Шынбергенова Кунимхан Кайырхановна

Ақтөбе обл.Әйтекеби ауданы. Талдысай селосы «Аққайың»МДҰ балабақшасының тәрбиешісі

Шынбергенова Кунимхан Кайырхановна

Білім беру саласы: Шығармашылық»

Бөлімдері : «Сурет» Сабақтың тақырыбы: «Әсем шарлар аспанда»

Мақсаты: Балаларға шар туралы түсінік беру, бояулар түстерімен таныстыру ойын арқылы түр-түсін ажырата білуге үйрету. Ақыл-ойларын, зейндерін, танымдық қабілеттерін арттыру. Қол шеберліктерін жетілдіру. Шардың әсемдік құралы екенін айта отырып, балаларды әдемілікті сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: таңғажайып сәт , көрсету,түсіндіру, сұрақ-жауап, көңіл-күйді көтеру, мадақтау.

Сабақтың көрнекілігі: Шар суреттерінің үлгілері, (слайд)

Билингвалды компанент: шар- шарик.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар барлығымыз шаттық шеңберіне тұрып, қонақтармен амандасайықшы.

Шаттық шеңбер:

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек,

Көңілді болып жүрейік.

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.

Есік қағылады, бөлме ішіне кішкентай қонжық келеді.

– Сәлеметсіңдер ме, балалар?

  • Сәлеметсің бе, қонжық?

Бұл қандай топ? «Күншуақ» тобы

  • Ия, «Күншуақ» тобының балалары сабаққа жақсы, ынталы қатыссың деп, мына керемет сыйлық алып келдім, – деп шығып кетеді.

– Ал, балалар, көрдіңдер ме, бұл сыйлықтың ішінде не бар екен? Ол үшін мен сендерге бір жұмбақ жасырамын, сол жұмбақтың шешуін тапқанда , бұның ішінде не бар екенін білесіңдер. Қағанақтай қабық, Байқа алма жарып. – Ол шар ғой. – Жарайсыңдар, жұмбақтың жауабы шар екен ғой. – Балалар, мынау шар. Шар резенкадан жасалады, шарды химиялық қоспалар қосып, түрлі-тісті бояулармен бояйды. Шарлар үріледі, созылады, сығылады, жыртылады, шардың іші толған ауа, суға салсаң батпайды. Шарды қатты қыссаң, қысыммен жарылады, ине тықсаң, қатты тарс етіп жарылады. Түстері: қызыл, жасыл, сары, көк. Пішіні: сопақша, дөңгелек. – Балалар, осы шарды не үшін қолданамыз. – Мерекелерді шармен безендіреміз, шармен ойнаймыз. – Дұрыс айтасыңдар? Ол жұмсақ , желмен ұшады, және тез жарылғыш. Олай болса ойын ойнап жібірейік. Дидактикалық ойын: «Түстерін тап және ата» – Бәрекелді, түстерін таныдыңдар, енді балалар бізге қонжық осы шардың суреттерін салуды өтініпті. Сендер шардың суретін салып, бояп бере аласыңдар ма? (Балалардың жауабы) Балалар орындарында отырып сурет бояуға кіріседі. Сергіту сәті: Қызыл, сары, көк шар, Қызыл, сары, көк шар, Қолымызда көп шар. Қолымызда көп шар. Әуеде қалқиды, Айдаймыз, күндейміз, Әніміз шалқиды. Ойнаймыз , күлеміз.

  • Орынымызға жайғасып алайық. Салған суреттерін қандай түспен боядыңдар. Балалардың жауаптары тыңдалады. – Олай болса, қонжығымызға бүгін қандай тақырыпта сурет салғанымызды айтайық. Сұрақтарға жапсыру арқылы жауап берейік. – Балалар, біз ұйқымыздан тұрғанда бірінші нені көреміз? (Аспанды) – Аспаннан нені көреміз? (Бұлттарды көреміз) – Бұлттың арасынан не шығады? (Күн шығады) – Ал жерде не өседі? (Ағаш және шөптер өседі) – Тағы нелер өседі? (Гүлдер өседі) – Гүлдердің үстерінде нелер ұшып жүреді? (Көбелек, аралар) – Сендер ненің суретің салып боядыңдар? (шарлардың) – Олардың түстері қандай? (Қызыл, жасыл, сары, көк) – Сендердің салған шарларың қайда ұшып барады? (Аспанға) – Көрдіңдер ме, балақайлар? Сендер әсем шарларыңды аспанға ұшырдыңдар. – Қараңдаршы, балақайлар, қонжық сендерге қуанышты, сендерге алғысын айтып алғыр да, білімді болыңдар деп алғысын айтып қоштасады.

Күтілетін нәтиже: Біледі: Бояу түстерін ажыратып, қолдана алады. Меңгереді: Шардың ішінде ауаның болуы. Жасайды: Балалар суретті бояй алады.

Тақырыбы: «Сиқырлы су»

Білім беру саласы: «Таным» Бөлімдері : «Қоршаған ортамен таныстыру» Сабақтың тақырыбы: «Сиқырлы су» Мақсаты: Су туралы, білімдерін кеңейту, судың қасиеттерімен таныстыру, іс-тәжіребие жасауға қызығушылығын арттыру. Суға қомқорлық жасауға үйрету. Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрсету,түсіндіру, сұрақ-жауап, тәжіребие жасау, мадақтау. Сабақтың көрнекілігі: Суреттер (слайд) , су, стакан, сүт, қасық, қант, лимон. Билингвалды компанент: су-вода, жаңбыр-дождь. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Балалар барлығымыз шаттық шеңберіне тұрып, қонақтармен амандасайықшы. Шаттық шеңбер:

Самал жел бізді желдетші, Күн нұры бізді жарқырат. Таза ауа бізге дем берші, Мөлдір су бізді салқындат. – Балалар, біз қай жыл мезгілімен қоштасып жатырмыз? (Күз мезгілімен) – Күз мезгілінде неше ай бар? (Үш ай бар) (Осы сәтте магинитафон арқылы жаңбырдың тамшысының тырсылы естіледі) – Қанекей тыңдаңдаршы? Бір нәрсе тықылдайтын сияқты, ненің дауысы шығады? (Балалар таңдана тыңдап жауаптарын береді) Ғажайып сәт: – Бізге қонаққа тамшы келіпті. – Қане, қонақпен сәлемдесейік. (Балалар амандасады) – Ол бізге қонаққа келіпті. Бірақ өзі неге көңілсіз екен? Ол өзінің неге көңілсіз екенің сұрайық? Тамшы: – Сәлем достар! – Мен, жақында ғана туылдым. Бірақ өзім туралы ештеме білмейді екенмін. Сондықтан менің көңіл-күйім жоқ. Сендер сондай ақылды, білімді балаларсыңдар ғой, мүмкін мен жайлы білетін боларсыңдар. (балалар өз көңілдерін білдіреді.) – Тамшы, кел төрлет! – Біз бүгін «Сиқырлы су» әлеміне зерттеу жасаймыз. – Өзінің кім екекнің білгің келе ме? Тамшы: – Ия, білгім келеді. – Ендеше сен де мұқият тыңдап отыр. Балалар экранға назарларын аударады.

Слайдпен жұмыс. Судың дыбысы естіледі.

  • Судың пішіні бар ма? Біз қазір судың пішіні бар ма, жоқ па соны тексереміз (тәрелкеге су құю) Әрине, жоқ, суды қай ыдысқа құйсаң ол сондай пішін болады.
  • Судың дәмі бар ма? Осыны да тексерейік, алдарыңа ыдысқа су құйылған. Сол суды ішіп көріңдер. (балалар ішіп көреді)

Енді, осы суға кейбіреулерің қант қосып көріңдер,ал басқаларың тұз қосып көріңдер. Суды ішіп көріңдер дәмі өзгерді ме? (балалар жартысы қант, жартысы тұз салып өздерінің сезімдері туралы айтады) – Дұрыс суға біз не қоссақ, сол заттың дәмін сеземіз, ал судың дәмі жоқ екен.

Сонымен қатар су мен сүтті салыстырып көрейік, су бар стаканға қасық салайық, қасық көрінеді ме? Ия,көрінеді. Ал сүт құйылған стаканға қасық салайық көрінеді ма? Жоқ көрінбейді, сондықтан судың түсі жоқ, ол – мөлдір екен.

  • Білесіңдер ме, балалар, мынау тұрған судан лимонад шырынның дайындауға болады. Бірге жасап көрейік. (балалар араластырып өздері ішіп дәмін көреді).

Балалар, сонымен су түссіз, дәмсіз, иіссіз, тұрақты пішіні жоқ табиғи ресурс. Оны дәлдеу үшін біз сумен тәжіребие жасадық.

  • Өзен мен көлдерде, теңіздерде нелер тіршілік етеді? (Әртүрлі балықтар, өсімдіктер) Олар сусыз өмір сүре ала ма? Адамдарға су не үшін қажет? Судың қажеттілігі туралы не білеміз? (суретпен жұмыс) Суды ішеміз және жуынамыз. Сумен өсімдіктерді бау-бақшаны суарамыз. Сумен ас әзірлейміз. Сумен кір тазалаймыз. Суға адамдар да, жануарлар да шомылады. – Балалар, біздер судың әртүрлі қасиеттері бар екеніне көз жеткіздік.

Тамшы: – Мен өзімнің жетерліктей қасиетім бар екен. Енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. – Жарайсыңдар, балалар, ал енді «Күн мен жаңбыр»деген ойынды ойнайық. Мен сендерге «күн» дегенде серуен дейсіңдер, ал «жаңбыр» дегенде қолшатырдың астыңа тығыласыңдар.

Тамшы: – Балалар, сендерге көп-көп рахмет! Менсіз табиғатта тіршілік жоқ екеніне көзім жетті. Сау болыңдар!

  • Тамшы сағанда көп рахмет! – Біздің балалармен ойын ойнап көңілдерін көтеріп тастадың. Сау болыңыз! – Өте жақсы балалар, ал енді барлығымыз орнымызға отырайықта сұрақтарға жауап берейік.
  • Судың иісі, дәмі, түсі бар ма? (жоқ) – Бізге қонаққа кім келді? (тамшы) – Қандай тәжіребие жасадық? (пішінін болмайтынын, түссіз екенін) – Сусыз өмір сүруге бола ма? (жоқ) – Адамдарға су не үшін керек? (ішеміз, жуынамыз, ас әзірлейміз, кір жуамыз) – Суды үнемдеу керек пе? (ия) – Жарайсыңдар, балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізге белсене қатысқандарың үшін сендерге алғыс айтамыз. Қонақтармен қоштасайық! Сау болыңдар! Күтілетін нәтиже:Нені білуі керек: суды үнемдеуді, суды ластамауды. Түсінеді: судың адам өміріне маңыздылығын Меңгереді: тәжірибие жасау арқылы судың қасиеттерін .

  • Жайна менің- Қазақстаным!

    Мақсаты: Балаларға тәуелсіздік туралы түсіндіру.Отаны Қазақстан туралы түсініктерін кеңейту, туған еліне, елбасына деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

    Көрнекілік: Қазақстан Республикасының рәміздері, Астана суреті, жалауша, шар, слайд.

    Жүргізушінің сөзі: – Қайырлы күн! Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар және балалар. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне арналған «Жайна менің – Қазақстаным!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! – Биыл үлкен мереке. Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз. 1991 жылы 16 желтоқсан – тарихтағы ұлы күн. Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге жетті.Біз, бүгін Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнің тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!! «Күншуақ» тобының ертеңгілін бастауға рұхсат етіңіздер. (Балалар ән ырғағымен залға кіреді)

    Әнұран: «Менің Қазақстаным»

    Тәуелсіздікке күніне арналған балаларымыздың мерекелік өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.

    Айнымайды аспаннан, Отанды біз Атамекен,

    Бізді тудың бояуы. Деп аялап атаймыз.

    Оны халық қашанда, Өйткені оны мекен еткен,

    Биікке іліп қояды. Бабамыз бен Атамыз.

    Нұрайым Әділжан

    Тілім барда – мақтанам, Отанды жас – кәрімізде,

    Тілім менің – аппақ ән. Туған жер деп сүйеміз.

    Бірлігімді бүгінгі, Өйткені онда бәріміз де,

    Ана тілім сақтаған. Туып өмір сүреміз.

    Әзиз Рахат

    Жасай берсін ұлы күн,

    Үміті боп елімнің.

    Нұртөре

    Тәуелсіздік мақтаншым, Отан – менің, ата-анам

    Бізге бақыт сыйлаған. Отан – досым, бауырым,

    Бейбіт күн ме тыныштық, Отан – өлкем, Астанам,

    Әрбір таңым нұр атқан. Отан – туған, ауылым.

    Айзере Елсияр

    Мерекеге шығады, Тәуелсіздік еліміз,

    Бүкіл халық, біліп қой. Мәңгі жасар жеріміз.

    Отандастар ұғады, Тәуелсіздік жасаған,

    Тәуелсіздік – ұлық той. Аға, Әпкелеріміз.

    Рамзан Айару

    «Күш сынасу» ойыны.

    Жүргізуші: Арманы бір, үні бір, Аға-ардақты, іні-гүл. Бақыт туын көтерген, Балалардың күні бұл.

    Би: «Сарбаздар»

    Жүргізуші: Келесі кезекті бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына берейік

    Бабамның да арманы, Көк туды қолыма,

    Осы еді ғой аңсаған. Бүгін берік ұстадым.

    Тәуелсіздік таңдары, Түсті бақыт жолыңа,

    Бақ береді баршаға. Менің , Қазақстаным!

    Зулфия Ернар

    Арымыздай тап-таза , Естісін ел үніңді,

    Жанымыздай шуақты. Дүние түгел естісін.

    Көтерілді биікке, Тәуелсіздік туынды,

    Қазақсатан байрағы. Биік көтер, жас ұлан!

    Дамир Жан

    Елтаңбасы елімнің, Құт-береке, шаңырақ,

    Неткен әйбат, әдемі. Орын алған ол төрден.

    Тұнығндай көңілді, Қанатты қос арғымақ,

    Ортада – аспан әлемі. Екі жақтан көмкерген.

    Қарақат Асылай

    Он алтыншы желтоқсан, Отан – тарих, Отан – тіл,

    Тәуелсіздік алған күн. Жасаған елім, өз халқым.

    Ерекше боп мәңгілік, Отан – өлең, Отан – жыр,

    Ел жадында қалған күн. Көтерген көкке ел даңқын.

    Нұрай Жансая

    Ойын: «Аса таяқ»

    Жүргізуші: Желтоқсан-ау, ұмтылмайсың жүректе, Ұрпақ өсер айналатын тірекке. Егемендік тиді міне еншіме, Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке, – дей келе Ғалымжан ағаймен бүлдіршіндерімізді «Желтоқсан желі» әнімен қарсы алаңыздар.

    Би: «Қамажай»

    Тал шыбықтай бұралған, Қазағымның қыздары-ай. Сүйсіндірген биімен, Өнерлі ғой, қыздар-ай.

    Жүргізуші: Балалар, мен сендерге бірнеше сұрақ қойып, білімдеріңді сынағым келіп тұр. 1. Қазақстан Республикасының президентті кім? (Н.Ә. Назарбаев) 2. Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана) 3. Біз қандай елде тұрамыз? (Қазақстанда) – Жарайсыңдар, Отанды біз Атамекен, деп аялап атаймыз дей келе балаларымызды «Атамекен» әнің қабыл алыңыздар.

    Жүргізуші: Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын! Бүгін біздің «Күншуақ» тобының бүлдіршіндері дайындаған ертеңгілігіміз аяқталды. Ақ шашаты аналар, әзиз әкелер аман болсын! Әрқашан сәбилердің шат күлкісі үзілмесін.

    Сау болыңыздар!

    Бағдарлама

    1. Жүргізушінің сөзі.
  • Әнұран «Менің Қазақстаным.

  • Балалардың тақпақтары

  • Ойын: «Күш сынасу»

  • Би: «Сарбаздар»

  • Балалардың тақпақтары.

  • Ойын: «Аса таяқ»

  • Ән хормен: «Желтоқсан желі»

  • Би: «Қамажай»

  • 10.Ән хормен: «Атамекен

    Сабақтың тақырыбы: «Сіріңкемен ойнама, балақай!»

    Сабақтың мақсаты: Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге үйрету. Сірікені ұстамауға және ойнауға болмайтынын ұғындыру. Өрт сөндірушілердің қалай жұмыс жасайтындығын көрсете отырып, оттан сақтану жолдарын үйрету. Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап Сабақтың көрнекілігі: Өрт сөндіру құралдары, слайд, тақырыпқа байланысты суреттер Сөздік жұмысы: От, алау, жылдам жаңғыш. Билингвалды компанент: от- огонь, сіріңке- спички, Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Балалар барлығымыз шаттық шеңберіне тұрып, қонақтармен амандасайықшы. Шаттық шеңбер:

    – Балалар, қараңдаршы, бүгінгі күн қандай әдемі! Терезеге қараңдаршы, күн алтын сәулелерін шашып тұр. Ендеше қонақтармен амандасып жіберейік.

    Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен. Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық. -Балаларды орындарына отырғызу. Сіріңке, майшам, газ. (Осы суреттерге назар аударайық) – Сіріңке күнделікті өмірде қажет. Сіріңке арқылы майшамды, газды, т.б. нәрселерді тұтату үшін пайдаланамыз. Сіріңкені үлкендердің рұқсатынсыз алмау керек. Себебі, өрт-тілсіз жау. Сіріңкенің адам өміріне пайдасымен бірге зияны да болады.

    • Балалар, біз бүгін қауіпсіздік ережелерінің бірі өрттің қаншалықты қауіпті екенін білейік.

    Слайд көрсету.

    • От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От өмірдің сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса тамағымыз піспейді, үйімізде жылымайды. Оттың пайдасы да бар, зияны да бар. Отты дұрыс пайдаланбасақ, күйіп қаламыз, жарақат аламыз. Оттан өрт шығуы мүмкін.
  • Енді, газды ашық тастап кетуге бола ма? (өрт шығу мүмкін)

  • Газдың иісі шыққан жағдайда не істеу керек? (есік, терезелерді ашу керек) – Ал, ашпасақ ше? (ендеше иіс тиіп қалады) – Ал, мына көрініске қараңдаршы, үтік қосып ұмытып кеткен не болады? (өрт болады) – Ашық тұрған тоққа саусақты тигізуге бола ма? (жоқ болмайды) – Дұрыс атасыңдар, тоқ тартады. – Балалар, сіріңкені ұстауға бола ма екен? (болмайды) – Сіріңкені тауып алсақ кімге беруімі керек екен? (үлкендерге) – Сіріңкені не үшін пайдаланамыз? (от жағып, тамақ пісіру үшін) – Ал, балалар мынау не? (газ) – Газды не үшін пайдаланамыз? (тамақ пісіру үшін) – Газдың үстіне киім кептіруге бола ма екен? (жоқ болмайды) – Дұрыс айтасыңдар, кішкентай балаларға газға жақындауға болмайды. Ас үйге кіруге болмайды. Өрт шыққан жағдайда балалар, 101-ге хабарласуымыз керек. Көшеде біреу саған тиіссе 102-ге. Ал денеңді күйік шалғанда немесе ауырған жағдайда 103-ке хабарласу керек.

  • Сергіту сәті: Өрт пен түтін айнала, Қарап тұрма жәй ғана. Тез хабар бер 101-ге Уақытты сен ұстама.

    (Осы кезде ішке қолында сіңіркесі бар Түлкі келеді). – Ой, қорқытып жібердің ғой түлкі сен мұнда қайдан жүрсің? Не болды сонша айғайлап. – Мен жолда келе жатып сіріңке тауып алдым. Мен оны жағып көрейін дедім. – Түлкі, оны жақпа сіріңкемен ойнауға болмайды. – Қойшы, бір сіңіркеден қандай от шығар дейсің. (сіріңкені жағады да қолым-ай деп айғайлап кеп жылайды. Осы сәтте балалар өртті сөндіруге келеді) Бір қыз бала дәрігерге хабарласады. 2 қыз дәрігер болып түлкінің қолын емдейді.

    Көрдің бе, түлкі бізбен бірге бүгінгі сабағымызға қатысып сіріңкемен ойнауға болмайтынның біліп ал.

    Слайд арқылы суретпен жұмыс. Д/о: «Бола ма, болмай ма?» Қорытындылау: Міне балалар, біз сендермен бүгінгі сабағымызда сіріңкемен таныстық. Өрт қауіпсіздігін білдік. Сендер өте ақылды да, жылдам екенсіңдер түлкіге көмектестіңдер жарайсыңдар. Түлкі: – Балалар, рахмет сендерге мен енді сіріңкенің не екенің білдім. Үлкендердің рұқсатыңсыз ұстамаймын. – Ой мен тағы да сіріңке тауып алдым балалар ішін ашып көрейін деп апайға береді. (ішінен чупа-чупсті алып балаларға таратады). Балаларға алғыс айту. Күтілетін нәтеже: Нені білуі керек: Оттың пайдасын,әрі зиянын. Түсінеді: Сіріңкені ұстамау керектігін жылдам жанғыш екенін. Меңгереді: Өрт қауіпсіздік шараларын.

    8 Наурыз ертеңгілігі «Мерекеңмен Анашым!»

    Мақсаты: Балаларға 8 – Наурыз халықаралық мейрам екенін ұғындыру. Балаларды аналарына деген сүйіспеншілігін ояту. Аналарының еңбегін ақтауға, ардақтауға, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.

    Көрнекіліктер: Ертеңгілік тақырыбы жазылған плакат. Суреттер, шар, гүл суреттері.

    Жүргізуші: – Құрметті аналар,әжелер, қызғалдақтай құлпарған қыздар және әріптестер. Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейрімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Мерекелеріңіз құтты болсын! Бала, бала, бала деп , Түнде шошып оянған. Түн ұйқысын төрт бөліп, Түнде бесік таянған. Бұл кім?

    Балалар: Ана, ана, ана!

    Жүргізуші: Құрметті аналар, сіздерге арналған «Мерекеңмен Анашым!» атты ертеңгілігімізді бастаймыз. (Музыка әуені ойналып ішке Ару көктемі келеді)

    Ару көктем: Сәлем, сәлем, балақайлар! Әзиз әже, назды апайлар Мол шуақты ала келдім Қуаныңдар, алақайлап! Құстар әнін ала келдім Жерге кілем жаба келдім, Жан бітіріп табиғатқа Гүлдерімді ала келдім.

    Жүргізуші: Қош келдің, Ару көктем, күннің нұрын алып келген!

    Ару көктем: Мен Ару көктеммін , өзіммен бірге күннің жылуын, қызғалдақтың жұпар иісін, шуақты күндерді ала келдім. Балалар бүгін біз кімдерді құттықтаймыз?

    Балалар: Аналарымызды құттықтаймыз.

    Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар балалар, олай болса, біздің балақайларымыздың «Құттықтаймын мама» әнін қабыл алыңыздар.

    Ән: «Құттықтаймын мама»

    Жүргізуші: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көзі нұры, мейрімі тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар, сіздерге деген балалармыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.

    Балалардың тақпақтары:

    Келді көктем күнің , Анамды мен жақсы көрем,

    Күлімдейді гүлің – Айтқан тілін алып жүрем.

    Алтын ойлы Анам, Қасымда анам жүргенде,

    Мерекеңіз бүгін. Шаттанып ойнап күлем.

    Әзиз Айару

    Анам менің «Күнім» дейді, Әлпештеген аялаған,

    Мен қуансам күлім дейді. Ақ сүт берген апатайым.

    Анам менің «Айым» дейді, Сәлем жазып бүгін саған ,

    Мен мұнайсам «уайым» жейді. Мейрамыңмен құттықтаймын.

    Асылай Қарақат

    Әр сөзімді жаттаған, Бүгін Наурыздың 8-і,

    Жүрегімде сақтаған. Сұлулықтың негізі.

    Анашым деп мақтанам, Әдемі сөз адамның,

    Айналайын ақ мамам. Анаға айтар лебізі.

    Дамир Зулфия

    Менің әжем, гүл әжем, Жанымызды жайнатқан,

    Алтын әжем, күн әжем. Сіздерсіз ғой аналар!

    Ана үшін, мен үшін, Зор денсаулық, мол бақыт,

    Нағыз ана тілі –әжем. Тілейміз біз балалар.

    Нұрай Ернар

    Бал бөбегім баптаған, Әр сөзіңді жаттағам,

    Анам үшін мақтанам. Жүрегімде сақтағам.

    Аялайтын біздерді, Анашым деп мақтанам,

    Көп жасасын ақ мамам! Айналайын, ақ мамам!

    Әділжан Нұрайым

    Аналарды сүйеміз, Өмірдің қызығы,

    Сөзін ойға түйеміз. Өзіңсіз өтпейді.

    Аналарды ардақтап, Мен үшін анама ,

    Әдеппен бас иеміз Ешкім де жетпейді.

    Рамзан Жансая

    Сыйлайыншы гүлімді, Үн қатасың бал тілмен,

    Теріп алған даладан. Еркелеймін әр күн мен.

    Мейрамыңыз бүгінгі , Құттықтаймын анашым,

    Құтты болсын анажан! Сегізінші Наурызбен!

    Рахат Жан

    Бізді өсіріп баптаған, «Боташым» дер саған,

    Жақсы болсақ шаттанған Кім сүйікті адам.

    «Алтыным» деп мақтанған Ол менің анам.

    Айналайын ақ мамам.

    Елсияр Нұртөре

    Жүргізуші: Мерекеге арналады бүгін билер, Көтерілсін, канекей, көңіл-күйлер. Алдарыңызда қазіргі ұлдар биі, Таң қалдырып канекей би-билеңдер, – дей келе кішкентай жігіттеріміздің биің қабыл алыңыздар.

    Би: «Джентельменов»

    Ойын: «Кім бірінші гүл сыйлайды?»

    Жүргізуші: Ана ол біздің елде ардақты адам, Кішісі де, үлкені де ардақтаған. Өзінің аяулысы да Отанын да, «Ана» деп біздің халық текке айтпаған, – деп келесі кезекті Ғалымжан ағайының домбыра сүймелдеуімен «Анашым қартаймашы жалынамын» әнін қабыл алыңыздар.

    Ән: «Анашым қартаймашы жалынамын»

    Би: «Шоколадки»

    Ойын: «Газетке би билеу»

    Жүргізуші: Шалқып тасып әніміз, Жадырасын жанымыз. Ана сені құттықтап, Әндетеміз бәріміз. «Біз бақытты баламыз» әніне кезек берейік.

    Ән: «Біз бақытты баламыз»

    Бөбегінің сыйлығын, Қабыл алшы анашым Ұзақ өмір жүз жасап, Ауырмашы анашым Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындасымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған – анамыз емес пе?

    Құрметті қонақтар! Былтырғы балабақшамыз да тәрбиеленіп, биылғы даярлық тобында жүрген біздің түлектеріміз өздері ұшқан ұясына келіпті. Апайларына деген сағыныш сезімдерін жеткізіп, бүгінгі мерекемен құттықтай отырып өз сәлемдерін сіздерге ән шашумен жеткізбекші. Қалайша қуанып қарсы алмасқа! Олай болса «Жанашырым – Ана» әнімен Серікқали Нұрасыл мен Қуандық Нұрасылды қошеметпен ортаға шақырайық.

    • Бәркелді! Жарайсыңдар, өркендерін өссін! Келесі бүлдіршініміз Малдыбай Құлынтайды «Менің анам Алтын» әнін қабыл алыңыздар!
  • Көп-көп рахмет сендерге. Талаптарына нұр жаусын, өнерлерің өрге жүзсің! Тәрбиеленіп өсіп жатқан бүлдіршіндерміз өз өнерлерімен бізге алғысын айтып келіп жатса, неге қуанбасқа әрқашанда қуаныштымыз.

  • Балабақша меңгерушісі С.Қ.Яроваға және ата-аналарға сөз кезегін берейік.

    Жүргізуші: Сүйкімді ғой балалар, Өнерлі ғой баршасы. Міне осындай ертеңгілікті, Көрсетті «Күншуақ» балалары- дей отырып, сіздерді «Күншуақ» тобының бүлдіршіндері атынан шын жүректен құттықтаймыз! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

    Больше на

    Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

    Читать дальше