«Балабақша – бақыт баспалдағы»
Жамбыл облысы, Тараз қаласы № 47 «Нұрбөбек» шағын орталығы ІІ- санатты тәрбиешісі Бердикулова Гулмира Абдимажитовна
Тақырыбы: «Балабақша – бақыт баспалдағы» (Эссе)
Ғалым да, шахтер де бас иетін,
Ұстазым, бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген,
Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең …
Осы тақырыпты алғаннан соң көп ойландым. Шындығында мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар, «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы», деп қалай дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне сілтер шамшырақ болары анық. Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы – жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі –тәрбиеші екені ақиқат. Өйткені бұл мамандықтың иелерінің мойнына ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп шығару міндеті жүктелген. Сондықтан басқа мамандық иелерінің баршасы да ұстаздарға борыштар деп ойлаймын.
Бала өсіру ата анаға оңай шаруа емес, көп еңбек сіңіруге тура келеді. Сөйтіп, өсірген баланың кімде болсада кейін жамандығын емес, қызығын көруді аңсайды. Сол жолда ұйқысыз түндерді тынымсыз тіршілікке толы күндерді өткізген ата-ана ұлының да , қызының да аман-есен өсіп, өз қатарынан кем болмай , жақсы адам болуын қалайды.
Ал енді, ата -анамен балабақша арасындағы тығыз қарым-қатынас , бірлік ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ.
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ең алдымен ата-ананың тәрбиесі негізгі роль атқарады десек, сол тәрбиені ұштастыра білу балабақшадағы тәрбиешіге де маңызды міндет жүктейді. Балабақшадағы әр баланың отбасындағы жағдайын, ондағы тәрбие бағытын біліп,ата- анамен тығыз қарым-қатынас орнатып, ынтымақтаса жұмыс жасағанда ғана бала тәрбиесі өз нәтижесін береді. Бала тәрбиесі тек ата анаға ғана емес-баршаға ортақ. Сондықтаната аналар мен тәрбиешілер бала тәрбиесіндегі мына төменгі міндеттері білген жөн. Отбасындағы тәрбиелік міндеттер:
Баланың дене және танымдық дамуы үшін максималды қауіпсіз жағдайлар мен түрлі мүмкіндіктер жасау. Баланы эмоцианалды қолдауды қамтамасыз ету.
Баланың адамдармен қарым-қатынас орнатудағы жеке талаптарын қадағалау.
Баланың тіршілік іс әрекеттерінде қауіпсіздік туралы алғашқы білімін қалыптастыру.
Балалардың өзіне өзі қызмет етуге және жақындарға көмектесуге бағытталған қолданбалы дағдылар мен іскерлікке үйрету.
Тілдік –қатынастық дамуын қамтамасыз ету.
Балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасау.
Психологиялық ,педагогикалық процесті ұйымдастыру.
Балабақшаның әрбір тәрбиешісі өз түлектерін зерттей білуге , олардың даму ерекшеліктерін қадалауға тиіс. Балаларды тәрбиешілердің зерттеуінің ғылыми психологиялық ерекшелігі бар. Тәрбиеші алдына қойған мақсаты –ол баланың психикалық дамуының жалпы заңдылықтарын белгілемейді. , оның орынына өзіне жеке жол табудың тиімді әдісін іздестіруге мүмкіндік беретін әрбір баланың дара психологиялық ерекшеліктерін анықтайды.
Баланы зерттеуде тәрбиеші зерттеу әдістерін қолданады. Балаларды зерттеуді ойдағыдай жүргізуінің негізгі шарты-балалардың психикалық дамуының жалпы заңдылықтарын анықтап білу. Бұларды білу тәрбиешіге неге, баланың қандай қылығына алдымен көңіл аудару керектігін көрсетеді. Әр балаға қай тұрғыдан келуді, жекелеген балалардың дамуындағы кейбір ауытқушылықтардың себептері туралы болжам жасауға және осы ауытқушылықтарды жоюға бағытталған тәрбиелік әсер етудің жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді.
Тәрбиеші үнемі балалардың арасында болғандықтан , оларды табиғи жағдайда зерттей алады, өйткені оның болуы сәбилер үшін үйреншікті нәрсе болып көрінеді де, олардң әдеттегі іс әрекетін бұзбайды. Топтағы балалардың барлығының немесе тіпті бірнешеуінің мінез құлқын бірден зерттеу мүмкін емес. Жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін тәрбиеші белгілі мерзімде бүкіл назарын бір балаға аударуы керек.
Баланы ойдағыдай зерттеудің міндеті шарты алдына айқын мақсат қою болып табылады. Егер тәрбиеші бала дамуын жан жақты білгісі келсе , онда бәрін бірден емес, бір бірлеп зерттеген дұрыс. Балаларды балабақша жағдайында өзара байланысты әдістермен бақылаулар жасаумен, іс әрекеттердің нәтижесін зерттеумен, әңгімелесумен бір мезгілде жүргізеді. Бұл әдістерді бөлектеу алдымен баланы тек қана бақылау, содан соң оның психологиялық ерекшеліктерін экспериментпен анықтау үшін арнайы жағдай жасау, осылардан кейін барып әңгімелесу дұрыс болмақ емес.
Қорыта келгенде бала тәрбиесінде үлгі – өнегінің үлкен мәні бар. «Айтушы ақылды болса, тыңдаушы дана болады» деген сөз тегін айтылмаған. Сондықтан «Бала көргенінен аспайды», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегенді естен шығармаған абзал.
«Ерке бала дегенше, есер бала десеңші» деген қазақ даналығы өз баласын бәрі де сүйеді, бірақ баланы тура жолға, әдепті болуға тәрбиелеу келекшек өзіңді асыраушы азаматыңның қалыптасуына қамқорлық жасау екендігін есімізде ұстауымыз керек.
«Үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр бала өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін ертегіден алады» деген белгілі педагог Сухомлинский.
Бүгінгі таңда ата – ана мен ұстаз арасындағы ортақ мәселе бала тәрбиесі екені баршамызға мәлім. Ата – ана үшін бала өмір жалғасы, көздің нұры үміт күткен шырағы келекшек қызық көрсетер болашағы десек, ұстаз үшін еңбегінің нәрлі жемісі болып табылады. Еңбек өтілім он жылдан ассада баланы тәрбиелеуден, өзімді жаңа әдіс – тәсілдермен, білім беру жолын ізденумен келемін.
