Жаңа сабақтар

Короновирус, келме Қазақ еліне!

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы № 46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінің 1«Г» сынып оқушысы Сұлтаназар Нұртілеу Ерланұлы. Жетекшісі: Жунусова Лаззат Алмасбаевна

Короновирус ойландырды өзімді,
Дүниеме сыйдыра алмай сөзімді.
Қолыма қалам алып отырмын,
Қағазға жазып қояйын деп сөзімді.

Короновирус бар әлемге тарады,
Мына өмір, өзі не боп барады?
Бойымызда қорқыныш пен үрей,мұң,
Қарсы тұрсақ,барма өзі амалы?

Короновирус тез тарайды екенсің.
Тарай берсең бәрін жалмап өтерсің.
Тоқтамға кел, талабыңды күшейтпе!
Сонда ғана жақсылыққа жетесің.

Гүлге түскен құрттай бәрін шірітті
Елдің бәрі бұл вирусқа күдікті.
Студенттер туған жерге оралып,
Отбасының мүшелері бірікті.

Коронавирус келме,Қазақ еліне!
Келме, менің Ұлан байтақ жеріме!
«Қазақ!»-деген,Киелі ел, қашанда!
Құран оқып, дұға етеміз беріле…

Коронавирус оралма қайтып қазаққа,
Сала көрме қазақ елін азапқа.
Адам жанын құрбандыққа шалатын,
Бұл өмір саған мазақпа?

Раббым, Алла! — аман сақта елімді!
Ауырғанға шипа етші еміңді.
Аты жаман аурулардан сақташы,
Менің байтақ «Қазақ!» — деген елімді !

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.