Жаңа сабақтар

«Әдемі моншақтар» Ашық оқу қызметі

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Құттықожа ауылы

164 ЖОМ жанындағы «Мейіржан» ШО психологы

Сержанова Алуа Жайлыбекқызы

Тақырыбы: «Әдемі моншақтар» Ашық оқу қызметі.

Саласы : Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу

Мақсаты: Балаларға дөңгелек моншақтардың суретін салып қағаз беттеріне жабыстыру және әдемі моншақтарды жіпке тізіп үйрету. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Ұсақ қол қимылдарын дамыту. Әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу. Еңбекқорлықа, істі аяғына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Құралдар: Моншақтар, жіп, түрлі-түсті қаламдар,ермек саз, жұмсақ моншақтар, желім. Кардон қағаз.Маскалар.

Сөздік жұмыс: Моншақ, сыйлық, сыйластық.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбер: Балалар амандасады

Қол ұстасып тұрайық,

Күлкімізді сыйлайық.

Күніміз өтеді керемет.

Сәлеметсіп алайық!

Сәлеметсіздерме ! (Хормен балалар)

Слайд көрсетіледі. Балалар моншақтың суреттерін көріп, не көргенін әңгімелейді.

-Балалар, олай болса, бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы – Әдемі моншақтар

Балаларға қоян мен аю қонаққа келеді:

-Балалар бүгін біздің мамаларымыздың туылған күні еді, біз мамамызға сыйлық жасайық деп едік, көмектесіңдерші.

Тәрбиеші: -Балалар аю мен қоянға көмектесеміз бе? Біз аю мен қоянның аналарына моншақ тізіп сыйлық жасап берейік, жүріңдер. Балалар үстел үсітіне отырады.

Топтық жұмыс

1.Бірінші жұмыс: Ермексаздан моншақ жасау

-Бүгін бізде мүсіндеу іс -әрекетінен моншақ жасаймыз.
-Енді ,балалар аналарға сыйлыққа моншақ жасайық?
-Балалар мүсіндеу іс-әрекетінде заттарды мүсіндегенде қандай әдістер қолданамыз?
-«Илейміз» екі алақанға салып.
-«Созу» тарту
-«Домалақтау» — екі алақанға салып,айналдыру.
-Бүгін домалақтау әдісімен моншақ жасаймыз.
-Ескерту : Балалар ермексазды ауызымызға салуға болмайды. Онда зиянды заттар бар .Кәнекей бірге жасайық.

2.Екінші жұмыс: Жіпке моншақ тізу. Тәрбиеші балаларға моншақты қолымен ұстап көрсетеді, моншақ домалақ,қатты, алақанымызға салып домалатып көрейікші, ортасында тесігі бар сол тесіктен біз мына жіпті өткіземіз, санан соң әдемі моншақ болады. Ал осы моншақтар мойынға тағатын әшекей болады. Міне осы сыйлықты қоянның анасына сыйлаймыз. Балалармен бірге аю мен қоян арнайы дайындалған моншақтарды жіптен біртіндеп өткізеді, жіптің соңын байлап мамаларына моншақ дайын болғанда арнайы қорапқа салып ақоянның анасына сыйлайды.

3.Үшінші жұмыс: Моншақты бояу. Балалар өзі ұнатқан түстерден түрлі-түсті моншақтар бояйды. Дайын болған сыйлықты қорапқа салып аюдың анасына сыйлайды

-Балалар, біздің қолымыз шаршап қалды енді қолымызға жаттығу жасап алайық. Қолдарына жаттығу жасатып алады (ән ырғағымен):

Саусақ жаттығуын жасау:

Бала, бала, балақан,

Қане, қане алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай, былай ойнат.

Топ, топ басайық.

Жалаудан күн жасайық,

Жаса, жаса алтын.

Жаса, жаса жарқын күн.

-Ал, балақайлар, сыйлықтарымызды аю мен қоянға жасап бердік, енді олардың анасына арнаған тақпақтарың бар ма? Кім айтады?

Инабат: Анам, анам ақ анам,

Мен өзіңдей ақ балаң.

Айтқан тілің аламын,

Жұмсағанда барамын.

Имран: Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған.

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ мамам.

Нұрымжан: Аялаған анашым,

Мәпелеген анашым.

Менің саған тілегім,

Қартаймашы анашым.

Аю мен қоян балалармен қоштасып орманға қайтады.

Дидактикалық ойын: «Түстерді ажырат». Балалар алдын ала дайындалған түрлі түсті шеңберлерді түсін ажырата отырып, тақтаға ілу арқылы моншақ тізеді.

. Қорытынды :
-Балалар,сендерге бүгінгі мүсіндеу іс-әрекет ұнады ма ?
-Біз не жасадық ?
-Аю мен қоянның аналарына моншақ жасадық.
-Өте жақсы, балалар.
-Барлықтарыңа рахмет!

Рефлексивті түзетуші :Жақсы жасаған балаларды мақтап, мадақтайды.Қуаныштарын білдіреді.

Күтілетін нәтиже:

Не біледі: Моншақты біледі

Не түсінеді: қызыл ,жасыл, сары, көк, ақ, қара, күлгін түстерді білді.

Қолданады:жіпке тізу арқылы жәнедомалақтау арқылы моншақты жасау дағдыларын

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.