Жаңа сабақтар

Матаева Гулжанат Омирсериковна

«Қаракемер атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ «Балбөбек» шағын орталықтың тәрбиешісі Матаева Гулжанат Омирсериковна

Мектепке дейінгі мекемелерде педагогикалық технологияларды қолданудың тиімділігі

«Еліміздің болашағы жас ұрпақтың қолында, ал олардың болашағы мұғалімдер мен тәрбиешілердің мінсіз қызметіне байланысты болмақ» -деп Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткеніндей, Қазақстанның келешегі жастарда десек, оларды балабақшадан тәрбиелеудің тың жүйесі керек-ақ. Қазіргі кезде Қазақстанда білім берудің жаңа жүйесі құрылу үстінде. Бұл жүйе педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізіп қана қоймай, елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, мұғалімдер мен тәрбиешілердің іс-әрекетін жаңаша түрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Қазіргі кезде жас ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру — маңызды мәселелердің бірі болып табылады, яғни білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін еместігі аян. Жаңашыл технологияларды меңгеру мұғалім мен тәрбиешінің зияткерлік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбеті мен қасиеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, сондай-ақ, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына да барынша септігін тигізеді. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың ажырамас бір бөлігіне айналып отыр. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды. Бала болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.

Қазіргі таңдағы балабақша жағдайындағы инновациялық технологияларға тоқтала кетсек, дамыта оқыту технологиясы, ойын арқылы оқыту технологиясы, білім беруді ізгілендіру, ақпараттық-коммуникациялық технология т.б. технологиялар көптеп саналады.Аталған педагогикалық технологияларды балабақшада балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктерін ескерген жағдайда ғана пайдаланған жөн. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, зейіні тұрақсыз, қабылдау процестері де тұрақсыз болып келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, өз көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған дұрыс. Тәрбиеші – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Ойын технологиясының ерекшелігі: ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.Ойын — балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады. Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады.

Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің қызығушылығын қалыптастыруда ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын оқу үдерісіне енгізу де – маңызды мәселелердің бірі. Біріншіден, бұл әрекет құрылымын жоспарлау, ақпаратты іздеу, ақпараттық модельдер құру және әрекетті жабдықтау (сабақтың негізгі мазмұны жеңіл әрі тиімді түрде қабылданады) сияқты дағдылар мен біліктердің жиынтығы болатын ескере отырып, ойлаудың операциялық стилінің қалыптасуына өз септігін тигізеді. Екіншіден, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің білімді интерактивті әдіс арқылы қабылдау дағдыларын меңгеріп, содан кейін ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын өзінің іс-әрекетінде басты құралы ретінде пайдаланады. Үшіншіден, сабақты ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдану арқылы өткізу ойынға оңай ұласады да, балаларда оқуға деген эмоционалдық жағымды қатынас пайда болады. Мектепке дейінгі білім беру үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолданудағы мақсатымыз баланың танымдық қыығушылығын қалыптастыру. Балада танымдық қызығушылықтың болуы – олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді қатысуына, білімнің сапалы болуына, жағымды әсер қалыптастыруға мол мүмкіндік береді. Ескеретін жағдайлар: Зерттеулерді талдау негізінде оқыту үдерісіне аталған құралдарды яғни интерактивті оқыту технологиясын сауатты жоспарлаған тәрбиеші педагогикалық үдерісте мектеп жасына дейінгі бүлдіршіннің жас ерекшелігіне сай, психикасы мен денсаулығына кері әсері болмайтындай етіп қолдану керек. Сабақта ақпараттық технологиялар қолдану кезінде барлық қауіпсіздік ерекшеліктерін ескере отырып жүргізу тәрбиешіге жоғары жауапкершілікті жүктейтіні анық. Бұндай тұжырым балабақшадағы оқу үдерісінде бүлдіршіндердің ақпараттық қажеттілігін, қызығушылығын туғызатындай ұйымдастыруда аталған құралдарды қолданудың дидактикалық алғышарттарын құруды талап етеді. Ақпараттық-коммуникациялық технология құралы балабақшадағы оқу үдерісінде қолданылуы үшін басқа оқу құралдары тәрізді дидактикалық талаптарға сәйкес болуы тиіс. Ақпараттық – коммуникациялық технология құралдары арқылы кері байланысты ұйымдастыру баланың әрекетіне бақылау мен түзету енгізуімен, әрі қарай жұмыс жасауға нұсқау беруімен, ақпаратты түсіндіретін анықтама алуға мүмкіндік беруімен анықталады. Сонымен, интерактивті тақтаны пайдалану сабақтың негізгі тапсырмаларын білуді жеңілдетеді, заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте берік сақтауға ықпал жасайды. Балалар өтетін тақырыппен жұмыс жасауға әуес, ынталы келеді. Сондықтан да, интерактивті тақтамен жұмыс жасау балалардың белсенділігін дамытуға әсер етеді, олардың назарын белгілі бір бағытқа жұмылдырады. Білімді игеру үстінде баланың ақыл-ойын дамытуға, ғылыми білімді игертуге, деректерді есте сақтауға әрбір оқу іс-әрекеті үстінде интерактивті тақтаны пайдалану қажет-ақ.. Өйткені, берілген тақырып бойынша жаңа оқу іс-әрекетті түсіндіру, өткен материалды қайталау не бекіту кезінде пайдалану әрбір оқу іс-әрекеттің әсерлігін және мазмұнын арттырып, балаға қызықты, жалықтырмай игеруге септігін тигізеді. Интерактивті технологияны қолдану арқылы тәрбиеші мен бала арасында екіжақты байланыс орнайды. Тәрбиеші өзінің көздеген мақсатына тиімді жолмен жетсе ғана, баланың тұлға болып қалыптасу жолындағы негізгі қасиеттерін бойына қалыптастыра алады.

Ендеше, бала өміріне немқұрайлы қарамай, балаға қазіргі заман талабына сай, мағыналы да мазмұнды білім берсек қана, біздің бүлдіршіндеріміздің болашағы жарқын болары сөзсіз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Исаева З.А., Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Активные методы обучения. – Алматы, 2005.

2. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Тараз, ТарМУ, 2003.

3.«Отбасы және балабақша» журналдары, 2012 жыл, 2013 жыл.

4. Ә.Иржанова. Жаңа стандарт негізінде бала танымын қалыптастыру. Республикалық ғылыми-педагогикалық журнал «Тәрбие құралы» №5, 2010 жыл. 39-41 б.

5. А.З.Сисенова «Ақпараттық технология-бүгінгі күн талабы» атты мақаласы.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.