Жаңа сабақтар

Битимбай Самал Аманқызы

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Таушық ауылы

«Гауһар» жекеменшік балабақшасының тәрбиешісі

Битимбай Самал Аманқызықызы

Тақырыбы: Жолда жүру ережесін сақтаймыз!

Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, балаларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

Ұйымдастыру формасы: сахналау

Әдіс-тәсілдері: демострация-иллюстрация әдісі, әңгіме, түсіндіру ойын.
Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер , интерактивті тақта, бағдаршам

Билингвальды компанент: Бағдаршам-светофор-sraffic light: жолсақшысы-милиционер-policemen: автобус-bus: жол-дорога;путь-way

Жоспар:

І. Ұйымдастыру бөлімі
Сәлемдесу

Психологиялық сәт.

ІІ Негізгі бөлім

а) Кіріспе сөз: «Жол заңы»

ә) Сұрақ – жауап: «Жол ережелері»

б) Жұмбақтар шешу

в) Сахналық көрініс: «Қожанасыр мен есегі Хума»

г) Ойын: «Бағдаршам»

ғ) Шығармашылық. Жол белгілері

д) Сергіту сәті

ІІІ. Қорытынды бөлім

Ән: Бағдаршам

Тәрбие сағатының барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық тренинг. «Достық шеңбері» сәлемдесу.
Ұл – қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.
Біздер – қазақ баласы,
Сәлем – сөздің анасы.

Тәрбиеші:
– Балалар тақтадан не көріп тұрмыз?
Балалар: көшелер, көліктер.
Тәрбиеші: Жолдар қандай болады?
Балалар: Тегіс жолдар, кең жолдар, тар жолдар, ұзын жолдар, қысқа жолдар..

ІІ. Негізгі бөлім

Кіріспе: жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, қыстың күні жолда сырғанап шана тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.
Сондықтан әрбір бала «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі, тәртіпті бала көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.

Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды ?

Балалар: үлгілі,тәртіпті бала.

Жұмбақтарды шешу:
Тәрбиеші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.

  1. Ала таяқ ұстаған,
    Жол тәртібін нұсқаған,
    Өміріңді күзеткен,
    Ысқырықпен түзеткен.
    (Жолсақшысы – Милиционер- policemen)
  2. Көше бойлап аяңдайды.
    Адам тасып аялайды. (Автобус)

  3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген ,
    Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)

  4. Өзі сөйлей білмейді,
    Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. (Бағдаршам)

Тәрбиеші: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп алу баршамызға керек.

Біздің қаламызда, ауылдарға ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені балалар да, үлкендер де, яғни барлық көлік жүргізетін жүргізушілер бұлжытпай орындауы керек.

  • Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік . Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.
  1. Жиек жол деген не ? (Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол)
  • Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? (Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді)

  • Сахналық көрініс: «Жол сақшылар», «Қожанасыр мен есегі Хума»

    Жол сақшылар әуенмен қадам басып келіп тұрады.

    Ән «Жас жолсақшылар»

    Тосады тағдыр сынақты,
    Алдыңа талай сұрақты,
    Бәрінің дұрыс шешімі
    Тәртіпті сақтау тұрақты

    Қ-сы
    Қозғалыс көлік жаңы
    Қатерге тап болады
    Қауіпен құтқарамыз
    Біз жолдың сақшылары

    Тобымыз:
    – Раушан!
    Ұранымыз:
    Ережені білеміз,
    Көшеде байқап жүреміз
    Біздің ұран осындай
    Сіздерге айтып береміз!

    Ғажайып сәт.(Видеролик)
    (Қожанасыр мен есегі Хумамен кіріп келеді)

    Есек:
    — Жол жүру ережелерін сақтауымыз керек. Жаяу адамдардың жүретін жолмен жүрейік. Әр белгіден көліктер тоқтаған кезінде өтеміз.
    Қожанасыр:
    — Не деп тұрсың Хума? Дүкен қарсы алдымызда тұр ғой. Сен болсаң сонша жер айналмақсың ба? Бұл уақытты өлтіру ғой.

    Есек:
    — Жооқ Қожеке мұның атын ереже дит. Мен Жол ережесіне қарсы шыққым келмейді.
    Қожанасыр:
    — Ееенді түсіндім, сен жолдан өтуге қорқып тұрсың. Ендеше ережеңді сақтап, дүкенге өз жолыңмен барағой. Солайма, көрейік алдымен кім жетер екен! (осы кезде есек өз жолымен кетеді, Қожанасыр көлік өтетін жолмен өтпекші болып, көлік апатына түсіп қала жаздайды)

    Жол сақшысы:
    (ысқырып жанына барып)
    Сен неге жол ережесін бұзасың?

    Қожанасыр: Инспектор жолдас, енді тәртіпті бұзбаймын. Кешіріңізші мені!

    Жол сақшысы: Бағдаршамаға қара біз қазір жол ережесін түсіндіреміз!

    Бас көшеде қырағы
    Үш көзді дәу тұрады
    Ашқан кезде үш көзін
    Айтты деп біл үш сөзін
    Тоқта, сақтан, жол ашық
    Жүрме жолға таласып
    Қызыл көзін ашқанда
    (Бірге) Сынық сүйем баспа алға
    Сары көзін ашқанда
    (Бірге) Қарап қалма аспанға
    Жасыл көзін ашқанда
    (Бірге) Жүре бергін жасқанба

    Түсіндім балалар. Рахмет сендерге. Мен енді жол ережесін бұзбаймын. Бірақ балалар біздің тұратын ертегілер елінде бағдаршам өте аз, тіпті жоқ деугеде болады. Бізге бағдаршам бересіңдерме?

    Тәрбиеші: Жарайды, ендеше біздің ақылды әрі шапшаң балалар қазір сендерге жылдам бағдаршам жасап береді. (балалар бағдаршамның үш көзін жабыстырады)

    Ойын «Бағдаршам»
    Балалар бағдаршамға шарларды қою керек

    Ойыннан кейін Қожанасыр мен есек балалармен қоштасады.
    — Рахмет достарым, сендер өте ақылды, тапқыр әрі шапшаң балалар екенсіңдер. Мына бағдаршамдарды Ертегілер еліне алып кетейін. Сауболыңдар.

    Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз?

    Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағымызға көз саламыз.
    Егер ол жақтан машина келе жатса, өтіп кеткенше, сол орында күте тұрамыз.

    Тәрбиеші: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.
    Ендеше жол ережесі туралы тақпақтарымызды айтайық.

    Ғибрат:
    Ғибрат деген баламын,
    Мектепке енді барамын.
    Жүруді де үйрендім,
    Көшесінде қаланың.

    Айдос:
    Жол шетіне келгенде,
    Тоқтай қалып мен демде.
    Көз саламын арнайы
    Белгісі бар жерлерге.

    Айару:

    Көзі алысты қалт жібермей қырағы,
    Бір көз жанса, қалғаны өшіп тұрады.
    Қызыл, сары, жасыл түсті көздердің
    Бас әрпінен үш түрлі ұғым шығады:

    Рәжаб:

    Қ — Қызыл түс — қимылдама, баспа алға,
    Қиылыста қарап тұрма аспанға.
    С — Сары түс — сәл сабыр ет, дайындал,
    Ж — Жасыл түс, жүре бергін, жасқанба.

    Сергіту сәті. Ән: «Паравоз»
    (Балалар көңілді әнді қимылмен айтады)

    Шығармашылық: Әр бір бала жол белгілерін құрастырады және оны қорғайды.

    • Мына белгі тамақтану орыны бар деген белгі. (Руслан)
    • Қауіпті бұрылыс (Ерасыл)
    • Бұл белгі автобус аялдайтын. (Данияр)
    • Жасанды ойлы – қырлық! Лежающий (Мадина)
    • Балалар! Балалар шыға келуі мүмкін. (Әлфия)
    • Велосипед жүруге тиым салынады. (Ғибрат)
    • Жол жұмыстары (Абдолла)
    • Кіруге тиым салынады (Расул)

    III. Қорытынды бөлім

    Тәрбиеші:

    Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз?
    Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағымызға көз саламыз.
    Егер ол жақтан машина келе жатса, өтіп кеткенше, сол орында күте тұрамыз.

    Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі «Жол ережесін сақтайық!» атты ашық оқу қызыметінде барлықтарын белсене қатыстыңдар. Сол үшін жолда жүру ережесімен танысты деген төсбелгімен марапатталасыңдар!

    Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе жол ережесін бұзбай, тәртіпті сақтап, аман — есен жүрелік! Деніміз сау, еліміз тыныш болсын!

    Білім беру саласы: Таным.

    Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу.

    Тақырыбы: Қызыл,жасыл,сары.

    Мақсаты: Жолдағы ережелер мен жол қауіпсіздінің алдын алу.

    Білімділік: Балаларға бағдаршам ,жол ережелері туралы түсінік беру.

    Тәрбиелілік: Балаларға адам өміріне ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу. Балаларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

    Дамытушылық: Адам өмірін сақтау үшін жол қауіпсіздігінің ережелерін орындауды дамыту.

    Қолданылатын көрнекіліктер: Бағдаршам, инспектор макеті.

    Әдіс-тәсілдер: Көрсету,сұрақ-жауп,ойын.

    Билингвалды компонент: Жол-дорога, бағдаршам-светафор.

    Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
    Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері

    Табиғат біздің анамыз,

    Табиғатқа баламыз.

    Иіліп сәлем береміз,

    Біз бақытты баламыз.

    Балалар шеңбер құрып тұрады.
    Балалар бүгін біз жол ережеісімен танысамыз. Жолда жүргенде балалар адамдардың да көліктердің де жол жүру ережесі бар. Ал енді балалар мен сендерге жол ережесі туралы өлең оқып берейін мұқият тыңдайық.

    Қиылыс па ,бұрылыс па алдыңда.

    Темір жолға таяп әлде қалдың ба,

    Өзен барма,көпір барма, ор барма

    Мекені ме жабайы аң мен малдың да

    Соның бәрін біліп алда абай бол,

    Сенің аман жүргеніңді қалайды ол.

    Белгілердің сырын есте сақтап ал,

    Болашақта жүресің ғой талай жол.

    Тәрбиеші: Балалар бүгін біз бағдаршамға қонаққа барайықшы. Ол үшін осы балабақшамыздың алдынан автобусқа мініп, бағдаршам тұрған анау көшеге барайық. Авобус аялдамаға кідіріп тұр балалар,ал біз мына белгіге назар аударайыкшы қандай белгі? Балалар көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады, өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз оның сырын бірге біліп алуымыз керек.

    Бағдаршам: сәлеметсіздерма балалар! Мені барлық елдің балалары жақсы біледі. Бүгін маған қонаққа келген екенсіңдер ғой. Қош келдіңдер!

    Күндіз түні жанамын,

    Дабыл беріп бәріне.

    Үш түрлі түсім бар,

    Белгілі жас пен кәріге

    Мен бағдаршам боламын

    Тәрбиеші: сәлеметсіз бе бағдаршам. Бүгінгі біздің сабағымыз саған қатысты болмақ. Сондықтан да бізбен бірге бол. Балалар бағдаршам туралы не білеміз? Оның неше көзі бар? Оның көздері қандай түсте? Түстері не мағына береді кім айтады?

    Бағдаршам:

    Жарайыңдар балалар!

    Тәрбиеші:

    Бағдаршам біздің балалар өте ақылды.Бағдаршам туралы тақпақтар біледі тыңдап көріңізші.

    Бағдаршам:

    Йа, расында балалар ақылды екен. Балалардың тапқырлығын тағы да бір тексеріп көрейінші. Мен сендерге жұмбақ жасырайын кім тапқыр екен?

    Жұмбақтар.

    Жоқ өзінде баста ауызда құлақта,

    Бақырайған үш көзі бар бірақта.

    (бағдаршам)

    Арқаным бар тым ұзын, ала алмайсың бір үзім.

    Табыңдаршы балалар бұл жұмбақтаң шешімін.

    (жол)

    Ала таяқ ұстанған,

    Жол тәртібін нұсқаған

    Өміріңді күзеткен,

    Ысқырықпен Ятүзеткен.

    (Милиционер)

    Өзі сөйлей білмейді,

    Бірақ тоқта жүр дейді.

    (бағдаршам)

    Үш көзінде жалын от,

    Ал бірақта жаны жоқ.

    Кезектесіп ашылар,

    Кезектесіп жұмылар.

    (бағдаршам)

    Көше бойлап аяңдайды,
    Адам тасып, аялайды.

    (Автобус)

    Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
    Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)

    Тәрбиеші: Балалар олай болса көңілімізді көтеріп,өлең айтып бір сергіп алайық.

    Сергіту сәті: «Бала,бала,балапан» әні

    Тәрбиеші: Енді балалар жол ерережесін қаншалықты меңгергенімізді байқау үшін сіздерге тапсырма берейін.

    Мына тұрған велосипеттерді екі бала айдап көше бойымен қозғалайықшы.

    Балалар әр белгіге сай жауаптарын апйтады.

    Сәлеметсіз ба!

    Балалардың жауаптары.

    Аршын:

    Қызыл түсі жанғанда

    Қалт тоқтай қал табанда.

    Расул:

    Сары түсі жанғанда,

    Сақ бол абай барынша.

    Айзере:

    Жасыл жарық жол ашық,

    Жүгіре бер бел асып.

    Айару:

    Үлкен жолдың шетінде,

    Әмірші де, күшті де

    Бағдаршам екенін,

    Есте сақта достарым!

    Мәдина:

    Бұл сақшының үш көзді,

    Көздерінен ұқ сөзді.

    Ашса бұл дәу үш көзін,

    Тоқта! Сақтан! Жол ашық!

    Аймекен:

    Ашса кезек үш көзін

    Айтты деп ұқ үш сөзін.

    Тоқта,сақтан,жол ашық!

    Жүрме жолға таласып!

    Балалардың жауаптары.

    Балалар хормен өлеңді айтады.

    Балалар велосипетте жол бойымен қозғалады.

    Рефлекцикалық түзетушілік: Тәрбиеші: Балалар балабақшаға қайтатын уакытымызда болып қалған екен олай болса бағдаршамға рахмет айтып қоштасайық. Автобусымызбен балабақшаға оралайық!

    Бағдаршам:

    Балалар қай жерде болсын,қай елде жол ережесін сақтап бағдаршамға назар сала жүрейік! Аман-сау болыңыздар!

    Сау болыңыз бағдаршам!

    Күтілетін нәтиже:

    Біледі: Бағдаршам не екенін,түстерін.

    Игереді: Бағдаршаммен етене танысып,қандай қызмет атқаратынын игереді.

    Меңгереді: Жол ережесін сақтаудың маңыздылығын,жолдағы белгілердің мән-мағынасын меңгереді.

    Тақырыбы: «Отбасы – алтын діңгек» отбасылық сайысы.
    Мақсаты: Аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау. Ата – аналардың балабақшада, тәрбиешімен, басқа ата – аналармен тұрақты қарым-қатынас қалыптастыру.
    Түрі: Аналар мен балалардан құралған сайыс түрінде өтеді.
    Көрнекілігі: Әр отбасыға арналған слайдшоу, бейнесюжеттер, «Ақ құсым» әні.

    Шаттық шеңбері:
    Сәлеметсіздерме Аналар мен балалар және қонақтар! Бүгінгі отбасылық сайысты бастамас бұрын жақсы көңіл күймен шаттық шеңбер жасайық.

    Айару: Анасыздар, әр үйге панасыздар,
    Бала десе от болып жанасыздар.
    Сәтті басса ұрпағың, — мерей тасып,
    Қыз күлкісін сусын қып, қанасыздар.

    Рәжаб:
    Анасыздар — Ақ Еділ,
    Жайықсыздар- Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
    Маздататын, жүректе от лаулататын,
    Әр үйдің Күні десе, — лайықсыздар.

    Айдос:
    Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
    Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
    Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
    Өртеніп қастарыңнын кете алмаймыз.

    Барысы:
    Атамыз қазақ «Бала – адамның бауыр еті» «балалы үй базар» дейді. Өйткені бала – өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы бұл қоғамның негіз. Баланың болашақта жақсы адамзат болып өсуі үшін, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Бүгінгі біздің балабақшамызда өткелі отырған «Отбасы – алтын діңгек» атты сайысына қош елдіңіздер!

    Жүргізуші:
    Өнерпасздар өнерін салыстырып
    Бәйге үшін терлетіп шабыстырып
    Әділдікті қолдайтын баға беріп
    Жіберейік қазыларды таныстырып.

    Әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!
    1. Балабақша директоры: Әлішбаева Индира
    2. Би маманы: Шекербаева бибігүл
    3. Дене шынықтыру маманы: Мырзағалиева Айнаш

    Жүргізуші:
    Аналар бар өнерін салары анық
    Өнегелі тәлімді алған қанып
    Ал ендеше таныстырып өтейін мен
    Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.
    Сайыс бағдарламы 6 бөлімнен тұрады.

    1 – бөлім. Тныстыру. Мен және менің отбасым
    2 бөлім. Ана мен бала арасындағы қарым-қатынас (сұрақ-жауап)
    3 – бөлім. Ситуациялық сұрақ. Бала тілі бал.
    4 – бөлім. Құлаққап ойыны (баласының дауысын естімей ұғыну)
    5 – бөлім. Мақал – сөздің мәйегі, мақалды жалғастыру.
    6 – бөлім. Қолөнер (анасы мен баласы бірігіп қағаз кілейден бір нәрсе жасап шығады)

    Жүргізуші: номер жазылған карточканы алу арқылы сайысты кім бірінші бастайтынын анықтайық.

    I кезең
    Жүргізуші:

    Отбасымыз келіп жетті танысуға
    Сыпырды томағасын осы дұға
    Қызып келген қырандай керілтеді
    Әдеппенен ізетпен танысуға – әрбір отбасы өздерін таныстырып өтеді.
    1. Сәдірхановтар отбасы
    Шыр етіп туысымен адам болдым,
    Жыл сайын өсіп толып, өрлеп қондым.
    тобықтай тұла бойда бір мінім жоқ,
    Отбасылар сайысына бүгін анаммен келіп тұрмын.

    Атым Рәжаб болдаы сұрасаңыз,
    Сәдірхан екен кешегі бір атамыз.
    анам аты Гүлжияш күн нұрындай,
    Пана болып біздерге жүз жасаңыз

    1. Баймағанбетовтар отбасы

    Болашаққа зор үмітпен қараймын,
    Болысбай ұлы атадан тараймын.
    Кеудесінде ар мен намыс мақсаты көп,
    Мен Асылбекқызы Айару – қара қызы қазақтың.

    Анам Майра бет бұрған ұстаздыққа,
    Елімізге пайдалы іс қылмаққа.
    Жаннұр деген апам, Кәмшат дейтін сіңлім бар,
    Анаммен келдім сайысқа қатыспаққа.

    1. Өтеқасымовтар отбасы.

    Мен Өтеқасым атамның баласымын.
    Дана анам – өмірдегі жанашырым,
    Атам мен әжем менің, асқар тауым.
    Үйреткен тәрбиенің бар асылын.

    Ізімнен келе жатқан інімде бар,
    Обасым өмірдегі дара-шыңым.
    Менің асыл арманым, ғарышкер боп,
    Көрсету өнегенің жарасымын.

    Жүргізуші:
    II кезең
    Ана-бала, бала-ана бір ұғым
    Бір бірінсіз жоқ олардың бақыты
    Омыртқаның үзбеу үшін жұлынын
    Екеуінің өтсін бірге уақытыдей келе сайысымыздың келесі кезегін сұрақ – жауапқа береміз.
    Әр баланың анасына сұрақ береміз. Ал балалардан алдын ала алынғаг жауабын бейнесюжеттен көреміз және қосымша аналараға дайындаған салт – дәстүрге байланысты сұрақтар беріледі.

    1. Майра ханым
    1. Балаңыздың сүйікті мультфилімі?
    2.Балаңыз кім болуды армандайды?
    3. Сүйікті ойыншығы?
    4. Бастаңғы дегеніміз не?

    2. Гүлжихан ханым
    1. Сүйіп житін тағамы?
    2.Сүйікті әні?
    3. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
    4. Енші дегеніміз не?

    3. Дана ханым
    1. Сүйікті ертегісі?
    2. Сүйікті ойыншығы?
    3. Ең жақын досы?
    4. Сыбаға дегеніміз не?

    III Аналарға ситуациялық сұрақтар қойылады.

    1 — сұрақ

    Балаңыздың тобында қимыл-қозғалысы шапшаң, мінезі ауырлау бала бар. Балалардың барлығы сол баланың үстіне шағым айтады. Соның ішінде сіздің де балаңыз бар. Кеше балаңыз жылап сол баланың ұрғанын айтты. Сіздің әрекетіңіз?

    2 – сұрақ
    Балаңыз балабақшаға бару керек. Бастапқыда үйренуі қиын болды, уақыт өте келе бастады. Бірнеше рет барып, ойынын, өзін ұстауын тамашаладыңыз. Ойдағыдай еді… Алайда, ол бүгін балабақшаға бардан да, киінуден де бас тартты. Себебін сұрадыңыз, жауабын – «барғым келмейді, болды». Әдетінше көз жастар моншақтап аға бастады. Ал сіз жұмысқа бару керексіз. Дәл осындай тығырықтан шығу үшін не істейсіз?

    3 – сұрақ

    Сіздің балаңыз балабақшадан үйге келгеннен соң, денеқызуы көтеріліп, жағдайы нашарлай бастайды. Сіз еш түсінбей аяқ асты балаңыздың жағдайына алаңдап, кеше ғана бұндайы жоқ еді деп бірден кінәні балабақша мен тәрбиешіден көре бастайсыз. Алайда балаңыз дәрігердің тексеруінен соң жағдай жақсарады. Сіз алдыңғы іс-әрекетіңізге ойлана келе, қандай шешім қабылдар едіңіз?

    Бала тілі – бал. Балаларға арналған сұрақтар:

    1.

    1. Анаңның жасы нешеде?
    2. «Н» қандай дыбыс?
    3. «нағашы» деген кім?
    4. Балды жақсы көретін аң?

    2.

    1. Анаңның ең жиі айтатын сөзі?
    2. «Л» қандай дыбыс?
    3. Қорқақ аңды ата?
    4. Жиен деген кім?

    3.
    2. «Ш» қандай дыбыс?
    3. Аң патшасы?
    4. Бөле деген кім?

    Ivкезең
    Жүргізуші:

    Шебер болса тіл байып
    Шешендіктер бір ғайып
    Мақал-мәтел үйреніп
    Тілімізді шыңдайық
    –деп кезекті отбасылардың мақал-мәтел айт, яғни оны жалғастыру сайысына кезек берейік.

    1. Ана алдыда – құрмет, ………
      \Ата алдында – қызмет\
  • Ағайын – алтау, …………
    \Ана – біреу\

  • 3.Ата-ананың қадірін
    Балалы болғанда білерсің, ………
    \Ағайынның қадірін
    Жалалы болғанда білерсің\

    4.
    Бір бала атасына жете туады,
    Бір бала атасынан өте туады, ……
    \Бір бала кері кете туады\
    5.

    Бала тәрбиесі………….. \бесіктен\

    1. Балапан ұяда не көрсе,……..
      \Ұшқанда соны іледі\
  • Әдептілік белгісі — ………………\иіліп сәлем бергені\

  • Көп жасаған білмейді………… \көп көрген біледі\
  • «Жақсы бала – сүйеніш, ……….\жаман бала — күйініш»\
  • Әке көрген оқ жанар,………..\шеше көрген тон пішер\
  • Таза мінсіз асыл тас…………..
    \Таза мінсіз асыл сөз\
    \Ой түбінде жатады\

  • Әдепті бала атаанасын мақтатар…
    (Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)

  • Құлаққап ойыны.
    Анасына әуен айтылған құлаққап кигіземіз, ал баласы суретте бейнеленгенді айтады. Анасы баласының дауысы естімесе де іс-әрекетіне, ауызына қарап қаншалықты ұғынатынын аңғарамыз.

    VI кезең
    Қолөнер

    5ші кезең қолөнер, яғни балалар анасымен бірге отырып алдарыңызда қойылған түрлі-түсті қағаз, қайшы, желіммен бір нәрсе жасап шағарасыз.
    Қатысушылар болғанша тобымыздың өнерлі қызы Берікқызы Айназдың «Ақ құсым» әнін тыңдайық.

    Жүргізуші: Әділқазылар мүшелері сайыстың қортындысымен таныстырып, марапаттау рәсіміне көшейік.

    Құрметті аналар!

    Сіздердің отбасыларыңызға тек жақсылық тілеймін! Қыздарыңыз қызғалдақтай құлпыра берсін, ұлдарыңыз ізгі армандарыңызды орындай берсін деген тілекпен бүгінгі сайысты тәмамдаймын. Сіздерге алғысымды білдіремін! Келесі кездескенше хош сау болыңыздар!

    Күз аруы» сайысы

    Тақырыбы: Күз аруы
    Мақсаты:
    бүлдіршіндеріміздің бойындағы мідениеттілікті, рухани адамгершілікті, өнерге, білімгі деген шығармашылық ізденістерін дамыу. Арулардың қазақ қызына тән ибалылық, нәзіктік, инабаттылық қасиеттерін, сондай-ақ қолөнерге бейімділігін байқау болып табылады.

    Музыка залы мерекеге сай безендірілген. Балалар «Алтын күз» әнін шырқап салға кіреді.

    Жүргізуші:
    Армысыздар ағайын, құрбы – құрдас,
    Бармысыздар жан күйер, әз қауымдас.
    Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық
    Сайыста көңілменен қол соғайық! – дей келе, құрметті ата-аналар мен қонақтар «Аяулы күз-алтын күз» атты ертеңгілігімзге қош келдіңіздер!

    Жүргізуші:
    Біздерде ойын сауық басталады,
    Тамаша күй тартылып ән салады.
    Қошеметтеп қол соғып отыралық,
    Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды!!!
    Құрметті ата-аналар мен коңақтар!
    Біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз бүгінгі «Күз аруы» сайысында өнерлі де, әдемі, қызғалдақтай өсіп келе жатқан қыздарымыздың өнерін тамашалау. Ендеше ортаға қатысушы аруларымызды шақырамыз!

    1. Берікқызы Айназ
    2. Үйқашбай Айзере
    3. Әбіл Гүлімай
    4. Олжасқызы Әлфия
    5. Аманғали Ғазиза

    Жүргізуші:
    Әділ – қазы береді,
    Өздеріңе сыйлықты.
    Бізге айтып береді,
    Кім өнерші, кім мықты? – деп, әділ – қазы алқасымен таныстырып өтейік.
    Аруларымызды сахна сыртына шығарып салайық.
    Әділ – қазылар мүшелері.
    1.

    2.

    3.

    Жүргізуші:
    Көп сөйлеп жөн – жобадан аспайық біз,
    Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.
    Ал, енді сіздер рұқсат етіңіздер,
    Қанекей, күз аруы сайысын бастайық біз.
    Ендеше сайыскерлерімізге сәттілік тілеп, байқау шарттарымен таныстырып өтелік.

    1 – тур: «Таныстыру»
    2 – тур: «Кім ойға жүйрік» (жұмбақ шешу)
    3 – тур: «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерлерін көрсету)
    4 – тур: «Әсем біздің арулар»
    5 – тур: «Берекелі дастархан» (күзгі ас)

    І. Сонымен алғашқы сайысымызды бастаймыз «Таныстыру» сайысы! Ортада Берікқызы Айназ

    1. Даламызға келді міне Алтын күз,
    Күзгі балға қатысуға дайынбыз.
    Раушандай дара топтың атынан,
    Шықты міне алдарыңа алтын қыз.

    Таныстырсам өзімді
    Берікқызы Айназбын
    Беріктей әкенің
    Ерке өскен қызымын.

    Барша досқа сәттілік тілеймін мен,
    Тобымызға әкелем жеңісті мен
    Апайларым назар салып қараңыздар
    Аяқталсын бұл сайыс әділдікпен !

    2. Үйқашбай Айзере Сәтжанқызы
    Армысыңдар ағайын
    сәлемдесіп алайын
    Таныстырсам өзімді
    Сәтжанқызы Айзере
    Бұл сайысқа қатысып
    Күз аруы боламын!

    3. Әбіл Гүлімай
    Армысыздар ағайын
    Сәлемдесіп алайын
    Таныстырсам өзімді
    Жеңісбекқызы Гүлімай мен боламын

    4. Олжасқызы Әлфия
    Армысыздар асыл елім бағалы!
    Бұл байқаудың баға берер қонағы,
    Мен боламын Олжас Әлфия,
    Ал руым Жеменейдің Шолағы!

    5. Аманғали Ғазиза
    Атым Ғазиза болады сұрасаңыз
    Атам аты Аманғали
    Әкем аты Жұбаныш асқар тауым
    Анам аты Ақтоты жұмақ бағым.

    Жүргізуші:
    Келесі тұруымызға өтпес бұрын сахна сыртына аруларымызды шағарып салып балаларымыздың жыр шумақтарына берейік.

    Рәжаб: Жетті желмен алтын күз,
    Жеміс жинау салтымыз
    Жиып-теріп болған соң

    Той жасайды халқымыз,
    Мол өнімді жинаймыз
    Елге бәрін сыйлаймыз

    Абдолла:
    Армысыздар халайық,

    Бармысыздар халайық.

    Күзгі тойда жұп жазбай,

    Келіңдер қарсы алайық

    Руслан:
    Если небо хмурое.

    Если дождик льётся.

    Это время года.

    Осенью зовётся

    Айдос .Алтын,сары,қызыл, көк

    Алуан-алуан жапырақ

    Күзгі бақтар күлімдеп

    Көз тартады жалтырап

    Ерасыл:

    Вянет и желтеет.

    Травка на лугах.

    Только зеленеет.

    Озимь на полях

    Аймекен.
    Spring is green.

    Summer is bright.

    Autumn is yellow.

    Winter is white

    Бақтияр. Күн шуаққа маужырап,

    Жатыр еді атырап.

    Ағаштардан жамырап,

    Ұшты кенет жапырақ.

    Жүргізуші:
    2-тур. Кім ойға жүйрік. Жұмбақтар шешу. Аруларымызды қарсы алып, жұмбақ шешу кезіне өтсек. Кім табады қол көтеріп жауап береміз.

    1. Асық пісіп, орақ түсіп,
      Қырман дәнге толады.
      Бөбектерім, айтыңдаршы
      Бұл қай кезде болады?
  • Ағайынды бәрі, шықса – жасыл, түссе – сары. (жапырақ)

  • Аспанға ұшар бу болып,
    Жерге қайтар су болып. (бұлт)

  • Жерге тырс-тырс тамады
    Сайға қарай ағады
    Шешуін кім табады? (жаңбыр)

  • Жарты шеңбер алау күшті
    Қызыл-жасыл алуан түсті
    Көк төсінде қосақтасып,
    Жұбын жазбас қол ұстасып. (кемпірқосақ)

  • Қалың киімді ұнатады
    Шешіндірсең жылатады. (пияз)

  • Көк ала лағым
    Көгалда жатып семірді (қарбыз)

  • Көзге ілінбейді
    Жұтсаң білінбейді (ауа)

  • Аяқсыз жетіп барады,
    Қолсыз есік қағады. (жел)

  • Түндегі көп шырақты жағып
    Кім келіп таң алдында алып кеткен? (жұлдыздар)
    (Аруларымызды сахна сыртына шығарып салайық)


  • Жүргізуші:

    Қазақ қызы күлімдер күн көзіндей,
    Дөңгеленіп билейді ай жүзіндей
    Жұлдыздардай өрнегі аспандағы,
    Биші қыздар бұрала би билейді.
    Қолшатыр биімен қыздарымызды ортаға шақырамыз.

    Би: «Қолшатыр»

    Жүргізуші:
    Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,
    Өлең айтып, би билеп, жасап жатсаң текемет,
    Өнеріңді көрсетші құрбыларым, қанекей,
    Жұптарға сөз берелік біз жекелеп, дей келе «Өнерің өрге жүзсін» сайысын бастаймыз! Әр жұп өзінің дайындап келген өнерін ортаға салады.
    Ал, әділ қазылар өнерінің бағасын беріп отырайық.

    Жүргізуші:
    Модельер болу оңай ма?
    Қиналып жатсаң мұңайма.
    Әр мамандық өзгеше,
    Өз мәнінде, шырайда, — деп келесі кезекте «Сән үлгісі» сайысы. Бұл сайыстың шарттарымен таныстырып өтсек, сайыскерлеріміз күз байлығын көрсету мақсатында үйден түрлі күзгі киімдер дайындап келуі тиіс еді. Табиғи материалдар пайдалануына да болады.Әр жұп дайындаған киімдерін киіп мода көрсетеді.

    Жүргізуші:

    Шалқып тасып әніміз,
    Жадырасын жанымыз.
    Бүгінгі күз кешінде
    Би билейік бәріміз, — деп ұлдарымыздың биін тамашалайық.
    Би: «Қырманға кел қалқатай»

    5-тур. Ас мәзірі.
    Берікқызы Айназ «Аққұсым»

    Жүргізуші: Әділ қазы алқасы ақылдасып болғанша аналармен шағын ойынға кезек берсек, ортаға 8 ана шығайық.

    Жүргізуші:

    Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
    Өмір күрес, жеткіземе мұратын.
    жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегің
    Қатысу да бір жеңіс
    Жан болсаң сен ұғатын, — дей келе сөз кезегін әділ-қазыларға береміз.
    Осылайша «Күз аруы» сайысы өз мәресіне жетті. «Күзгі аруы» байқауының жеңімпаздарын анықтау үшін әділқазы қауымың ортаға шақырайық.

    Жүргізуші:
    Тіршілік – арман, бәрімізге де орын бар,
    Басады кейде онсыз да қиын жалын бар.
    Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда,
    Ұстауым менің, достарым менің
    Бәрінде аман болыңдар!
    Осымен «Күзгі аруы» атты кешіміз аяқталды! Көріскенше, қош — сау болыңыздар!

    Тақырыбы: Үш тұғырлы тіл – ұлт болашағы

    Мақсаты: балабақшадағы балалардың қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне деген қызығушылықтарын оятып, тіл үйренуге деген ықыластарын туғызу. Балалардың сөздік қорлары мен тіл байлығын дамыту. Ана тілі мен өзге тілдерді құрмет тұтуға, достыққа тәрбиелеу. Елбасымыздың «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау.

    Сабақтың барысы:
    І. Кіріспе бөлім:
    ІІ. Нгізгі бөлім:

    1) тіл туралы түсініктерін кеңейту;
    2) тілге деген құрметін арттыру;
    3) болашақта үш тілді жетік меңгеруге баулу;

    ІІІ. Қорытынды:

    Сабақтың көрнекілігі: Инерактивті тақта, ҚР рәміздері, нақыл сөздер, мақал-мәтел, плакаттар, буклет т.б.

    Биллингвалды компанент:
    тіл – язык – language, ту —
    flag, елтаңба-герб- Coat of Arms
    Ашық сабақ әдісі: Топпен жұмыс.
    Жоспар: 1. Ту. 2. Елтаңба. 3. Ақ Орда.
    Ашық сабақ барысы. Ұйымдастыру

    Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
    Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері. Балалар үт тілде амандасады: Балалар орындарынан тұрып ән ұранды орындайды
    Ұйымдастырушылық – ізденістік

    Әңгіме жүргізу: Бүгінгі өтетін ашық сабағымыз: «Үш тұғырлы тіл – ұлт болашағы». Елбасымыз Қазақстан халқына жолдауында: «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс.

    • Балалар, біз сендермен бірге қай мемлекетте өмір сүріп жатымыз?

    Ендеше балалар, Экранға наузар аударайық. Не бейнеленген? Кім сипаттап береді?

    Дырыс айтасыңдар. Сондай-ақ, тудың ортасында бейнеленген күн – өмір сүрудің белгісі. Ою-өрнек – қазақ халқының мәдениетінің көрінісі. Тудың авторы суретші Шәкен Ниязбеков.

    Жарайсыңдар, балалар!

    Ал олай болса мен сендерге үлкен силық әкелдім. Ол – «Білім кілті». Қане, Айдос білім кілті салынған қорабымды ашып, ішінен білім кілтін әперіп жіберші.

    Ооой, кілт орнында жоқ, білім кілті жоғалды. Бұл кімнің ісі екен?

    • Қазақстанда!

    Бұл – ҚР мемлекеттік туы. Тудың түсі аспан түстес көгілдір. Туда күн, қыран, ою бейнелеген. Күн, қыран және ою өрнек – алтын түсті. Тудың көгілдір түсі ашық аспан мен тыныштықтықтың белгісін көрсетеді.

    Бір оқушы қораптың ішінде ештеңе жоқтығын байқап, айтады.

    І. Ғажайып сәт: (осы кезде интерактвті тақтада жалмауыз кемпірді көрсетеді)

    ІІІ. Мақал сөздің мәйегі.

    Жалмауыз кемпір: «Балалар! Сендердің жоғалған кілттерің менде. Білім кілтін алып, одан әрі білімдерңді шыңдайын деп отырсыңдарғой, бірақ бұлай болмайды. Мен ол кілтті сендерге ешқашан бермеймін. Ж-о-о-о-қ! Егер сендер өте білімді, үш тілге жетік болсаңдар сендерді уысыма қалай түсіремін? Сендер меннен қашып, шет елге асып кетесіңдер ғой. Мен болашақта балалардың білімді болғандарын қламаймын. Ал, ендеше, батылдарың жетсе алып көріңдер! Хе-хе-хе-хе» – деп мысқылдап күледі.

    Қорықпаңдар, балалар!

    Бұл кедергіден құтылудың амалын табуға болады. «Білім кілтінің» екінің бірі біле бермейтін қасиеті бар. Бұл кілт кім білімді, соның қолына еш кедергісіз келетін болады. Бұған жалмауыз кемпір де кедергі бола алмайды. Ендеше, білім кілтін жалмауыз кемпірдің қолынан алу үшін үш тілді үйренуіміз керек. Балалар, «мақал — сөздің көркі дегендей, осыы үш тілде мақал білесіңдер ме?
    Балалар тіл туралы мақал-мәтелдер айтады.

    Еңбексіз өнбек жоқ.
    Без труда нет плода.
    No pains, no gains.

    Ештен кеш жақсы.

    Лучше поздно, чем никогда.

    Better late, than never.

    Денсаулық – зор байлық.
    Здоровье – дороже денег.

    Good health is above wealth.

    Жақсы сөз – жарым ырыс.
    Добрая слава лучше богатства A good name is better than riches

    Өмір бойы үйрен.

    Век живи – век учись.

    Live and learn.

    ІІІ. Жұмбақ шешу Енді мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын. Жұмбақтың шешуін қазақша, орысша және ағылшвнша айтып бересіңдер. Жарайма?!
    1. Үш тілі бар,
    Тықылдаған үні бар.
    2. Таңмен көзін ашады,
    Әлемге нұрын шашады.
    Сумен кірді ашады,
    Өзі судан қашады.
    (сағат-часы-clock)

    (күн-солнце-sun)

    (сабын-мыло-soup)

    Ендеше балалардың тілге деген құрметтерін бәріміз бірге тамашалайық! Аймекен:
    Ана тілің – арың бұл,
    Ұятың боп тұр бетте.
    Өзге тілдің бәрін біл,
    Өз тіліңді құрметте!
    Ерасыл:
    Хотим мы знать,
    Читать, писать,
    Ну конечно поиграть!
    Здесь садик милый мой большой,
    Садик – мой дом родной
    Рәжаб:
    Ана тілің біліп қой,
    Еркіндігің, теңдігің.
    Ана тілің біліп қой,
    Мақтанышың, елдігің.

    Әлфия:
    Cock is happy,
    Fox is sad
    Cat is pretty
    Wolf is bed

    Айдос:
    Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
    Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
    өссе тілім мен де бірге өсемін,
    Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

    ІV. Құрастыру ойыны: Балалар үш топқа бөлініп жұмыс жасайды.
    1-топ: Бәйтерек құрастыру.
    2-топ: Ту құрастыру.
    3-топ: Ақ орда құрастыру. (Балалар тапсырманы орындап болған соң орындарына жайғасады)
    Сергіту сәті: Ән үш тілде:

    Әрқашан күн сөнбесін.

    Әрқашан күн сөнбесін,
    Аспаннан бұлт төнбесін,
    Қасымда болсын мамам,
    Болайын мен де аман.

    Пусть всегда будет солнце!
    Пусть всегда будет небо!
    Пусть всегда будет мама!
    Пусть всегда буду я!

    May there always be sunshine,
    May there always be blue skies,
    May there always be Mummie,
    May there always be me!

    Ғажайып сәт: Тәрбиеші: Балалар, қораптың ішінде бір нәрсе жылт-жылт етеді. Кәне, ашып көрейікші! Ой, балалар, қорап ішінде «Білім кілті» тұр. «Білім кілті» жалмауыз кемпірдің қолынан қалай келген? Міне, балалар, мен сендерген айтып едім ғой, «Білім кілті» білімдінің қолына өзі-ақ келеді деп. «Білім кілті» сендерді адаспай тапқан екен. (Жалмауыз кемпір келеді)

    Тәрбиеші: М-м-м, жалмауыз кемпір, сізді мұнда шақырып еді? Балаларға тағы да қиянат жасамақшысыз ба?
    Жалмауыз кемпір:
    Жоқ, менің балаларға айтар сөзім бар. Балалар, сендер үш тілге де жүйрік екенсіңдер ғой. Сондықтан «Білім кілті» менің қолымда ұзақ тұра алмады. Мен кілтті бекер ұрлап алған екенмін. Ай, ақымақ басым-ай! Сендерден және тәрбиеші апайдан мың рет кешірім сұраймын. Балалардың үш тілге жетік екеніне көзім жетті. Енді мұндай жамандық жасамаймын. Мені кешіресіз бе, тәрбиеші?

    Тәрбиеші: Алдымен, мұны балалардан сұрайық. Балалар, жалмауыз кемпірді кешіресіздер ме?
    Балалар кешірсен, мен де кешіремін сені. Тек енді адамдар ешқашан жамандық жасамаймын деп уәде бер!
    Жалмауыз кемпір: Иә, иә, балалар, мен енді ешкімге қиянат жасамаймын. Мен елімізде бейбітшілік пен білімді ұрпақ көп болсын деп тілеймін!Сау болыңдар, балалар!

    • Иә, кешіреміз!
    V. Қорытынды: Тәрбиеші: Міне, балалар, енді «Білім кілті» сендердікі! Осы кілттің атына сай білімді де тілге жүйрік болыңдар! Әлі де алатын асуларыңыз алда. Сол асулардан сүрінбей өтіңдер дегім келеді!
    Балалардың қандай жұмыс жасағандарын сұрау.

    Балалардың бәрің оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар. Рахмет сендерге!

    Қол ұстасып тұрайық.
    Шеңберді біз құрайық.
    Көріскенше күн жақсы,
    Сау саламат болайық!
    До встречие!

    Good-bye!

    Күтілетін нәтиже.
    Біледі:
    Тіл мереке туралы
    Игереді: Болашақта үш тілдің қажеттілігін
    Меңгереді: Отанға, тілге деген құрмет көрсетуді

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.