Жаңа сабақтар

Әлімжан Гүлбану Темірханқызы

Әлімжан Гүлбану Темірханқызы

Ақтөбе облысы,Мұғалжар ауданы, Бұлақты ауылы

Бұлақты негізгі орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

«Ана-өмірдің шуағы»

Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші:

Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі құтты болсын! Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

Әдемі кешіміздің шымылдығын шәкіртім Нұрдана екуіміздің орындауымыздағы әсем әнмен ашайық!

Ән: «Ана»

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым!-дей келе кезекті «Көк бөрілер» биіне береміз

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше балғын бүлдіршіндеріңіздің ана туралы жылы лебіздерін тыңдайық: тақпақ (сыйлықтарын береді аналарына)

Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар —
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.-дей келе кезекті ару қыздарымыздың орындауындағы әсем әнге берейік. «Қайда?» Инабат, Айдана

Орыс жазушысы Максим Горкий: «Адамдар-әрқашанда өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген. Кезекті дарынды перзенттеріңізге береміз.Ер балаларымыздың қызықты қойылымдарын тамашалайық. «Скеч» ұлдар

Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Ән жолдайтын апалардың баласы бар.

Ән: «Ақ мамам» Нұрдана, Еркеназ

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше балғын бүлдіршіндеріңіздің «Қуыршақтар» биін қарсы алайық

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Әнуарбек пен Бекболдың орындауындағы «Бұлақтының арулары» әніне кезек берейік

(Құттықтау сөзін сөйлеп ұлдар қыздарға сыйлықтарын береді)

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту – арманым-дей отырып, тағыда 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз! Кешіміздің соңын барлығымыз бірге

«Ай дидарлы анашым» әнімен қорытындылайық!

Ана десем сезім білер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық
Бар адамға берсе ананың мейірін
Орнар еді бар әлемге тыныштық

Құттықтау сөз

Сабақтың тақырыбы:

Б.Соқпақбаев

Шал мен бала.

Мұғалімнің аты-жөні:

Г.Т.Әлімжан

Күні: 31.01.18 ж.

СЫНЫП: 3 Қатысқан оқушылар саны: 6 Қатыспаған оқушылар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары Оқушыларға Бердібек Соқпақбаев туралы мәлімет беріп, «Шал мен бала» мәтінімен таныстыру және түсіндіру.
Оқушылардың танымдық қабілетін, ой — өрісін, сауатты оқуын, сөздік қорын дамыту.
Үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге әрдайым қарапайым, тәртіпті болуға тәрбиелеу.
Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі Жеке және топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Ресурстар Оқулық, суреттер, слайд, бейнебаян, топтық тапсырмалар және әртүрлі заттар, кері байланыс,
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік, рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі
Сабақтың жоспары
Жоспарланған

уақыт

Сабақ барысы : Бағалау түрлері
Басталуы

5 минут

Үй тапсырмасын тексеру

2 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Балалар –гүлім менің

Балалар- күйім менің

Балалаар нұр сыйлайтын

Бүгінгі күнім менің-дей отырып,балалар сендерді өзіме қуат алатын шуақты күндерге теңеймін! Өздеріңе мынадай шуақты күн төсбелгісін сыйлаймын. Ендеше бір –бірімізге алақандарымызды тақап жылулығымызды сыйлайық.

Топқа бөлу: «Атомдар мен моллекулалар ойыны.

«Атом» дегенде оқушылар иықтарын қағыстырып жүреді. Мұғалім «Моллекула» дегенде топтасады .Сөйтіп 2 топқа бөлініп отырады.

« Стоп кадр » әдісі.

Бір оқушы Ғ.Ормановтың «Ана» өлеңін бастап айтады мұғалім «СТОП» дегенде келесі оқушы жалғастырады.

« Конверт-сұрақ» әдісі.

Сұрақтарды конверттен алу арқылы өткен үй

тапсырмасын қорытындылап шығамыз.

-Ғали Орманов кім?

-Ана туралы қандай мақал білесің?

-Сен анаңа не тілейсің?

-Ана өлеңінің соңғы шумағын айтып бер

-«Айтқаныңды екі етпей,

Ақ сүтіңді өтермін» деген жолды қалай түсінесің?

  • «Ханның алтын сарайынан.

….. жыртық лашығы артық» мақалды толықтыр

Үш шапалақ

Бас бармақ

Үш шапалақ

Жаңа білім

8 минут

Бейнебаян көрсету

«Сиқырлы ұяшық» ойыны

Экраннан сиқырлы ұяшықтар көрсетіледі.Сандардың артында жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы ұяшықтар ашылып, жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.

-Б.Соқпақбаев кім?

-Үлкенге құрмет…..ізет

-Б.Соқпақбаевтің қандай шығармаларын білесің?

-Ұрлық түбі…

-Жақсының жақсылығын айт… тасысын

-Б.Соқпақбаевтің туған жылы?

Б.Соқпақбаевтің «Шал мен бала» әңгімесінің қысқаша мазмұнын бейнебаяннан көрсету

Басбармақ

Үш шапалақ

Ортасы

8 минут

Сергіту сәті

Топпен жұмыс

«Серпілген сауал» әдісі арқылы допты лақтырып тақырып бойынша екі топ бір-біріне сұрақтар қояды

Оқулықпен жұмыс

Мәтінде қандай нақыл сөздер айтылғын? Дәптеріңе жазып ал.

Топтық жұмыс «Орнын тап» ойыны.
Шығарманың оқиғаларын
рет — ретімен орналастырамыз. Екі топ бір-бірінің қатесін тексереді.
Атаның әңгімесі – 3
Трамвайдан түскенде – 1
Атаның немересі – 4
Атаның балаға риза болуы – 6
Бейтаныс баланың көмегі – 2
Ата мен немересінің әңгімесі – 5

Үш шапалақ
Аяқталуы

Сабақты бекіту

5 минут

Кері байланыс

2 минут

Бағалау

Үйге тапсырма

«Даналық ағашы»

Орындау барысы: шығарма мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, ағашқа іледі. Мұғалім оқып, жауап алады.

«Тазалық» ойыны арқылы кері байланыс жасатамын.

Себет- түсіндім

Еттартқыш- сұрақтарым бар,

Чемодан- түсінген сияқтымын деген түсіндірме бойынша өз-өздерін бағалайды

Топ басшылары бағалау парақшалары арқылы топ мүшелерін бағалайды

Оқушылардың аты-жөні Үй тапсырмасын айтты Сұрақ қою Сұрақтарға жауап беру Белсенділік Топтық жұмыстарға қатысымы Баға
Айдарханова Е
Әміржан Н
Жалғас Ж
Панабек М
Панабек Г
Қайрат А

Б.Соқпақбаевтің «Шал мен бала» әңгімесін түсініп оқу.

Үш шапалақ

Оқу ісінің меңгерушісі:

№59

Пәні: Сауат ашу

Күні: 11.11.2019 ж

Сынып: 1ә

Мектеп: Бұлақты негізгі орта мектебі
Мұғалім: Г.Т.Әлімжан
Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Менің сыныптас достарым. Ы ы дыбысы мен әрпі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын мақсаттар: 1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау.

1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру(ұнайды/ұнамайды).

1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау.

1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу

Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар орындай алады:
-Ы ы дыбысы мен әріпін таниды

-Дыбыстарды атайды, анықтай алады.

-Буындап оқи алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
-Жиі кездесетін сөздерді тұтас оқиды.

-Сөздерді түсініп, мағынасын ажыратады,мысал келтіреді.

Кейбір оқушылар орындай алады:
-Ой ұшқырлығын иллюстрация арқылы болжам жасайды.
Бағалау критерийлері 1. Мәтінде кім (не) туралы айтылғынын анықтайды.

2.Әріпті таниды ,ажыратады, және дыбыспен сәйкестендіреді.

3. Буындап оқиды,жиі кездесетін сөздерді тұтас оқиды,сөздерді түсінеді.

4.Ой ұшқырлығын иллюстрация арқылы болжайды.

5.Жазу жолын дұрыс сақтап,әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

Тілдік мақсат Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Ы дыбысы мен әрпі.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Дыбыстар нешеге бөлінеді?

2.Дауысты , дауыссыз дыбыстардың ерекшелігі қандай?

3.Ы ы дыбысы қандай дыбыс?

4.Ыдыс ,қарлығаш, оқушы сөздерінде ы әрпі қай буында кездеседі?

5. Ы ы әрпі кездесетін сөздерді атау.

Ишара Жасыл-түсіндім; қызыл-сыныптасымның көмегімен түсіндім; сары – көмек қажет түсінбедім.
Алдыңғы оқу Менің сыныптас достарым. Ы ы дыбысы мен әрпі
Жоспарланған жаттығу түрлері: Ресурстар
Сабақтың басы Балалар-гүлім менің

Балалар-күйім менің

Балалар нұр сыйлайтын

Шуақты күнім менің-дей отырып,балалар сендерді өзіме қуат алатын шуақты күндерге теңеймін! Өздеріңе мынадай шуақты күн төсбелгісін сыйлаймын.Бір-бірімізге алақандарымызды тақап жылулығымызбен бөлісеміз.

«Құмырсқалар» ойыны арқылы үш топқа бөлу. Ырыс,ықылас, ынтымақ топ атауларына бөлінеді

Шаттық шеңбері
Сабақтың ортасы «Кубизм» әдісі арқылы өткенге шолу жасау.

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Әріпті не істейміз?Дыбысты не істейміз?

-Дауысты дыбыс қандай текшемен белгіленеді?

-Дауыссыз дыбыс қандай текшемен белгіленеді?

Жаңа тақырыпты ашу
Жұмбақты шеш:
Кесе, шыны, пиала,
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейміз,
Бәрінің атын не дейміз?

Ыдыстар-посуды-plates

-Ы дыбысы қандай дыбыс?

-Ы дыбысы қандай сөздерде кездеседі?

-Ы дыбысы жуанба, жіңішкеме?

1-тапсырма.Жеке жұмыс

“Жеті қадам” әдісі арқылы

“Сөз ойла, тез ойла” ойынын ойнаймыз

2-тапсырма. Оқулықпен жұмыс. ТЖ

Тыңдалым:

«Ыдыс» әңгімесін аудиотаспадан тыңдатамын.

-әңгіме не туралы айтылған?

-Ыдыс сөзіне дыбыстық талдау жасайық

-Сөз неше буыннан тұрады?

-Ыдыс сөзінде неше дауысты,неше дауыссыз дыбыс бар?

Дескриптор:

1.Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтады

2. Тыңдалған мәтіндегі сөздерден ы дыбысын табады

3.Топта талқылап, өз ойларымен аяқтап қорытындылайды.

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс.

От шашу

Сұрақ-жауап

Саусақ сигналдары

Үш шапалақ

3-тапсырма: Топтық жұмыс

«Орнын тап» ойыны.

1-топ .Қолдорбаға құрамында Ы әрпі бар суреттерді қарындашпен апарамыз (тақтаға жұмыстарды ілеміз)

2-топ. Суретке қарап әңгіме құрастырады

3-топ. Суреттерге қарап,қалып қойған әріптерді жазады

Дескриптор:

  1. Құрамында Ы әріпі бар сөздерді қолдорбаға салады

2. Ойларын топта талқылап, қорытындылайды

3.Түсіп қалған әріптерді табады

Сергіту сәті. «Көңілді күн»

4-тапсырма: Оқулықпен жұмыс. Оқылым.

Берілген сөздерді хормен, “Паравоз” әдісі арқылы тізбектеле оқу.

Ыдыс,ырыс, сыр,сары, ыдыстар, Ырысты, сырды, тары, сату,сатушы

Дескриптор:

1.Сөздерді тізбектеле оқиды

2.Сөздерден ы әріпінің қай жерде кездесетінін айтады

Дәптермен жұмыс:

Дәптерде берілген әріптерді ауада, планшетте, дәптерге жазады

Дескриптор:

1.Жазу жолын, жоларалық кеңістікті біледі.

2.Жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап жазады.

3.Әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

«Смайликтер»

Үш шапалақ

«Саусақ сигналдары»

Дәптерлер

Сабақтың соңы 6-тапсырма. «Қалам ортада» әдісі арқылы

балалар алған білім деңгейлерін көрсетеді. Сұрақтарға жауап береді

«Тазалық» ойыны арқылы сабаққа кері байланыс аламын

Қосымша мәліметтер
Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау парағы,

«Жұлдызшалар» арқылы жеке және жұптық жұмыста бағалаймын.

Пәнаралық байланыс –денсаулық және қауіпсіздік,

музыка, жаратылыстану, орыс тілі

АКТмен байланыс, проектр, аудиотаспа.

Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Ауызбіршілікке, достыққа, ұқыптылыққа,

дұрыс тамақтануға, денсаулықты күтуге,бір-бірінің

пікірін құрметтеуге тәрбиелеу.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз.

Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Тақырыбы: «Дарабоз» зияткерлік сайысы

Мақсаты: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ой — өрісініс – жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: слайдтар, қосымша материалдар

  • Құрметті ұстаздар, ата — аналар, оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен 4 – ші сынып оқушыларының арасында «Дарабоз» атты зияткерлік сайысын өткізгелі отырмыз.
    Бүгінг ісайысымызға сыныптағы 5 оқушы қатысқалы отыр. Сайысқа қош келдіңіздер!

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Сайыстан тыс қалмаңыздар!
Мұнда қызық табылар,
Білім нұры шашылар.
Ақыл, тілі дамыған,
Үлгі алайық балалардан!

Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күнжеңімпазы болады.

Сайысымызды бастамас бұрын сайысымызға төрелік ететін әділқазы алқаларымен таныс болайық.
1.
2.
Қазір біз балалар, осы уақытқа дейі налған білімдеріңізді көрсетеміз.

Оқушылармен таныс болсақ,бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныс болайық.
1 — кезең. «Жауаптың сұрағын тап»
2 — кезең «Мың бір-мақал»
3 — кезең «Ойлы болсаң, озып көр»
4 — кезең «Тіл-өнер»

5 — кезең «Ғылымға апарар жол»

Сайыскерлеріміз дайын болса ойынды бастауға рұқсат етіңіздер.

1 — кезең «Жауаптыңсұрағынтап»
Әр оқушы 4 ұяшықтан таңдап, берілген жауаптың сұрағын табады. Әр дұрыс жауапқа 20 ұпайдан беріледі.

2 — кезең «Мың бір-мақал»
Мақалдардың жалғасын кезекпен табады. Әр дұрыс жауапқа 20 ұпайдан беріледі.

3- кезең – «Ойлы болсаң, озып көр!»
Әр қатысушыға логикалық 2 тапсырмадан беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай.

  1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
  2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
  3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
  4. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).

  5. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
  6. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)

  7. Бөлменің төрт бұрышында бір — бір мысықтан отыр. әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)

  8. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)
  9. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяныңқаншабаласы бар? (6 бала)

10.Үстелүстіндеүш стакан шиетұр. Марат бір стакан шиеніжепқойды.Неше стакан қалды? (3 стакан)

4-кезеңіміз «Тіл өнер». Бұлкезеңдежұмбақтышешіпоныңорысша, ағылшыншааудармасынайтукерек. Толықжауапқа 30 ұпайдан. Дайынболсақбастайық.
1. Жылт — жылтетеді
Жылғаданөтеді (су — вода — water)
2. Тілі бар үніжоқ
Өзінадамтүсінген
Жүрегі бар да қаныжоқ
Сөйлептұрғанішінен (кітап — книга — book)
3. Өзісөйлейбілмейді
Салғанізісөйлейді (қалам — ручка — pen)
4. Бұлүйгекөзсізбопбасыңдысұғасың,
Бұлүйденкөрегенбопшығасың. (мектеп — школ -school)
5. Қарап тұрсаң өзіне
Сурет түсер көзіңе
Ол суретің ұқсайды
Дәл қазіргі өзіңе. (айна — зеркало -mirror)

5 — кезең «Ғылымға апарар жол»

Оқушыларғ атоптасудың жылуды жұтыпалуы бойыншат әжірибе жүргізуді ұсыныңыз. Ол үшін әрбір топқа екі әуешарынан таратыңыз. Біреуін үрлеп, екіншісіне су толтырыңыз. Оқушылар майшамның үстіне бірінші ауа толтырылған шарды ұстап, екінші реет суы бар шарды ұстасын. Су толтырылған шардың жарылмайтынын балалар атап өтеді. Ойлануға және өзпікірлерін негіздеуге уақыт беріңіз. Шардың ішіндегі су майшамның жылуын жұтыпқоятынын түсіндіріңіз. Сондықтан шар өртенбейді,демек жарылмайды

Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Жеңімпаз топты анықтау, дипломдар мен сыйлықтар табыс ету.

Сабақтың тақырыбы: «Тапқыр болсаң, талас жоқ!»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды көпшілік алдында еркін сөйлеуге үйрету арқылы ойлауын, сөйлеу тілдерін жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, достыққа, білгірлікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, интерактивтік тақта
1. Ұйымдастыру.
Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Ұлы Абай атамыз айтқандай «Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйінерге жарар ол»- деп келешек ұрпаққа берер тағылымы мол, іздер қалдырған. Олай болса бүгінгі сайысымызда өзімізді жаңаша қырынан көрсетіп, жақсы атсалысайық.
Ал келіңдер, келіңдер,
Біріңе — бірің еріңдер
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер,- дей отырып, «Тапқыр болсаң,талас жоқ!» атты зияткерлік сайысымызды бастаймыз. Сайысымызды бастамас бұрын шеңберге тұрып «Тамаша екен!» ойынын ойнайық.
Білмеймін деп қысылма,
Талабың болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр бойында – дей келе, топқа трубочкаларды алу арқылы бөлінеміз
Топтарымызды таныстырып өтейік.
І топ «Болашақ» ІІ топ «Бейбітшілік»
Топтар өздерін таныстырады, яғни топтың атын қорғау.
Ұраны: Біз жастармыз болашақ,

Алда бізге жол ашпақ.

Қадірлейміз бәріңді,

Үлкен-кіші кәріңді.
2 — топ. «Бейбітшілік»
Ұраны: Бейбітшілікті қолдаймыз,

Ақ көгершін қасында,

Еркіндікке тоймаймыз,

Ашық аспан астында.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі сайысымызда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар бір топты анықтаймыз. Сайыстың кезеңдерінен сүрінбей өткен топ жеңімпаз атанады. Ендеше сіздерге сәттілік! Енді сіздерді сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
І. Кім тапқыр
ІІ. Ұшқыр ой
ІІІ. Тіл өнер
ІҮ. Ойлан тап
Ү. Ғажайып сурет
Әр сұраққа 1 ұпайдан беріп жұлдызшалар арқылы бағалаймыз
Ал келіңдер, келіңдер!
Дұрыс жауап беріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Саудаласып көріңдер.
Сырлары көп білімнің
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне.

І кезең «Кім тапқыр?»
Мұнда оқушылар қазақ тілі пәні бойынша сұрақтарға тез әрі шапшаң жауап береді. «Болашақ тобына»

  • Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)
  • Жалқы есімдер қалай жазылады?Неге? (бас әріппен)
  • Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)
  • Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата.(биік)
  • Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс? (У дыбысы)
  • «Бейбітшілік»тобына
  • Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)
  • Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)
  • Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)
  • Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау)
  • «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?)
  • ІІ кезең « Ұшқыр ой» бұл кезеңде берілген тақырыпқа екі топ 1минут ішінде қысқаша мәтін құрасытыру.
  • ІІІ кезең «Тіл өнер» сайысы берілген мақалдарды, жұмбақтарды толықтырып,жаубын таба отырып жауаптарды үш тілде айту керек.
  • «Болашақ» тобына

1.Жұрт . . . . . . . . ағайынды.

( жеті- семь- seven)

  1. Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді.

( қалам- ручка-pen)

  1. Екі қолға . . . . . күрек.

( бір- один-one)

  1. Отыз тістен шыққан сөз- неше рулы елге жайылады?

( отыз- тридцат-soty)

«Бейбітшілік» тобына

  1. . . . . . . . . теңгең болғанша,

. . . . . . . досың болсын

( жүз-сто- one handred)

  1. Айдағаны . . . . . . ешкі ысқырығы жер жарар

(бес-пять- five)

  1. Алты қырлы, алты сырлы.

( Қарындаш- карандаш- pensl)

  1. Ел құлағы нешеу?

( елу- пятьдесят- fivty)

Сергіту жаттығуы

І Ⅴ кезең « Ойлан тап» деп аталады, бұл кезеңде логикалық сұрақтарға жауап бересіздер.

1Көшеде екі әкесі, екі баласы және атасы немересімен қыдырып жүр. Сонда олар неше адам? 3 адам

2 Бір бала бар. Оның аты Айдын. Айдынның бір әпкесі бар. Әпкесінің бір інісі бар. Айдынның әпкесінің інісінің аты кім болуы мүмкін? Айдын

3 Қоян, түлкі, аю үшеуіне үш түстегі жалауша жасалып берілді. Олар –қызыл, сары және көк түсті. Қоянның жалаушасы қызыл емес, түлкінікі қызыл да, көк те емес. Сонда кімде қандай түсті жалауша бар? Түлкіде-сары, Қоянда-көк, аюда-қызыл.

4 Төрт қойдың неше аяғы бар? 16

5 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? 3минут

6 Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? 4мысық

7 Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? 300 кг

8 Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? 5 ер бала 1 қарындастары

Ⅴ кезең «Ғажайып сурет» деп аталады , мұнда оқушылар беті жабық тұрған суреттің бір бөлігін ашып, қалғанын табу керек.
Алдыңызда әлі талай асу бар,
Асулардан қиналмай – ақ асыңдар.
Тек сәттілік тілеймін бәріңізге,
Болашаққа батыл қадам басыңдар! – дей отырып, «Тапқыр болсаң, талас жоқ!» атты сайысымызды аяқтаймыз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.