Жаңа сабақтар

Отарбаева Қундыз Куанышбайқызы

39 «Хиуаз» балабақша тәрбиешсі Отарбаева Қундыз Куанышбайқызы

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу-қызметі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан»

Мақсаты: Қазақстан Республикасы туралы түсініктерін кеңейту. Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, еліне туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Балалардың сөздік қорларын дамытып, танымдық қызығушылықтарын арттыру.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ — жауап, түсіндіру, көрсету, ойын

1.Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері:Арайлап таң атты Алтын шуақ таратты Қайырлы таң балалар Қайырлы таң қонақтар (Есік қағылады)

Тәрбиеші: Балалар қараңларшы, бізге Ханшайым хат тастап кетіпті. Ханшайым «Түймедақ» тобының білім деңгейін тексеру үшін бірнеше тапсырмалар беріп кетіпті. Балалар хаттың ішіндегі тапсырмаларды бірге орындаймызба?

Балалар: Ия

Тәрбиеші: Ендеше балалар мен мына хатты ашайын бірінші тапсырмада қандай тапсырма берілгенін оқиын.

1-тапсырма: Тәрбиеші: Балалар бірінші тапсырма жыл мезгілдеріне байланысты екен. Балалар біз жыл мезгілдерін білеміз бе?

Балалар: Ия

Тәрбиеші: Балалар неше жыл мезгілі бар?

Балалар: Төрт жыл мезгілі бар.

Тәрбиеші: Қандай? Балалар: Қыс, Көктем, Жаз, Күз.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар! Ендеше балалар мен сендерге төрт жыл мезгілдері туралы жұмбақ жасырамын, ал сендер мұқият тыңдап шешуін табыңдар!

Жұмбақ
Суда мұз бар,
Жерде қар бар.
Боран борап соғады,
Бұл қай мезгіл болады?

Тәрбиеші: Балалар айтыңдаршы. Бұл қай кезде болады?

Балалар: Қыс мезгілінде

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, бұл қыс мезгілі екен!

Тәрбиеші: Балалар мен сендерге тағы бір жұмбақ жасырамын шешуін табасыңдар ма? Балалар: Ия Жұмбақ
Қар мұз еріп, су көбейіп,
Сай салаға толады.
Бүршік жарып, жарық ашып,
Гүл бәйшешек басады.
Тәрбиеші: Балалар айтыңдаршы. Бұл қай кезде болады? Балалар: Көктем мезгілінде. Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар.Тәрбиеші: Балалар мен сендерге тағы бір жұмбақ жасырамын шешуін табасыңдар ма?
Жұмбақ
Өрік алма,
Жидек жүзім піседі.
Қауын қарбыз,
Қияр, сәбіз дүкендерге түседі.
Астық пісіп, орақ түсіп,
Қырман дәнге толады.
Тәрбиеші: Балалар айтыңдаршы. Бұл қай кезде болады? Балалар: Жаз мезгілінде. Тәрбиеші: Балалар мен сендерге қоятын соңғы жұмбағым бар сендер шешіп көріңдер. Жұмбақ
Бұлттар төніп, жерге төгіліп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала нұры қашады.
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Тәрбиеші: Балалар айтыңдаршы. Бұл қай кезде болады? Балалар: «Күз» мезгілінде. Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, жарайсыңдар балалар! 2. Негізгі бөлім: 2-Тапсырма. Тәрбиеші: Балалар Ханшайымның екінші тапсырмасында біздің Отанымыз туралы екен, балалар біз Отанымыз туралы білеміз бе? Балалар: Ия Тәрбиеші: Балалар, біздің еліміз, Отанымыз қалай аталады? Балалар: Қазақстан Республикасы Тәрбиеші: Балалар біз қандай мемелекетте тұрамыз? Балалар: Тәуелсіз Тәрбиеші: Елбасымыз кім? Балалар: Қасым-Жомарт Тоқаев Тәрбиеші: Біздің рәміздерімізге нелер жаттады? Балалар: Ту, елтаңба, әнұран Тәрбиеші: 16 желтоқсан қандай мереке? Балалар: Тәуелсіздік мерекесі. Тәрбиеші: Балалар біздің республикамызда қандай қалалар бар, қанекей балалар бірге атайықша? Балалар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау т.б. Тәрбиеші: Балалар Қазақстан Республикасының астанасы қалай аталады? Балалар: Нұр-Сұлтан қаласы Тәрбиеші: Балалар Нұр-Сұлтан қаласы несімен ерекшеленеді? Балалар: Бәйтерек, Ханшатыр, ЭКСПО көрмесі, Есіл өзені. Тәрбиеші: Ал, балалар айтыңдаршы біздің қаламыздың қалай аталады? Балалар: Ақтау қаласы Тәрбиеші: Біздің қаламыз несімен ерекшеленеді? Балалар: Теңіз Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалалар! Балалар шаршап қалдыңдарма? Балалар: Ия Тәрбиеші: Ендеше балалар орнымыздан тұрып бір сергіп алайық. Сергіту сәт: Көтеріліп шаңырақ, Уықтары шаншылар, Керегелері керіліп, Өрімдей боп өрілер. Бәріміз жүрсек айналып Киіз үй болып керілер. 3-тапсырма: Тәрбиеші: Балалар Ханшайымның соңы үшінші тапсырмасы жабайы аңдар туралы екен. Тәрбиеші: Балалар естеріңдеме біз жабайы жануарлармен таныстық, жабайы жануарларды есімізге түсірейікші. Қандай жабайы жануарларды білеміз атайықшы. Балалар: Аю, түлкі қасқыр, қоян Тәрбиеші: Бұл жануарлар қайда мекен етеді? Балалар: Орманда Тәрбиеші: Ендеше балалар ойын ойнағыларың келеді ме? Балалар: Ия Дидактикалық ойын: «Не артық? Ойынның мақсаты: Жәй заттардан жабайы жануарлларды ажырата білуге үйрету. Ойынның шарты: Берілген суреттердің ішінен қай заттың артық екенін табу. Тәрбиеші: Балалар біз жабайы жануарлар туралы қандай ертегілерді білеміз? Балалар: Бауырсақ, қызыл телпек, үйшік, алма, қу түлкі. Тәрбиеші: Ендеше балалар Қызыл телпек ертегісінен қысқа үзінді сахналап берейік. Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Балалар сендер Ханшаймның берілген тапсырмаларын өте дұрыс орындадыңдар. Қорытынды: Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу-қызметіне барлықтарың өте жақсы қатыстыңдар. Тәрбиеші: Балалар бүгінгі ұймдастырылған оқу-қызметімізде сендер не көрдіңдер? нені білдіңдер? Тәрбиеші: Ендеше балалар осымен ұйымдастырылған оқу-қызметіміз аяқталды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.