Мұғалімдерге арнау

мектеп-лицейінің 1 «Г» сынып оқушысы Тұрсын Нұрасыл Мейрамұлы
Жетекшісі: Жунусова Лаззат Алмасбаевна
Онлайнмен сабақ деп ызғып жүгірдік,
Бәріміз бір телефонға үңілдік.
Осындай бір ауыр хәлде жүрсекте,
Сыйлайық тек бір-бірімізге жылулық.
Ата-ананың барлығы қарбаласып,
Балалардың ұстазымен араласып,
Қашықтықтан оқытуды бастап кетті
Балалардың тапсырмасын орындатып…
Кейбірі жүр интернетке кіре алмай,
Мұғалімнің не бергенін біле алмай.
Қаншама адам шықпай отыр үйінде,
Көшеге шығып жүре алмай.
Қазіргі кез мұғалімге қиын ғой,
Онсызда олар компьютерге бейім ғой.
Қашықтықтан оқытам деп баланы,
Мұғалімнің мәртебесіне зейін қой!
Интернетсіз отыр ауыл балалары,
Қолдан келсін олардың қай амалы?
Онлайнға көшті бәрі мектептің,
Оларға кім қандай жолды таба алады?
Тура осындай интернетсіз ахуал ,
Ауыл емес, ауданда да табылады!
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы № 46 А.С.Пушкин атындағы
мектеп-лицейінің 1 «Г» сынып оқушысы Тұрсын Нұрасыл Мейрамұлы
Жетекшісі: Жунусова Лаззат Алмасбаевна
