Zhamal Bazabayeva
zhbazabayeva@mail.ru
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылғаноқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат».
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды қоршаған ортаға бейімдеу, ертегілер туралы түсініктерін қалыптастырып, ертегілерге қызығушылықтарын арттыру, нұсқау бойынша тапсырмалар орындауға үйрету.
Дамытушылық: Танымдылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Қарым-қатынасқа түсу мен топпен жұмыс жасауға үйрету.
Көрнекі құралдар: видеожазба, смайликтер, қыс мезгілінің суреті, сандықша, ертегілердің суреттері.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:
Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме балалар! Қараңдаршы, біз «Ертегілер еліне» келдік, бізден бұрын мұнда апайлар да келіп қалған екен, қош келдіңіздер, біздің ғажайып елге! Қане, балалар, апайлармен амандасайық.
Балалар: Сәлеметсіздер ме?
Тәрбиеші: Қазір жылдық қай мезгілі?
Балалар: Көктем мезгілі
Тәрбиеші: Көкем мезгілінде қанша ай бар?
Балалар: 3; наурыз, сәуір, мамыр
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар! Ал, көктем мезгілінде ауа-райы қандай болады?
Балалар: Жылы.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Қане, олай болса, бір-бірімізбен жүрек жылуын бөлісейік.
Жүрек жылуы
Күніміз жарық болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Деніміз сау болсын!
Нанымыз көп болсын!
Көк туымыз биік болсын!
Ата-анамыз аман болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Тәрбиеші: Ал, балалар, орнымызға жайғасайық!
(Дыбыс естіліп, Ханшайым кіріп келеді)
Ханшайым: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен «Ертегілер елінің» ханшайымы боламын! «Ертегілер еліне» қош келдіңдер! Мен сендерге жай келмедім, Ертекші атайдың сиқырлы сандығын алып келдім.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, әдемі сандықша екен! Мұнда Ертекші атайдың сендерге арналған тапсырмалары бар екен. Балалар тапсырмаларды орындауға дайынсыңдар ма?
Балалар: Иә, дайынбыз!
- Тапсырма: Сұрақ – жауап әңгіме (ертегілерден үзінді суреттер)
-Мына суретте қай ертегі бейнеленген?
-Бұл ертегіде қандай кейіпкерлер бар?
-Бұл кейіпкелер басқа қандай ертегілерде кездеседі?
- Тапсырма: Туған өлке туралы әңгімелеу.
Тәрбиеші: Балалар, Ертекші атай біздің туған өлкеміз Қазақстан туралы білгісі келеді екен.
-Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті?
-Қазіргі президенті?
-Қандай рәміздеріміз бар ?
-Қазақстан көпұлтты мемлекет пе?
-Біз Қазақстанда тұратынымызды мақтан тұтамызба?
- Сергіту сәті : (видеожазба)
3-тапсырма: Рет – ретімен орналастыр!
Тәрбиеші: Бұл жерде ертегі бейнеленген, бірақ ертегіміздің дұрыс бейнесін шығару үшін біз суретті рет-ретімен қоюымыз керек екен!
-Балалар қандай ертегіні құрастырдық?
-Бұл ертегі кейіпкерлері қандай?
Ханшайым: Жарайсыңдар, балалар! Сендер өте ақылды, алғыр балалар екенсіңдер!
Тәрбиеші: Ал, балалар, тапсырманың бәрін жақсы орындадыңдар. Жарайсыңдар!
Қорытынды:
Тәрбиеші: Сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнаған болса қолымыздағы смайликтерді көтереміз, ал ұнамаған болса аяқтарымызды топылдатамыз!
Қане, енді қараңғы түспей тобымызға қайтайық. Қош бол, Ханшайым!
Сау болыңыздар!