Дүйсенбаева Жанаргул Амановна

Тақырыбы: «Ғажайып математика» ортаңғы топ

Ақтөбе облысы

Әйтеке би ауданы

Қарабұтақ ауылы

«Балбұлақ» МДҰ-ның тәрбиешісі Дүйсенбаева Жанаргул Амановна

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным,шығармашылық

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру.

Тақырыбы: «Ғажайып математика»

Мақсаты: Геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға баулу. Балаларды дөңгелек, шаршы, үшбұрыш тәрізді геометриялық пішіндермен таныстыру, оларды ажыратуды үйрету; кеңістікте бағдарлау қабілетін қалыптастыру. Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:Пішіндер туралы дидактикалық ойындар ойнату.

Әдіс-тәсілдер: Пішіндерді ажыратып, түстерді айыра білуді, шарларды жару арқылы тапсырмаларды дұрыс орындай білуді үйрету. Геометриялық фигуралардың пішіндерін ажыратып, түстерін атауды көрсету. Геометриялық пішіндерден үй,машина жапсыру. Сұрақ-жауап.

Қажетті көрнекі құралдар: Геометриялық пішіндер: үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, үй,машина бейнелейтін жапсырмалар, слайд,сиқырлы қалам(интерактивті үйрену).

Сөздік жұмыс: Көктем, үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер.

Үштілділік компонент: көктем-весна-spring(сприң), жасыл-зеленый-green(грин), қызыл-красный-red(ред), ,сары-желтый-yellow(елоу), ақ-белый-white(уайт),көк-синий-Blue(блу),үшбұрыш-триугольник-triangle(трайэнгл),төртбұрыш-квадрат-rectangle(ректангл),шеңбер-круг-circle(сүкл),пішіндер-фигуры-shapes(шейпс)

Сабақ барысы: балалар шеңберге тұрады.(балалар жылулық шеңберіне тұрайық)

Қонақтармен амандасу

Жылулық шеңбері:

(Балалар қимылмен көрсетеді)

Бала,бала балақан

Кәне қайсы алақан ?

Саусақтарың әйбат

Былай-былай ойнат.

Топ-топ басайық

Жалаудан күн жасайық

Жаса-жаса алтын күн

Жаса-жаса алтын күн

Сәлеметсіздер ме?

Здравствуйте?

Good morning?

Балалар қимылмен көрсетеді.

Ұйымдастырушылық-ізденіс кезеңі

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Көктем айларын атайықшы.

Көктемде ауа райында қандай өзгерістер болады?

Ғажайып сәт:

Қолында шарлары бар Буратино билеп кіреді.

Буратино:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Осы жер «Ғажайып білім әлемі ме?»

Ия, Буратино дұрыс таптың, бұл жерде тек білімді балалар ғана болады.

Буратино: Ендеше маған көмектесе аласыңдар ма? Мен жолда келе жатып, алтын кілтімді жоғалтып алдым, кім алып кеткенін білмеймін. Маған көмектесіңдерші.

Кілтімді іздеп келе жатып, жолда ақ тиінді көріп едім, кілтіңді «Ғажайып білім әлеміне» барып, мына менің түрлі түсті шарларымның ішіндегі тапсырмаларын білімді балаларға, орындатсаң ғана алтын кілтіңді сол жерден таба аласың деді.

Еш уайымдама, Буратино!

Қане балалар, Буратиноға көмектесеміз бе?

Буратино: Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын. Өзіммен бірге түрлі-түсті шарларымды ала келдім.

-Жарайды, Буратино ендеше біз сіздің тапсырмаларыңызды орындауға көмектесейік

Балалар, бір жылда неше мезгілі бар?

Кәне, атап шығайық көктем, жаз күз,қыс. Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.

Жасыл шарды көрсету.

Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?

Бұл жасыл түс, шөптердің түсі сияқты. Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады. Ағаштар бүршік жара бастайды.

Қызыл шарды көрсету.

Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді? Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?

Сары шарды көрсету. Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді?

Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.

Жер беті сары кілемге ұқсайды.

Ақ шарды көрсетеді.

Мына шардың түсі қандай?

Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді?

Қыста жер қандай болады?

Балалар, шарлардың түстерін білдік, енді сиқырлы шарлардың ішінде не бар екенін білгілерің келе ме? Кәне шарды кім жарады? Бір бала шығып шарды жарады. Балалар бізге тапсырма берілген, егер осы тапсырманы дұрыс орындасаңдар біз Буратиноның алтын кілтін тауып беріп, оған көмектесе аламыз.

1-тапсырма: «төртбұрыш» төртбұрыш-квадрат-rectangle(ректангл),

– Неге төртбұрыш дейді екенбіз,қанекей төртбұрыштың қабырғаларын, бұрышын

санайық.(санайды)

Төртбұрыштың түсі қандай?

көк-синий-Blue(блу),

Бір бала шығып екінші шарды жарады.

2-тапсырма: (үшбұрыш) үшбұрыш-триугольник-triangle(трайэнгл), – Ал, үшбұрышты неге үшбұрыш дейді екенбіз, бұрыштар мен қабырғаларын санайық. Үшбұрыштың түсі қандай екен? сары-желтый-yellow(елоу),Дұрыс айтасыңдар балалар, бұл үшбұрыш.

3-тапсырма: (шеңбер)

  • Дөңгелектің(шеңбер) бұрышы бар ма? шеңбер-круг-circle(сүкл),
  • дөңгелектің (шеңбер) түсі қандай?
    қызыл-красный-red(ред).Пішіндер туралы слайд көрсетіледі.

4-тапсырма: Дидактикалық ойын:

«Заттар қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды» ойыны.

Тәрбиеші сурет көрсетеді. Содан соң балалардан ондағы заттардың атын атап беруді сұрайды.

Әр затты соған келетін геометриялық пішінмен қосуды ұсынады.

Сергіту сәті

Біз кішкентай баламыз.

Өніп-өсіп толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай самғаймыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Жаттығулар жасаймыз.

Ендеше балалар өздерің бір пішінді таңдап ала қойындар. Кәне, пішіндеріңді жоғары көтеріп көрсете қойыңдар. Ал енді қарайық кім қандай пішін таңдады екен. Әр бала қандай пішінді таңдаса, сол баланың жан дүниесімен, мінез-құлқын білуге болады екен. Шеңберді таңдаған балалар-ол мейірімді бала.

Үшбұрыш таңдаған бала-ол көшбасшы бала.

Төртбұрышты таңдаған бала –ол еңбекқор бала.

Балалар,барлықтарың сабаққа жақсы қатыстыңдар.

Мінекей, Буратино бұл сіздің кілтіңіз біздің балаларымыз көптеген тапсырмаларды орындау арқылы сіздің кілтіңізді тауып берді. Буратино: Алақай, алақай енді менің кілтім табылды.Рахмет сіздерге балалар.

-«Ғажайып білім әлемі» деген осы жер Буратино. «Ғажайып білім әлемі» ең бастысы бізге білім сыйлады. Біз бәріміз бірігіп, қызықты тапсырмалар орындалық, Буратиноға алтын кілтін табуға көмектестік.

Буратино: Балалар сендерге көп-көп рахмет. Сендер маған алтын кілтті табуға көмектестіңдер, көптеген тапсырмалар орындадыңдар. Өмірде тек білімді емес, қайырымды балалар екендерінді көрсеттіңдер. Мен осындай балабақшада тапқыр, ақылды, білімді, балалардың барына қуанып тұрмын. Ендеше мен сендерге өзімнің сиқырлы таяғымды сыйлыққа тарту етемін. Сау болыңдар, балалар.

Әртүрлі пішіндерге жапсырылған кілтті балалар қолдарына алады.

Балалар Буратиноның барлық тапсырмаларын орындап,өз білімдерін көрсетті.

Сау болыңыз, Буратино

Іс-әрекеттің бағалау кезеңі

-Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?

-Біз Буратиноға нені тауып беруге көмектестік?

-Буратино бізге тапсырмаларды нені беру арқылы орындатты?

Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар.Ендеше өздеріңнің көңіл-күйлеріңді мына смайликтермен көрсете қойыңдар.

Балаларға сыйлықтар үйлестіремін.

Қонақтармен үш тілде қоштасады.

Бүгін бізге қонаққа Буратино келді.

Біз Буратиноға алтын кілтін тауып беруге көмектестік.

Әдемі түрлі шарларды беріп тапсырмаларын орындатты.

Балалар смайликтерін көрсетеді.

Балалар қуанады.

Сау болыңыз.

До свидания

Good bye

Күтілетін нәтиже

Нені біледі: Пішіндерді ажыратып, түстерді айыра білді.

Қандай түсінікті игерді: Шарларды жару арқылы тапсырмаларды дұрыс орындай білуді игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Пішіндерден үй мен машина жапсыруды меңгерді,геометриялық пішіндердің үш белгісі-түсі мен көлеміне қарай салыстырады.

Тақырыбы: Бұлттар

Ақтөбе облысы

Әйтеке би ауданы

Қарабұтақ ауылы

«Балбұлақ» МДҰ-ның тәрбиешісі Дүйсенбаева Жанаргул Амановна

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі : Сурет

Тақырыбы: Бұлттар

Мақсаты: Балалардың байқағыштығын дамыту, сулау тәсілімен жұмыс жасау дағдыларын бекіту. Әр түрлі пішіндермен түстердің алуан түрлі реңктерінсезіне білуге тәрбиелеу. Көркемдік талғамын қалыптастыру.

Қызмет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Жұмбақ жасыру:

Көшіп жүріп желменен, сеуіп шықты тамшылар,

Қыраттарға шөлдеген.

Балалар жасырылған жұмбақтың жауабын табады. Бұлт
Іздену – ұйымдастырушы Балалар, енді аспан әлеміне саяхатқа барайық. Бұлттар қандай пішінде құралғанын көзбен көрейік. Бұлттардың қандай пішіндерін көрдіңдер?

Көк аспанның суретін салудың жолдарың түсіндіру (Ә. / н. 60 бет). Үлгіні көрсету.

Жұмбақ жасыру:

Дәу шүйкесін,

Күн алды,

Көк теңізге түсіріп,

Шығарды да жұлбасын,

Жел әкетті ұшырып.

Бұлттын пайдасы жайлы әңгімелесу.

Бұртардың пішіндері – атқа, жүрекке, қызылшаға, адам мүсініне, аңға ұқсайды.

Үлгі бойынша сурет салу.

Жұмбақтың шешуі: Бұлт.

Жаңбыр болып жауады және желге айдалып тарап кетеді, табиғат құбылыстарының ерекшелігімен байланыстырып әңгімелейді.

Рефлексивті коррекциялаушы Бүгінгі сабақта не істедік?

Қай досының жұмысын мақтар едің?

Бүгінгі сабақта бұлттарды бейнеледік.

Әр досымның жұмысы өз алдарына ерекше.

Күтілетін нәтижелер:

Білу: Бұлттардың әр түрлі пішіндерімен танысып, білу.

Өзіне үйренгені: Бұлт пішінін кез келген затқа ұқсастыру.

Үйрену: Пішіндерді бояуларды араластыры бояуды үйрену.

Тақырыбы:«Үй жануарлары»

Ақтөбе облысы

Әйтеке би ауданы

Қарабұтақ ауылы

«Балбұлақ» МДҰ-ның тәрбиешісі Дүйсенбаева Жанаргул Амановна

Білім беру саласы:«Коммуникация»

Бөлімі:«Сөйлеуді дамыту»

Тақырыбы:«Үй жануарлары»(суреттің осы көрсетілім бойынша әңгімелеу).

Мақсаты:үй жануарлары туралы алған білімдерін бекіту.

Міндеттері:

БМ:үй жануарларының тіршілігі туралы баяндап, балалардың үй жануарлары туралы бі-лімдерін толықтыру.

ДМ:үй жануарларының әрқайсысының өзіне тән қасиеттері туралы пікірлерін айтқызу

арқылы кез- келген тақырып бойынша ойларын еркін жеткізе білуге баулу.

ТМ:үй жануарларына қамқор болуға, оларды күте білуге және қорғауға тәрбиелеу.

Қолданатын құралдар:үй жануарларының суреттері.

Сөздік жұмыс:үй жануарлары.

Қостілділік компонент: төрт түлік мал-скот; жылқы-лошадь, сиыр-корова, түйе-верблюд, қой-овца, сүт-молоко, май-масло, ірімшік-сыр, сүзбе-творог.

Қызметтің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-

қозғаушылық

Жылулық шеңбері

Шеңберге тұрып,бір-біріне деген жылы лебіздерін білдіреді.

Жылулық шеңберіне тұ-рып,бір-біріне жылы ле-біздерін айтады.
Ұйымдастырушылық – ізденістік -Балалар, мына суреттерден не-лерді көріп тұрсыңдар?

-Үй жануарларына қандай жануарлар жатады? Білесіңдер ме?
-Дұрыс айтасыңдар, бұл жануарларды төрт-түліктер деп те атайды?

-Олай болса. қазір үнтаспадан шыққан дыбыстың қай үй жануарының даусына ұқсайтынын табайықшы.
Барлығымыз тыңдайық.
-Қай жануардың дауысы?
-Сиыр. Сиырдың төлі, баласы қалай аталады?
-Сиыр төрт түліктің бірі.Сүті, еті, терісі бағалы. Сүтінен май, айран, құрт,қаймақ , етінен тағам түрлері, терісінен түрлі бұйымдар жасалады. Жайылымда жайылады. Төлін-бұзау деп атайды.
-Мына дауыс қай жануардікі?
-Жылқы. Жылқының баласын қалай атайды?
-Жылқы салт міну, жүк тасуға, ет пен қымыз өндіру мақсатында өсірілетін төрт түліктің бірі. Өте бағалы. Ата-бабамыз аса құрметпен баптап өсірген. Таза су ішеді, жайылымды талғай біледі. Төлін-құлын, құлыншақ дейді. Жылқының етінен қазы-қарта жасайды.
-Қай жануардың дауысы деп ойлайсың?
-Қой. Қойдың төлін қалай атаймыз?
-Қозы. Қой төрт түлік малдың бір түрі. Еті, жүні терісі бағалы. Салмағы 20 кг шамасында. Жүні 3-7 кг-ға дейін болады. Төлі-қозы. 500-600 қойды отар деп атайды. -Мына дауыс қай жануардікі?
-Ешкі. Ешкіні де қоймен бірге бағады. Ешкінің төлін лақ деп атайды. Ешкінің жүнінен түрлі киімдер тігеді.
-Мынау қай жануардың дауысы?
-Түйе. Түйе шөл керуені. 10 күнге дейін су ішпейді. Сүтінен шұбат алынады.Оның емдік қасиеті ерекше. Жүнінің жылуы өте ерекші. Төлі – бота.
-Мынау ненің дауысы?
-Дұрыс айтасыңдар, иттің. Итті де үйде тіршілік ететін жануарға жатқызуға болады. Ит-адамға дос. Осы үй жануарларын өсіруге, қорғауға иттің көп көмегі бар.
-Енді бұларды қалай күтіп-баптаймыз?
-Дұрыс, таза су береміз, жем, шөпті уақытылы беріп тұру керек. Қорасы таза, жылы болуы керек. Түрлі ауруларға қарсы тиісті екпелерін жасатып тұру керек.

Сөздік жұмыс:үй жануарлары.

Қостілділік компонент: төрт түлік мал-скот; жылқы-лошадь, сиыр-корова, түйе-верблюд, қой-овца, сүт-молоко, май-масло, ірімшік-сыр, сүзбе-творог

. Сергіту сәті

Тіктеп титтей құлағын,
Ботам былай жүреді.
Сыртылдатып тұяғын,
Бұзау былай жүреді.
Алға созып мойынын,
Ойнақтайды ботақан.
Көкке қарай мұрынын,
Шүйіреді бұзауқан.

«Үй жануарлары» дидактикалық ойыны.Мақсаты:балаларды үй жануарлары мен төлдерін ажыра-туға, олардың қимылын көрсетіп, қалай дыбыстайтынын дыбыс-тауға үйрету.
Шарты: Балаларға үй жануарла-рының суреттері таратылып бері-леді.Әр бала сурет бойынша үй жануары туралы білетінін немесе өз ойын, пікірін баяндайды ды-бысын салып береді.

Ия, қой, ешкі, сиыр, жыл-қы, түйе.

-Сиыр

-Бұзау деп аталды.

-Жылқы

-Құлын

-Қой

-Қозы

-Ешкі

-Түйе

-Ит

Жем, шөп береміз. Су береміз.

Сөздің мағынасын түсін-діреді.
Сөздерді бірнеше рет қайталайды.

Балалар қимылмен орындайды.

Әр бала сурет бойынша үй жануары туралы білетінін немесе өз ойын, пікірін айтады дыбысын салып береді.

Рефлексиялық –

түзетушілік

-Бүгін сендермен не жайлы айттық?

-Олардың қандай пайдасы бар екен?

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілген нәтиже:

Біледі:үй жануарлары туралы жалпы түсінік алады. Олардың қасиеттері мен дыбыстарын ажыратады.

Игереді:қай жануардан қандай пайдалы өнім өндірілетінін түсінді.

Меңгереді:үй жануарлары туралы ойларын еркін жеткізуге дағдыланады. Жануарларды дауысынан ажыратады және өздері дыбыстай алады.

Тақырыбы: «Күн,су,ауа біздің достарымыз»

Ақтөбе облысы

Әйтеке би ауданы

Қарабұтақ ауылы

«Балбұлақ» МДҰ-ның тәрбиешісі Дүйсенбаева Жанаргул Амановна

Тақырыбы: «Күн,су,ауа біздің достарымыз»

Кіріктірілген білім беру салалары: «Коммуникация», «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Сөйлеуді дамыту», «Сурет салу»

Мақсаты:

1.Білімділігі: Балаларға адамдар, жануарлар мен өсімдіктер тіршілігі үшін ауаның, судың, күннің қаншалықты маңызы бар екенін түсіндіру.

2.Дамытушылығы: Күн, су, ауа табиғат сыйы және оның маңызы туралы білімдерін кеңейту.

3.Тәрбиелігі: Қоршаған ортаны қорғауға және тазалығын сақтау қажеттіліге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Көрсету,түсіндіру, орындату

Көрнекілері мен құралдар: Тірі жіне өлі табиғат суреттері,шар,магнитофон.
Билингвалдық компонент: күн- солнце, су- вода, ауа- воздух

Баланы тапсырманы орындауға қызықтыру

(талпындыру)

Шаттық шеңбері:

Сәндетіп даламыз,
Сәулетті қаламыз,
Сәулеңмен құлпырды,
Сәлем Күн – анамыз!

Әңгімелесу :

-Балалар біз немен демаламыз? -Ауамен

-Қане, ауаны жұтайық . Ауа қайда барады? -мұрынға

-Дұрыс, ол тамаққа келіп түсіп , тыныс жолдарына содан кейін ауатамырлар арқылы өкпеге барады.

-Балалар, қане, тәжірибе жесеп көрейік (Әр балаға екі шардан таратып береді. Балалар шарды үрлейді , ауасын шығарады)

  • Міне, өкпе осылай жұмыс жасайды.

-Балалар, егер ауа жоқ болса не болар еді?( Өмір сүре алмас едік)

Тәжірибе жасап көрейік:

Алақанымызбен ауызды жауып , саусағымызбен мұрнымызды қысайық.

-Таза ауа қалай келеді? (Бізге өсімдіктер арқылы береді)

-Ал, өсімдіктер өмір сүру үшін оларға не қажет? (Су мен жарық)

Жұмбақтар:

Ақ сандығым ашылды

Ішінен жібек шашылды(Күн)

Дәмі де жоқ, түсі жоқ

Пайдаланбас кісі жоқ(Су)

Өмірде одан мол ештеңе болмайды

Құшақтасаң, құшағың тек толмайды(Ауа)

-Балалар күн, су, ауа қандай табиғатқа жатады?

Балалар шаттық шеңберін орындап, өлең жолдарын бірге қайталайды.

Балаларды ізденушілікке ұйымдастыру

«Таңғажайып сәт»

-Есік қағылып қозы кіреді. Ол үсті лас , өзі жылап, жөтеліп тұр.

  • Балалар өзі лас, өзі мұңды болып тұрған кім?

Қозы:

-Мен өзен жағалап сендерге қонаққа келе жаттым. Күн ысып кеткенде өзенге шомылып алмақшы болдым. Суға түсіп, сыртқа шыққанда осындай болдым.

-Балалар, маған не болғанын, мүмкін сендер білетін боларсыңдар?

  • Ой, менің есіме енді түсті ! Өзен жағасына зауыттан тартылып жатқан ұзын құбырды көрдім. Ол құбырдан өзенге су құйылып жатты. Мен түтін араласқан ауаны жұттым. – Балалар қозыға қандай кеңес береміз?

-Жақсылап демал. Таза су іш. Таза су ішіп, шөп жесең жазылып кетесін деп қозыға қораға барып жатуды өтінеді.

Сергіту сәті:

«Көңілді күн» әуенін қимылмен орындау.

Сурет салу.Тақырыбы: «Күн сәулесі»

Балалар, бүгін біз алдарыңда тұрған бояулардың сырын ашамыз. Қарындашпен сурет салған сияқты, бояумен де суреттер салуға болады, алдарыңдағы сары бояуды пайдалана отырып, саусақтарымыз арқылы күннің суретін салайық. Алдымен саусағымызды сары түсті бояуға батырып, күннің домалақ бейнесін, кейін күннің сәулелерін бейнелейік.

Балалар өз бетінше жұмыс жасайды.

Рефлекция (орындаған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып, кемшіліктерді жою

Тәрбиеші жұмыс соңынан балалардың еңбегін мадақтап, топтың жарық болып кеткенін айтады.

-Ал енді балалар қозы сияты жағдайларға тап болмау үшін не істеуіміз керек?

«Нені атағанымды көрсет» дидактикалық ойыны

Жанды және жансыз табиғатты атап көрсету.

Мысалы: Адам- жанды табиғат

Күн- жансыз табиғат

Балалар өз жұмыстарына қызығушылықпен қарайды,

Суға қалдық заттарды тастамау керек. Табиғатқа зиян келтірмеу керек

Жанда және жансыз табиғатты атап көрсетеді

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Күн, су, ауаның адамға қаншалықты қажет екенін біледі.

Қандай түсініктерді игерді: Табиғатқа қамқар бола білуді, зиян келтірмеуді меңгерді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктерді қолдана алады: Қозыға деген аяушылық сезімдерін білдіріп, көмек көрсетулері.

Тақырыбы: «Ерке төлдер»

Ақтөбе облысы

Әйтеке би ауданы

Қарабұтақ ауылы

«Балбұлақ» МДҰ-ның тәрбиешісі Дүйсенбаева Жанаргул Амановна

Тақырыбы: «Ерке төлдер»

Кіріктірілген білім беру салалары: «Коммуникация», «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Сөйлеуді дамыту», «Сурет салу»

Мақсаты:

1.Білімділігі: жануарлардың төлдерінің аттарын жекеше, көпше түрде айтуды үйрету

2.Дамытушылығы: Сұрақ-жауап арқылы балалардың ауыз екі сөулеу тілін дамыту. Үй жануарларының дыбыстарын ажырату, дыбыстарын балаларға дыбыстату.

3.Тәрбиелігі: Жануарларға қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Көрсету,түсіндіру, орындату

Көрнекілері мен құралдар: үй жануарларының төлдерімен суреттері.Көз байлайтын орамал Билингвалдық компонент: үй жануарлары-домошние животные, түйе-верблюд, бота-верблюжонок, жылқы-лошадь, құлыншақ-жеребенок, қой-баран, ешкі-коза, лақ-козленок, сиыр-корова, бұзау-теленок.

Баланы тапсырманы орындауға қызықтыру

(талпындыру)

Шаттық шеңбері:

«Жылы сөздер» айту.

Балалар шеңбер бойына тұрып, аналарының еркелететін сөздерін айту

Балаларды ізденушілікке ұйымдастыру

Мақалдардың мағынасын түсіну.

Қарға баласын «аппағым» дейді,

кірпі баласын «жұмсағым» дейді.

-Балалар, жануарлар да өз балдарын жақсы көріп еміренеді.

Ал адамдар балаларын «күнім», «алтыным» деген сөздер айтады.

Үй жануарлары туралы түсіндіру.

-Үй жануарлары –қолға үйретілген жануарлардың түрлері. Сондықтан оларды қолға үйретілген жануарлар деп атайды. Олар: түйе,жылқы,сиыр, қой,ешкі,есек, мысық, үй қояны, құстардан: тауық, үйрек, қаз, күркетауық.

Д/О: «Үй жануарларының төлдерін тап!»

Суретпен тапсырманы орындау.

Жекеше-көпше түрде айту.

Түйе-түйелер

Жылқы-жылқылар

Сиыр-сиырлар

Қой-қойлар

Сергіту сәті.

Ал,балалар,келіңдер

Бой жазайық бәріміз-

Мойнымызды бұрамыз

Қолымызды созамыз

Аяқтармен топ-топ басып

Орнымызға барамыз

Д/О: «Не қалай дыбыстайды»

Үй жануарларды дауысынан ажырату.

Сурет салу. Тақырыбы: «Жануарлар»

Дайын ойыншық қозының сұлбасына аяқтарын,құлақтарын,ауызын жалғастырып салу.

Мақалдың мағынасын түсіну.

-Қарғаның түсі қара болады. Бірақ қарға өз баласын «аппағым» деп еркелетеді екен.

Ал кірпінің үсті тікенек болса да баласын «Жұмсағым» деп айтады екен.

Үй жануарларын көпше түрде айту.

Сергіту сәтін қимыл-қозғалыс арқылы жасайды.

Ойын арқылы үй жануарларының дауысын ажырату.

Балалар шабыттана жалғастырады.

Рефлекция (орындаған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып, кемшіліктерді жою

Балалар біз бүгін қандай жануарлармен таныстық? Олар қалай дыбыстайды? Қане кім сала алады? Балаларды мақтап,оларға жұлдызша беру.

Балалар жарыса жауап береді

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Төлдер туралы мағұлмат

Қандай түсініктерді игерді: жануарлардың дауысын салу;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктерді қолдана алады: жануарлардың төлдерін ажырата білу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше