Ахметалина Динара Жүсіпқызы.

Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ ауылы

«Балбұлақ» мектепке дейінгі ұйымының

психологі: Ахметалина Динара Жүсіпқызы.

Тренинг тақырыбы: «Жақсы көңіл-күй сыйлайын»
Тренинг мақсаты:

1) Балалардың ұсақ саусақ моторикасын дамыту.
2) Балабақша педагогтарына агрессиялы және шамадан тыс белсенді (гиперактивті) балалармен жұмыс жасау барысына кеңес беру.
3)Балаларың психикалық процестерінің даму деңгейін саралау (зейіні, ойлау қабілеті, сөйлеу, есте сақтауы).

Зерттеу субъектісі: «Балбөбек» кіші тобы
Зерттеу әдіс-тәсілдері: тренинг, жаттығу, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: көрнекіліктер, ақ қағаз, жіп.
Қатысушы балалар: кіші топ тәрбиеленушілері.
Тренинг-сабақтың жүру барысы:

І. Жылулық шеңбері.
«Күлімдейді күн бүгін,
Күлімдейді маған да.
Күлімдейді күн бүгін,
Күлімдейді саған да.»
Мақсаты: балалардың бойына жылулық беру, көңіл-күйлерін жақсарту.

2-жаттығу «Кім? Не? Қандай?»
Мақсаты: Баланың сөздік қорын, сөйлеу қабілетін анықтау.

3-жаттығу «Түрлі түсті негізгі түстер»
Мақсаты: суреттерді орналастыру арқылы түстерді ажырата білуге үйрету.

4-жаттығу: «Есіңде сақта!»
Мақсаты: Баланың есте сақтау қабілетін анықтау.

7. «Қызыл, сары, ақ қолдар» жаттығуы
Мақсаты: балалардың зейінін бір арнаға тоғыстыру, педагогтың айтқанын тыңдауға үйрету және тыныс алу жаттығуын жасату.
Нұсқау:
«Қызыл қол» — шулаймыз «А-А-А-А-А-А»
«Сары қол» — сыбырлаймыз «У-У-У-У-У-У-У»
«Ақ қол» — тынышталамыз. (үнсіздік)

8. «Жанжал» ойыны
Мақсаты: баланың бойындағы ызаны сыртқа шығару, бет-бұлшықеттерін босаңсыту.
Нұсқау: Балалар қолдарын жұдырықтап, тістеніп тұрады. Сол арқылы бойындағы агрессияны сыртқа шығарады.

9. «Тоқыма жіпті жинау» ойыны
Мақсаты: баланың бойындағы ызаны, ашуды сыртқа шығару және баланың саусақ моторикасын дамыту.
Нұсқау: Балалар тарқатылған тоқыма жіпті жинау арқылы шыдамдылыққа үйренеді, әрі бойындағы ашу-ызаны жіпті тездетіп жинау арқылы сыртқа шығарады.
Ұйымдастыру. Жылулық шеңбері

6. Сергіту сәті.
Мақсаты: балалардың бойын сергіту
«Тербеледі ағаштар, (оңға, солға тербелу)
Алдымнан жел еседі. (екі қолдарымен беттерін жуу)
Кіп-кішкентай балалар (жүресінен отыру)
Үп-үлкен боп өседі.» (қолдарын көтеріп, тұру)

10. «Ағаш жару» ойыны.
Мақсаты: баланың бойындағы ызаны, ашуды сыртқа шығару және баланың елестету қабілетін дамыту.
Нұсқау: Балалар көз алдына елестету арқылы балтаны қолға алып тұрмын деп томар ағашты бар күшімен жарады. Сол арқылы бойындағы жағымсыз эмоциялардан арылады.

11. «Қағаз умаждау» ойыны
Мақсаты: барлық жағымсыз эмоцияларды қағаз умаждау арқылы сыртқа шығару және одан құтылу.
Нұсқау: қағаз умаждау арқылы жағымсыз күйлерді сыртқа шығару және қағазды шелекке салу арқылы сол күйден мүлдем арылу.

12. «Тілек айту»
Мақсаты: жағымды ахуал қалыптастыру.
Нұсқау: балалар бір-біріне жақсы тілек айтады.

Қорытынды.

Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ ауылы

«Балбұлақ» мектепке дейінгі ұйымының

психологі: Ахметалина Динара Жүсіпқызы.

Сабақтың тақырыбы: « Менің жарқын көңіл-күйім »

Өткізген психолог: Д.Ж.Ахметалина

Тобы: «Ақбота»

Мақсаты:
• Көніл – күйіді бағалау;
• Жан – жақты психиқалық процестерді дамыту: қабылдау, есте сақтау,
көңіл аудару, елестету, кенестік бағдарды үйрету және қолдың ұсақ моторикасын дамыту;

Әдісі: әңгімелеу,түсіндіру.

Құралдар: санағыш, суреттер, картон, пакет.

Сабақтың барысы:

  1. Шаттық шеңбері.

2.«Қандай пішін шықты?»

3.«Зейінді бол»

4.«Қиялды дамытуға арналған ойындар»

  1. Ертегі терапия « Шалқан » ертегісі.
  2. «Сергіту сәті»

7. «Тоқыма жіпті жинау» ойыны

8. «Кешірімді болу» бейнеролик

9. «Психологиялық би»

1.Шаттық шеңбері:

– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Терезеге қараңдаршы! Қандай тамаша! Аңдар мен құстар, таулар мен өзендер – бәрі қуанышты. Өйткені бәрі-бәрі бір-бірімен дос. Айналадағы ортамен достықта болған қандай керемет!

Қол ұстасып, өзімізбен де, айналамен де сәлемдесейік.

Айтамыз алғыс қайталап,

Тыңдайды бізді шартарап.

Өмір сүру – бір бақыт.

Дос бола білу – шын бақыт.

2.«Қандай пішін шықты?»

Мақсаты: Таяқшалардан таныс геометриялық пішіндер құрастыра білу.

Көрнекілік: Әрбір балаға 10 данадан санағыш таяқшалары беріледі.

Барысы: Психолог балаларға үш таяқша алып, олардан пішін құрастыруды ұсынады. Қандай пішін шықты? Енді төрт таяқша алып, пішін құрастыру ұсынылады.

Қандай пішін шықты? Психолог тағы да бір таяқша алып, оны шаршының, төртбұрыштың үстіне қоюды ұсынады. Қандай пішін шықты?

3.«Зейінді бол»

Ойынның мақсаты: Биік және аласа ұғымдарын бекіту; логикалық ойлауын дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: биік және аласа заттар бейнеленген суреттер немесе ойыншықтар.

Ойынның мазмұны: Балаларға биік және аласа заттардың суреттерін немесе ойыншықтарын қарастыруды ұсынады. Әр суретте не бейнеленгенін анықтау. Биік затты көрсеткенде балалар орындарынан тұрады, аласа затты көрсеткенде бастарын төмен түсіреді.

4.Қимыл қозғалысты дамытуға арналған ойындар:

1.Балалар қолдарын төртбұрышты қатты қағаздың ортасындағы пішінге қолдарын салу арқылы жұмса,қатты заттарды ажыратады.

2.Балалар шытырлақ (Пекеттен) жасалынған пішін іспеттіге кіріп жүреді.

5. «Шалқан» тантамареска ертегісі.

6.Сергіту сәті.

Екі көзің не үшін керек,

Жақсыларды көру үшін.

Екі қолың не үшін керек,

Бір-біріне көмектесу үшін.

Құлақтарың не үшін керек,

Жақсыларды есту үшін.

Аяқтарың не үшін керек,

Алыс кетсең туған елге

Жету үшін керек.

7.«Тоқыма жіпті жинау» ойыны
Мақсаты: баланың бойындағы ызаны, ашуды сыртқа шығару және баланың саусақ моторикасын дамыту.
Нұсқау: Балалар тарқатылған тоқыма жіпті жинау арқылы шыдамдылыққа үйренеді, әрі бойындағы ашу-ызаны жіпті тездетіп жинау арқылы сыртқа шығарады.

7.«Кешірімді болу» бейнероликтен түсінгендерін айту.

8. «Психологиялық би» қимыл қозғалысты дамыту.

Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ ауылы

«Балбұлақ» мектепке дейінгі ұйымының

психологі: Ахметалина Динара Жүсіпқызы.

/ Педагогтарға арналған психологиялық тренинг

Тақырыбы: «Қарым – қатынасымыз жақсы!»

Психолог: Ахметалина Динара Жүсіпқызы
Мақсаты: 1. Педагогтардың әріптестері, балалар мен ата-аналар және отбасындағылар арасында маңызды кәсіби қасиеттерін дамыту.
2. Өмірге деген көзқарастарын айқындау, өзін-өзі тиімді бағыттау диапазонын кеңейту.
1. Танысу. «Амандасу тренингі»

2. «Қатар сандар» жаттығуы.

  1. «Бұл керемет қой!» жаттығуы.

4. «Баланс» жаттығуы.

5. «Өз-өзіне көмектесу стратегиясы» жаттығуы.

6.Психологиялық тест.

7. «Қимыл-қозғалыс» жаттығуы

8. «Көпшіліктің көңілінен шығу қиын!» аңызы.

9. Рефлексия.

Сабақ барысы:

Сәлемдесу. Жақсы тілектер айту.

«Жан-жылуы» жаттығуы.

Мен сенен жылу аламын,

Жүрегіме саламын.

Досыма сыйлайымын,

Сәттілік тілеймін!!!

2. «Қатар сандар» жаттығуы.
Бұл жаттығу ойнаушылармен көз қатынасына түсуіне көмектеседі. Шеңберде отырған бір адам «бір» дейді де, кез келген адамға қарайды, қараған адам «екі» дейді де келесі адамға қарайды,ойын осылай жалғаса береді.

  1. «Бұл керемет қой!» жаттығуы.
    Қатысушылар шеңбер болып тұрады. Бір қатысушы ортаға шығып «Өмір мені … үйретті!» сөзін жалғастырады. Ал қалған қатысушылар қолдың үлкен саусағын көтеріп «Бұл керемет қой!» деп айтады.

4. «Баланс» жаттығуы.
Қатысушылар кағазға шеңбер салады. Ол шеңберді үш бөлікке бөлу керек. Әр бөлікке кесіби жұмысыңыз, үйдегі жұмысыңыз, жеке өміріңіз қаншалықты орын алатынын бөліп көрсету керек.
— Айырмашылықтар бар ма?
— Оларды жақындатуға болады ма?
— Ол кімге немесе неге байланысты?

5. «Өз-өзіне көмектесу стратегиясы» жаттығуы.
Сізде бір алма, менде бір алма- екеуіміз алмаларымызды ауыстырсақ, әрқайсымызда бір алмадан қалады. Егер де сізде бір қызық идея болса, менде бір қызық идея болса, ауыстырсақ,екеуімізде екі-екі идеядан болады. Мынадай жағдайды елестетіңіздерші,егер әркім өзінің тәжірибесімен бөліссе, қандай байлыққа біз кенелер едік.
«Мен өзімнің стресімнің деңгейін түсіріп, өзіме қуаныш сыйлау үшін не істеуім керек?» сұрағына ой жүгіртіңіздерші?
Жүргізуші әрқайсысын өзінің тәжірибесімен топпен бөлісуін сұрайды.
6.Психологиялық тест.

7. «Қимыл-қозғалыс» жаттығуы

8. «Көпшіліктің көңілінен шығу қиын!» аңызы.
Әкесі, баласы, есегі үшеуі күннің ыстық кезінде Кешанның шаң басқан көшесімен келе жатады. Әкесі есектің үстінде отырады, баласы болса жетектеп келе жатады. «Бейшара бала, оның кішкене аяқтары есектің артынан зорға ілесіп келе жатыр.Балаңды аямай қалай ұятың жетіп, есектің үстінде келе жатырсың» деп бір жолаушы айтады. Әкесі жолаушының сөзінен кейін есегінен түсіп, баласын отырғызады. Бір кезде алдарынан тағы бір жолаушы кездесіп «Ұялсаң қайтеді, сұлтан сияқты есекке отырып алыпсың, кәрі әкең болса артыңнан жаяу келеді» дейді. Бала бұл сөздерден кейін кейіп, әкесін жанына алады. «Мұндай сұмдықты кім көріпті? Мына жас пен кәрі жатып ішерлер, бейшара малды аямай, үстіне мініп алыпты» дейді бір жолаушы әйел. Бұл сөзді естіген әкесі мен баласы есектен түсіп алға жүре бергенде тағы бір жолаушы «Мынау есектерің әбден жалқауланып бітіпті ғой, ең болмаса біреуіңді үстіне мінгізіп алып жүрсе болады ғой» дейді. Әкесі бір шөкім шөпті есегіне береді де, қолын баласының иығына қойып «Біз не істесек те, кайткен күнде де біздің жасағанымызды жақтырмайтын адамдар табылады. Сондықтан, не істеу керектігін біз өзіміз шешуіміз керек!».
9. Рефлексия.

Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ ауылы

«Балбұлақ» мектепке дейінгі ұйымының

психологі: Ахметалина Динара Жүсіпқызы.

/ Педагогтарға арналған психологиялық тренинг

Тақырыбы: «Жақсы көңіл – күй жан қуанышы»

Мақсаты:Тренингке қатысушылардың эмоциалды көңіл-күйлерін көтеру,шығармашылық қабілеттерін бағалай білу,өздеріне құрметпен қарау,психологиялық қолдау көрсету.

Жоспар:

1. «Менің есімім жаттығуы»

2. «Жылылық сыйлау»

3. «Дыбыстық жаттығу»

4. «Мен қандаймын»

5. «Алақанға жан бітір» ойыны

6. «Жеміс-жидек арқылы мінез құлықты ажырату»

Құрметті әріптестер бүгін сіздердің көңіл-күйлеріңізді көтеруге,өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге,өз – өзіңізге құрметпен қарауға,бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған тренингке ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.

1-жаттығу.Менің есімім жаттығуы-Жаттығу танысу үшін жасалынады-әркім кезекпен өз атын атап,есімінің басталатын сөз айтады.

Мысалы:Сандуғаш сникерс,Әсел әлем т.б.

2-жаттығу Тренинг. «Жылылық сыйлау»

Мақсаты:Әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі,бір-біріне жылылық сыйлау.

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта,

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып

Қол алысайық.

Бүгінгі тренинг барысы,

Біз-үлкен отбасы.

3-жаттығу. «Дыбыстық жаттығу»

Мақсаты:дыбыстық гимнастикамен таныстыру,рух пен дененің тынығуы.

Дыбыстық жаттығуды бастамас бұрын психолог ережесін түсіндіреді:

Өзімізді бір қалыпты,жайлы сезінеміз,тік тұрамыз,арқамызды тік ұстаймыз.Алдымен мұрнымызбен терең дем аламыз,ал дем шығарғанда,дыбысты қатты әрі қуатты етіп шығарамыз.

Денімізді мұрнымызбен ішке тартып,демді сыртқа шығарар кезде қатты бар дауысымызбен «А»дыбысын айтыңыздар – ол бүкіл денеңіздің сауығуына көмегін тигізеді.

«Е»-қалқанша без жұмыстарына әсер етеді.

«И»-миымызға,көзіңізге,құлағыңызға

«О»-жүрегіңіз бен өкпеңізге

«У»-асқазан маңындағы дене мүшелеріңізге

«Х»-деніңіздің тазаруына

«Ха»-көңіл-күйңіздің көтерілуіне.

Осы жаттығуды жаттап алып,әркезде орындап отырыңыздар,денсаулығыңыз өз қолыңызда,эмоционалдық стресске шалдықпаудың алдын аламыз.

4-жаттығу.«Мен қандаймын?»тренинг ойыны.

Мақсаты:Әр адам өзін жек тұлға ретінде сезіну.Өзінің жанұясында өзін қай деңгейде ұстайтыны екенін анықтау.

Жүру барысы:Педогогтар гүл,үй,күн тобы болып 3 топқа бөлінеді.Әрқайсыныз сол суреттің ішіне отбасы мүшелерін және өзіңіздің есімдеріңізді жазасыздар.

Нәтежиесі:Егер өзіңіздің есімдеріңізді басына жазсаңыз,сіз өзіңізді отбасы мүшелерінен биік санайсыз.Өзіңіздің жағдайын бірінші ретке қоясыз.Ал егер өзіңіздің есіміңізді ортасына қойсаңыз,онда сіз отбасыңыздың ортасындасыз.Егер есіміңізді соңына жазсаңыз,онда сіз бауырмал жансыз.Ата-ана бауырларыңыз бірінші ретте тұрады.Өзіңізді соңынан ойлайды екенсіз.

5.«Алақанға жан бітір»ойыны.

Жүргізуші қатысушыларға альбом парағына алақан салып ,оған жан бітіріу керектігін ұсынады.Алақанға ауыз,көз….салу.Саусақтарын бояу.Әрбір саусаққа ерекше есімдер ойлап тауып жаз.Соңында неге олай атағандықтары туралы айтып беру.

6.Жеміс-жидек.

Қазір сіздерге бірнеше жеміс-жидектердің ішінен өзіңізге көбірек ұнайтынын таңдаңыз.Сол таңдау арқылы сіздің мінезіңіз-құлқыңыз қандай соған тоқталайық.

Қарбызды ұнататындар орнықты адамдар.Олар ,шиеленіске,жанжал,дау-дамайға бара бермейді.Еш уақытта еш нәрсеге шағымданбайды.Тұрмыс пен көңіл-күйін тек қана өз күшімен жақсартуға ден қояды.Отбасына үлгілі артық ауыз сөзі жоқ.Кейде табандылық жағы жетіспейді.

Жүзім ұнататындар өзінің де, өзгеніңде сырын сақтай білетіндер.Бірақ мұндай тұйықтық кейде шектен асып кетеді де ел ондай адамдарға сенімсіздікпен қарауы мүмкін.

Құлпынай ұнатсаңыз,сіз көңілді, қонақжай адамсыз.Елмен тіл табыса аласыз.Сізге сыпайылылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын аңғарылып тұрады.Тек бір кемшілігіңіз-қиындықтарды ауыр көрсетесіз,кейде оларды жеңуге дәрменсіздік екенсіз.

Шабдалы ұнататындар көпшіл,кез – келген адам мен тіл табыса алатын ашық жарқын болып келеді.Сізден сыпайылылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын аңғарылып тұрады.Тек бір кемшілігіңіз қиындықтарды ауыр көтересіз,кейде шабдалыны жеуге дәрменсіздік танытасыз.

Алма өте ұнайтын болса,жігерлі бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз.Өз басшылығыңызға берілгенсіз,оның қандай тапсырмасы болса да,жан сала тиянақты атқаруға тырысасыз.Аздап ақын жанды,өз-өзіңізге риза адамсыз.

Егер сіз шиені ұнатсаңыз,мінезіңіз жұмсақ,кішіпейілсіз.Өзгеге қуаныш пен жақсылық жасау үшін кейде өзіңізге зиян келтіріп алуыңыз мүмкін.Өтірік өсек сөзге жоқсыз,есесіне анекдоттарды ұнатасыз.Ал махаббат жөнінде сәби тәріздессіз,сөзді оп-онай өкпелете салуға болады.

Қара өрікті ұнататындар өз атына айтылған сынды көтере алмайтындар.Олар мен достық,жолдастық қарым-қатынас орнату да қиын болады.

Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ ауылы

«Балбұлақ» мектепке дейінгі ұйымының

психологі: Ахметалина Динара Жүсіпқызы.

Баяндама

/Ата-аналарға арналған баяндама

Тақырыбы: «Баланы ерте бастан үйретейік»

Баланың бас ұстазы – ата-анасы!

Бала барлық үлгі-өнегені өзі шықққан отбасы мен ата-анасынан алады.Оның азаматтық келбеті, мінез-құлқы жанұядағы жандардың күшті ықпалымен қалыптасады.Аяғын апыл-тапыл басқан сәби алғашқы қылықтарын ата-анасынан, аға-апаларынан көрген, үйренген үлгі бойынша жасайды. Не көрсе соны үйренуге, не естісе , соны айтуға тырысады.

Сондықтан да баланың алдында ата-ана үлкен жауапкершілік сезіну керек.

Ата-аналардың балалармен қарым-қатынасы туралы атақты педагог В.А Сухомлинский былай дейді: «Біз өз балаларымыздың құлағына нені сіңіріп, нені үйреткенімізден гөрі, өзіміз кімбіз, біз қандай ой-ниеттеміз, сезім-түйсіктеріміз, тілектеріміз, өзіміз үшін нені жақсылық, нені жамандық деп түсінеміз-міне осылар арқылы балаларымызды көбірек тәрбиелейміз». Сіздер өз балаларыңызды өздеріңіздің әр қадамдарыңызбен , әр қылықтарыңызбен тәрбиелейсіздер.

Ана мен әке мейрімсіз, қатыгез болсаңыз, өзіңнің балаларыңыз да сондай болмақ. Балаларыңызға сіздің беруге тиісті ең қымбат және өте қиынға түсетін бақыт – бұл адамдар үшін еңбек ету бақыты.
Жанұядағы еңбек тәрбиесі –барлық тәрбиенің негізі ретінде үздіксіз жүргізіліп жатқан процес. А.С Макаренко: «Адамның болашақ мамандығы үшін ең маңызды нәрсе-жанұядағы еңбек тәрбиесі»,-дейді. Баланың еңбекке араласуы мүмкіндігінше ертерек басталуы тиіс, өйткені бала еңбегі оның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыратын ең қуатты негіз болып табылады» дейді.

В.А Сухомлинский «Еңбек адамның екінші анасы дейді»-халық.

Сондықтан жұмысты ата-ана әр баланың шамасына , икеміне лайықтап жұмсауы керек. Әрбір ата-ана баласының тәртіпті, кішпейіл, еңбекке бейім боп өсуіне сәби жасынан ықпал етуі қажет. Балаға жүктелетін жұмыс олардың шамасына лайықты болуы керек. Баланы 4-5 жасынан үй шаруасына көмектесуге үйреткен жөн. Мысалы ер балаларға су әкелу, қыз балаларға ыдыс-аяқ, еден жуу, үй жинау жұмыстарын тапсыру керек. Баланың тапсырлған жұмысты орындау кезіндегі сәтсіздігі үшін оған ұрсып , жігерін жастыуға болмайды, сол бала басқа бір жұмсты ұқыпты, ынталы орындауы мүмкін. Бұл жерде ата-ана жазалау , мадақтау сияқты тәрбие тәсілдерін орынды да , әділ және кішпейілділікпен қолдануы қажет.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше