Жаңа сабақтар

Тағыбаева Назуша Жүсіпқызы

Қызылорда облысы Арал қаласы

«Жазира» балабақшасы

Тәрбиеші Тағыбаева Назуша Жүсіпқызы

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: Шығармашылық

ҰОҚ: Аппликация

Тақырыбы: «Дастархан»

Мақсаты: Дайын пішіндерден заттардың бейнесін жасауға үйрету. Бейнеленген заттарға сәйкес түстерді таңдай отырып, төртбұрышты ою-өрнектермен өрнектеп дастархан жасау дағдыларын жетілдіру, эстетикалық талғамдарын дамыту

Көрнекіліктер: суреттер, үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: дастархан туралы әңгімелеу, сурет бойынша көрсету

Сөздік жұмыс: дастархан

Билингвальді компонент: дастархан — скатерт

Іс – әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс — әрекеті Балалардың

іс — әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Біз әдепті баламыз

Біз ерекше баламыз

Қонақтарды көргенде

«Сәлеметсіздер ме» — деп

Сәлемдесіп аламыз

Сәлеметсіздер ме балалар!

Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.

Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешінің іс –әрекетіне орындайды.

Балалар қонақтармен сәлемдеседі.

Ұйымдастырушы ізденушілік Балалар бүгін бізде білім беру саласы шығармашылық ұйымдастырылған оқу қызметі аппликация

  • Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын кім шешуін табар екен.

Жұмбақ

Дәмді – дәмді тағамдарды жинайды

Қонақтарды көңілдене сыйлайды

(дастархан)

  • Жарайсыңдар балалар!
  • Біз бүгін оқу қызметінде дастархан жасауды үйренеміз
  • Балаларға дастарханның суретін көрсетіп, оны не үшін пайдаланатынын әңгімелеу.
  • Дастархан қандай пішінге ұқсайды?
  • Төртбұрышқа, неше бұрышы бар?
  • Дастарханды тамақ ішкенде жаямыз.
  • Балаларға дайын үлгіні көрсетіп, ондағы ою – өрнектердің қалай орналасқанын айтып, көрсету, түсіндіру.

Сөздік жұмыс: дастархан

Балаларды орталықтарға бөлінеді

Өнер орталығы

Құрылыс орталығы

Өнер орталығында балалар дастарханға ою –

өрнектерді жапсырады.

Құрылыс орталығында дастарханды құрастырады,

үстіне ұлттық тағамдарды қойып шығады.

Балалармен жұмыстар жүргізіледі, түсіндіреді.

Орталықтар орындарын ауыстырады

Билингвальді компонент: дастархан — скатерт

Сергіту сәті

Біз кішкентай баламыз

Өсіп – өніп толамыз

Көкке қарап талпынып,

Күнге қолды созамыз

Қанат қағып ұшамыз

Қарлығаштай қалыптап

Бір отырып, бір тұрып

Бір тынығып аламыз

Балалардың жапсырған жұмыстарын қарау, мадақтау

Дидактикалық ойын: «Анамызға көмектесейік»

Ойынның шарты: қатар тұрған екі үстелге 2-3

баладан шығып, топтасып дастарханды жасау керек

және ыдыстарды қойып шығу керек. Қай топ

бірінші болса, сол топ жеңімпаз атанады.

Балалар барлығы қосылып айтады. «Ақ дастархан

үстінде, бір үзім нан жатса жарасып тұрады.»

Балалардың жауабы: дастархан

Сұрақтарға жауап береді

Мұқият тыңдайды

Балалар

тапсырмаларды орындайды

дастархан — скатерт

сергіту сәтін қайталап айтады

Ойынды қызыға ойнайды

Рефлексивті- түзетушілік.
  • Балалардан бүгінгі оқу қызметінде не

істегендерін сұрау.

  • Балаларға оқу қызметіне жақсы

қатысқандары үшін жұлдызшалар таратылады,

марапаттайды

Дастархан жасадық

Балалар жұлдызша алғандарына қуанады

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: дастарханды эстетикалық талғаммен өрнектеуді.

Түсінеді: дастарханды не үшін пайдаланатынын

Қолданады: желімді дұрыс қолдана отырып, орындалу ретін сақтап, ұқыпты жапсыра білуді

КМҚК «Жазира» балабақшасы

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі:

Тақырыбы: «Дастархан»

Тәрбиеші: Тағыбаева Н

2018-2019 оқу жылы

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Өтпелі тақырып: Дені саудың, жаны сау

Тақырыпша: «Біз күштіміз, ептіміз»

Білім беру саласы: Таным / шығармашылық

ҰОҚ: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Жабайы аңдар»

Мақсаты: Жабайы аңдардың тіршілік ететін аумағы туралы түсіндіре отырып, бұл аңдардың (күшті, сақ, епті) қасиеттері туралы түсіндіру. Жабайы жануарларды танып, атай білу және сыртқы ерекшеліктерін ажырата білу дағдыларын жетілдіру

Көрнекіліктер: жабайы аңдардың суреттері

Әдіс – тәсілдер: ойын технологиясы

Сөздік жұмыс: күшті, сақ, епті

Билингвалды компонент: аю — медведь, қоян – заяц, қасқыр – волк, түлкі – лиса, арыстан – лев, жолбарыс – тигр.

Іс – әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс — әрекеті Балалардың

іс — әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңберіне тұрғызу

Дос болып біз жүрейік,

Ойнайық та, күлейік

Достық деген тамаша

Міне, тұрмыз жараса.

Өлең жолдарын қайталайды
Ұйымдастырушы ізденушілік Балалар бүгінгі жаратылыстану оқу қызметінде жабайы аңдар жайында әңгімелесеміз.

Жабайы аңдар орманда, таулы жерлерде мекендейді.

Балаларға жабайы аңдардың суреттерін көрсетіп, аттарын айту.

Қоян, түлкі, аю, жолбарыс, арыстан, кірпі, тиін

Жабайы аңдар өз азықтарын өздері тауып жейді.

Қоян – құлақтары ұзын, аяқтары қысқа, қорқақ аң, ол шөптермен қоректенеді, сәбізді жақсы көреді.

Аю – үлкен, орманда жеміс – жидектермен, ұсақ аңдармен қоректенеді, балды жақсы көреді.

Қасқыр, жолбарыс өте күшті, азуды өздерінен кіші аңдарға шабады.

Түлкі – қу, өте сақ, өздерінен ұсақ аңдармен қоректенеді.

Орманға саяхат жасаймыз. Балалар орманда жабайы аңдарды тамашалайды.

1 тапсырма Қандай жұмбақ болса да, шешпей оны қоймаймыз.

Орманда, далада,

Бал іздеп бір аң жортады.

Кіп – кішкене арадан,

Үп – үлкен болып қорқады. (аю)

Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады (қоян)

Өзі бір қу,

Жүрген жері айғай да шу. (түлкі)

Көп-көп ине, көп ине,

Бір сабағы жоқ ине,

Іс тікпейтін әрине. (кірпі)

Аузы бейне, шалғы орақ,

Шөп емес, бірақ мол орады (қасқыр)

Жарайсыңдар балалар!

2 тапсырма Дидактикалық ойын: «Ненің басы, ненің құйрығы?

Шарты: балаларға аңдардың денесі беріледі, балалар сол аңдардың басы мен құйрығын табу керек.

Билингвалды компонент: аю- медведь, қоян – заяц, қасқыр – волк, түлкі – лиса, арыстан – лев, жолбарыс – тигр.

Сергіту сәті

Қобаңдаған аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп – теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

3 тапсырма Дидактикалық ойын: «Аңдарды құрастыру»

Шарты: қиылған суреттерден бүтін аңдардың суреттерін құрастыру.

4 тапсырма Қимылды ойын: «Ақ қоян»

Шарты: Балалар шеңбер жасап дөңгеленіп тұрады. Ортаға бір бала ақ қоян болып шығады.

Ақ қоян, ақ қоян

Ұйқыннан тұршы

Беті қолыңды жушы

Айнаға қарашы

Шашыңды тарашы

Әй –әй көйлек кисеңші

Енді бізді қушы

Қоян балаларды қуады. Ұсталған бала қоян болып, ойын одан әрі жалғасады.

Жарайсыңдар балалар!

Аңдардың аттарын айтады

Мұқият тыңдайды

Жұмбақтың жауабын табады

Ойынды қызыға ойнайды

Қайталайды

Қимылмен жасайды

Аңдарды құрастырады

Қимылды ойын ойнайды

Рефлексивті- түзетушілік. Біз барлық тапсырманы орындадық.

  • Сонымен бүгін біз не туралы әңгімеледік.
  • Жабайы аңдарды атайықшы
  • Олар қайда тіршілік етеді?
  • Балалар, бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар. Рахмет.
  • Балалар мына жерде бірдеңе жатыр. Ол не екен?

Қорапшаны алады. Қанеки ішінде не бар екен?

Чупа – чупс. Бұны бізге аңдар дайындаған екен, оларға рахмет. Балаларға тәттілер үлестіріледі. Енді бақшамызға қайтайық.

Сұрақтарға жауап береді

қуанады

Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: Жабайы аңдардың аттарын айтады

Түсінеді: Жабайы аңдардың сыртқы ерекшеліктерін ажырата алады

Қолданады: Аңдардың қасиеттерін біледі

«Жазира» балабақшасы

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырыбы: «Жабайы аңдар»

Тәрбиеші: Тағыбаева Н

2018-2019 оқу жылы

8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік

Залдың іші мерекеге сай гүлдермен, шарлармен безендірілген. Балалар музыка ырғағымен қол ұстасып залға кіреді, орындарына жайғасады.

Жүргізуші: Құрметті де, қымбатты асыл аналар, ақ жаулықты әжелер, апайлар! Сіздерді көктем мезгілімен, өзінің жылулығын ала келетін 8 наурыз аналар мерекесімен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, жүректеріңізге имандылық, отбасыларыңызға бірлік тілейміз. Аспанымыз ашық, еліміз тыныш бейбіт заман болсын.

Бүгінгі 8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Балабақша меңгерушісі Жалгасбаева Кулшат Жақсығұлқызына сөз беріледі. Жүргізуші: Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым

Түн ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Ана десем әділдікті ұғамын

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар

Аналардан туған небір даналар

Ән: «Ана» (барлығы қосылып орындайды)

Ана

Ана – өмір шырағы

Ана – өмір бұлағы

Бесігімнің жыр әні

Жүрегімде тұрады

Әлди, әлди әлди – ай

Жүрегімде тұрады

Нұрлы өмірде мәуелі

Гүлді өмірде мәуелі

Анамыздан тыңдадық

Әсем әнді әуенді

Аналарға арналған жыр шумақтарын айтуға ортаға Елдос, Райана, Айзерені шақырайық

Елдос: Тыным таппай күнімен

Ұйқы көрмей түнімен

Бар жұмысты тындырып

Қамқоршы болып жүресің

Маңдайымнан сүйесің

Құтты болсын мейрамың!

Райана: Еркелесем күлімдейтін

Құлыншағым күнім дейтін

Әлпештеген анашым

Құтты болсын мерекең!

Айзере: Аялы алақан

Әлпештеп өсірген

Аяулы жан анам

Құтты болсын мерекең!

Жүргізуші:

Әңгіме: «Ең жақсы адам»

Ән: «Ақ әжем» (барлығы қосылып орындайды)

Өзің мені өсірген

Айналайын ақ әжем

Тентек болсам кешірген

Шөлдедің бе дана әжем

Шәй қайнатып беретін

Шекер салып жан әжем

Өзім құйып бермін

Балдай тәтті бал әжем

Аналарына, әжелеріне арналған жыр шумақтарын айтуға ортаға Ақнұрым, Ғани, Райананы шақырайық.

Ақнұрым: Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз

Ғани: Әлпештеген баласын

Ана – бақыт, ана – күн

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын.

Райана: Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген анашым

Тақпақ айтып бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын.

Жүргізуші: Мың бұрала би билеп

Шығамыз біз ортаға

Бүгінгі күн мерекеде

Қуанамыз балаша

Би: Жұптасып билеу ұлдар мен қыздар

Жүргізуші: Балалар, дүниеде ең қымбат кім?

Балалар: Ол – ана

Дүниеде ең тәтті не?

Балалар: Ол – ананың сүті

Жыр шумақтырын айтуға ортаға Хафиза, Абай, Тасмин, Айдарбек, Инабатты шақырайық.

Хафиза: Ана – біздің күніміз

Ананың біз күніміз

Балаларды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

Абай: Жамандықтан сақтандырып

Жақсы ісімді мақтан қылып

Мәпелеген анашымды

Жүрсем деймін шаттандырып

Тасмин: Бәрімізге анасың,

Біз үшін күн боп жанасың

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым

Айдарбек: Менің әжем, ақ әжем

Шуағы мол нұр әжем

Ақылыңды тыңдаймын.

Аман – есен жүр әжем

Мен әжемді жақсы көремін

Құтты болсын мерекең

Инабат: Теңдесі жоқ данасың

Арқа сүйер панасың

Құтты болсын мерекең

Құттықтаймын анашым!

Жүргізуші: Ойын ойнап, ән салмай

Өсер бала болар ма деп балалар, ойын ойнап жіберейік.

«Кім көп жинайды?» ойыны

Ойын шарты: балаларға кішкентай доптар беріледі, көп жинаған бала жеңімпаз атанады.

Ән: «Ана»

Үлкенмін ғой мен енді

Жудым бүгін еденді

Аналарға арналған

Жаттап алдым өлеңді

Өлең айтып беремін

Нанда алып келемін

Өйткені мен анамды

Өте жақсы көремін.

Ойын: «Кім жылдам?»

Ойынның шарты: ортаға 5 орындық қойылады. 6 ата – ана балаларын ертіп орындықты айнала музыка әуенімен билеп жүреді. Музыка тоқтаған кезде ата – ана өз баласын орындыққа отырғызу керек. Кім отыра алмай қалса, сол ойыннан шығады. Ең соңында қалған бала жеңімпаз болады.

Балалар аналарына сыйлықтарын ұсынады. Ата — аналар өз тілектерін білдіреді.

Жүргізуші: Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген қуанышы әр үйдің

Ана деген әрбір үйдің жылуын

Ана деген гүлі туған өмірдің

Құрметті аналар осымен 8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Мерекелеріңізбен қымбатты да, ардақты аналар!

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: Қатынас

ҰОҚ: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Наурыз – жыл басы

Мақсаты: Балаларға Наурыз мейрамы туралы түсіндіру. Ұлыстыңі Ұлы күні 22 наурыз мұсылман халқының ұлттық мерекесі екенін бала санасына ұғындыру

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, орамал, арқан

Іс – әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс — әрекеті Балалардың

іс — әрекеті

Мотивациялық-

Қозғаушылық

Қайырлы таң көк аспан

Қайырлы таң жер Ана

Қайырлы таң алтын күн

Қайырлы таң достарым

Қайырлы таң апайлар!

Қонақтармен амандасады. Бір – біріне қарап күлімдейді
Ұйымдастырушы ізденушілік Балалар, бізде бүгін «наурыз – жыл басы» тақырыбында оқу қызметі өтеді. 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні. Бұл меурамды бүкіл мұсылман халқы тойлайды. Бұл күні күн мен түн теңеледі. Бар тіршілік жанданып, айнала құлпыра түседі. Наурыз жаңа күн дегенді білдіреді. Адамдар үстеріне жаңа киімдерін киеді. Бір – біріне жақсы тілектер айтады, құшақтасып көріседі. Ренжіскен адамдар татуласады. Бір – бірінің үйлеріне қыдырады, наурыз көже ішеді.

Балалар мына суретте наурыз мейрамын тойлап жатқан адамдарды көріп отырмыз. Қазанға наурыз көже пісіріп жатыр. Наурыз көжеге 7жеті түрлі тағам қосады. Олар: арпа, бидай, тары, жүгері, сүт, өрік, мейіз, тұз, су сонымен бірге қысқы соғымнан қалған сүр етті де қосады.

Балаларға суреттерге аттарын атап көрсету. Наурыз көжені тойып ішсе, тоқ болады.

Мына суретте ұлттық ойындар ойнап жатқан көріністі көріп отырмыз. «Алтыбақан», «Арқан тартыс», «Аударыспақ» ойындары ойналады. Қазақтың салт – дәстүрлері тұсау кесу, бесікке салу рәсімдері орындалады.

Наурыз мейрамына арналған кім жыр – шумақ айтып береді?

Айзере

Армысыңдар халайық

Әркез аман болайық

Наурыз тойын қуанып

Жылда қарсы алайық

Нұрислам

Наурыз тойы салтымыз

Аман болсын халқымыз

Ұлыс оң болсын

Ақ мол болсын

Елдос

Ұлы күні ұлыстың

Күн мен түн теңеген

Тәтті дәмін ырыстың

Таттық наурыз көжеден

Жылысын деп бар әлем

Жылы көже бееді

Анамның наурыз көжесін

Іше бергім келеді

-Жарайсыңдар балалар, енді қазақтың ұлттық ойыны «Орамал тастамақ» ойынын ойнайық

«Орамал тастамақ» ұлттық ойыны

Ойынның шарты: Балалар дөңгеленіп тұрады, ортада бір бала тұрады. Ойыншылар түйілген орамалды бір – біріне лақтырады. Ортада тұрған бала орамалды қағып алу керек. Келесі бала ойынды жалғастырады.

«Арқан тартыс» ұлттық ойыны

Балалар «Қыран» тобы мен «Тұлпар» тобы болып екіге бөлініп арқан тартады. Қай тоа жеңсе, сол топ жеңімпаз атанады.

Балалар зейін қойып, мұқият тыңдайды

Суреттерді көреді

Ойын ойнайды

Рефлексивті- түзетушілік. Балалар «Наурыз» әнін орындайды.

«Наурыз»

Әні: Д. Көзмағанбетов

Сөзі: А. Байтақов

Наурыз келді қалаға

Наурыз келді далаға

Қуанышқа бөленді

Үлкен – кіші балада

Қайырмасы

Қырда гүлдер жайнайды

Бақта құстар сайрайды

Үйге кірмей ойнайды

Ойынға еш тоймайды

Жақсы тілек айтамыз

Наурыз құтты болсын деп

Жаңа жылда біздерге

Қуанышқа толсын деп

  • Балалар, біз бүгін не жайынжа әңгімеледік?
  • Наурыз мейрамы құтты болсын. Бақ береке, ырыс – құт әкелсін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Осымен оқу қызметіміз аяқталды.
Өлеңді айтады

Сұрақтарға жауап береді

Күтілетін нәтиже:

Қайталайды: наурыз қазақтың жаңа жыл мерекесі екенін айтады

Түсінеді: наурыз көжеге жеті түрлі тағам салынатынын біледі

Қолданады: қазақтың салт – дәстүрлерін, ойындарын ойнайды

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: Таным

ҰОҚ: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Үй жануарлары және жабайы аңдар

Мақсаты: Үй жануарлары және жабайы аңдармен таныстыру. Олардың мекендейтін жерлерін, тіршілігі туралы әңгімелеу. Үй жануарлары мен жабайы аңдарды ажырата білуге үйрету

Қолданылатын көрнекі құралдар: Үй жануарлары мен жабайы аңдардың суреттері, үй және жабайы аңдардың макеті

Әдіс – тәсілдер: Ойын технологиясы

Сөздік жұмыс: Үй жануарлары, жабайы аңдар, орман

Билингвальды компонент: үй жануарлары – домашние животние, түйе – верблюд, сиыр – корова, жылқы – лошадь, ешкі – коза, жабайы аңдар – дикие животные, аю – медведь, қоян – заяц, қасқыр – волк, түлкі – лиса, тиін — белка

Іс – әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс — әрекеті Балалардың

іс — әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Балалар топқа келген қонақтармен амандасады. Тәрбиеші балаларға көңіл – күйлері көтеріңкі болу үшін бір – біріне қарап күлімдеулерін өтінеді. Қонақтармен амандасады. Бір – біріне қарап күлімдейді
Ұйымдастырушы ізденушілік Бүгін, бізде таным білім беру саласы қоршаған ортамен таныстыру оқу қызметі. Бүгінгі оқу қызметінде үй жануарларымен және жабайы аңдар жайлы әңгімелейтін боламыз. Балаларға слайд арқылы үй жануарларын көрсетіп әңгімелеу.

Үй жануарлары: түйе, сиыр, жылқы, қой, ешкі

Үй жануарларын үйде қолда ұстаймыз. Олардың өз қоралары бар. Оларға жем, шөп, су береміз. Үй жануарларының адамға пайдасы зор. Олардың сұтін ішеміз, етін жейміз, жүнінен киімдер киеміз.

Түйенің төлі – бота, жылқының төлі – құлын, сиырдың төлі – бұзау, қойдың төлі – қозы, ешкінің төлі – лақ. Бұларды қолға ұстайтындықтан үй жануарлары деп атаймыз.

Жабайы аңдардың суретін көрсету арқылы әңгімелеу.

Жабайы аңдар: аю, қасқыр, қоян, түлкі, тиін, арыстан. Жабайы аңдар орманда тіршілік етеді. Олардың апаны, індері болады. Олар жабайы өсімдіктермен, жеміс – жидектермен қоректенеді. Жабайы аңдар күшті, азулы, өте сақ болады. Сондықтан да оларды жабайы аңдар дейміз.

Билингвальды компонент: үй жануарлары – домашние животние, түйе – верблюд, сиыр – корова, жылқы – лошадь, ешкі – коза, жабайы аңдар – дикие животные, аю – медведь, қоян – заяц, қасқыр – волк, түлкі – лиса, тиін — белка

Балалар, енді мына көрініске назар аударайықшы (үй жануарлары бейнеленген макет)

Мына жерден үйді, үй жануарларын көріп тұрмыз.

Балалар үйдің маңында жүрген үй жануарларының аттарын атаймыз.

Енді мына жерде орманды көріп тұрмыз. Орманда қандай аңдар бар екен?

Балалар орманда жүрген жабайы аңдардың аттарын атайды.

Жарайсыңдар, балалар!

Сергіту сәті

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп – теріп алайық

Қалтамызға салайық

Балалар екі топқа бөлінеді.

1 топ үй жануарларын үйдің жанына апарып қояды

2 топ жабайы аңдарды орманға апарып қояды.

«Бұлар нелер?» дидактикалық ойын.

Ойынның шарты: балаларға үй жануарлары мен жабайы аңдардың суреттерін көрсетіп, аттарын айтқызу.

«Қимылын көрсет» қимылды ойын

Шарты: Балалар үй жануарлар мен аңдардың қимылын көрсетеді.

Балалар зейін қойып, мұқият тыңдайды

Суреттерді көреді

Балалардың жауабы

Балалар сергіту жаттығуын жасайды

Балалар тапсырмаларды орындайды

Ойын ойнайды

Қимылдарын көрсетеді

Рефлексивті- түзетушілік. Қорытындылау.

-Балалар бүгін бізде қандай оқу қызметі болды?

-Не туралы айттық?

-Жарайсыңдар, балалар сендер бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатыстыңыздар, рахмет.

Балаларды мадақтап, оқу қызметін аяқтау

Сұрақтарға жауап береді

Күтілетін нәтиже:

Қайталайды: Үй жануарлары мен жабайы аңдардың аттарын

Түсінеді: Үй жануарлары мен жабайы аңдар туралы

Қолданады: Үй жануарлары мен жабайы аңдарға қамқор болуды

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.