Жаңа сабақтар

ТарМПУ шеберлері коронавирустың алдын алу мақсатында тегін маска тігуде

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде, еліміздегі коронавирустық инфекцияның шығуына байланысты, қайырымдылық көмек және қала тұрғындарына қолдау көрсету акциясы ұйымдастырылды.

Белгілі болғандай, көптеген елдер медициналық маскалар мен қажетті өнімдерді өз аумағынан тыс жерлерге шығаруға тыйым салды, бұл олардың тапшылығына алып келді. Осыған орай, сондай-ақ КВИ таралуының алдын алу және болдырмау мақсатында, ТарМПУ оқу шеберлері қолда бар мүмкіндіктерді ұтымды пайдалана отырып, арнайы медициналық маскаларды тегін тігетінін ерекше атап өтті.

«Біздің мақсатымыз — маскаларды барынша көп тігу, оларды қажет ететін адамдарға тегін тарату. Қазіргі таңда бір бөлігі университет қызметкерлеріне таратылды. Бұдан әрі қала тұрғындарын, әсіресе қарт адамдарды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз», — деді ректор Ержан Әмірбекұлы.

Жоғары оқу орны басшысының айтуынша, қазір жеке қауіпсіздік шараларын, әсіресе қоғамдық көлікте, адамдар көп жиналатын жерлерде сақтау маңызды. Сондай-ақ, университет қызметкерлері мен волонтерлері тұрғындарды жауапкершілік танытуға, масканы міндетті түрде пайдалануға және коронавирустық инфекция кезінде барлық сақтық шараларын сақтауға шақырады.

ТарМПУ баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.