Слямова Эльвира Асхатқызы

Успех GOLD-8» ЖШС «Асыл бесік балабақша-бөбекжайының»

тәрбиешісі Слямова Эльвира Асхатқызы

Тақырыбы: «Епті, мықты, батылдар» спорттық сайысы

Сайыстың мақсаты: балаларды ұжымшылдыққа баулып, қимыл-әрекетке жаттықтыру;

Міндеті: Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру;

Түрі: эстафеталық ойын.

Өтілетін орны: Спорт алаңы.

Көрнекілігі: түрлі-түсті шарлар, кедергілер,кегли,сырғытпа ойыншық

Жүру барысы: Құрметті тәрбиешілер және балалар, бүгін сіздер бірінші кіші топтар «Ботақан», «Еркетай», «Бүлдіршін» және «Балапан»арасында өтетін «Епті, мықты, батылдар» атты спорттық сайысын тамашалауға жиналып отырсыздар!

Әділ-қазылар: Г.К Танбаева,Ж

Сонымен сайысты бастауға рұқсат етіңіздер!

I.Кезең. «Кім күшті, кім жылдам»

Шарты: жылдамдыққа жүгіру арқылы,кеглиді айналып өтіп,кері қарай жүгіру, бірінші болып аяқтаған топ жеңімпаз атанады.Бағалау.

II.Кезең. «Көңілді секіртпе»

Шарты: қос аяқпен берілген шеңбер ішіне секіріп,белгіленген кеглиді айналып, кері қарай жүгіру.

III.Кезең. «Жүйрік ат»

Шарты: сырғытпа ойншыққа отырып белгіліенген жерге дейін барып,қайтадан қайтып келу.Бағалау.

Көрсетті міне өз өнерін балалар,

Сайыстың да соңы келіп таянар.

Жеңімпазды анықтайық қанекей,

Әділ-қазы сайысты әділ бағалар,- деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөзді әділ-қазыларына берейік.

Тақырыбы: «Достығымыз жарасқан »

Мақсаты:Балалардың бірлік ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп,көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын адамзат болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қима көгершіндер, шарлар, гүлдер, ұлттық кастюмдер. Қазақстан картасы

Тәрбиеші:

Бірлігі пен ынтымағы халықтың
Көгімізде жарқырасын жарық күн!
Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн!- дей отыра Қазақстан халқының «1- мамыр бірлік күніне» арналған «Достығымыз жарасқан» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Әнұран:

Қызыл телпек:Қонаққа «Қызыл телпек» келеді.

  • Сәлеметсіңдерме, балалар!, – мен әжеме бәліш апара жатып, адасып кеттім.
  • Мен қайда келдім?

Тәрбиеші: Сәлеметсізбе «Қызыл телпек» ! Асыл бесік балабақшасына келдің

Қызыл телпек: мұнда әдемі шарлар мен гүлдер бар екен .

Тәрбиеші: Қызыл телпек біз« 1 -мамыр бірлік күні» мерекесін тойлап жатырмыз, сенде қонақ бол, балалардың өнерлерін тамашалап көр, біз балалармен ұшаққа отырып біздің Қазақстан еліне жақын көрші Ресей, Қытай, Өзбек елдеріне саяхатқа қонаққа барып өз еліміздің өнерімен бөліскіміз келеді.

Слайд: Ресей,Өзбек, Қытай елдерін көрсету.

Ресей елі: Би: « Достық биі»

Қытай елі: Ән: «Біз көңілді баламыз»

Өзбек елі: Тақпақ:

Аяла,Ертуған,Раяна,Айша.

Тәрбиеші: Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды.Тұңғыш елбасымыз Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің әлемдегі жаңа қазақстан болуы керектігін міндет еткен.

Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз? Қазақстанда

Балалар мына тақтада Қазақстанның картасы тұр,осы біздің Қазақстанда бірнеше ұлт – өкілдері тұрады. Әр ұлттың өзінің салт – дәстүрі мен мемлекеттік рәміздері бар екен. Біз қазір тақтадағы картаға әр ұлттың өзінің туын орналастырайық.

( 3 – 4 бала кезекпен шығып туларды орналастырады.)

Қызыл телпек: Балалар, сендерге көп рахмет әнді керемет айттыңдар, биді де өте жақсы биледіңдер. Менде құр келмей сендерге сабын көпіршіктерін сыйлыққа алып келдім .Сендермен сабын көпіршіктерін үрлеп ойын ойнағым келеді.

Ойын: « Көпіршіктер»

Мақсаты: Шапшаңдыққа, татулыққа тәрбиелеу. Ұжымдық сезімдерін ояту.

Қызыл телпек: Жарайсыңдар балалар сендер сабын көпіршіктерін жақсы үрлейді екенсіңдер, мен енді қайтайын кеш қараймай әжемнің үйіне жетіп алайын. Әжемді бүгінгі “Достық”мерекесімен құттықтайын !

Тәрбиеші: Балалар біз «Қызыл телпектің» әжесіне бүгінгі мерекеге орай, гүл жинап сыйлыққа беріп жіберейік.

Ойын: « Гүл жинау»

Мақсаты: Достыққа , бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Қане әдемі гүлімізді Қызыл телпекке табыстап, рахмет айтып шығарып салайық!

Құрметті қонақтар осымен «Еркетай» тобының 1 – Мамыр бірлік күніне арналған ашық тәрбие сағаты аяқталды.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: Жаяу жүргіншілер»

Білімділік мақсаты: Жаяу жүргіншілер ережесімен таныстыру; жол белгілері туралы түсінік беру;

Дамытушылық мақсаты: Ойлау.есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Көшедегі қауіпсіздік ережелерін үнемі сақтап жүруге , ұқыпты,мәдениетті болып өсуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Көрнекіліктер:Бағдаршам суреті,жол белгілерінің суреттері және слайд

Тілдің үштұғырлығы: Жол-дорога- road ( ройд)

Бағдаршам-светофор-trabtic (трафик) Көлік-машина- the car(теккар)

Кіріспе бөлім: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен жол жол реттеуші Эльвира Асхатқызымын бүгін сендерге жаяу жүргіншілердің жолда жүру ережесімен таныстыруға келдім.Ендеше балалар біз қонақтармен 3-тілде амандасып алайық! Балалар қане бәріміз шеңбер болып шаттық шеңберіне тұрайық .

Шаттық шеңбер:

Балабақшам, армысың,
Сені қатты сүйемін!
Достарым, менің бармысың,
Сендерді жақсы көремін

Балалар бүгін біз жаяу жүргіншілердің жол ережесі туралы үйреніп білеміз.

Негізгі Бөлім: Есік қағылып самакатпен почташы апай хат алып келеді де,қызыл жанып тұрғанда жолдан өтіп кетеді.

Жол реттеуші: Почташы сен жол ережесін білмейсіңбе?

Почташы: жоқ білмеймін мен жол ережесі дегенді түсінбеймін дейді.

Жол реттеуші: Хатты ашады хатта балаларға арналған тапсырмалар болады.

Балалар мына хатта сендерге арналған тапсырмалар бар екен қане сендер сол тапсырманы орындап көріңдер,ал почташы апай сендерден жол ережесін үйренсін.

1.тапсырма : Жаяу жүргіншілер белгісі қандай болады?

2. тапсырма:Жұмбақ

ауызда,құлағыда,мұрыныда жоқ

Бақырайған 3 көзі бар бірақ- та ол не? балалар.

(Бағдаршам.)

3.тапсырма: Бағдаршамның қызметін айтып беріңдер.

4.тапсырма: Жол ережесіне байланысты белгілерді атап айту және қажеттілігі туралы айту.

1.Балалар тақтаға қарайықшы! Бұл жолақ сызық белгі нені білдіреді? Жаяу жүргіншілер жолы. (пешеход)

Бізге жолдан өтуге көмектеседі.Дұрыс айтасыңдар балалар! Оны «Жаяу жүргіншілер өтпесі» деп атаймыз.

2-3.Бағдаршам бізге көшеде жол тәртібін бұзбай қауіп-қатерден аман болу үшін керек. 3-түрлі көзі бар Қызыл ,сары,жасыл

Қызыл түсі жанғанда тоқтаймыз,сары түсі жанғанда дайындаламыз,жасыл түсі жанғанда жүреміз. Дұрыс айтасыңдар балалар .

Жолда автобустың суреті тұрса, ол автобус аялдамасы деген белгіні білдіреді.

Жаяу жүргінші белгісі тұрса ол адамдардың жүруге болады деген белгі екен.

Велосипед суреті тұрса ол –Велосипед жүргізушісі жүруге болады деген белгі екен

Жарайсыңдар балалар жол ережесі туралы біледі екенсіңдер.

Тілдің үштұғырлығы: Жол-дорога- road ( ройд)

Бағдаршам-светофор-trabtic (трафик) Көлік-машина- the car(теккар)

Ойын: «Болады,болмайды» ойыны.

Шарты: Мен сұрақ қоямын,сендер хормен болады,болмайды деп жауап бересіңдер..

1.Бағдаршамның қызыл түсі жанса жолдан өте алсыңба?

2.Көлік өтетін жолмен жалғыз өтуге болама?

3.Бағдаршамның жасыл көзі жанғанда адамдар жүруге болама?

4.Жол үстінде доп ойнауға болама?

5.Балалар жолда велосипед тебуге болама?

Балалар почташыға тақпақтарымызды айтып берейікші.

Райымбек:

Төрт аяғым дөңгелек ,

Адамсыз мен жүрмеймін.

Барлық жерге жеткізіп ,

Қаласаңыз апарам

Айша:

Бағдаршам біледі

Бәрін де көреді

Адам да көлікте

Сол шаммен жүреді

Сергіту сәті:

Бип-бип,бип дейді,

Жолдан былай кет дейді.

Күшікті басуға болмайды,

Болмайды машина.

Балалар қәне біріміз үстелге отырайық мына таратылған пішіндердді ақ бетке құрап жапсырып бағдаршам жасайық.

Жапсыру:Бағдаршам Жасау.

Почташы:Жарайсыңдар балалар сендер жол ережесі туралы көп біледі екенсіңдер,тақпақтыда жақсы айтады екенсіңдер, мен енді жол ережесін бұзбаймын жол ережесін сақтаймын.Сау болыңдар балалар мен басқа жақда жақтарға да хаттарды таратып беруім керек.

Жол реттеуші: Жарайсыңдар балалар сендер жол ережесін жақсы біледі екенсіңдер.

Қортынды бөлім:Балалар біз бүгінгі оқу қызметімізде не туралы үйрендік?

сендерге бүгінгі оқу қызметіміз ұнадыма? Егер ұнаса мына қораптан,күннің суретін алып тақтаға жапсырасыңдар,ұнамаса бұлттың суретін жапсырасыңдар.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Бағдаршамның атқаратын қызметін біледі

Игереді: : Жаяу жүргіншілер ережесі мен, жол белгілері туралы түсінікті игереді.

Меңгереді: Көшедегі қауіпсіздік ережелерін үнемі сақтап ,жолда абайлап жүруді меңгереді.

Қош келдің, Жаңа жыл!

Мақсаты: Балаларға Жаңа жылдық мерекелік көңіл-күй сыйлау. Кейіпкерлердің іс-әрекетіне қызығушылықтарын арттыру. Жаңа жылда ән, тақпақ айтқызып, би билету арқылы көңілдерін көтеру.

Кейіпкерлер: Аяз ата, Ақшақар, Тышқан, Доңыз

Залдң іші мерекеге сай безендірілген.Балалар залға кіреді

Жүргізуші: Келіңіздер, келіңіздер,

Би де билеп беріңіздер.

Қызығы мол Жаңа жылдың,

Тамашасын көріңіздер!

Армысыздар құрметті қонақтар, тәрбиешілер, сүйкімді бүлдіршіндер! Міне, көптен күткен Жаңа жыл мерекесі де келді. Жаңа жыл жаңа бақыт, жаңа қуаныш әкелсін. Бүгінгі біздің « Еркетай» тобының ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Балаларымыздың сіздерге арнаған «Шырша» әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Шырша»

Балалар отырады

Жүргізуші: О, балалар қараңдаршы мына жерде не тұр? Қандай әдемі?! Ашып көрейікші. Ашылмайды екен. Аузында үлкен құлып бар екен. Кілтсіз қалай ашамыз? Кілтін қайдан тапсақ екен? (жүргізуші құлыпты ұстап тұрғанда доңыз атып шығады)

Доңыз: (атып шығып) Тиіспеңдер, бұл менің сандығым!

Жүргізуші: Ой, балалар, бұл кім екен келген?

Балалар: (жауабы)

Доңыз: Мен ескі жылмын, доңызбын. Сендер мені танымадыңдар ма? Мен басқа жылдың келгенін қаламаймын. Сол себепті, Жаңа жылды Тышқанды сандыққа салып, жауып тастадым.

Жүргізуші: Біз Жаңа жылсыз мерекені қалай тойлаймыз? Бізге кілтті берші?

Доңыз: Егер сендер менің көңілімді көтерсеңдер, мен сендерге сандықтың кілтін беремін.

Жүргізуші: Ендеше, доңыздың көңілін көтеру үшін тақпағымызды айтып берейік.

Тақпақтар: (балалар тақпақтарын айтады)

Доңыз: Балалар, тақпақты өте жақсы айттыңдар. Рахмет, енді балалар менімен ойын ойнағанға қалай қарайсыңдар?

Ойын: (ойластыру керек)

Жүргізуші: Ал, балалар, келе жатқан қандай жыл?

Балалар: Тышқан жылы

Жүргізуші: Доңыз, балалар сіздің көңіліңізді көтеріп тақпақтарын айтып, ойын ойнап, өнерлерін көрсетті. Ендеше, Жаңа жылды яғни, Тышқанды босататын шығарсыз? Бізге кілтті бересің бе?

Доңыз: Жарайсыңдар, балалар. Мені қуанттыңдар. Жаңа жылды босатамын. Міне, кілтті алыңдар. (жүргізушіге кілтті береді, жүргізуші кілтті алып, сандықты ашады, сандықты ашса ішінде тышқан жоқ, сандық тесілген, қашып кетіпті)

Жүргізуші: Ой, балалар қараңдаршы. Тышқан сандықты тесіп, қашып кетіпті. Енді, қайттік? Тышқансыз Жаңа жылды қалай қарсы аламыз?

Доңыз: Мен таптым, Аяз атаны шақырайық. Ол бізге көмектесіп қалар.

Балалар: Аяз ата ауу (3 рет)

Аяз ата: (Шанасымен келеді. Шанасын бір бұрышқа ұмытып, кетеді.

Амандасады, ) Армысыңдар, ұлдарым!

Амансыңдар ма, қыздарым!

Қандай солғын жүздерің?

Неге сонша мұңайдың?

Бізді күтіп алаңдап,

Шаршадыңдар ма балаларым?

Ақшақар: Сендерге не болған, балалар? Неге көңілсізсіңдер?

Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар, Келе жатқан Жаңа жылымыз – Тышқан, Доңыздан қорқып қашып кетіпті. Жаңа жылсыз біз мерекені тойлай аламай отырмыз.

Аяз ата: Уайымдамаңдар, мен өзімнің құтқарушыларыма қоңырау шалайын (Аяз ата телефонмен қоңырау шалады)

Би: «Агенттер» (ұлдар)

Жүргізуші: Аяз ата, отырып дем алыңыз. Балаларымыздың сізге дайындаған тақпақтары бар. Тыңдаңыз!

Тақпақтар:

(Ұлдармен бірге Тышқан кіреді.)

Тышқан: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіз бе, Аяз ата, Ақшақар! Доңыздың маған Жаңа жыл болмайсың, мен өзім боламын деген сөзінен кейін мен сандықты тесіп қашып кетіп едім.

Аяз ата: Сәлеметсің бе, Тышқан!

Доңыз, сен биылғы жыл болдың, келер жыл Тышқандікі, кезектесіп болғандарың жөн.

Доңыз: Мен өзімшілдікке салыныппын, ренжімеші Жаңа жыл. (екеуі татуласып, бір-бірлерін құшақтайды)

Ақшақар: Аяз ата, біздің шыршаның шамдары жанбай қалыпты ғой?

Аяз ата: Қане, балалар, сиқырлы таяғыммен шыршаның шамдарын жағайық.

Қуант бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат! (3рет)

Жүргізуші: Балалар, Аяз атаға шырша туралы тақпақтарымызды айтып берейік.

Тақпақтар: (ұлдар немесе биге қатыспайтын қыздар)

Ақшақар: Балалар, мен сендерге құр келген жоқпын. Өзіммен бірге ұлпа қарларды ертіп келдім.

Жүргізуші: Ендеше, ұлпақарлар биін тамашалайық.

Би: «Ұлпақарлар»

Жүргізуші: Аяз атаға арналған әнімізді айтайық.

Ән: «Аппақ, аппақ қар»

Аяз ата: Жарайсыңдар, балаларым. Алыстан шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де, өнерлі екенсіңдер. Ал, енді біз жолға шығайық, басқа балаларға барып, өнерін тамашалайық.

(Тышқан кетіп бара жатып, аяз атаның ұмытып кеткен шанасына шалынып құлап қалады)

Тышқан: Мынау не қылған шана?

Аяз ата: Ой, мен ұмытып кетіппін ғой. Бұл менің шанам. Балалар, сендерге арнап сыйлық алып келдім. Ақшақар екеуміздің сыйлықтарымызды қабыл алыңдар! (Аяз ата сыйлықтарды таратып, қоштасады)

Барлығының қоштасу сөзі:

Аяз ата: Ал, балалар, біз қайтайық. Бізді басқа балалар да күтіп отыр.

Жаңа жыл құтты болсын!

Ақша қар: Жаңа жыл мол табыс әкелсін!

Тышқан: Денсаулықтарың мықты болсын!

Доңыз: Сау болыңдар, балалар!

Балалар: Сау болыңыздар!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, осымен Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп, тамашалағандарыңызға рахмет! Жаңа жыл құтты болсын! Отбасыларыңызға бақыт пен қуаныш әкелсін!

«Аналар-асыл жандар»

Жансая:
Ана десем сезім билер тым ыстық,

Жарасады адамдарға туыстық.

Бар адамға берсе ананың мейірімін,

Орнар еді бар әлемде тыныштық.

  • Құрметті әжелер, аналар, ару қыздар сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Ана – асыл жар, Ана – көңілдің гүлі, Ана – өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, әжелерімізге арналған «Еркетай » тобының бүлдіршіндерінің «Аналар – асыл жандар» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
    «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді»- демекші, балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!

1. Мадияр:

Ақ анашым,аппағым

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнімде

Арнадым саған бәрінде

2. Маутов Айсұлтан:

Алтын апам ол менің

Мені жақсы көреді

Үйретеді өлеңін

Ертегі айтып береді

3. Мансұр:

Әжем менің ақ әжем

Ақыл беріп, үйреткен

Аппақ әжем, пәк әжем

Мейіріммен тербеткен

4.Сұлтан Айсұлтан:

Құтты болсын мерекең

Апатайым анашым

Әр кез саған тілеймін

Ұзақ өмір жолдарын

5. Диар:

Өзің мені өсірген

Айналайын ақ әжем

Тентек болсам кешірген

Ауырмашы ай әжем

6. Айша:

Жарқын жүзді жан анам

Сендей болсын бар адам,

Сендей болса бар адам

Шаттық кетпес баладан

7. Айым:

Шащымды өріп тараған

Қабағыма қараған

Үлкен,кіші демейді

Сыйлайды оны бар адам

Карлсон: – Қайырлы күн! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Жаңа бақыт әкелсін!
Элвира: – Сәлеметізбе, Сіз кім боласыз? Қайдан келдіңіз? Бізде жаңа жыл мерекесі емес, 8-наурыз аналар мерекесі.
Карлсон:- Ой, жаңа жыл мерекесі емес пе? Аяз ата келмей ме? Сыйлық әкелмей ме? Мен тәттіні, кәмпитті, тосап жегенді жақсы көремін.

Эльвира: – Жоқ, мұнда жаңа жыл емес, аяз ата сыйлық әкелмейді. Бүгін біз 8 наурыз аналар мерекесін тойлап жатырмыз. Біз көктем мезгілін күтіп отырмыз. Солай ма, балалар?!
Карлсон: – А-а-а, онда мен де отырайын, мені де мерекемен құттықтаңдар!

Жансая: -Жо-о-қ, бұл ұлдардың мерекесі емес, әжелердің, аналардың, қыздардың мерекесі.

Карлсон: – Ой, онда мен қателесіп кеттіппін ғой.

Құрметті аналар, әжелер, қыздар мерекелеріңіз құтты болсын! Осында қызықты сияқты, менде сендермен бірге мерекені тойлатқым келеді.

Жансая – Карлсон сен біздің қонағымыз болып, балаларымыздың өнерін тамашала.

Карлсон: – Жарайды, жақсы маған ән айтып бересіңдер ме?
Эльвира: – “Қариясы бар үйдің қазынасы бар” демекші келесі әніміз балалардың әжелеріне арналады.

Ән: « Жан әжем»

Карлсон: -Жарайсыңдар, балалар! әнді жақсы айтады екенсіңдер.

Эльвира: Карлсон, бүгін бізде Аналардың мерекесі болғандықтан біздің Ұлдарымыз аналарына деген махаббаттарын бимен билеп көрсетпекші.

Би « мама »

Менімен ойын ойнағыларың келеме ?

Балалар: Ия

Ойын: «Кім жылдам»

Ойын шарты: 4 жұп қыздар, ұлдар ортаға шығады. Гүл саны төртеу. Музыка ойнағанда балалар билеп жүреді. Музыка тоқтағанда ұлдар жүгіріп барып, қыздарға гүл сыйлайды. Кім бірінші сыйласа сол жеңімпаз атанады.

Карлсон: – Жарайсыңдар, балалар, өте жылдам екенсіңдер, рахмет сендерге.
Музыка әуенімен Сайқымазақ кіреді. (Сайқымазақ резинамен, доппен өнерін көрсетеді.)

Жансая: Тоқтаңыз, тоқтаңыз, түсінбедім, сіз қайдан тап болдыңыз?

Сайқымазақ: – Түсінбейтін несі бар, мен өнерімді көрсетіп жатырмын, бұл цирк емес пе?

Жансая: -Жоқ, бұл цирк емес. Бұл жерде аналар мерекесі болып жатыр.

Сайқымазақ: Жарайды, ендеше, мерекеге дәл келіппін, қәне бәріміз, би билеп, көңілімізді көтерейікші?!

Сайқамазақпен би: “Помогатор”

Жансая: Сайқымазақ, біздің балаларымыз өнерлі мерекеге өздерінің апа-әжелеріне арнап тақпақ айтып бергілері келіп тұр.сенде тыңдап тамашалаңыз . балалардың әжелеріне арнаған тақпақтарын тыңдаңыздар.

Тақпақтар

8.Аяла:

Бабушка радная

С празникам тебе

Ты самая любимая

Хорошая мая

9. Амангелдиев Илияс:

Сеніміңді ақтайды

Еркелеткен балашың

Аман жүрші әрқашан

Мұңаймашы анашым

10. Бөленханова Айзере:

Әжем менің асыл жан,

Жақсылыққа үйретіп.

Жамандықтан шектейді.

Әжеме ешкім жетпейді.

11. Мұқтарова Ерке:

Мені жақсы көреді

Күндей күліп келеді

Көп ертегі біледі

Маған айтып береді.

12. Амира:

Біз доспыз гүлдермен

Текке оны жұлмаймыз

Мереке күні бір-бірден

Аналарға сыйлаймыз

13. Назали:

Анам –мені айым дейді

Мен мұнайсам уайым жейді

Анам мені күнім дейді

Мен қуансам күлімдейді

Карлсон: -Аналар мерекесіне көктем келеді деп едіңіз ғой, көктем келмейді ме? Мен көктемді көргім келеді.

Эльвира: Карлсон, барлығымыз да көктем келгенін күтіп отырмыз. Көктем келгенде күн жылынып, жан-жануар, табиғат ұйқысынан оянады. Байшешек гүл атып, ағаштар бүршік жарады, жер беті құлпыра түседі.

Карлсон: Сайқымазақ сен сиқыр жасай аласыз ғой! Мүмкін, сен бізге көмектесерсің?

Сайқымазақ: Ол үшін балалар маған тағы бір өнерлерін көрсетсе, сиқыр жасап көктемді шақырамын.

Эльвира Жақсы онда. Балаларымыздың тақпағын тыңдап көріңіз.

Тақпақтар

14. Томирис:

Қандай бала болайық

Анамызға береміз

Көрсетсінші көңілін

Ән салайық бәріміз

15.Арсен:

Ана біздің күніміз

Біз ананың гүліміз

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

16.Зере:

Ана өмір жарығы

Ана өмір бұлағы

Бесігімнің жыр әні

Жүрегімде тұрады.

17.Ескендір:

Сеннен өскен балалар

Бауырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар

18.Райымбек:

Май мам из притти

Май мам из суит

Май мам из зе бесть

Ю уил еве мит

19. Дария:

Май дия, дия мами

Ай лав ю вери мачь

Ай уонт ю ту би хэппи

Он зе ейт ,гоу мачь.

Сайқымазақ: Ой, тақпақты тамаша айтасыңдар ! Өнерлеріңді жақсы көрсеткендерің үшін, мен сендерге сиқыр жасап, көктемді шақырайын.

Сайқымазақ: Ахалай-мақалай, көктем келсін ортаға!

(Ақ бұлды Сайқымазақ пен Карлсон алып тастайды, гүлдердің арасынан көктем шығады.)

Көктем: – Армысыздар, аналар, әжелер, қыздар мерекелеріңіз құтты болсын!

Мен көктеммін

Нұрымды жерге төккенмін

Құстарымды сайратып,

Былтыр келіп кеткенмін

Жан бітіріп табиғатқа,

Гүлдерімді екенмін.

Жансая: – Күн нұрындай құлпырған нұрлы көктем өзіңнің келгеніңе сондай қуаныштымыз. Кел балаларымыздың өзіңе арнаған тақпақтарын тыңдайық.

Тақпақтар:

20.Расұл:

Көктем келді алақай.

Қуанады балақай,

Көктемде жаңбыр жауады.

Бақшаға гүлдер толады

21.Амір:

Күн шуағын шашады

Жауын да, жауып алады

Көктем келіп жеткенде

Ағаштар бүршік жарады.

22.Санжар:

Жасыл көктем келеді

Самал беттен өбеді

Көкте бұлттар көбейсе

Мөлдір тамшы төгеді.

23.Алинұр:

Көктем келді, көктем келді

Жадыраған жайнаған

Шашыраған сәулесімен

Жасыл көктем сайраған

Көктем: -Жарайсыңдар, балалар мен сендермен би билегім келіп тұр.

Эльвира: тобымыздың қыздарының « Гүлдер» биін тамашалаңыздар

Көктем: -Жарайсыңдар, балалар, өте тамаша биледіңдер, өнерлі екенсіңдер.

Эльвира:

Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек.
Анашымның жүрегі,
Мейірімді ғой керемет
– Ана десе жүрегі елжіремейтін адам бар ма? аяулы аналарымызға арналған әсем әнімізді қабыл алыңыздар!

Ән: “Ай дидарлы анашым”

Көктем: – Бүгін барлықтарың да керемет өнер көрсеттіңдер, нағыз өнерлі балалар екенсіңдер.

Сайқымазақ: – Балалар, рахмет сендерге біздің көңіл күйімізді көтердіңдер.

Карлсон: -Балалар, мен сендердің арқаларыңда аналар мерекесін, көктем мезгілін біліп жүретін болдым, рахмет сендерге, өнерлерің үстем болсын. Біз басқа балаларға барайық, сау болыңдар!

Бәрі бірге: -Сау болыңдар, балалар. Сау болыңыздар, аналар!

Эльвира:

Аналар, қалқып бақыт аралында,

Лайым мұң қонбасын жанарыңа

Осымен кешімізді аяқтайық

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Аналар асыл жандар!» атты ертеңгілігіміз аяқталды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше