аналар қалқып бақыт аралында.
Лайым мұң қонбасын жанарыңа,
Осы мен кешімізді аяқтайық,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа.
Дей отырып бүгінгі «Гүл сыйлайық Анаға» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сөз кезегін ТАҢ ШУАҚ МДҰ- ның меңгерушісі Ү.Ш.Улмаганбетоваға беремін.
Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар.
Тақырыбы: «Сәт сапар балапандарым »
Жүр: Баршамызды бала тілмен баурайтын
Бала деген бір бақыт қой самғайтын,
Ата-анаңның арманы мен тілегін
Бала емеспе бал бұлақтан жалғайтын.
Жүр: Қымбатты қонақтар, ата-аналар, балабақша қызыметкерлері! Бүгін бізде үлкен мереке. Яғни бұл мереке-қуанышы мен қызығы мол балалардың Сәт сапар балапандарым атты мерекесі. Олай болса кешімізді бастаймыз. Бала біздің болашағымыз. Ал әр бала ол болашақтың жарық жұлдызы. Бүгін біздің балабақшамыздан ұшқалы отырған бүлдіршіндер де болашақта еліміздің мақтанышына айналып жарқын жұлдыздар болатынына сенеміз. Олай болса болашақ жұлдыздарымызды қарсы алыңыздар.
Алтыннан ардақты, күмістен салмақты бақшамыздың мақтанышы. Гаучар, Ержан, Нұрайым, Ғизат.
Ақылына көркі сай бақшамыздың алғыры. Айжұлдыз, Мадияр, Амина, Димаш.
Ай десе аузы бар, күндесе көзі бар бақшамыздың сұлулары. Айлина, Арсен, Ж. Іңкәр, Ернұр.
Асқан білімді болатын жақсы мақтау алатын. Кәусар, Айсұлтан, Ұ.Іңкәр, Ерназар.
Әдемі ән айтатын, көңілді болып үйге қайтатын көңілді бүлдіршіндер. Ақарыс, Шахсанам, Аслан, Сабина.
Бойына жиған өнерді,әнші, биші өнерлі өнерпаздар. Румия,Бақдәулет, Е. Нұрай, Азиз.
Отбасының берекесі, ата-анасының еркесі. Ясир, Аружан, Үсен.
Жүр: Өтті қызық көп күндер.
5-жасқа жеттіңдер,
Барасыңдар мектепке.
Бір белестен өттіңдер.
Өсті міне бойларың,
Өсті міне ойларың.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларың.
Жүр: Думандатып бақшада.
Қызық той басталсын,
Балабақша түлектері,
Әдемі ән шырқасын.
Ән: Тәрбиеші.
Жүр: Алдыңдағы балалар,
Мектепке кетіп барады.
Тақпақ айтып бір- бірден,
Қимай кетіп барады- дей отырып ортаға балаларымызды өз тақпақтарын айтуға шақырамыз.
Тақпақ:
Мадияр: Гүлдендірген бақшаны,
Қуат ағай жақсы адам.
Сондықтан да біз үшін,
Артықсыз сіз басқадан.
Ясир: Жайдары жаз, ай қабақ.
Жүреді бізді аймалап,
Тобымызға жие кеп.
Білгеніңді сұрайды.
Үміт Шакиргалиқызына көп рахмет.
Іңкәр.Ж. Шетімізден шеберміз.
Бал татыған әндерді,
Мың бұралған билерді,
Үйреткен Гүларай, Айгерім,
Апайларға мың алғыс.
Үсен: Тәтті тағам пісірген.
Айран сүтін ішкізген,
Тоня, Лиля апайлар.
Сіздерге де мың алғыс.
Амина: Денсаулыққа болатдай.
Ауруларды жолатпай,
Күнде болған әбдігер,
Қамқоршымыз дәрігер.
Нұршат апайға көп рахмет.
Ержан: Бізді баптап қараған,
Күлімдеген жақсы адам.
Ақ төсекке жатқызған
Басымыздан сипаған,
Нұргүл апайға мың алғыс.
Барлығы: Әріптерді оқытқан.
Санамақты жаттатып,
Санауды бізге үйреткен,
Жақсы болсақ қуанып,
Қатемізді кешірген.
Маржан апайға біз айтамыз мың алғыс.
Жүр: Балабақша сүйікті.
Ән салдырды билетті,
Шынықтырып денеңді,
Шымырлыққа үйретті. Дей келе ортаға ұлдарымызды шақырып биін тамашалайық.
Би: Танец Джентльменов.
Жүр: Бойы да өскен, ойы да өскен, шат бәрі.
Барлығы да бақшамыздың мақтаны,
Еркелеген кешегі ұяң балдырған.
Ұл-қыз болды талап отын жандырған. Дей келе
Хор: Балабақша.
Жүр: Балалар қараңдаршы сіздерге сандар келе жатқан сияқты көрдіңіздер ме? Ия
Ортаға бес саны келеді.
Айгерім: Оқушының бәрі де.
Мені жақсы көреді,
Портфельдің дәл төрінен,
Маған орын береді.
Ақтоты: Жақсы оқитын балалар.
4 пен 5 ті алады,
Ұқыпты өзі ынталы.
Тәрбиелі болады. Ал балалар бүгінгі қоштасуларың құтты болсын. Дендерің сау болып сабақты 4-5 ке оқыңдар. Біз сіздерге бос келген жоқпыз ойын алып келдік.
Ойын:Санамақ.
Жүр: Қыздарымыз көңілді.
Шақырамыз ортаға,
Тойымызға сән беріп,
Би билесін шаттана.
Би: Қуыршақ.
Жүр: Рахмет көп көп.
Балаларымыз көңілді.
Шақырамыз ортаға,
Тойымызға сән беріп,
Би билейік тамаша.
Би: Самолетик детства.
Жүр: Мереке де сызылтып ән салады.
Ән айтып би де билеп жан салады,
Бұл ұлы мереке де ән салғанда,
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады. Дегендей
Хор: Біз мектепке барамыз.
Жүр: Балалар көңіл күйлерің қалай? Жақсы.
Ортаға жұбымызбен шығып Балабақша мен қоштасу вальсін билейік.
Вальс: Кружится пуст вальс.
Жүр: Құрметті ата-аналар көптен күткен балапандарымыздың балабақшамен қоштасу мерекелеріне де жеттік. Олай болса ертеңгілігімді аяқтай келе сіздер мен ойын ойнағым келіп тұр. Ортаға 5-5 тен 10 ата-ана шыға қойыңыздар.
Ойын: Ұлтарақ.
Ойын шарты осы бөлменің ішін мұқият қарасаңыздар әр жерде 37-38 ші размерлі ұлтарақтар бар. 37 ші размер мына жаққа, 38 ші размер мына жаққа тұра қойыңыздар. Енді адамның аяқ жүрісі секілді қойып әр табанды басып жүріп өз тілектеріңізді, лебіздеріңізді, алғыстарыңызды білдіресіздер.
Жүр: Бір ата, бір ананың тірегіміз.
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз,
Бірлік барда, тірлік бар деген бабам,
Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз!-дей келе құттықтау сөзді балабақша меңгерушісі Ұ.Ү. Шәкиргаливнаға беремін.
Тәрбиеші: Туремуратова Маржан Ертарғынқызы.
Тақырыбы: «Тоқта сақ бол,абайла».
Мақсаты:Балаларды жол ережесін сақтай білуге үйрету,жол белгілерін ажырыта білуге үйрету.
Көрнекілік:жол белгілері,машиналар,жұмбақтар,слайт.
Шаттық шеңбер
Біз әдепті баламыз ,
Біз ерекше баламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме-деп
Амандасып аламыз.
Сұрақ –жауап.
Тәрбиеші:
-Балалар балалабақшаға немен келеміз?
-Көлікпен
-Қандай көлік түрлерін білесіңдер?
-Жеңіл көлік,автобус,трамбай, велоспед,поезд,троллейбус,өрт сөндіру көлігі,жедел жәрдем көлігі т.б .
-Жолда жүргенде жол жүру ережесін сақтайсыңдар ма?
-Ия.
Жол ережесін білсеңдер сендерге жұмбақ жасырамын.
Жұмбақ
1.Үш көзді батыр,
Жолды аңдып жатыр
( Бағдаршам)
2.Ала таяқ ұстаған
Жол тәртібін нұсқаған
Ысқырқыпен түзеткен
( Милицонер)
Тақпақтар
А.Бақдәулет
Кел балалар ойнайық
Бағдаршамға қараңдар
Жанған кезде көздері
Ережені бұзбаңдар
Жәния
Үлкен біздің қаламыз
Есте сақтап аламыз
Қызыл жасыл сары шам
Көшеде тұр бағдаршам.
Айболат
Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз
Сақтағанда қатерден
Сау-саламат жүреміз
Аятолла
Ережені бұзбайық
Тәртіпті біз сақтайық
Бағдаршамға қарайық
Аман болып қалайық.
Арсен
Менің 3 көзім бар
Бір көзім кідір дейді
Бір көзім жүгір дейді
Бір көзім абайла дейді
Қарап қалма маңайға дейді
Тәрбиеші:Балалар бүгін ерекше күн біз кәзір саяхатқа шығамыз.Жол қашық сондықтан көлікпен барамыз.Ал балалар көлікке жайғасайық.
Балалар қуанады.
-Балалар біз қазір қаланың көшесімен келе жатырық.Көше қйылысында бағдаршам болады.Бағдаршамның неше түсі болады
-Үш түсі
-Қандай
-Қызыл,сары,жасыл.
-Дұрыс айтасыңдар.
Көрініс
1 бала-бағадаршам
2-бала –жедел жәрдем
2бала-жеңіл машина
4 бала-жолаушы
МАЙ-қызыметкері.
Көше қилыснда машиналар зуылдап өтіп жатыр.Жолаушылыр бағдаршамға қарап тұр .
Дәл осы кезде жедел жәрдем машинасының сиренасы естіледі.
Тәрбиеші:
-Бағдаршамның қызыл түсі жанды кімдер жүрет
-Көліктер
-Балалар мынау қандай көліктің дауысы?
-Жедел жәрдем көлігі
-Енді балалар енді нестейміз қай көліке жол береміз
–Жедел жәрдем көлігін
-Жарайсыңдар балалар жедел жәрдем көлігін бірінші жіберу керек себебі олар адам құтқарауға асығып бара жатыр.
Бағдаршамға бағынбай жүгіріп өтіп бара жатқан балаларды МАЙ-қызыметткері тоқтататып ескерту береді.
-Ал енді ары қарай сапарымызды жалғастырайық.
-Балалар жүргізуші неғып жүрісті баяулатты ?
-Алдымызда қандай белгі тұр .Бұл белгі «Абайла «деген белгісі тұр. «Абайла» Жүргізуші байқап жүрмесе жануарларды басып кетуі мүмкін деген ескерту белгісі-
-Әне қараңдар аю мен қоян кетіп бара жатыр олар жол ережесін білмейді екен оларға көмектесейік
-Ия
–Аю қоян жолдан өтерде оң жаққа сосын сол жаққа қарап өту қажет ,және «Зебра» яғни арнайы жолақты белгісі бар жолмен өту қажет. Себебі жолақты жолмен өтпесеңдер көліктер сендерді басып кетуі мүмкін.
Аю мен қоян.
-Рахмет балалар біз енді жол ережесін біліп жүретін болдық сау болыңдар
-Сау болыңдар.
-Балалар автобусқа отырып балалабақшаға қайтайық.Балалар саяхат ұнадыма
-Ия.
Хор «Әр қашан күн сөнбесін»
