Азрахмет Күлиман

ШҚО Үржар ауданы «Көкөзек орта мектеп- бақшасы» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі Азрахмет Күлиман

Сабақ жоспары

Пәні: Дүниетану Мектеп:
Мұғалім
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі Саяхат
Күні: Сынып: 1
Сабақтың тақырыбы Ежелгі ата-бабаларымыз
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.3.2.1. Көрнекі материалдардың негізінде сақтардың өмір салтын сипаттау.
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар:

Ежелгі ата-бабаларымыз сақтардың көшпенді халық болғандығына назар аударады.

Көптеген оқушылар:

Сақтардың батырын ,өмір салтын , тұрмыс-тіршілік қонысын түсіндіре отырып сипаттайды.

Кейбір оқушылар:

Қазіргі және ежелгі өмір тіршіліктерін салыстырады, өз ойын дәлелдейді.

Бағалау критерийлері Сақтардың көшпенді халық болғандығына назар аударады,

батырын, өмір салтын, тұрмыс-тіршілігін , қонысын түсіндіре отырып сипаттайды салыстырады.

Тілдік мақсаттар Қоныс,көшпенді, сақтар, тұрмыс-тіршілік, Томирис
Құндылықтарды дарыту Қазіргі және ежелгі өмір тіршіліктерін салыстырады, өз ойын дәлелдейді.
Пәнаралық байланыс Сауат ашу: Ежелгі көшпенді сақтардың өмірі туралы әңгімелейді, сипаттайды, салыстырады.

Музыка: музыкалық әуенмен қимыл-қозғалыс жасайды.

АКТ қолдану дағдылары интерактивтті тақта, мультфильм көрсетілім
Бастапқы білім Ежелгі адамдар өмірі туралы, батырлардың қаруларының аттарын біледі
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы Психологиялық ахуал

Дөңгеленіп тұрайық,

Бірге шеңбер жасайық.

Ағаш үйді биік қып,

Қолға уық алайық.

Керегесін тік ұстап,

Қанаттарын жазайық.

Бір-біріне сәттілік тілеу

(М) Балалар, өздеріңе ұнаған суретті таңдаңдар:

Топтарға бөлу.

1-топ – Садақ

2-топ – Найза

3-топ – Қылыш

(Ұ) «Бірге ойлаймыз» қайталауға арналған сұрақтар

Не білеміз?Алғашқы адамдар қайда пайда болды?

Сипатта. Алғашқы адамдар қандай болды?

Салыстыр. Алғашқы адамдардың қазіргі адамдардан айырмашылығы қандай болды?

Жаңалық.Отты қалай жақты?

Тұрмысы. Олар қайда тұрды?

Азығы.Азықты қайдан алды?

ҚБ: Дұрыс жауап бергендер жұлдызша алады.

Сабақтың ортасы (Ұ) Көрсетілім «Сақтар » мультфильм (Т)1-топ

Суретке қараңдар. Сурет бойынша сақтар туралы әңгіме құраңдар.
Тірек сөздер: Сақтар, ата-бабалар, көшпенді халық, киіз үй, түйе, қой, жылқы, баққан.
К/б:Отшашу

2-топ .
«Автор орындығы» ойыны.
Томирис патшайымның кейпіндегі оқушы патшайымның батылдығын сипаттап айтып береді.
Тірек сөздер:

Томирис, патшасы, батыл, қайсар, әдемі, қорғады.
К/б:от шашу

3 топ

(Т) (оқулықтағы суреттер бойынша)

Оқушылар көшпенді ел сақтардың немен айналысқанын, қандай қару-жарақ ұстанғанын, көшкенде қандай көлік түрлерін пайдаланғанын анықтап, өз ойларын постерге түсіреді, топпен қорғайды.

К/б: от шашу

Қалыптастырушы тапсырма:
Адамдардың қазіргі және бұрынғы тұрмыс тіршілігіне қажетті заттарды топтастыру.

Дескриптор:

-заттарды тауып, топтастырады

– киімдерді тауып, топтастырады

– тағамдарды тауып, топтастырады

– ыдыстарды тауып, топтастырады

К/б : от шашу

Сергіту сәті:

Оқушыларды шеңберге тұрғызып, «Көш қозғалды»- балалар шеңбер ішінде қозғалады. «Көш тоқтады» – шашырайды.

Сабақтың соңы (Ұ)«Мұражай» ойыны:

Сынып қабырғаларына сақ мәдениетінің заттары бейнеленген суреттерді іліп қою. Топ басшыларына экскурсия жүргізушісі рөлін ойнату. Ежелгі өмір тіршіліктерін қазіргі өмірмен салыстырады, өз ойларын дәлелдейді.

Қ/б: Томирис ханшайымның бас киімі бейнеленген стикерлермен бағалау

Кері байланыс:

«Стикердегі диалог»

Бүгін мен … білдім.
Томирис … болды.
Сақтар …,халық.

Жасыл, сары қарындаштар.
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Барлық оқушылар:

Ежелгі ата-бабаларымыз сақтардың көшпенді халық болғандығын ой шақыру әдісі арқылы кіріктірдім .

Көптеген оқушылар:

Сақтардың батырын өмір салтын,тұрмыс тіршілігін сипаттай отырып оқудағы коммуникативттік және сөйлеу дағыдысын дұрыс пайдаланды.

Кейбір оқушылар:

Қазіргі және ежелгі өмір тіршіліктерін салыстырады, өз ойларын дәлелдеді.Оқушылардың қызығушылығын арттрады, зерттеуге ынталандырды.

«Бірге ойлаймыз» қайталауға арналған сұрақтарға жұлдызшамен бағалаймын

Топ жұмысын бағалау «От шашу»

К/Б Томирис ханшайымның бас киімі бейнеленген стикерлермен бағалау

Сергіту сәті

Оқушылардың шеңбер жасап тұруына сынып жиһаздарының бөгет болмауы қарастырылған

Сабақ бойынша рефлексия

– Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

К/Б «Стикердегі диалог»

Бүгін мен … білдім.
Томирис … болды.

Сақтар …,халық.

– Бүгін оқушылар не білді?

– Сыныптағы ахуал қандай болды?

– Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

– Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

– Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі:

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады:

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше