Айналадағы математика
Алматы қаласы № 174 мектеп гимназиясының
3 «Ә» сынып оқушысы Оразғали Әлия
Достар, математика сабағы мен үшін еш қиындығы жоқ. Айнала толған математика.
Мысалы стаканды алсаң, беті шеңбер, асты, түбі дөңгелек. Өзің теуіп жүрген велосипедтің дөңгелегі шеңбер, дөңгелектің ортасын шетімен жалғастырып тұрған жіңішке темірлер радиус. Сол дөңгелектің дәл ортасы – центрі.
Ал, параллелепипедті көп іздеп әуре болмайсың, шайдың, тіс пастасының әтірдің қораптарын алда көлемін тауып үйрен. Биіктігін, ұзындығын, енін көбейтсең болды.
Күнде ішіп жүрген шырынның литрін сыйымдылығын табу тіпте қиын емес.\ Жазулы тұр сыртында\ Партаның, столдың, кілемшенің, үйдің периметрін, ауданын есептеуді өзіңнен кіші балаларға көрсетіп , үйретіп отырсаң тіптен жақсы.
Тіпті біреулер менің жасымды сұрай қалса, сан саулесіндегі 9–дың алдындағы сан деп қоямын. Бұл жай мысал болғанымен жасы кіші балаларды тіпті үлкен балаларды да ойландырады. Телефон номеріндегі барлық сандарды топтап класқа бөл, разрядтарын ата деп қоямын кейде үйдегілерге.
Менің үйімнің номері 3 жүздік, 2 ондық, 1 бірлік. Үй номері 7 ондық, 8 бірлік деп жұмбақтаймын, өздері тауып алсын.
Заттың құнын, бағасын, санын табу үшін теңдеу құруды ұмытпа деймін достарыма. Әкеме көліктің жүру қашықтығы мен уақыты, жылдамдығы туралы сұрақ қоямын. Бұл да математика.
Осындай қызық тапсырмаларды, тапқырлықты үйреткен ұстазым Жанар апайға рақмет!
