Жаңа сабақтар

Мергенова Альмира Рысбековна

Өскемен қаласы.«Успех GOLD-8» ЖШС «Асыл бесік» балабақшасы.Тәрбиеші Мергенова Альмира Рысбековна.

Әдіскер/ Методист _______________________

қолы/подпись

«Балбөбек» екінші кіші тобы үшін ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Технологическая картаорганизованной учебной деятельности

в второй младшей группе «Балбөбек»

Өткізілетін күні, айы, жылы/Число, месяц, год проведения: «23» қаңтар 2019 ж./г.

Тәрбиеші/Воспитатель: Мергенова А.Р

Білім беру саласы/ Образовательная область: «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі

/Раздел организованной учебной деятельности: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы/ Тема: «Шай қайнатуды үйренеміз»

Білімділік міндеті/ Образовательная задача: тағам және шай ішуге арналған ыдыстармен таныстыру, түрлерін атай білуге үйрету. Ойын жағдаяттарын көрсету арқылы шай дайындауды түсіндіру.

Дамытушылық міндеті/Развивающая задача: Есте сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайту.

Тәрбиелік міндеті/ Воспитательная задача: Балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар/ используемый материал: Шәйнек, кесе, ыдыстар, тағамдар, сөре, қонжық, сатушы.

Тілдің үш тұғырлығы/ Полилингвальный компонент: ыдыс-посуда-dishes

шәйнек-чайник-teapotb

Іс-әрекет қызметі/

Этапы деятельности

Тәрбиешінің іс-әрекеті/

Деятельность воспитателя

Балалардың іс-әрекеті/

Деятельность детей

Кіріспе бөлім Балалар, бүгін күн қандай тамаша, қане барлығымыз бір-бірімізге көңіл-күй сыйлайық.

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

Жұмбақ жасыру.

Өзімен біз шәй ішеміз,

ұзын түтігі бар . (шәйнек)

Шәйнекпен оған шәй құямыз, өзі домалақ пішінді. (кесе)

Балалар шаттық шеңберінде өлеңді қайталап, оның мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыспен жасайды.

Жұмбақтың шешуін табады

Негізгі бөлім Тосын сый сәті.

Ортаға қонжық кіреді.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мен кішкентай қонжықпын.Маған әкеме-анама және маған ыдыстар керек.Оны қайдан алу керектігін білмеймін, көмек көрсетіңдерші балалар?

Ыдыстарды сатып алу үшін қайда бару керекпіз?

Балалар сиқырлы жолмен дүкенге барайық?

Сиқырлы жолмен өту үшін, сиқырлы сөздер айту керек. Қане барлығымыз бірге

1.Ке-ке-кесе

2.Ық-ық-қасық

3.Ау-ау-ожау

Мақсаты:балалардың тілдерін дамыту.

Балалар сатушы қайда?Қане барлығымыз сатушы келу үшін көзімізді жұмып, солға қарай 1,2,3,4 айналамыз.

Сатушы:Сәлеметсіңдер ме, балалар!Біздің дүкенге қош келдіңдер.Не сатып алуға келдіңдер?

Сатушы:Ыдысты сатып алатын ақшаларың бар ма?

-Сатушы:Ақшаларың жоқ болса, онда менің ыдыс алу үшін менің шартым бар.Ыдыстың көлемін, пішінін айтсаңдар мен сендерге ыдыстарыңды беремін.

1.Қонжықтың әкесіне көк түсті үлкен кесе аламын.

2.Мен қонжықтың анасына қызыл орташа кесе аламын.

3.Мен қонжықтың өзіне сары кішкентай кесе аламын.

-Сатушы:Балалар дәстүр бойынша келіп шәй ішіңдер.

-Шәй ыстық екен барлығымыз кесені үрлейік.

Сергіту сәті

Қолға кесе аламыз

Кесеге шай құямыз

Шай ыстық фу, фу, фу-деп үрлейміз

Шайдан барлығымыз ішейік.

Қонжық:Сендерге көп рахмет.Мен енді үйге қайтайын.Сау болыңдар балалар.

Дидактикалық ойын:

1.Кесе қандай жұмсақ па, қатты ма?

2.Пішін домалақ па, төрт бұрыш па?

3.Кесеге немен шайды құяды?

Мақсаты:балалардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тілдің үш тұғырлығы:

ыдыс-посуда-dishes

шәйнек-чайник-teapot

Балалар зер салып тыңдайды, қуанады.

-Сәлеметсіз бе!

Ия, көмектесеміз

Дүкенге

Балалар бірге сиқырлы сөзді тәрбиешімен бірге қайталап айтады.

Балалар көздерін жұмып,солға қарай қарап, санай бастайды.

-Сәлеметсіз бе сатушы апай.

-Ыдыс сатып алуға келдік.

-Жоқ

Үлкен кесе, орташа кесе,кішкентай кесе.

Балалар дастарханға келіп шәй ішеді.

Балалар қимылмен сергіту сәтін жасайды.

Қойылған сұрақтарға жауап береді.

Қорытынды бөлім Балаларды сұрақ-жауап арқылы сұрау.

Жауап берген балаларға смайликтер беру.

Қойылған сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже\ Ожидаемый результат:

Білу / Знать: Ыдысаяқтар жайлы біледі, ажырата алады.

Түсінуге тиіс / Иметь: Оларға сипаттама берді.Ойынды қызыға ойнады.

Істей білу керек/ Уметь: Ойнау арқылы ыдыстармен қонақ жайлықты жасай алады.

Тақырыбы: «Бәйтерек», «Күншуақ», «Балдырған» тобы ата-аналары арасында өткізілетін «Мен және менің отбасым» атты отбасылық спорттық жарысты Абай Құнанбайевтың 175 жылдығына байланысты ұйымдастырып отырмыз.

Өтілетін жарыстың мақсаты:

Ата-аналар мен балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, қимыл қозғалыстарын жетілдіру, ептілік, шапшаңдыққа баулу. Бір орта мақсатты жұмыла бірігуге, ұйымшылдыққа баулып, қимыл әрекетке жаттықтыру. Салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға шақыру. Күш қуат пен секіргіштікті дамыту.

Өтілетін орны: Спорт зал

Спорттық құралдар: түрлі-түсті шарлар,кубик, доп, ысқырық, қапшық, шар, шеңбер, кедергілер, тақта , т.б құрал жабдықтар.

Өту барысы:

Жүргізуші: Қадірменді қонақтар, балалар, балабақша қызметкерлері!

Тұңғыш елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай, “Салауатты өмір салтын” ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат өсіру отбасының, балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян.

Балабақшамыздың да негізі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы, дені сау, сымбатты, шыныққан адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу. Соның бір шарасы “Шынықсаң шымыр боласың» атты эстафеталық жарысымызға кош келдініздер.

Бүгінгі сайысқа «Бәйтерек» тобы мен «Күншуақ», «Балдырған » тобының ата-аналары балаларымен қатысқалы отыр.

Сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді қол шапалақтап, құрмет ортамызға шақырайық.

Флэшмоб (денемізді қыздырып алу үшін)

Жүргізуші: Денемізді қыздырып, бойымызды сергітіп алдық. Жарысқа қатысушылар жарты шеңберге тұруларыңызды сұраймын. Қазір мына сиқырлы дорбаның ішіндегі заттарды алу арқылы түстеріне қарай екі командаға бөлінесіздер.

Жүргізуші: Олай болса әр топ өздерінің атымен ұрандарын қойып ақылдасып алғанша, сайысымызға төрелік етуші әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер:

Спортшылар өнерін салыстырып, Бәйге үшін терлетер шабыстырып. Әділдікті қолдайтын баға беріп, Жіберейік қазыларды таныстырып

1. Асыл бесік бөбекжайының меңгерушісі :Танбаева Гүлбарам Кадыровна

2. Балабақшаның әдіскері: Жұмағазы Әсел Ғабдолқызы

3.Медбике: Кенжетай Абдурасуловна

Сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.

Жүргізуші: Сайыскерлерді ортаға шақырамыз. Әр топ өздерінің атымен ұрандарымен таныстырсын. Олай болса сөз кезегі сіздерде.

Жүргізуші: Бәрекелді, әр топ өздерін таныстырып өтті. Сіздерге сәттілік тілейміз. «Шынықсаң шымыр боларсың»,- демекші келесі кезекті сайысқа берелік.

1 кезең: «Кім мерген» сайысы

Ойын шарты: Кедергілер арасымен өтіп барып,

2-3 метр қашықтыққа тігілген кеглиді доппен ұрып құлату.

Сайыстың бірінші бөлімі бойынша әділ-қазылардан ұпай сандарын сұраймыз

Жүргізуші:: Таза ауа, спорт болсын дәріміз.

Еңбек етіп келгенінше әліміз,

«Алға» — деген бір – ақ мақсат ұстанып,

Сайысымызды әрі қарай жалғайық.

2 кезең: «Кім жүйрік» сайысы

Ойын шарты: Қаппен секіріп жетіп, тақтада берілген тапсырмалардың жауабын табу.

1.Абай Құнанбаевтың туған жылы.(1845-1904ж)

2.Абайдың анасы:(Ұлжан Аснқызы)

3.Абайдың қанша қара сөзі бар? (45)

4.Абай өлеңдерінің атауы (Күз, Қыс, Жазғытұрым)

5.Абай Құнанбаев кім ?(ақын,жазушы.)

6.Биыл Абай Құнанбаевқа қанша жыл? (175 жыл)

Сайыстың екінші бөлімі бойынша әділ-қазылардан ұпай сандарын сұраймыз.

3 кезең: «Кім епті» сайысы

Ойын шарты: Шеңбер ортасына доптарды жинау және қою.

Сайыстың үшінші бөлімі бойынша әділ-қазылардан ұпай сандарын сұраймыз

4 кезең:

«Кім мықты» Арқан тартыс

Сайыстың бесінші бөлімі бойынша әділ-қазылардан ұпай сандарын сұраймыз

Жүргізуші:: Ендеше, осы денсаулықты зор байлық, деп білетін белсенді де білгір, денсаулығы мықты спорт десе ішкен асын жерге қойып, алтын уақытын спортқа арнайтын сайскелерімізді марапаттау рәсіміне көшейік.

Сөз кезегі әділқазыларда (Марапаттау рәсімі)

Жүргізуші: Уа,халқым назар аудар денсаулыққа! Өмірде бақыттысың денің сау да. Денсаулық терең бақыт деген сөзді Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші Құрметті ата-аналар! Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулелендірейік!

Тақырып: Ана біздің гүліміз

Мақсаты:Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру,ананы құрметтеп сыйлай білуге үйрету.Оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту. Адамгершілікке,ізгілікке,достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.Анаға деген бала махаббатын ояту.

Музыка әуенімен балалар залға кіреді.

1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,құрметті асыл аналар,қыз-қызғалдақтар,ақ жаулықты әжелер!Міне де көктемнің алғашқы аналар мерекесі де келіп жетті.Сіздерді сегізінші наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

2-жүргізуші: Армысың әжелерім,аналарым,

Мейірбан аппақ көңіл даналарым.

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,

Құттықтайды сіздерді балаларың.

Мұстафа.

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық.

Нұрайым.

Сіздерден өскен балалар,

Батырлармен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті біздің аналар.

Рустам.

Құтты болсын,ардақты ана,

Асыл анаң мерекең.

Құтты болсын теңдік алған.

Қуанышты берекең.

Ән: «Ана тілегі»

  1. жүргізуші:

Дүниенің жарық күні-анамыз,

Дана болсаң анаменен данамыз.

Тыңдаңыздар көңіл қойып,ағайын.

Анаға арнап,тосын сыйлар арнаймыз.

Құрметті аналар!Біздің балалар сіздерге арнап,алдарыңызда тұрған керемет мейірімді ағашты өсірді.Бұл ағаш керемет,әр бұтағында сіздерге арнаған тәтті конфеттер мен тосын сыйлар ілінген.Әжелер мен аналар біздің балалардың сіздерге арнап өсірген өнер ағашы ұнады ма?

  1. жүргізуші:

Бұл ағаш бізге де қатты ұнап қалды.Бірақ бұл ағаштың қандай сиқыры бар екенін білмей тұрмыз.Оны тек біздің балалар ғана біледі.Солай ма балалар?

Балалар: Ия

1-жүргізуші:Менің ойымша бұл конфеттер жай емес сияқты.

2-жүргізуші:Мүмкін мынау мармелад шығар.

Балалар: Жоқ.

1-жүргізуші: Мүмкін мынау шоколад шығар.

Балалар:Жоқ.

2-жүргізуші: Мүмкін торт пен жаңғақ шығар.

Балалар: Жоқ.

1-жүргізуші:Онда айтсаңдаршы,онда не бар?

Ерали.

Қыздарды біз сыйлаймыз,

Артық іске бармаймыз.

Мерекеде қыздарға,

Жырымызды арнаймыз.

Біздер аналарға тосын сый жасағымыз келді.Сөйтіп барлық өнерімізді осы конфеттің ішіне салдық.

Каусар.

Өйткені конфет қалай тәтті болса,аналарымызда сондай тәтті.

2-жүргізуші:Қараңыздаршы аналар,мына балалар қандай пысық ! Тәрбиеші сиқырлы ағашқа барып,бір конфетті алады.

Бірінші конфетімізді аламыз,

Салтанатымызды жалғастырамыз.

Дәл осы қазір,тақпағымызды сіздерге арнаймыз.

Еркеназ.

Бақытты ғой шынында,

Анасымен балалар.

Құтты болсын мереке,

Аман болсын аналар!

Айзере.

Жүзімізге қарамаңыз,

Біз бақытты баламыз.

Бізге қымбат құшағымыз.

Жанарыс.

Әлпештеген аялаған,

Ақ сүт берген анашым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.

Дамира.

Жақсылық тілеген,

Анашым данасың.

Осынау дүниеде,

Біз үшін дарасың.

Алмас.

Өнерлі боп өсеміз,

Өмір сырын шешеміз.

Өсіріп ой сананы,

Қуантамыз ананы.

Нұрғали.

Алақаны ақ самал,

Мәпелеген жан ана.

Көкте күнім батса да,

Өзің күнсің балаңа.

Самира.

С 8 марта поздравляю!

Солнышко лучей желаю.

Араматов всех цветов,

И желанных самых слов.

2-жүргізуші:

Көктем күні керемет

Жаңбыр жауар себелеп.

Күн ашылса болғаны,

Кқлбеңдейді көбелек.

Бар табиғат нәр алып,

Шыға келер жаңарып.

Қызғалдақ боп құлпырып,

Көктем біздің балалық.

Ендігі екінші конфетті ашқайы жатқанда, музыка ойналып, залға Көктем ару келеді.

Сәлем, сәлем балалар,

Әзиз әже,назды апайлар.

Мерекені ала келдім.

Қуаныңдар айқайлап,

Жерге кілем жаба келдім.

Құстар әнін ала келдім,

Әсем әнін ала келдім.

Балалардың тосын сыйын, ала келдім!

1-жүргізуші: Қош келдің Ару көктем!Төрден орын алыңыз.

Көктем Ару:Жарайсыңдар,мен бәрін естіп келе жатырмын.Меніде балалар мерекеге аналарыңа тосын сый жасауға шақырған.

2-жүргізуші: Көктем Ару сіз біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыз. Балалар, сендер аналарының кішкентай көмекшілерісіңдер. Сендер аналарыңа көмектесесіңдер ме?Ендеше балалар, аналарымызға арнап тәтті ботқа пісірейікші.

Би: «Аспазшылар»

Көктем Ару:Жарайсыңдар балалар.Аналарыңа арнап пысырған ботқаларың сондай дәмді болып шықты.Мен құр қол келген жоқпын.Мен сендерге ойын ала келдім.

Ойын: «Ару қыздарымызды тамақтандырамыз»

Көктем Ару:Жарайсыңдар балалар,сендер сондай ұқыпты екенсіңдер.

1-жүргізуші: Ия, Көктем Ару сіз дұрыс айтасыз,бірақта біздің балалардың өнері әлі біткен жоқ.Балалар сізге арнап тақпақ айтқысы келеді.

Амина.

Айтсаң болды тіл алам,

Әйбат анам,пәк анам.

Бізге керексің қайда да.

Айналайын ақ анам.

Ералы.

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап.

Әдеппен бас иеміз.

Алижан.

Анам болса қасымда,

Басқа бақыт не керек.

Анашымның жүрегі.

Мейірімдіғой керемет.

Алихан.

Кемеңгерсін данасын,

Арқа тұтар панасын.

Еңбегіңді ақтаймын,

Аман болшы анашым.

Кәусар.

Ана деген асқақ ән,

Орындайтын әрқашан.

Анадай қымбат сыйлықты,

Таба алмайсың ешқашан.

Алишер.

Құшағыңа кіргенде,

Жылынамын бір демде.

Не жетеді көзіңе,

Мейірімді күннен де.

Ануар.

Женскии день-прекрасный праздник,

Светлый,нежный,как весна.

В этот день сама природа,

Пробудилась ото сна.

2-жүргізуші: Келесі конфетімізді аламыз

Әжелерге арнап өлең айтамыз.

Ән: «Анама,әжеме»

Көктем Ару:Жарайсыңдар балалар,маған бүгінгі салтанат өте ұнады.Мен сендерге сыйлық алып келдім.Тәрбиеші апайларың топта таратып береді.Менің де кететін уақытым келді.Сауболыңдар балалар!

Балалар: Сауболыңыз.

1-жүргізуші: Ана сен бақыттысың!

Гүлің болып өсіп келем.

Жайнап жүрші,

Күліп жүрші,

Алладан мен тілеп жүрем дегендей біздің ұл-қыздарымыз шын жүректен жылы лебіздерін би арқылы лебіздемекші.Қане біздің кішкентай жүрекшелеріміз қайда?

Би: «Жүрекшелер»

2-жұргізуші:Құрметті қонақтар осыменен «Аяулы- менің анашым» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Кездескенше сауболыңыздар.

Тақырыбы: «Көше қозғалысының ережелерін біл және орында»
Мақсаты: Балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру. Іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету.
Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.
Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту. Жолда жүру ережелерін меңгерту.
Сөздік жұмыс: бағдаршам, жол тәртібін реттеуші, көше қиылысы.
Көрнекіліктері: Бағдаршам макеті, жол белгілері.

Тәрбиешінің кіріспе сөзі.
— Бүгінгі «Жол ережесін білейік, аман — есен жүрейік» атты тәрбие сағатын тамашалауға қош келдіңіздер! Жол ережесін білу өмірімізді жазымнан сақтандырады. Оның сырын біліп, жол ережесін орындау баршамызға керек.
Психологиялық тренинг. «Достық шеңбері» сәлемдесу.
Ұл — қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.
Біздер — қазақ баласы,
Сәлем — сөздің анасы.
Тәрбиеші: — Балалар тақтадан не көріп тұрмыз?
Балалар: көшелер, көліктер.
Тәрбиеші: Жолдар қандай болады?
Балалар: Тегіс жолдар, кең жолдар, тар жолдар, ұзын жолдар, қысқа жолдар.
Ізденістер ұйымдастыру: Астананың көшелері кең, үлкен қаламызда көліктер көп.
Тәрбиеші: — Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Төбесінде шырағы,
Жолаушының пырағы.
Барасың деп қай жаққа,
Алдын күтіп тұрды.
Шахматтың тақтасы,
Секілді онда таңба бар.
Бұл қай көлік?(такси)
Тәрбиеші: — Бәрекелді! Біздің қалада көліктердің түрлері көп екен.
Бүгінгі тәрбие сағатымызда жолда жүру ережелерін есімізге түсіріп, жаяу жүргіншілерге арналған белгілердің таңбаларымен танысып, аялдама таңбалардың белгісімен танысамыз.

  1. Өлең шумақтарымен ортаға:
    Санап кетсек сіз бен біз,
    Сан көлікке мінеміз.
    Троллейбус, трамвай,
    Автобуспен жүреміз.
  2. Көлік, көлік,
    Көліктерге мінеміз.
    Көшелермен, көшелермен,
    Күнде тынбай жүреміз.

  3. Жол жүрудің тәртібін,
    Ережесін білеміз.
    Сақтағанда қатерден,
    Сау — саламат жүреміз.

  4. Көшеде бағдаршам болмаса,
    Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе.
    Кідірме, абыржып онда аса,
    Сенгейсің өзіңе көзіңе.

  5. Көшеде ортаға жеткенше,
    Әуелі көзің сал сол жаққа.
    Балақай, ортадан өткен соң,
    Мойның сал сол жақтан оң жаққа.

  6. Мен білемін, бәрін деме,
    Отырған жоқсың бөлмеде.
    Машина өтіп кеткесін,
    Жолаушы алға беттесін.

Тәрбиеші: Менің үш көзім бар,
Бір көзім «кідір» дейді.
Бір көзім «абайла» дейді,
Бір көзім «қарап қалма» дейді.
Бағдаршам туралы тақпақ кім біледі?
Менің атым «бағдаршам», Жақсы білем міндетімді,
Мекен — жайым тұрақты. Мүдірмеймін ешқашан.

«Бағдаршам» ойынын ойнату.
Шарты: Балалар дөңгеленіп тұрады, бағдаршам қызыл түсті көтергенде — балалар бір адым артқа жылжиды. Сары түсті көтергенде сол орында тапжылмай тұрады. Жасыл түсті көтергенде бір адым алдыға жылжиды. (ойын 3 рет қайталанады)
Балалар, көшеде біз тар жолмен, яғни жиек жолмен жүреміз.

Әдіскер/ Методист _______________________

қолы/подпись

«Балдырған» ересек тобы үшін ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Технологическая картаорганизованной учебной деятельности

в старшой группе «Балдырған»

Өткізілетін күні, айы, жылы/Число, месяц, год проведения: «18» ақпан 2020 ж./г.

Тәрбиеші/Воспитатель: Мергенова А.Р

Білім беру саласы/ Образовательная область:Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі/

/Раздел организованной учебной деятельности: ҚМҰҚ

Тақырыбы/ Тема:«Математика еліне саяхат»

Білімділік міндеті/ Образовательная задача: Балалармен сандарды тура және кері санап,геометриялық пішіндерді атау және тану.

Дамытушылық міндеті/Развивающая задача:Қимылдардың үйлесімділігін, қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамыту.

Тәрбиелік міндеті/ Воспитательная задача:Ұжыммен жұмыс істеуге,ой қиялдарын,қатынас қабілеттерін дамыту,адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар/ используемый материал: Пошташы,хат,геометриялық пішіндер, дьенеш блоктары,цифрлар,тұрмыстық техникалар.

Тілдің үштұғырлығы/ Полилингвальный компонент: дөңгелек-круг-a circle,шаршы-квадрат-square,үш бұрыш-треугольник-triangle,тік төртбұрыш-пямоугольник-rectangle.

Іс-әрекет қызметі/

Этапы деятельности

Тәрбиешінің іс-әрекеті/

Деятельность воспитателя

Балалардың іс-әрекеті/

Деятельность детей

Кіріспе бөлім Балалар, бүгін күн қандай тамаша, қане барлығымыз бір-бірімізге көңіл-күй сыйлайық.

Сәлеметсіз бе –Алтын күн!

Сәлеметсіз бе Көк аспан!

Сәлеметсіңдер ме Достарым!

Привет,

Хелоу.

Балалар шаттық шеңберінде өлеңді қайталап, оның мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыспен жасайды.
Негізгі бөлім Ғажайып сәт:

Пошташы хат әкеледі.

-Балалар, бізге математика елінен Математика Патшайымы хат жіберіпті.

Құрметті «Балдырған» тобының балалары, мен ылғи сендердің алғыр, ақылды, тапқыр,тәртіпті екендеріңді етстіп жатамын.Мен сендерден бір көмек сұрайын деп едім.Менің Математика еліме қу,айлакер мыстан келіп,барлығын шатастырып,сыйқырлап тастады.Теққана сендерғана көмектесе аласыңдар. Ізгі ниетпен Математика Патшайымы.

-Балалар, Математика Патшайымына көмектесеміз бе?

Ендеше барлығымыз сиқырлы автобусқа отырайық. Балалардың қолдарына түрлі-түсті геометриялық пішіндер таратылып беріледі.(билеттің орнына )

Автобуспен етпес бұрын сиқырлы сөз айтуымыз керек. Бірден беске дейін санау 1,2,3,4,5; 5,4,3,2,1;

-Ендеше барлықтарыңа сәттілік тілеймін!

Бірінші аялдама «Санайықшы»

1.Түнде неше күн бар? (0)

2.Аспанда неше күн бар? (1)

3.Мысықта неше құлақ бар? (2)

4.Бағдаршамда неше көз бар? (3)

5.Иттің неше аяғы бар? (4)

6.Бір қолда неше саусақ бар? (5)

-Жарайсыңдар балалар.

Балалар, қараңдаршы барлық цифырла шатасып, орындарын ауыстырып алыпты.

Ендеше цифрларды орнына қояйық. 1,2,3,4,5.

Цифрларды тура және кері санау; 1,2,3,4,5 — 5,4,3,2,1

Цифрлардың көршілерін табу;

2 көршісі 1 мен 3,4 көршісі 3 пен 5,1 көршісі 0 мен 2,5 көршісі 4 пен 6.

Сергіту сәті:

Он қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Шапалақтап қосқанда,

Болады сонда он саусақ.

Екінші аялдама «Түрлі түсті пішіндер»

-Балалар,қараңдаршы не көріп тұрсыңдар?

Геометриялық пішіндер аттарын ұмытып, өдерін тұрмыстық заттармыз дейді екен.Осы тұрмыстық заттардың ішіне геометриялық пішіндерді табамыз.

Жұмбақ жасыру.

Үш қабырғасы бар және үш бұрышы бар,өзі дөңгелене алмайды?

(Үш бұрыш )

Өзі дөңгелек,домалап жүгіре береді және бұрыштары жоқ?

(Дөңгелек)

Барлық қабылғалары тең болатын пішінді не деп атаймыз?

(Шаршы)

Барлық бұрыштары тік болатын және дөңгелек сияқты домала алмайтын пішінді не деп атайды?

(Тік төртбұрыш)

Өзі сопақша келген,бұрыштары жоқ пішінді не деп атайды?

(Сопақша)

Балалар мыстан қаладағы барлық үйлерді және көліктерді сындырып,қиратып тастапты.Ендеше барлығымыз үйлерді, көліктерді қалпына келтірейікші.

Түрлі-түсті қағаздан қиылған пішіндерден үйлер құрайды.

Дьенеш блоктарымен көліктерді құрастырайық.

-Жарайсыңдар балалар, сендер сондай тапқыр керемет құрлысшылар екенсіңдер»

Тілдің үш тұғырлығы:дөңгелек-круг-a circle,шаршы-квадрат-square,үш бұрыш-треугольник-triangle,тік төртбұрыш-пямоугольник-rectangle.

Үшінші аялдама «Пішіндерді ажырат»

Қолдарындағы берілген түрлі-түсті пішіндерді тәтбиешінің нұсқауымен кезек-кезек көтереді.

Балалар зер салып тыңдайды.

Ия, көмектесеміз

Балалар пішіндерді алады.

1-ден 5-ке дейін тура санайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Цифрларды тура және кері санайды.

Көршілерін табады.

Қыймылмен жасайды.

Зер салады.

Пішіндерді атап,ажыратады.

Шешуін табады.

Пішіндерден үйлер,көліктер құрастырады.

Пішіндерді айтады.

Қорытынды бөлім Балалар, жұптаса жүріп, достаса жүріп талай қиыншылықты жеңдік.

Балалр біз кімдерге көмектестік?

Қандай пішіндерді білеміз?

Сендерге Математика еліне барған ұнады ма?

Балалар сендер Математика еліне көмектескендерің үшін, сендерге Математика Патшайымы сый алып жіберіпті.(балаларға смайликтер таратып береді)

Математика еліне.

Үшбұрыш,дөңгелек, шаршы,тік төртбұрыш.

Ия.

Күтілетін нәтиже\ Ожидаемый результат:

Білу / Знать:Түстерді,пішіндерді бір- бірінен ажырата алады

Түсінуге тиіс / Иметь:Үш бұрыштың үш бұрышы бар, ал шаршының төрт бұрышы бар екендігі жайлы түсінуі тиіс.

Істей білу керек/ Уметь:Геометриялық пішіндер мен түстерді нұсқаға сүйене отырып, тапсырмаларды орындай алады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.