Жумажанова Сауле Жамбуловна

ШҚО Семей қаласы «№38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» КММ

Математика пәнінің мұғалімі Жумажанова Сауле Жамбуловна

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.3.А. Қысқаша көбейту формулалары

Мектеп:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 7 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 7.2.1.14алгебралық өрнектерді қысқаша көбейту формулалары арқылы көбейткіштерге жіктеу;
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар:

қысқаша көбейту формулаларын біледі және қолданады

Басым көпшілігі:

тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдану арқылы көбейткіштерге жіктейді

Кейбір оқушылар:

қысқаша көбейту формулаларын қолдана отырып көбейткіштерге жіктейді және әр түрлі тәсілдер арқылы өрнектерді түрлендіреді

Бағалау

критерийлері

  • қысқаша көбейту формулаларын қолдану арқылы көбейткіштерге жіктейді
  • қысқаша көбейту формулаларын қолдана отырып әр түрлі тәсілдер арқылы өрнектерді ықшамдайды
Тілдік мақсаттар Оқушылар:

– қысқаша көбейту формулаларын ауызша тұжырымдайды және жаза біледі;

– қысқаша көбейту формулаларын қолдану алгоритмін біледі, түсіндіре алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

– қысқаша көбейту формулары;

– екі өрнектің квадраттарының айырмасы;

– екі өрнектің қосындысының квадраты;

– екі өрнектің айырмасының квадраты;

– екі еселенген көбейтінді;- үш еселенген көбейтінді;

– екі өрнектің қосындысының кубы;

– екі өрнектің айырмасының кубы;

– екі өрнектің кубтарының қосындысы;

– екі өрнектің кубтарының айырмасы;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

– екі өрнектің квадраттарының айырмасы …. тең;

– екі өрнектің қосындысының (айырмасының) квадраты …. тең;

– екі өрнектің қосындысының (айырмасының) кубы … тең;

– екі өрнектің кубтарының қосындысы ( айырмасы) …… ;

– берілген өрнекті …. түрінде жазуға болады.

Құндылықтарды дарыту «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясының «Зайырлы қоғам және жоғары руханият» құндылығы негізінде оқушыларды еңбекке және шығармашылыққа, ынтымақтастыққа, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу;

– құрмет құндылығын бір-бірін тындау, түсіну, ой бөлісу арқылы;

– еңбек және шығармашылық құндылығын өздігімен жұмыс жасау, басқалардың жұмысын бағалау арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар Қазақстан тарихы (хронологиялық бағыт)
АКТ қолдану дағдылары Интерактивті тақтаны ақпаратты ұсыну және оқушы жауабын тексеру құралы ретінде қолдану
Бастапқы білім Қысқаша көбейту формулалары

Көпмүшелерге амалдар қолдану

Сандардың бөлінгіштік белгілері

Жоспар
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

10 минут

«Миға шабуыл» әдісі

Ұйымдастыру шаралары: Сәлемдесу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Сыныптағы жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Топқа бөлу.

Үш түсті стикерде келесі тілектер жазылған:

  1. Мақсатыңа жетуіңді;
  2. Сәттілік;
  3. Жақсылық;
  4. Көтеріңкі көңіл-күй;
  5. Әр істе көшбасшы болуыңды;
  6. Білім шыңына жетуіңді;
  7. Биік белестерді бағындыруыңды;
  8. Әрқашан жеңімпаз болуыңды;
  9. Әрқашан алда болуыңды тілеймін.

…………………………………………………….

Оқушылар ортада шеңберде тұрып, бір-біріне осы тілектерді тілеп, стикердің түсі бойынша топқа бөлінеді.

стикерлер (қызыл, жасыл, сары)
Ширату жаттығуы (сәйкестендіру тесті):

Дұрыс жауабын тап:

1) (х+у)2=х2+2х +у2

2) m3+n3=(m+n)(m2+mn+n2)

3) (c-b)(c+b)=c2+b2

4) 8+а3=(2+а)(4-4а+а3)

5) а3-6а2b+12ab2-8b3=а3-4b3

6) (ab-5c)(ab+5abc+25c2)=a3b3-125c3

7) ac2+4a3c3-a2c=ac(a+4-c)

Қалыптастырушы бағалау: дұрыс жауабы интерактивті тақтада беріледі, бірін-бірі (жұптық) бағалау.

Ширату жаттығулары жазылған

карточкалар;

Интербелсенді тақта (жауаптары)

Сабақтың ортасы

25 минут

Топтық жұмыс

Тапсырма -1. Деңгейлік тапсырмалар. «Ойлан, тап, шеш» әдісі бойынша топтық жұмыс.

  • А тобы №7.106 (4)
  • В тобы №7.114 (3)
  • С тобы №7.118 (3),

Қалыптастырушы бағалау: Геометриялық фигуралар арқылы бағалау.

Тапсырма-2. Кейбір қабілеті жоғары оқушыларға беріледі. Дифференциация (уақытынан бұрын аяқтаған оқушыларға арналған стандарт емес есеп):

Жауабы: 45

Бағалау критерийі:

  • қысқаша көбейту формулаларын қолдану арқылы көбейткіштерге жіктейді
  • қысқаша көбейту формулаларын қолдана отырып әр түрлі тәсілдер арқылы өрнектерді ықшамдайды Дескриптор:

– қысқаша көбейту формуласын қолданады

– өрнекті ықшамдайды

– есептеуді орындайды

Қалыптастырушы бағалау: «Ауа-райы» әдісі бойынша бағалау

Математика: Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған

оқулық./А. Н. Шыныбеков, Д.Ә. Шыныбеков – Алматы: Атамұра,

2017. – 276 бет., 184, 185 беттер

геометриялық фигуралар

Қосымша – 1

Сабақтың соңы

10 минут

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға шығармашылық есеп беріледі.

Тапсырма-3 . Төмендегі есепті шығарып, 2050 жылдың 1-ші қаңтары қай күн болатынын білейік.

Жауабы:

2050.01.06, яғни 2050 жылдың 1-ші қаңтары сенбі күнге келеді.

Бағалау критерийі:

Қысқаша көбейту формулаларын қолданып тиімді есептейді.

Дескриптор:

– өрнекті формуламен сәйкестендіреді

– өрнекті ықшамдайды

– есептеуді орындайды

Қалыптастырушы бағалау:

«Бағдаршам» әдісі бойынша бағалау.

Үйге тапсырма: № 7.123-7.126

Рефлексия: «Бағалау ағашы» әдісі арқылы бағалау жүзеге асырылады.

Қосымша – 2

бағдаршамның түсіне байланысты стикерлер

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманықалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтарменбайланыс(тәрбиеэлементі)
Оқушылар тапсырмаларды уақытқа орындау кезеңінде қабілеті жоғары оқушылар тапсырмалардың басым бөлігін немесе түгелін орындай алады. Топтық жұмыста көшбасшы ролін атқарады,

басқа оқушыларға тапсырмаларды орындауына көмектеседі.

Дайын жауаптар бойынша бірін-бірі тексереді. Топтық жұмыстарын топтар арасында бағалайды.«Мадақтау» әдісі, смайликтер арқылы, геометриялық фигуралар арқылы,«Ауа-райы» әдісі бойынша, «Бағдаршам» әдісі бойынша бағалау. Тапсырмалар Қазақстан тарихы (хронология) пәнімен байланысты алынған. АКТ-дан тапсырмалар ұсынылады.Топтық жұмыстағы қауіпсіздік ережелерін сақталады. Сыныпта жағымды ахуал туғыздыру, сергіту сәті жүргізіледі.
Сабақбойынша рефлексия

  • Сабақмақсаты мен оқуміндеттеріорындалдыма, қолжетімдіболдыма?
  • Барлықоқушылароқумақсатынақолжеткіздіме? Егероқумақсатынақолжеткізбегенболсанеліктендепойлайсыз?
  • Сабаққалайжәнеқандайдеңгейдеөтті?
  • Жоспарланғансаралаудұрысіскеастыма? (тапсырмаларсәйкесболдыма?)
  • Сабақкезеңдеріндеуақыттытиімдіпайдаландыңыз ба?
  • Сабақжоспарынанауытқуларболдыма, неліктен?

Осы жоспарғақандайөзгерісенгіземінжәне неге?

«Бағалау ағашы» әдісі арқылы бағалау жүзеге асырылады.

Алма – бүгінгі сабақтан түйгенім өте көп, маңызды болды.

Гүл – бүгін көп нәрсені түсіндім, маған пайдалы болды.

Жапырақ – бүгін сабақта түсінбеген сұрақтарым бар, оқуым керек.

Ең алдымен оқушылар қысқаша көбейту формулаларын қайталайды, содан соң осы формулаларды қолдана отырып, өрнектерді түрлендіреді, дәлелдеуге арналған есептерді шығара алады. Сыныптың басым бөлігі оқу мақсаттарына жетедіі. Қабілеті төмен оқушылармен жұмыс істеу үшін әлі де уақыт қажет.
Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты):

1. Қысқаша көбейту формулаларын қайталауға арналған ширату жаттығулары

2. Шығармашылық (стандарт емес) есептер

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.Бірін-бірі бағалаған кезде толыққанды сөйлемдер құрып, әділ кері байланыс бере алуы

2. Оқушылар қысқаша көбейту формулаларын тиімді қолдана алуы.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Кейбір оқушыларға күрделі есептер шығару жүйесін көрсету, қосымша сабақтар өткізу.

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар

Қосымша 1

Бөлімтақырып 7.3.А. Қысқаша көбейту формулалары
Оқумақсаты 7.2.1.14 алгебралық өрнектерді қысқаша көбейту формулалары арқылы көбейткіштерге жіктеу;
Ойлаудағдыларыныңдеңгейі Білу және түсіну;

Қолдану

Бағалаукритерийлері
  • қысқаша көбейту формулаларын қолдану арқылы көбейткіштерге жіктейді
  • қысқаша көбейту формулаларын қолдана отырып әр түрлі тәсілдер арқылы өрнектерді ықшамдайды
Тапсырма-3
1) Кейбір оқушыларға беріледі.

табу.

Бағалаукритерийі Дескриптор
қысқаша көбейту формулаларын қолдана отырып әр түрлі тәсілдер арқылы өрнектерді ықшамдайды – қысқаша көбейту формуласын қолданады

– өрнекті ықшамдайды

– есептеуді орындайды

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар

Қосымша 2

Бөлімтақырып 7.3.А. Қысқаша көбейту формулалары
Оқумақсаты 7.2.1.14 алгебралық өрнектерді қысқаша көбейту формулалары арқылы көбейткіштерге жіктеу;
Ойлаудағдыларыныңдеңгейі Білужәнетүсіну;

қолдану

Бағалаукритерийлері
  • қысқаша көбейту формулаларын қолдану арқылы көбейткіштерге жіктейді
  • қысқаша көбейту формулаларын қолдана отырып әр түрлі тәсілдер арқылы өрнектерді ықшамдайды
Тапсырма-4
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға шығармашылық есеп беріледі. Төмендегі есепті шығарып, 2050 жылдың 1-ші қаңтары қай күн болатынын білейік.
Бағалаукритерийі Дескриптор
Қысқаша көбейту формулаларын қолданып тиімді есептейді – өрнекті формуламен сәйкестендіреді

– өрнекті ықшамдайды

– есептеуді орындайды

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше