Ұшақ

Ізбағанбет Айгерім Айбарқызы

Ақтау қаласы МКҚК №39 «Хиуаз» балабақшасы

Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: «Ұшақ»

Мақсаты: Ұшақтың суретін сала білуге және бөліктерін дұрыс орналастырып бейнелеуге үйрету. Көліктер туралы түсініктерін бекіту, ұсынылған тапсырмаларды дұрыс орындауға, сөйлем құрастырып, өзіне қойылған сұраққа жауап беруге үйрету.

Көрнекілігі: Ұшақ суреті, слайд, үлгі жұмыс, түрлі – түсті карандаштар, түрлі – түсті қағаздар, ермексаз, ақ парақ. интерактивті тақта, үн таспа.

Әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, ой қозғау, көңіл – күйді көтеру, сурет бойынша әңгіме, саяхат ойша, ойын.

Қостілділік: ұшақ – самолет, ұшу – лететь, ұшқыш – лётчик.

Мотивациялық – қозғаушылық

Тәрбиеші: балалар, бүгінгі күнімізге сәттілік тілеп, бір – бірімізге жақсы көңіл – күй сыйлайықшы. (бір – біріне жылы лебіздерін білдіреді.)

Тәрбиеші: Ал, енді оқу қызметін бастамас бұрын шаттық шеңберін құрайық.

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты!
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, апайлар!

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Осы кезде үнтаспадан ұшақтың дыбысы естіліп, топқа Дымбілмес келіп кіреді.

Дымбілмес: – Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерге алыстан қонаққа келе жатырмын.
Балалар: Сәлеметсіз бе!

Тәрбиеші: – Қош келдің, Дымбілмес.
– Сен қандай көлікпен келдің, алыстан?
Дымбілмес: – білмеймін бір темір құспен ұшып келдім, ішінде менен басқада адамдар мініп алыпты.
Тәрбиеші: – Дымбілмес, ол темір құс емес.
– Балалар, айтыңдаршы сендер жаңа дауысын естідіңдер ғой, не екенін білесіңдер ме?
Балалар: Ия, естідік. Бұл ұшақтың дауысы.
Дымбілмес:
– Ол не ұшақ деген? Балалар маған айтып беріңдерші.
Балалар: – ол адамдар отыратын көлік, әуеде ұшып адамдарды баратын жеріне жеткізеді. Ұшақты ұшқыш жүргізеді.
Дымбілмес: – Рахмет, балалар! Алдағы уақытта ол туралы біліп жүретін боламын.
Тәрбиеші: – Дімбілмес, онда сен бүгін бізбен бірге бол. Балалар, бүгін біз сол ұшақты толықтай білу үшін, тақтаға назар аударайық.
Интерактивті тақтаға назар аударып, ұшақ түрлері және Ұшқыштар туралы әңгімелеу.

Тәрбиеші: Балалар, ұшқыштар ұшақпен ұшады. Аспанды қорғайды. Ұшқыштар өте ақылды және мықты. Олар ұшақты басқару үшін білімді болуы керек, сол үшін олар көп оқу керек. Ұшқыш болу қызықты да күрделі жұмыс.

Жұмбақ:
Құстан аумайды,
Көкте зулайды. (ұшақ)

Тәрбиеші: Балалар, шаршап қалмас үшін қане бір сергіп алайық.

Сергіту сәті:

Қане, қанат жазайық,
Ұшақ боп ұшайық.
Ұшып – ұшып алайық.
Орнымызға қонайық.
Әдемі етіп сурет салайық.

(балалармен бірге Дымбілместе өлең жолдары арқылы жаттығулар жасайды).

Тәрбиеші: – балалар, енді менің қолымдағы пішіндерді таңдау арқылы өз орындарына отырып, тапсырманы орындайық.

Балалар пішіндерді таңдап, үш топқа бөлініп, үш түрлі әрекет арқылы ұшақты бейнелейді.

Балалар: өз топтарына барып үлгіге қарап ұшақтың суретін салады.
Тәрбиеші: – Дымбілмес сенде балалармен қосылып сурет сал. (Дымбілместе балалармен бірге отырады).
Тәрбиеші: – Ал, балалар «Не қайда жүреді?» ойын ойнайық.

«Не қайда жүреді?» дидактикалық ойыны.

Мақсаты: Көлемді бейнелі сурет арқылы көліктердің жүру жолдарын тауып, көліктерді орналастыру.

Суретті парақша арқылы жолға белгісіне жолда жүретін көліктерді белгілесе, суға белгісіне судағы көліктерді белгілесе, әуеге белгісіне әуе көліктерін белгілейді.

Тәрбиеші: Дымбілмес, біздің балалардың сенімен «Ұшты – ұшты» ойынын ойнағысы келіп тұр, солай ма, балалар?

Балалар: Иә, біз сенімен ойнағымыз келеді.

Дымбілмес: Ал жарайды, сендермен ойнайтын.
Дымбілмеспен бірге «Ұшты – ұшты» ойынын ойнайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Дымбілмес: Балалар, сендер ұшақтың суретін салып болдыңдар ма?

Балалар: Иә, жұмысымызды аяқтадық.

Дымбілмес: Ой, керемет. Қане, маған көрсетіңдерші. Балалар, суреттерін өте әдемі шығыпты. Жарайсыңдар! Балалар, сендер саған көп көмектесіңдер, ризамын. Ал, енді мен кетейін, сау болыңдар!

Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі оқу қызметінде біз ненің суретін салдық.

Балалар: Бүгінгі оқу қызметінде аспандағы ұшақтың суретін салдық.

Тәрбиеші: Ұшақты кім басқарды екен?

Балалар: Ұшақты ұшқыш басқарады.

Тәрбиеші: Бүгін бізге кім қонаққа келді?

Балалар: Дымбілмес қонаққа келді.

Тәрбиеші: Ол ұшақ туралы біле ме, ұшақтың не екенін қалай біледі?

Балалар: Біз оған ұшақ туралы түсіндіріп, суретін салып көрсеттік.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі оқу қызметінде өте белсенді болдыңдар!

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Ұшақ әуе көлігі екенін білуі керек.
Нені игереді: Өз жұмыстарын тиянақты орындай алады.
Нені біледі: Ұшақты ұшқыш басқаратынын, олар аспанды қорғайтынын біледі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше