Жаңа сабақтар

Сулейменова Нургуль Апосовна

Қостанай облысы, Арқалық қаласы , Родина ауылы Родина жалпы орта білім беретін мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Сулейменова Нургуль Апосовна

Баяндама

Ата-ана мен мұғалім арасындағы байланыс бала болашағының кепілі.

Мектеп – табалдырығын аттап болашақ білім жолына қадам басқан әрбір кішкентай үшін Алтын ұя мектебі екінші үйі болары сөзсіз. Сонымен қатар бала сыныптағы жаңа ортамен танысып жаңа достар да табады. Осы тұста ұстаздың атқаратын ролі өте зор. Ол баланың жаңа ортаға тезірек бейімделіп, сол ортаның толыққанды бір мүшесі болу жолында бірден бір көмекші. Қазақта «Ұстазы мықтының ұстамы мықты» деген сөз бекерге айтылмаған. Зерек,қоршаған әлемді танып білуге құштар, әр нәрсеге ынтызар оқушы үшін мұғалімнің кеңпейілдігі мен қызығушылықтарын қанағаттандыра білуі бүгінгі білім жүйесінің басты мақсаты.

Ал ата-ананың парызы баласының сапалы білім нәрімен сусындап, болашақта білімді азамат болып қалыптасуына жағдай жасау. Ал бұл ретте мектеп таңдау аса маңызды рөл атқарады. Ата-аналар мен оқушыларға арналған арнайы тәрбиелік сынып сағаттары мен мерекелік кештер ұйымдастырады. Мұндай кездесулер балаларымызды өзге қырынан танып білуге мүмкіндік беріп қоймай, арадағы қарым-қатынасты арттыруға өз үлесін қосады.

Оның педогогикалық іс-тәжірибесінің арқасында педогогикалық ұжым, шәкірттері және ата-аналар арасында зор беделге ие болыпжүр. Біз мұғалімімізге шығармашылық табыс, зор денсаулық, отбасына амандық, әрдайым оқушылары биік белестерді бағындырып, тек биіктерден көріне берсін деген деген тілек тілейміз.

Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу Мектеп: РОМ
Күні: 16.01.20ж Мұғалімнің аты-жөні:Сулейменова Н.А.
3-сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
№ 86-сабақ, Тақырыбы

96:6 түріндегі кестеден тыс ауызша бөлу Кескіндемеескіндеме

Оқумақсаты: 3.1.2.7.кестеден тыс мынадай жағдайларда: 17∙5 96:6 75:15 84:4 ауызша көбейту мен бөлуді орындау.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың барлығы:
-кестеден тыс мына жағдайда: 96:6 ауызша көбейту және бөлу алгоритмін біледі.
Оқушылардың көпшілігі:

-кестеден тыс мына жағдайда: 96:6 ауызша көбейту және бөлу алгоритмін қолдану; қосындыны санға көбейту мен бөлудің ережелері негізінде екенін, әрқайсысы бөлгішке бөлінетін ыңғайлы қосылғыштардың қосындысын таңдап алу екенін түсінеді

Оқушылардың кейбірі:

-есептеу тәсілдері негізінде жатқан қасиеттің формуласын түсіндіре алады.

Бағалау

критерийлері

Ғылыми тіл

Кестеден тыс мына жағдайда: 96:6 ауызша көбейту және бөлу алгоритмін түсіндіре алады.
Пәндік терминология мен тірек сөздер

-қосындыны санға көбейту және бөлу ережесі, ыңғайлы қосылғыштардың қосындысы.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

–Есеп шығару кезіндегі мынадай 96:6жағдайында қандай ережені қолдануға болады?

–Бірінші көбейткіш 96:6-ны қандай қосылғыштарға жіктеген ыңғайлы?

Жазу:

Кестеден тыс 96 : 6 түріндегі ауызша көбейту және бөлу алгоритмін жазыңдар.

Тірекбілім, білік, дағдылар Қосындыны санға көбейту және бөлу ережесі, көбейту кестесі
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Қоры
Ынталандыру.

Кескіндеме жанрларымен таныстыру.

Монументтік,сәндік, натюрморт, пейзаж,тарихи жанрлары жайлы әңгімелеу

Кескіндеме жанрлары, картинаның үлгілері.

2-слайд

4,5,6-слайдтар

Белсендіру.

(Т.) №1тапсырма.Сурет қай жанрдың бағытында салынғанын анықтау. Есептеп, жауабын табу. Оқушылар өрнектің мәнін табады, оны міндетті түрде оқып береді.

25∙9=225 М.Әуезов -портрет

200+52= 225 Б.Момышұлы-портрет

32∙9=288 «Тау» -пейзаж

102∙9=918 Натюрморт

9∙100+9∙2=918 Натюрморт

280+23=286 «Тау өзені»-пейзаж

Амалдар компоненттерінің атаулары қолданылады, санның кубы мен квадраты.

«Отшашу»арқылы бағалау

Оқушылар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады

Тапсырма дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады

Оқушылардың кестеден тыс көбейту мен бөлу бойынша алған білімдерін мысалдар арқылы талдап қорытуға болады:

  1. × 2=24

600 : 300=2

140 :20=2800

  1. × 4=48

48 : 2=24

  1. × 12=84
350 : 5=70

600 : 20=30

48 : 4=12

Оқулық, көбейтулер жазылған карточкалар, терім кенебі

7-слайд

8-слайд

9-слайд

Тапсырма

Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).

Оқушыларға үш мысал беріледі, соның ең соңғысы – жаңа жағдай 96:6.

96:6=(60+36):6=60:6+36:6=16

Жаңа сабақ .

Барлық өткен жағдайлар көбейту мен бөлу қасиеттері, сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу жайлы алған білімдерімен негізделген.Бұл жағдайда – ыңғайлы қосылғыштарға жіктеу.

№2 тапсырма бойынша түсіндіруге болады.

Алгоритм құрастырылады.

Бірінші бағанның есептеу тәсілін түсіндіру.Осы білімді пайдаланып, екінші бағандағы мысалдарды қалай есептеуге болатынын көрсету.Екі таңбалы немесе үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға бөлу үшін, оны әрқайсысы осы санға бөлінетін «ыңғайлы» қосылғыштардың қосындысы түрінде жазуға болады.Содан кейін қосындыны санға бөлу ережесін қолдану

(а + b) : c = a : c + b : c.

(Т.) (40+18):2=40:2+18:2=29

(80+16):4=80:4+16:4=24

(400+180):2=400:2+180:2=290

(400+180):20=400:20+180:20=29

(800+160):4=800:4+160:4=240

(800+160):40=800:40+160:40=24

Жұлдызша арқылы бағалау.

Келген топ оқушылары жұлдызшалармен бағалап кетеді.Қай топтың өкілі жұлдызшаны көп жинаса сол топтың өкілі жеңімпаз атанады.Өкілдің түсіндіруі ұнамаса жұлдызша бермеуге болады.

(Ө.)58:2=(40+18):2=40:2+18:2=29

96:4=(80+16):4=80:4+16:4=24

580:2=(400+180):2=400:2+180:2=290

580:20=(400+180):20=400:20+180:20=29

960:4=(800+160):4=800:4+160:4=240

960:40=(800+160):40=800:40+160.40=24

«Бағдаршам» арқылы бағалау

Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды.

Жасыл түс- «Түсіндім»

Сары түс-«Сұрағым бар»

Қызыл түс- Түсінбедім

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

(Ұ.) №3 түсіндіре отырып ауызша орындайтын тапсырма.

«Еркін микрофон» әдісі

Оқушыны жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыландыру.

Құнды ой жинақтап, ойын ашық айтады

Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, әр өрнектің орындалу тәсіліне байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.

56:2= (40+16):2=28 560:2 = (400+160) :2 =280

42:3= (30+12):3 = 14 420:3= (300+120) :3 =140

78.6= (60+18) :6=13 780:6= (600+180).6=130

560:20=(400+160):20=28

420:30=(300+120):30=14

780:60=(600+180):60=13

Фишкамен бағалау

Әр дұрыс жауапқа бір фишка беру.Тапсырманың соңында фишкаларды санау. Кімде көп фишка болса, сол оқушыға қошемет жасау

Өздік жұмыс

Баспадан шыққан дәптердегі тапсырма:Санды тиімді қосылғыштардың қосындысына жіктеу.Есептеу. Өзін-өзі тексеру үшін мысал беріледі:

96:3=(60+36):3= 20+12=32

84:7=(70+14):7=10+2=12

91:7=(70+21):7=10+3=13

56:4=(40+16):4=10+4=14

54:3= (30+24):3=10+8=18

Дәптер, оқулық.

10-слайд

Формула

Жұлдызша

11-слайд

Сигналды карталар

12-слайд

Микрофон,

Оқулық

Фишка

Жұмыс дәптері

Сергітусәті «Қос шеңбердегі комплименттер»

Оқушылар екі шеңберге (ішкі және сыртқы) бөлініп, бір-біріне жүзін қаратып тұрады. Ішкі және сыртқы шеңберде бір-біріне бет қаратып тұрған оқушылар кезектесіп бір-біріне комплимент айтуы керек. Содан кейін ішкі шеңбердегілер оң жаққа бір адым жасап, алдында алмасып тұрған басқа оқушымен комплименттермен алмасады.

Өткенмен жұмыс.

Тәжірибелік жұмыс

9-тапсырмада көбейтудің үлестірімділік қасиеттері негізінде есептерді әртүрлі тәсілмен шығарады.

Бөлінгіштерді тиімді қосылғыштарға жіктеу үшін,әр бояудың ыдысына тиісті қылқаламды таңда.

84:7 70,14

84:6 60,24

84:4 80,4

84:7=(70+14):7=70:7+14:7=12

84:6=(60+24):6=60:6+24:6=14

84:4=(80+4):4=80:4+4:4=21

Ережелерді көмек ретінде ұсыну.

Сабақ бойынша сұрақтар құрастыр.

«Борт журналы»

«Борт журналы» — тақырыпты оқып үйренуде өз ойларын жазуға үйретудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қамтитын жалпылама атауы. «Борт журналы» қарапайым түрде оқу материалымен таныспас бұрын және оқу материалымен танысқан соң қолданылады. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап жазады:

Берілген тақырып бойынша маған не белгілі? Мен не білемін? Мәтіннен қандай жаңалық туралы білдім?

Мәтіннің түйінді ойларын оқушылар өздерінің «Борт журналына» енгізеді. Оқу кезіндегі үзілісте оқушылар тақырыпты өз ойларымен, тәжірибелерімен байланыстырып, «Борт журналының» бағандарын толтырады. Мұғалім оқушылармен бірлесе отырып жұмыс орындайды, оқушылардың кейін жазбаларын пайдалана білулеріне мүмкіндік туғызады.

Оқулық, дәптер

Қалам

Смайликтер

13-слайд

Гуашь, қылқалам

14,15-слайд

Кесте

«Гүлдер»

Оқушыларға қағаздан қиылған үш түсті гүл үлестіріледі. Олар сабақ қорытындысы бойынша жасыл түсті гүлді ең көп көмектескенге, сары гүлді ең сыпайы оқушыға, ал қызыл гүлді ең жақсы тыңдай білген балаға беруі керек. Ең үлкен гүл шоғы кімде болар екен?

Рефлексия.

Кері байланыс алу

Үйге тапсырмаға №7,10 тапсырмалар беріледі

Гүлдер

16-слайд

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.