Хажиханова Эльмира Диханбайқызы

Тәрбиеші: Хажиханова Эльмира Диханбайқызы

Ақтау қаласы МКҚК №39 «Хиуаз» балабақшасы

Білім беру саласы: Әлеумет

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Ертегіде қонақта»

Мақсаты:

Білімділік:Шығарманы тыңдай білуге оны талдап, дәлелдей білуге жаттықтыру. Ертегі мазмұнын әңгімелей отырып, әдептілік дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Сөздік қорын,өз ойын анық жеткізе білуге дағдыландыру.Тапсырмаларды жылдам орындай білу қабілетін дамыту.Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілік: Балаларды адамгершілікке,тазалыққа және ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, баяндау, талдау.көрсету.

Көрнекілік: Ертегі желісінің суреті.геометриялық пішіндер,үлестірмелі құралдар

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Шаттық шеңбер:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды даламыз,

Жайнай түсті қаламыз.

Балалар қане келген қонақтармен аманасайық.

-Балалар:Сәламатсызба

-Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Қане қыс мезгіліндегі айларды атайықшы?

-Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар.

Тәрбиеші:балалар өткен сабағымызда қандай ертегілермен таныс болдық?

Балалалардың жауабы.

-Ол ертегілерде қандай кейіпкерлер бар маған айтып беріңдерші?

-Балалар:Қоян,қасқыр,түлкі т.б

Тосын сәт.Балалар қараңдаршы есікті біреу қағып тұрған сияқты,бұл кім болды екен?

(Тук-тук-тук)

-Балалар бізге Бауырсақ қонаққа келіпті

–Бауырсақ:Сәлеметсіздерме балалар,мен сендерге атай мен әжейден хат алып келдім.Бұл хаттың ішінде не бар екенін өздерің оқып көріңдер? Балалар:Иә

Тәрбиеші:балалар бұл хатта не деп жазылғанын оқып берейін мұқият тыңдаңдар.

Сәлеметсіздерме балалар мен сендерге өте қызықты тапсырмалар дайындадым.Сендер тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар.Мен сендерге үлкен алғысымды білдіремін.

-Балалар атай мен әжейдің тапсырмасын орындауға көмектесемізбе?

Балалар:иә

Тәрбиеші:ендеше балалар тапсырмаларды орындауға кірісейік.

1.Тапсырма:«Күн шуағы»

Шарты:қатты қағаздан қиып жасалынған күннің шуағынан күнді топтастыру.Шуақтарының артында балаларға арналған сұрақтар болады,балалар тақтаға жапсыру арқылы күнді құрастырады.

–Бауырсақ:Жарайсыңдар балалар сендер өте алғыр,тапқыр балалар екенсіңдер,бірақ алда тағыда тапсырмалар бар екен?

-Балалар келесі тапсырманы орындауға дайынсындарма?

-Балалар:иә

2.Тапсырма:«Кім жылдам»

Шарты:балалардың алдарына берілген геометриялық пішіндерден үй құрастыру.

-Балалар сендер шаршап қалған боларсыңдар,бойымызды жазып бір сергіп алайықшы.Қанекей барлығымыз орнымыздан тұрамыз сергіту сәтін орындайық.

Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

3.Тапсырма:«Не артық»

Шарты:Берілген суреттердің ішінен кай заттың артық екенін табу.

Жануарларды ажырата білу.

Қорытынды:

-Балалалар біз бүгін қандай оқу қызметімен таныс болдық?

-Бізге қонаққа кім келді?

-Қандай тапсырмалар орындадық?

-Жарайсыңдар балалар.

Оқу қызметіне жақсы қатысқан балаларды мақтап,мадақтау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше