Жаңа сабақтар

Жақсымова Айдана Асылбекқызы

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Таушық ауылы

«Гауһар» балабақшасы

Жақсымова Айдана Асылбекқызы

Мерекелік ертеңгілік

«Ана-біздің күніміз,біз -Ананың гүліміз!»

Мектеп алды даярлық: «Раушан» тобы

Тәрбиешілер: Жақсымова А

Битимбай С

(Зал әсем безендірілен,балалар көңілді әуен ырғағымен Жүрекше шармен билеп орындарына отырады.)

Жүргізуші Рәжаб:
Армысың ару қыздар, абзал ана,

Анаға тең келетін бар ма дана

Мерекең бүгінгі күн құтты болсын,

Қуанышпен құшағың гүлге толсын!

Жүргізуші Аймекен:

Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,

Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,

Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған

Қуанышқа бөлейікші өздерің

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін, дей отырып«Ана-біздің күнімі біз -Ананың гүліміз!»атты мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.

Достарымыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар.

1. Балалар тақпақтарын айтады /баяу әуен қойылады/

Ерасыл:

Май диа , диа Мамми

Ай лав ю соу мач

Ай уонт ю ту би хэппи

Он зе ейтз оф Мач

Берді:

Гүлімай:

Апам менің ақ апам

Ешкімде жоқ жан апам

Ертегі айтып береді

Мағанда сол керегі

Әлфия:

Маму нежно обниму,

крепко поцелую.

Потому что я люблю,

Мамочку родную.

Ғибрат:

Помогаю бабушке,

Я уже большая.

Улыбнулась бабушка,

Стала молодая.

Айдос:

Өмірдің иесі сен ғафу Ана

Келтірген дүниеге нелер дана

Анасыз батырда жоқ ақында жоқ

Өмірдің алтын кілті сонда ғана

Ғазиза:

Жылылықтан тараған

Құшағы оның таң мекен

Менің айдай анамнан

Асқан сұлу бар мекен

Бақтияр:

Құшағына кіргенде,

Жылынамын бір демде

Не жетпейді көзіне,

Мейірімді күннен де

Үн қатасың бал тіліңмен,

Еркелеймін әр күнмен

Құттықтаймын анашым,

Сегізінші наурызбен.

Жүргізуші Аймекен:

Достар , Көктем ханшайымы кешігіп жатырғой, көктем ханшайымсыз аналар мерекесін өткізе алмаймыз

(Осы кезде жағымсыз әуен қойылып қатігез Қар қызы залға кіреді.)

Қатігез қар ханшайымы Айгерім:

Мен тұрғанда еш жерде көктем болмайды.

Жүргізуші Аймекен:

-Сәлеметсіңбе Қар ханшайымы.Біз Көктем ханшайымын күтіп отырмыз.

Қатігез қар ханшайымы Айгерім:

Бәрі де кеш!Көктем ханшайымы мәңгілік ұйқыға кетті,сендер оған көмектесе алмайсыңдар.

Жүргізуші Аймекен:

Достар , мен тапқан сияқтымын, сендер көктем туралы ән білесіңдер ме?

Балалар:

Иә!

Жүргізуші Ражаб:

Олай болса көктем аруына көмектесейік!

Осы кезде балалармен Наурыз көктем әнінің бір тармағын айтады, Ал Қар ханшайымы болса ашуланып залда айнала бастайды.

Қатігез қар ханшайымы Айгерім:

Жоқ, жоқ естігім келмейді!Тоқтатыңдар!Жоқ!

Құлағын жауып сахнанын артына тығылып қашып кетеді.

(Осы кезде әдемі әуен қойылып,Қар ханшайымы кірген жерден Көктем ханшайымы шығады.)

Көктем ханшайымы Самал:

Сәлеметсіңдер балалар!Рахмет сендерге балалар,сендер болмағанда мәңгілік ұйқыға кетер едімғой. Қане бәріміз «Көктем» биін билеп көңіл-күйімізді көтерейік.

6. «Көктем» биі

-Рахмет сіздерге,биші екенсіздер.Балалар менің әлі де ұзақ жол жүруім керек.Сендерді барған жерімде мақтай жүремін.Жасаған батылдықтарыңды ешқашан ұмытпаймын.Қош сау болыңдар!

(Көктем ханшайымы жағымды әуенмен балалармен қоштасып шығып кетеді.)

Жүргізуші Аймекен:

Олай болса достар аналарымызға арнап ән шырқайықшы.

8.Қ.Әбілдина «Анашым» әнін балалар хормен орындайды.

(осы кезде жаңбыр тамшыларының дауысы шығады)

Жүргізуші Рәжаб:

Ой достар ,Тамшылар!Бұл жаңбырғой!Бұл көктемнің алғашқы жаңбыры балалар.

(Осы кезде .әуенмен жаңбыр залға кіреді.)

Жаңбыр:

Алақай!Бұл- мен! Мен Жаңбырмын!Армысыңдар балалар мен аналар!Мен жер жүзіне көрік сыйлаймын,өсімдіктерді суарамын.Міне көктем де келіп жетті.Осы өлкеге келгеніме өте қуаныштымын.

Ал сендер қуаныштысыңдарма? Көңіл күйлерің қалай?

Балалар,мен қыс мезгілінде аппақ қар болдым,ал көктем мезгілі келісімен жылы жаңбырға айналдым.

Тамаша!Мен сендермен ән шырқаймын,би билеймін, ойыншылмын!

Қане аналарымызбен бірге ойын ойнайық.

Ойын.

Екі топ құраймыз, аналар және балалар тобы деген. Алдымыздағы кедергілерден өту арқылы сыпырғышпен үрілген шарларды межеге жеткізіп қайта орынымызға келіп, келесі адам жалғастырады. Ойынды бірінші болып топ мүшелері ойынды аяқтаған топ жеңімпаз атанады.

Жаңбыр:

керемет. Мен сендерді ағылышын тілінде жақсы меңгерген деп естіп едім маған ағылшынша өлең айтып беріңдерші.

Жарайсыңдар балалар. Енді сұлуда сымбатты аналарымызбен ойынымызды жалғастырсақ.

Ағылшынша ән: « I love me mammy»

Ойын. «сәнқой аналар»

Ойын Шарты мынадай:

Алты ана ортаға шығып үстел үстіндегі сәнді бұйымдарды музыка тоқтағанда жылдам алып тағып немесе киіп үлгеруіңіз керек.

Жаңбыр:

Иә,риза болып тұрмын.

Басқа өлкелергеде барып жылы жаңбырыммен балаларды қуантуым керек қ сау болыңдар.

Жүргізуші Рәжаб:

Олай болса мың бұралған биші қыздарымызды қарсы алыңыздар.

12. «Түймедақтар» биі

Жүргізуші Аймекен:

Тобымыздың әнші аруы Айназ досымызды «Әке-ана» әнімен қарсы алайық.

Жүргізуші Аймекен:

Олай болса кезекті тобымыздың ержүрек ұлдарына береміз.

Ұлдар биі

Осы кезде экранда видеоролик көрсетіледі.

Видеоролик біткен соң,Балалар сыйлықтарын алып аналарына табыстайды.(Әуен қойылып балалар өз аналарына жасаған сыйлықтарын тарту етеді.)

Көктем мен Жаңбыр:

Құрметті Аналар!Бұл жай ғана сыйлық емес балалардың шын жүрекпен арнап жасалған сыйлықтары ! Сіздерге осы мерекеде зор денсаулық,таусылмас мейірім тілейміз.

«Ана-біздің күніміз,біз -Ананың гүліміз!»атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз!

«Гауһар» жекеменшік балабақшасы

Жоба тақырыбы: «Есімде,мен мақтан тұтамын»

Ұлы Жеңістің-75 жылдығына арналған

Дайындаған: Жақсымова А.

Таушық ауылы-2020 жыл

Жобаның тақырыбы:

Жоба тақырыбының мақсаты: «Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін,үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн»-деп тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Ұлы Жеңіске-75 жыл» толуына орай мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу мекемелерінде келешек ұрпақ бойына ұлтжандылық,Отанға деген құрмет сезімдерін дамытып,ҰОС батырларының есімдері мен ерлігін саналарында жаңғырта отырып жеңіске қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысының ерлікке толы қаһарлы жылдары бірте – бірте алыстап барады. Бірақ адамзат дүние жүзін фашистік құлдықтан аман алып қалған халықтың ғажайып ерліктерін ешқашан ұмытпақ емес. Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.

Жоба мәселелесі:-Қазірігі технология мен гаджеттер дамыған заманда адами құндылқтардың жойылуы;

-Бала мен ата-ана,ата-ана мен балабақша арасындағы қарым-қатынасты нығайту;

-Өскелең ұрпақ санасында ҰОС батырларының есімдері менерліктернің ұмыт қалуы;тәуелсіздіктің құнын тсінбеуі.

Жобадан күтілетін нәтиже: -Жобалардың көбеюіне үлес қосу,мектеп жасына дейінгі балалардың сауаттылығын дамыта отырып икемділікке, үлкенді сыйлай білу,кішіге ізет көрсету қасиеттерін иелендіру.

-Ата-аналармен тығыз байланыс орната отырып,мектепке дейінгі ұйым қызмет сапасын арттыру;

-Жеңіс сыйлаған батырлар аруағына бас ие отырып,бейбіт өмірдің батырларына тән қасиетке ие дені сау ұрпақ тәрбиелеу.

-Зұлмат жылдарда ел басына түскен қиыншылықтардың салмағын сезіне отырып,шыдамды,ерік-жігері мықты,қайсарлық қасиеттерін бүлдіршіндер бойына дамыту;

Жобаға қатысушы топ:-Ересек тобы

Жоба мерзімі:— Қысқа мерзімді

Жобаны жүзеге асыру кезеңдері.

Кезеңдері Уақыты Өткізілген шаралар Жауапты маман
I кезең.

Дайындық-ұйымдастыру кезеңі.

17.02.2020 Дүйсенбі -Тақырып таңдау;

-Тақырыпқа сай мектепке дейінгі білім беру саласында балалармен бірлесе отырып шешілетін мәселелерді табу;

-Күтілетін нәтижелерді болжау;

-Тақырыпқа қызығушылық танытқан балалар арасында топ құрау;

-Жүргізілетін жұмыстарды балалармен таңдауға мүмкіндік тудыру;

-Бала мен ата-ана,ата-ана мен балабақша арасындағы қарым-қатынасты арттыру мақсатында жобаға ата-аналардың қызығушылығын

арттыру мақсатында конспектілер, анкеталар тарату;

-Жоба ұйымдастырушысы;

-Әдіскер:

-Меңгеруші;

I кезеңнен күтілетін нәтиже:

-Жобаға қатысушылардың дайындығына бақылау жасап,қызығушылығының артуы;

-қатысушы топ бүлдіршіндерінң жеке қасиеттері;білім деңгейі ; денсаулығы жайында мәліметтермен толығырақ танысу;

-ата-аналармен мектепке дейінгі білім беру ұйымы арасында тығызбайланыс орнатып,жобаға жағымды көзқарас орнату;

-әр-түрлі тәсілдер арқылы мәселені өзбетінше түсініп,салдарын жобалап,міндеттерін қабылдай алу қабілеттерін дамыта отырып бағыт беру;

-«Жеңіс», «Тәуелсіздік» сөздерінің қадір-қасиетін ұғынатын орта қалыптастыру:

II кезең.

Практикалық-

Жобаны жүзеге асыру кезеңі.

18.02.2020

Сейсенбі

19.02.2020

Сәрсенбі

20.02.2020

Бейсенбі

-Белсенді шығармашылық ізденіс кезінде барлық дерек көздері қамтылды;

-Ұлы Жеңістің -75 жылдығына арналған видеоматериалдар,суреттер, ҰОС батырларының суреттері мен майдан алаңынан үзінділер көрсете отырып балалардың білім қорын арттыру мен жетілдіруге жол ашу;

-Саябақта орналасқан «Мәңгілік алау» монументіне гүл шоғын қою арқылы,елі мен жері үшін жанын қиған боздақтарға тағзым етіп бала бойындағы құрмет сезімін дамыту;

-Ауылымыздағы «ҰОС ардагері Мамбетов Ыбырайком» атамызға қонаққа бару,естеліктерімен бөлісу,орден медальдарын құрмет граматаларын тамашалау арқылы балаларға мақтаныш сезімін ояту;

-«Жеңіске қабілетті ұрпақ-дені сау ұрпақ»-дене шынықтыру маманымен біріккен эстафеталық шара нәтижесінде балалардың қимыл-қозғалысын арттырып, физиологиялық тұрғыда дені сау ұрпақты шынықтыру;

-«Ерекшелікпен тәрбиелеу,ізденіс,идеялар» -балалардың шығармашылық,эстетикалық талғамына ой-қиялына ерік беру арқылы мәңгілік алау, Қазақстан қарулы күштерінің құрал-жабдықтарының макеттерін жасау;

-Ата-аналармен бірлескен шара менің көзіммен «Ұлы жеңіске-75 жыл» сурет көрмесі;

-Жоба жетекшісі;
IIкезеңнен күтілетін нәтиже:

-Балалардың жеңіс туралы білім деңгейі жоғары дәрежеге жетті;

-«Тәуелсіздікті сақтап қаламын,ол үшін…» ой тастау арқылы балалардың өз ойын анық жеткізуге,сөздік қорын молайтуға,сыни ойлау қабілеттерін дамыта отырып ,нәтижені болжай алуға баулу;

-Сурет көрмесі нәтижесінде ата-анамен балабақша арасындағы қарым-қатынастың жаңа формасына өту;

-Балалар әрекетін мәселе ортасына қарай ұйымдастыру арқылы топпен жұмыс жасау қабілеттерін келесі сатыға көтеру;

-Балалар «Ұлы Жеңіс» тақырыбына тән белгілі бір білім қорына ие;

III кезең.

Жобаның нәтижелерін бақылау.

21.02.2020

Жұма

-Дайын өнімді ұсыну;

-Балалар дайын материалдар мен өнімді көрерменге,эксперттерге көрсетеді;

-Топ ішінде «Ұлы Жеңіске-75 жыл» бұрышының ашылуы;

-Әдіскер;

-Меңгеруші ;

-Жоба жетекшісі;

-Ата-аналар;

-Қатысушы топ;

III кезеңнен күтілетін нәтижелер:

-Жобада қаралған барлық мәселелер түгел дерлік шешімін тапты;

-Балалар жоба кезінде асқан қызығушылықпен барлық кезеңдерін тәмәмдады;

Қайырлы күн! Құрметті ата-ана!!!

Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 75 жыл!
Биыл 75-ші рет Ұлы Жеңістің қуанышын тойлағалы отырмыз және бұл мерекені лайықты атап өту қазіргі ұрпақтың парызы деп білеміз. Жыл өткен сайын Отан үшін болған Ұрыстың маңызы және онда қаза болған бабаларымыздың ерліктері мәңгі жадымызда. Ерлік ешқашан да ұмытылуға тиісті емес.

1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Халық үшін бұл ауыр кезең болды.
Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 миллион 700 мыңнан астам жауынгер қатысты. Олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тауып, хабар — ошарсыз кетті.Қазақстаннан құрылған әскери дивизия ең қауіпті жерлерде соғысты. Генерал Панфилов бастаған 28 — ші дивизия жауынгерлерінің аттары Ұлы Отан соғысының тарихына алтын әріптермен жазылған.
Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара түнге айналдырмақ болды. Ұлы Отан соғысында 1418 күн ішінде 20 миллион адам қаза болған, әр күн сайын 14 мың солдат, 1 сағат сайын 600 мың адам, әр минут сайын 10 адам көз жұмған.

Жеңіс күні- адамзат аңсап өткен күн, жеңістің туын тіккен күн -1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні.

Қаптап көкке абырой мен бақ құсым,

Тыныштықпен ата бер менің ақ таңым.

Ғасырдан ғасырға өтіп, тарих шежіресіне талай ерлік пен қаһармандардың үлгілері жазылар. Бірақ, солардың ішінде Ұлы Отан соғысы гитлершіл Германия әскерлерін талқандап, жер жүзін фашизм апатынан аман алып қалған Ұлы Жеңісі халық қаһармандарының өшпес өнегесі болып мәңгі жарқырай береді.
Бүгінгі жастардың болашағы, бақыты үшін, қан төккен әскер мен апалардың даңқы еш уақытта өшпейді! Олардың рухына біздер тізе бүгіп, бас иеміз. Міне, біз сол тамаша Жеңістің 75 жылдық ұлы мерекесін тойлағалы отырмыз. Ер жігіт етігімен су кешіп, от басқан, ат ауыздығымен су ішкен, сұр шинельді төсек етіп, ақ қар, көк мұз жастанып, жаумен шайқасқан. Ұлы Отан үшін жанын қиған ер жүрек батырлардың қаһармандық ісі еш уақытта ұмыт болмайды, мәңгі есте сақталуы үшін сізболып біз болып ұрпақжадында жаңғыртуға ат салыссақ нұр үстіне нұр болар еді.

Есімде,мен мақтан тұтамын !

Ұлы Жеңістің -75 жылдығына орай ұсынылған жобадан. Мәңгілік алау монументіне гүл қою сәті. ҰОС ардагері Мамбетов Ы. кездесу сәті.

«Мен мақтан тұтамын» жобасы аясында топ ішінде ашылған «Ұлы Жеңіске-75 жыл» бұрышы.

Ата-аналармен бірлесе ұйымдастырылған «Ұлы Жеңіске-75жыл» тақырыбындағы сурет көрмесі.

Балалардың шығармашылықпен айналысу сәті.

Балалар майдан алаңынан үзінділер тамашалаған сәттен.

«Мақта қыз бен мысық» ертегісі

Өткізген: Жақсымова Айдана

Таушық -2019

Білім беру саласы: Көркем әдебиет.

Сабақтың мақсаты: Ертегілер туралы білімдерін күшейту. Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізу. Баланың сөздік қорын дамыту, ертегі кейіпкелерін ажырата білуге үйрету, балаларды еңбекке, татулыққа тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер: сұраққа жауап беру, «Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кейіпкерлердің рөлін сомдау.

Қажетті нәрселер: Ортада үстел үстінде ыдыстар, шелек, мақта қыз, мысық, сиыр, ағаш, дүкенші, тауық, тышқан киімдері.

Тәрбиеші: Ендеше ертегі кейіпкерлерінің рөлінде өзіміз ойнап, сахналаймыз. Бұл ертегі Ыбырай Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық» ертегісі.

Ерте, ерте, ертеде,

Ешкі құйрығы келтеде,

Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті.

Мақта қыз үстел үстін реттейді. Ыдыстарды жиыстырған кезде мейіз тауып алады.

Мақта қыз:

  • Мияуым менің, қайдасың?
  • Тарғылым менің, келе ғой, мен саған мейіз беремін (мысық келмейді)

  • Келмесең, келмей –ақ қой, өз обалың өзіңе,- деп (мейізді қыз жеп қояды)

Тәрбиеші: Осы кезде үй артынан «мяу» деген дыбыс шығады.

Мақта қыз ыңылдап ән салады, мысық шығады.

Мақта қыз: Мысығым-ау, мысығым,

Тарғылы жақсы түсінің.

Таңертең де, кеште де,

Бетін жуған пысығым.

Піш — піш десем, келе ғой,

Айтқаныма көне ғой.

Шақырғанда піш-піш деп,

«Мяу! -деп дыбыс бере ғой.

Тәрбиеші: Сол кезде мысық шығып Мақта

қызға өлең айтып береді.

Мысық: Менің атым мысық,

Екі көзім қысық.

Тышқан аулап отырамын

Сүт-көжемді ішіп –дейді

Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?

Мақта қыз: -Айтпаймын!

Мысық: -Ендеше, мен сенің қатығыңды төгемін.

Мақта қыз: — Ой,ой. Сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын!

Тәрбиеші: (құйрығын кесіп алады)

Мысық: Берші, құйрығымды!

Мақта қыз: Бермеймін! Қатығымды қайтарып бер!

Тәрбиеші: Сөйтіп, мысық сиырға келеді.

Сиыр: Менің атым сиыр,

Өрісім алыс қиыр.

Етім үшін, сүтім үшін,

Адамдар маған үйір — дейді.

Мысық: Мяу, сиыр, сиыр, сен маған қатық берші!

Тәрбиеші: Сөйтіп, мысық ағашқа барады.

Ағаш: Мен жасыл ағашпын,

Күтсеңдер гүл ашам,

Жолыңа нұр шашам,

Жапырағым азық,

Бұтағым қазық.

Саяма сағаларсың,

Салқындап дем аларсың.

Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші!

Ағаш: Маған су әкеліп бер мен шөлдедім, мен саған жапырақ беремін.

Тәрбиеші: Сөйтіп, мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығады.

Қыздар: Су — тіршілік негізі,

Онсыз өмір сүрмейсің.

Тазалықтың негізі,

Су деп қана білгейсің

Мысық: Мяу, қыздар маған су беріңдерші.

Қыздар: Сен бізге дүкеннен сағыз әкеліп бер, біз саған су береміз.

Тәрбиеші: Сөйтіп, мысық дүкеншіге келеді.

Мысық: Мяу, дүкенші, дүкенші маған сағыз берші.

Дүкенші: Маған жұмыртқа әкеліп бер, мен саған сағыз беремін.

Тәрбиеші: Мысық әбден шаршады жұмыртқа іздеп тауыққа барады.

Тауық: Мен ақ тауықпын,

Өзім қақсауықпын.

Тәрбиеші: —деп тауық әндетеді.

Мысық: Мяу, тауық, тауық маған жұмыртқа берші.

Тауық: Сен менің балапандарыма дән әкеліп бер, біз ашпыз.

Тәрбиеші: Мысық ойға батып, басын ұстап не істерін білмей отырып қалады.

Осы кезде бір тышқан жүгіріп шығып, інді қаза бастайды.

Тышқан: Мен тышқанмын,

Өзім дән екпеймін.

Егістен ұзап кетпеймін,

Айналам толы ән,

Қоймам толы дән,

Дәнді тастап кетпеймін.

Тәрбиеші: — деп ән салып

жүрген тышқанды мысық

бас салып ұстап алады.

Мысық: Айт, үйіңде не

бар? Жаныңның барында айт, тез, әйтпесе, қазір жеп қоямын.

Тышқан: Сен маған бір ән айтып бер.

Мысық: «Қошақаным» әнін айтып береді.

Жазда апамның аулына,

Барып едім қыдырып.

Бір қошақан алдымнан,

Шықты ойнақтап жүгіріп.

Тәрбиеші: Тышқан мысыққа рахмет айтып, бір уыс тары береді, мысық дәнді тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді, мысық жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші мысыққа сағыз береді, сағызды мысық қыздарға береді, қуанған қыздар мысыққа су береді, суды мысық ағашқа құяды, шөлі қанған ағаш мысыққа жапырақ береді. Жапырақты мысық сиырға береді, сиыр оған қатық береді.

Тәрбиеші: Мысық қуанып, қатықты мақта қызға береді.

Мысық: Мақта қыз, қатығың міне мен енді бұзық болмаймын, айтқаныңды тыңдаймын.

Тәрбиеші: Сөйтіп Мақта қыз қатығын, мысық құйрығын қайтарып алып, екеуі тату-тәтті өмір сүрген екен.

Тәрбиеші: Балалар сендер «Мақта қыз бен мысық» ертегісін жақсы ойнадындар, енді тобымызға оралайық, көзімізді жұмып, айналайық (музыка қосылады). Орнымызға отырайық.

  • Балалар бүгін біз қайда қонаққа бардық?
  • Біз қандай ертегіні сахналадық?

Балалар, сендерге көп-көп рахмет ертегі кейіпкерлерін жақсы сомдағандарың үшін, театры түрлерін ажыратып атап бергендеріне, менім сендерге аздаған сыйлықтарым бар.

Рөлдерді сомдаған:

Мысық- Айназ

Мақта қыз-Айару

Ағаш-Руслан

Тауық-Ерасыл

Тышқан- Абдолла

Сиыр-Айдос

Дүкенші -Айзере

Тақырыбы: Тазалық – денсаулық кепілі.
Мақсаты:
1. Денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, кір қолдың қандай ауруларға ұшыратынын, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын түсіндіру.
2. Оқушыларды білімділікке, салауаттылыққа өмір сүруге баулу. Оқушылардың өз ойларын айта білуі, өздері ой — түйін жасай білу дағдыларын дамыту.
3. Денесін шыңдауда шымыр да шапсаң ұқыпты да жинақы, ортаны таза ұстап аялауға, өз денсаулығын күте білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, нақыл сөздер, мақал — мәтелдер, жұмбақтар,тазалық құралдарының суреттері,интерактивті тақта.

Билингвалды компонент: гигиена – гигиена – hygiene; тазалық – чистота – cleanliness; жинақылық – опрятность – neatness.

Оқу іс-әрекеттерінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң ұстазым,

Қайырлы таң достарым.

Шеңберге тұрайық,

Жылулық сыйлайық.

Доброе утро учитель,

Доброе утро друзья

Посмотрите друг на друга

Пожелайте добра.

Good moning good moning

Good moning to you

Good moning teather

Good moning friends.

Балалар шаттық шеңберін қайталайды.
Ұйымдастыру-шылық -ізденістік Тәрбиеші:

-Балалар бүгінгі оқу-қызметіміздің тақырыбын білу үшін тақтадағы ребусты шешейікші.

-Қандай сөз шықты балалар?

-Жарайсыңдар!Балалар бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміз тақырыбы «Тазалық-денсаулық кепілі»-деп аталады.

-Біз бүгін тазалық дегеніміз не?

-Не таза болу керек?

-Дені сау адам қандай болады?

-Қолды қай кезде жуу керек?

— Тазалық сақтамасақ не болады?-деген сұрақтарға жауап іздейміз.

-Дұрыс айтасыңдар.

Тазалыққа ең алдымен адамның жеке басының тазалығы жатады. Жеке бастың тазалығын –гигиена деп атайды. Оған күнделікті әрекеттерге күн тәртібін белгілеп сол бойынша жұмыс жасасақ біз таза да үлгілі бала бола аламыз. Ол үшін таңертең ұйқымыздан оянғаннан кейін беті- қолымызды тазалап жуып, тісімізді арнайы тіс пастасымен тіс щеткасымен жуып балабақшаға келеміз. Балабақшада таңғы жаттығу жасаймыз және осы әрекеттерді күнделікті әдетке айналдыратын болсақ, біздің деніміз сау болып өседі.

Балалар сабағымызды сайыс түрінде өткізу үшін топқа бөлініп отырайық. Ол үшін менің қоржынымнан бір-бірлеп келіп текшелерді суырайық,әр текшедегі суретке қарап өз тобымызды тауып,отырамыз.

Балалар интерактивті тақтадан мына екі баланы салыстырып, қандай балалар екенін атайықшы.

Балалар сөздердің бастапқы дыбысына қарай ребусты шешеді.

-Тазалық.

Жуынып,тырнағымызды алып, шашымызды тарап, киімдерімізді таза ұстау.

-Дәретханадан шыққан соң, тамақтанар алдында, даладан ойнап келгеннен кейін.

-ауырып қаламыз.

-Балалар текшедегі суреттерге қарап сәйкесінше топтарына жайғасады.

-Кір-қожалақ салақ бала.

-Мұнтаздай таза бала.

Ғажайып сәт: Кір-қожалақ баланың кіруі.

Тәрбиеші:

-Балалар бұл кім таныдықпа?Қандай бала?Балалар онымен достасамызба?

Балалар сенімен достасқысы келмейді,сен ол үшін біздің топтың балалары секілді ақылды тап-таза болып жүруің керек. Келсесің ба? Біз саған көмектесеміз . Ендеше балалар кір-қожалақ баланы тазалық құралдарымен таныстырып,таза бала болуға шақырайық.Ал сен мұқият тыңдап ал.

-Балалар тазалық құралдарына нелер жатады?кім біледі алдымыздағы таяқшаны көтеру арқылы жауап береміз.

Жарайсыңдар балалар кім тазалық туралы тақпақ біледі?

-Жарайсыңдар! Ендігі кезекті жұмбақтарға берейік.Жұмбақты бізге аналарымыз қояды мұқият тыңдап,тақтайша көтеру арқылы жауап береміз.Қай топ сабаққа жақсы қатысса,көп жұмбақ шешіп, мақал айтса ішінде сыйлығы бар сиқырлы қорапша табыстаймын.

Ал,балалар ойнайық,

Ойнайық та ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық!

1. Бес сауысқан,

Бес сауысқанның басына

Тас жабысқан.

2. Дымқылдап күнде сен

Қолыңды сүйкесең

Кетіп кір,ласың

Тап-таза боласың

Бұл не?

3. Шомылған баланы

Аймалап алады

Сүртеді қолың да

Сүртеді жонын да

Бұл не?

4.Аузы жоқ,көзі жоқ

Тілі жоқ,сөзі жоқ

Бірақ та тісі жоқ

Шашыңмен ісі бар

Бұл не?

5. Үй ішінде

Отыз екі батыр,

Кіргендерді

Отап,турап жатыр.

6. Кішкене ғана тостаған,

Жер дүниені бастаған.

7. Күмбір-күмбір қарағым,

Қартайғанша жарадың.

8. Жайшылықта жекесің,

Қарай қалсаң,екеусің.

Енді қай топ мақал-мәтел айтуға жүйрік екен соны бақылайық:

Ал енді жұмбақ пен мақал-мәтелдерді, тақпақтарды өте жақсы айтқандарыңыз үшін төрт топқада сиқырлы қорапшаны табыстаймын. Қолдарыңды салып, сипап сезу арқылы ішіндегі қандай сыйлық екенін табамыз.Бұлар : тазалық құралдары сабын,сүлгі,тіс щеткасы, тарақ.

Өте жақсы біздің топтың балдарының тазалық туралы білімдерін көрдің ба кір-қожалақ?

Сенде жадыңда сақтап ал.Бүгінгі балалар берген мәліметтер ұнады ма? Енді тазалықпен дос боласыңба?

Тәрбиеші: -Балалар сыйлықтарыңды Кір-қожалақ балаға бересіңдерме?

Тәрбиеші: -Балалар келесі тапсырма интертақтадағы тазалық құралдарының санына қарай сәйкестендіру. Әр топтан бір-бір баладан келе қойыңдар.

-Кір-қожалақ бала.

Айназ:

Ана бала,түрін қара

Кір-қожалақ қап-қара

Тырнағы өскен,

шашы көптен

Алынбапты-ау масқара!

-Жоқ,достаспаймыз.

-Су,сабын,тарақ,сүлгі, тіс щеткасы,тіс пастасы,

сусабындар жатады.

Ражаб:

Микробтар қаскүнем,
Көрмесем де білемін.
Ішер кезде асты мен,
Қолды жуып жүремін.

Аймекен:

Тазалықты іздесең,

Шампунь,сүлгі керегі.

Бірі жуып шашыңды,

Бірі сүртіп береді.

Тазалықты іздесең,

Айна,тарақ керегі.

Бірі тарап шашыңды,

Екіншісі көреді.

Айдос:

Тазалықты іздесең,

Тіс пастадан табасың.

Тістеріңді шөткеге,

Тазалатып аласың.

Әлфия:

Дос бол сабын,сумен сен,

Жиі-жиі жуын сен.

Таңертең де,кеште де,

Жуын күндіз-түсте де.

Айару:

Басты байлық-денсаулық,

Бабаң айтқан даналық.

Сақта жолын сен тауып,

Осы шақтан балалық.

Бақтияр:

Су-өмір жүрегі

Денсаулық тірегі.

Шөлдесең, қанасың,

Жуынсан тазасың.

Ерасыл:

Тазалықты сүйеміз,

Таза болып жүреміз.

Біз баламыз шыныққан,

Денсаулығы мықты жан.

(Саусақ,тырнақ)

(палец,ногти)

(fingers.nails)

(Сабын)

(мыло)

(soap)

(Сүлгі)

(полотенце)

(towel)

(Тарақ)

(расческа)

(comb)

(Тіс)

(зуб)

(tooth)

(Көз)

(глаза)

(eyes)

(Құлақ)

(ухо)

(ear)

(Айна)

(зеркало)

(mirror)

Айзере:

«Денсаулық-зор байлық»

Данияр:

«Дені саудың-жаны сау»

Айназ:

«Ауырып ем іздегенше,

Ауырмайтын жол ізде».

Аймекен:

Бірінші байлық-денсаулық

Екінші байлық-ақ жаулық

Үшінші байлық-он саулық

Гүлімай:

«Тазалық-денсаулық негізі

Денсаулық-байлық негізі»

Берді:

«Шынықсаң-шымыр боларсың»

Ғибрат: «Денсаулықтың кепілі тазалық»

Ғазиза:

«Аурудың жақсысы жоқ

Дәрінің тәттісі жоқ»

Аяулым:

«Салақ бала-сасқалақ,

Ұқыпты бала-басқарақ»

-Балалар қорапқа қолдарын салып,сипап сезу арқылы қорапшаның ішінде не бар екенін анықтайды

Кір қожалақ бала:

-Иә,мен барлығын түсіндім.Бірақ менің тазалық құралдарым жоқ еді…

-иә

Кір-қожалақ: Рахмет сендерге көп-көп! Енді менде сендер сияқты тазалықтың досымын.

Балалар тақтадан санына қарай сәйкестендіріп көрсетеді.

Сергіту сәті:

Жаңа сөз,жаңа құрал:

Шығармашылық жұмыс:

«Бала,бала балапан» әні

-Балалар мен сендерді бүгін сендер бұрын еш жерден көрмеген құралмен таныстырамын. Ол «микроскоп» деп аталады. Оны көзге көрінбейтін ұсақ бөлшектерді,микробтарды көру үшін қолданады. Балалар пайдаланып көргілерің келе ма?

Балалар алдарыңыздағы кестеде нүктелер салынған,санап бөлшектердегі сандарға сәйкесінше желімдеп құрастыру арқылы бір сурет шығару.

Балалар қимыл-қозғалысымен қайталайды.

Балалар қыуғышылық танытып,қуана қуана «иә»дейді.

Балалар топ болып жұмыстанады.

Рефлекцикалық түзетушілік: Сонымен адам:

  1. Аптасына бір рет моншаға бару, душ қабылдауы керек.
  2. Аптасына бір рет тырнағын алу керек.
  3. Бірнеше рет шашын тарау керек.
  4. Әркімнің өз тарағы, тіс щеткасы, қол орамалы болу керек.

Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл — күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан.

Балалар хормен:

Жадыраған Күндейміз,Күндейміз!

Жайнап өскен Гүлдейміз,Гүлдейміз!

Тұнық таза Ауамыз,Ауамыз!

Жадыраған Сумыз біз,Тазамыз,Тазамыз!

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Таза бала мен кір-қожалақ баланың айырмашылығын біледі.

Игереді:Тазалық құралдарын етене танып,олардың қызметін игереді.

Меңгереді:Тазалық сақтаудың адам денсаулығына пайдасын меңгереді.

«Тазалық-денсаулық кепілі»

Ұйымдастырылған ашық-оқу қызметі.

Балалар микроскоппен жұмыс жасау арқылы таза су мен лас судың айырмашылығын бақылады.

Тақырыбы: «Батыл да қайсар өрт сөндірушілер»
Мақсаты:

Білімділік:Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы

білімдерін толықтыру. Қауіп төнген кезде өздерін

қорғай білуге машықтандыру.Өрт сөндірушілердің

қалай жұмыс жасайтынын көрсете отырып, осы

мамандыққа деген құрмет сезімдерін күшейту.

Тәрбиелілік: ұқыптылыққа,тұрмыстық техникаларды пайдаланғанда қауіпсіздіік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.Үлкендердің тілін алуға тәрбиелеу.
Дамытушылық:адам өміріне өрттің зиянды екенін біле отырып сіріңкені, тұрмыстық техникалық заттарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі:өрт сөндіруге арналған құралдар,интерактивті тақта, жұмбақтар,тақпақтар,өрт сөндіру көлігі.

Билингвалды компонент: Өрт-пожар,өрт сөндіруші көлік-пожарная машина.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті: Балалардың іс-әрекеті:
Мотивациялық-қозғаушылық: Шаттық шеңбері.

Қайырлы таң достарым!

Қайырлы таң ұстазым!

Шеңберге тұрайық,

Жылулық сыйлайық!

Доброе утро друзья,

Доброе утро учитель,

Посмотрите друг на друга

Пожелайте добра!

Good morning,good morning

Good morning to you!

Good morning,good morning

We are glad to see you!

Балалар шаттық шеңберін айтады.
Ұйымдастырушылық- ізденістік: Ой қозғау:

Тәрбиеші:

-Оттың жақсы да жаманда жақтары болады.От — өмірімізге қуат беріп бойымызды жылытады. Отсыз – тіршілік жоқ. От жағылмаса тағамымызда піспейді, үйімізде жиналмайды.Ал, тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді.Қазақ халқы үйді отпен жылытқан.

Сонымен от- өміріміз десек те, оның әлемі жайлаған алапатының бірі өрт — шығаратынында естен шығармағанымыз жөн.

Балаларға бейнеролик арқылы инетерактивті тақтадан өрт қауіпсіздігінің негізгі қағидаларын тамашалау.

Тәрбиеші:

-Балалар бейнероликтен нені түсіндіңдер?

-Өрт шыққанда кімдер көмекке келді?

-Өрт шыққан жағдайда қандай номерді тереміз?

-Сіріңкемен ойнауға бола ма?

-Өрт сөндіруші көліктің түсі қандай болады?

-Өрт сөндірушінің киімі қандай болады деп ойлайсыңдар?

-Өрт сөндіруші көлік неліктен дабылын қосып жүреді?

-Жақсы балалар сендер өрт қауіпсіздігі жайлы біледі екенсіңдер.

Тәрбиеші:

-Балалар «Үйшік» ертегісін барлығымыз білеміз. Солай ма? Кімнің есінде қанай еді?

Олай болса бүгін олар бізге қонаққа келіпті.(Көрініс арқылы ертегі кейіпкерлерінің бастан өткен хикаясын тамашалау)

Тәрбиеші: Ерте,ерте ертеде. Ешкі жүні бөртеде,баяғы өткен заманда бір аппақ өзі сондай сүйкімді қоян болыпты. Қоян орманда секіріп келе жатып әдемі үйшікке тап болады.

Қоян:-үйшік,үйшік бұнда кім тұрады? Бұл кімнің үйшігі?

Үйшікте ешкім тұрмаса мен тұрайын деп өмір сүре бастайды. Күн артынан күн өтіп бір күні орманда тышқан келе жатып үйшікке тап болады.

Тышқан: — үйшік,үйшік бұнда кім тұрады? Бұл кімнің үйшігі?

Қоян: -бұнда мен тұрамын,қаласаң менімен бірге тұр.

Тәрбиеші: -Осылай тышқан мен бақа бірге тату-тәтті өмір сүріп жатады.Бір күні бақылдауық бақа келіп олда үйшікте тұра бастайды.

Бақа,тышқан,қоян өлең айтып ойнап отырады. Бір кезде сіріңке тауып алып сонымен ойнауға кіріседі. Абайсызда өрт пайда болып жануарлар қорыққаннан жылайды.

Тәрбиеші : -Балалар біздің көмегіміз қажет.

Өрт сөндіру көлігімен өрт сөндіруші көмекке келіп,өртті сөндіреді.

Өрт сөндіруші:

Балалар ау , балалар,

Сіріңкеге қараңдар.

Өзі кішкентай болса да,

Бойында алып күші бар.

Сіріңкемен ойнасаң,

Абайсыздан өрт шығады,

Соны есте сақтаңдар!

Балалар олардың сіріңкемен ойнауы дұрыс па? Қане оларға тақпақтарыңды айтып беріңдерші:

-Ал енді өрт, от туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме?

Тәрбиеші: -Балалар өте жақсы енді топқа бөлініп, қонақтарымызбен бірге өрт туралы білгендерімізді ойын-жарыс арқылы көрсетейік.

Дидактикалық ойын№1: «Өрт сөндірушіге хабарлас»

Ойынның шарты: Жүгіріп келіп өрт сөндіруші мекеменің номерін теріп «Өрт шықты» деп айту керек. Келесі бала ары қарай жалғастырады.

Дидактикалық ойын №2 «Сумен өрт сөндіру»

Ойынның шарты: Балалар ыдыстағы суды кішкене шелектермен қарама-қарсы шелекке тасу.

Тәрбиеші: -Балалар енді өрт сөндіруші құралдармен таныс болайық.Мен сендерге қызықты тәжірибе жасап көрсетемін мұқият тамашалаймыз.

Майшамды құммен,сумен,оттегі жоқ орта арқылы сөндіруге болатынын дәлелдеу. Одан басқа өрт сөндіргіш арнайы құралды таныстыру,конус шелек пен күрек,қалың көрпе киіз арқылы да сөндіруге болатынын атап өту.

Дидактикалық ойын№ 3: «Сәйкестендір»

Ойынның шарты:Екі себеттің біріне өрт тудырушы заттарды, екіншісіне өрт сөндіруші құралдарды саламыз.

Сергіту сәті:

Тәрбиеші:

Балалар ендігі тапсырма «Ойлан тап» деп аталады.Алдарыңдағы тақтада түрлі-түсті ноталар бейнеленген. Әрбір нотада өртке байланысты жұмбақтар жасырылған.Сендер әрқайсысың шығып нотаның түсін таңдайсыңдар.Таңдалған нотаның жұмбағы жасырылады.

Жұмбақтар:

Қызыл нота:

Жуылған киімдеріміздің қыртысын кетіріп,ретке келтіретін зат.(Үтік,утюг, iron)

Көк нота:

Күнді жіпке байладым

Күндіз ұйықтап,түнде тұрар

Айналаны жап-жарық қылар

(электр шамы,лампа,lamp)

Жасыл нота:

Бір үйде елу батыр,

Тізіліп жатыр

(сіріңке,спичка, match)

Сары нота:

Жалынменен алысқан,

Өрт сөндіріп жарысқан.

Жалыннан еш қорықпай,

Бәріне де көмек берер,

Дер кезінде көмекке келер,

Бұл ержүрек кімдер?

( өрт сөндірушілер,пожарные,
firefighters)

Қоңыр нота:

Жердің әрін жейді,

Жолда кезіккеннің бәрін жейді (өрт,пожар,fire)

Қара нота:

Өзінің түсі қызыл,дауысы шықса,жаңғырар

Өрт шықса көмекке дайын тұрар.

(өрт сөндіру машинасы,пожарная машина,fire engine)

Күлгін нота:

Бір ұяда топтасқан,

Түртіп қалсаң от шашқан.

(шырпы,спичка,match)

Шығармашылық жұмыс: Алдарымыздағы карточкаларда бейнеленген суреттерді санап,тиісті санды бояймыз.

Балалар бейнеролик тамашалайды.

Балалардың жауаптары.

-Өрт сөндірушілер

-101

-Жоқ

-Қызыл

-Жанбайтын матадан тігіледі

-Кептелісте тұрып қалмай,басқа көліктер жолберу үшін.

-Балалар ертегі желісін қысқаша атып береді.

-Балалардың біреуі келіп «101» номеріне қоңырау шалып өрт сөндірушілерді шақырады.

-жоқ.

Ерасыл:

От жақпа , күйерсің,

Өртеніп жүрерсің

Сіріңкені ұстасаң

Бәлеге түсерсің.

Аймекен :

Бықсып жанған от енді,

Алып ұшып жөнелді

Өшірем деп ұмтылған, балаларға көнбеді.

Данияр:

Отпен сен ойнама,

Өрт шалады айнала.

Ол тілсіз жау біліп қой.

Қызық көрем деп ойлама.

Бақтияр:

Үтікпен киім басады,

Сақтық керек сағанда,

Мұқият бол қашанда

Үйде жалғыз қалғанда!

Айдос:

Өрт пен түтін айнала,

Қарап тұрма жай ғана.

Тез хабар бер 101-ге

Уақытты сен байлама.

Ғибрат:Отпен ойнама, күйерсің.

Әлфия:Өрт тілсіз жау.

Берді:От жақпа –пісерсің,Ор қазба –түсерсің.

Ғазиза:Ойын түбі-от!.

Қатысушылар: Абдолла Аяулым

Нұрислам Айару

Расул Гүлімай

Мадияр Мадина

Қатысушылар:

Рахман Айзере

Руслан Әлішер

Аймекен Айназ

Балалардың көздері жетеді.

Балалар себетке салады.

Балалр сабағымызды қорыту үшін «Болады-болмайды» ойынын ойнайықшы. Мен сендерге сұрақ қоямын, сендер не болады, не болмайды деп жауап берерсіңдер.

«Болады-болмайды» ойыны.

1.Сіріңкемен ойнауға бола ма? болмайды.

2.Өрт болғанда 101 нөмеріне қоңырау шалуға бола ма?

3.Үлкендерді айқайлап көмекке шақыруға бола ма?

4.Өрт кезінде керует астына, шкаф ішіне тығылуға болма ма?

5. Өрт кезінде лифтіге мінуге бола ма?

6.Көршілерден көмек сұрауға бола ма?

7.Түтін кезінде ауызымыз бен мұрынымызды дымқыл шүберекпен жабуға бола ма?

8. Өрт кезінде терезе ашуға бола ма?

-болмайды.

-болады.

-болады.

-болмайды.

-болмайды.

-болады.

-болады.

-болмайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:Өрт сөндіруші көлктің түсін,өрт сөндірушінің кім екенін, пайда болу жолдары мен сақтану жолдарын біледі;

Игереді: Өрт шықса «101» номеріне қоңырау соғып,қалай баяндау керектігін игереді.

Меңгереді: Өрт сөндіру құралдарының қызметін,өрт сөндірушінің қызметінің пайдасын,өрт кезінде жасайтын іс-қимылдарын меңгерді.

«Батыл да қайсар өрт сөндірушілер»

Ұйымдастырылған ашық-оқу қызметі.

Тәжірибе мен дидактикалық ойын сәті.

Шығармашылық жұмыс сәті.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.