Ватсаппен оқу…

1 «Г» сынып оқушысы Айтакар Аруназ Ғазизқызы
Жетекшісі: Жунусова Лаззат Алмасбаевна
Түсінбедім бұл өмірдің ағымын,
Үйде отырып мен мектепті сағындым.
Вирус кетіп,тез мектепке барсам деп,
Дұға етіп,бір Аллама жалындым.
Таза жүрміз үйімізде қол жуып,
Қолымызды қайта-қайта он жуып,
Сақтансақ,сақтайдыма екен деп,
Шығып кетсек болар еді-ау жол тауып.
Ватсаппенен оқып жүрміз сабақты,
Күнде жазып,тауыстым дәптер, парақты.
Тапсырманы орындауға біздерге,
Чатымызға апай сабақ таратты.
Мектепке барып қашан оқимын сабақты
Үйде отыру бәрімізді шаршатты
Кең дүниенің керемет жерлеріне ,
Қай ақымақ вирусты әкеп таратты?
О, Құдайым, қорғасаңшы, қазақты!!!
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы № 46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінің
1 «Г» сынып оқушысы Айтакар Аруназ Ғазизқызы
Жетекшісі: Жунусова Лаззат Алмасбаевна
