Жаңа сабақтар

Маңғыстаулық мұғалім Жігер челлендж жасауда

Химия пәні бойынша әлемдік байқауда үздік деп танылған маңғыстаулық мұғалім Жігер челлендж жасауда

Химия пәні бойынша мұғалімдер арасындағы әлемдік байқауда үздік деп танылған маңғыстаулық Жігер Телеуханов қашықтан оқыту – ұстаздарға үлкен білім беру платформасын дайындауға мүмкіндік бергендігін айтты.

Жас маман ҚР БҒМ-нің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринованың қатысуымен «Қашықтан оқыту – оқушылар мен ата-аналар үшін жаңа тәжірибе» тақырыбында өткен онлайн конференцияға қатысып, қашықтан білім беру жайлы өз пікірімен және тәжірибесімен бөлісті.

«Мектеп мұғалімдерімен бірігіп мектебіміздің оқушыларына видеосабақтар түсіріп жатырмыз. Одан басқа, қазір өте жақсы таралып жатқан челлендж арқылы үйдегі бар мүмкіншілікпен химиялық заттарды тексеріп көруді бастадық. Мысалы, үйде сабын, сусабын, кір жуғыш заттар жасауға болады. Бұның бәрі – химия болғанымен, 50%-ы -мектеп бағдарламасы», – дейді Жігер Телеуханов.

Маңғыстаулық мұғалімдер стабилизатор, ароматизатор, эмульгатор, бояғыштардың зиянын Instagram әлеуметтік желісінде хештегпен белгілеп, өзара челлендж жасап, бір-біріне жіберуде. Оны әр оқушы түсінгені бойынша орындап, өз ойымен дискриптер арқылы жасауға тысырады.

«Қазіргі жастардың көбі Instagram-ды қолданады. Хештег арқылы белгілі бір мұғалімді белгілеп, осындай әдістеме арқылы оқушыларды оқыту қызық болып жатыр. Оқушылар өз қолдарымен сезіп көрген нәрсесін жақсырақ түсінетін болғандықтан, бұл жерде жаңа мазмұнға келе жатырмыз. Яғни, бала баға үшін емес, өзі үшін оқу керек екенін түсінетін сәт туды»,дейді жас маман.

Конференция барысында химия пәнінің мұғалімі әріптестерін креативті болуға, сондай-ақ, әлеуметтік желілердің көмегімен баланы қызықтыратын әдістерді ойлап табуға шақырды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.