Тәрбиешінің аты-жөні: Кабылова Нұрсая Қалдыбайқызы
Өтілімі: 5-6жыл
Бала саны: 16
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: «Апта күндері»
Мақсаты: Апта күндері туралы түсінік беру. Білімділігі: Балаларды ҚМҰҚ оқу іс-әрекетіне деген қызығушылықтарын арттыру, Апта күндерін ретімен айту. 1-10 дейінгі сандарды жатқа білу.
Дамытушылығы: Сандер жайлы түсініктерін ойлау қабілеттерін, тілін сөздік қорын дамыту..
Тәрбиелігі: Балаларды тақырыпқа, ізденпаздыққа, бір-біріне көмек беруге тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: Поезд,
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
I. Шаттық шеңбері. Қазақша: Қайырлы таң ұстазым!
Қайырлы таң достарым
Шеңберге тұрайық,
Жылулық сыйлайық!
Орысша: Добрый утро, воспитатель!
Добрый утро, друзя!
Посмотрите друг на друга
Пожелайте добра!
Ағылшынша: Good morning, good morning,
Good morning to you
Good morning, good morning,
We are glad to see you!
II. Кіріспе бөлім
Балалар біздің бүгінгі ҚМҰҚ оқу іс-әрекетіне апта поезы келіп тоқтайды. Балалар қараңдаршы поездың неше вогоны бар екен? Қане санап шығайық. Поезд вагондарында апта күндері жазылып тұр екен. Апта күндері бірінен кейін бірі ретімен келеді. «Апта» сөзі парсы тілінен аударғанда «жеті» деген мағына білдіреді. Апта ретін хормен айтайық.
Дүйсенбі
Сейсенбі
Сәрсенбі
Бейсенбі
Жұма
Сенбі
Жексенбі
Балалар енді осы вагондардың ішінде сендерге арналған тапсырмалар бар екен.
1-тапсырма:
Дүйсенбінің тапсырмасы: «Бәйге»
- Аптада неше күн бар?
-
Жұманың алдында аптаның қай күні келеді?
-
Осы сәрсенбіден келесі сәрсенбіге дейін неше күн өтеді?
Отбасылық демалыс
Әкесі, анасы және балалары 1 апта теңіз шипажайында болды. Отбасы неше күн демалды?
2-тапсырма: Сейсенбінің тапсырмасы:
Апта күндерін қазақ тілінде, орыс тілінде, ағылшын тілдерінде айтып беріңдер.
3-тапсырма:
Сәрсенбінің тапсырмасы:
- Бүгін қай күн және қай ай?
Келесі қай ай?
Барлық айлардың атарын білесіздер ме?.
4-тапсырма:
Бейсенбінің тапсырмасы
Топтық жұмыс (топпен бірге есеп шығару)
1-топ
+ | = | 5 |
+ | = | 3 |
+ | = | 4 |
2-топ
+ | = | 8 |
+ | = | 4 |
+ | = | 6 |
3-топ
+ | = | 3 |
+ | = | 7 |
+ | = | 6 |
III. Сергіту сәті:
Дүйсенбіде доп ойнадық алаңда,
Сейсенбіде серуен құрдық далада,
Сәрсенбіде сурет салдық сәндетіп,
Бейсенбіде би биледік әндетіп,
Жұма күні жидек тердік ағаштан,
Сенбі күні кино көрдік театрдан,
Жексенбіде үйде болдық демалдық
Осылайша өте шықты бір апта.
5-тапсырма:
Жұманың тапсырмасы:
Логикалық есептер
— Қоянда неше құлақ бар?(қоянның суретін көрсету) (екі құлақ)
— Бір қолда қанша саусақ бар? (бес саусақ)
— Ағашта 5 құс отыр, оның 2 — уі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?
(үш құс қалды)
— Себетте 3 банан, табақта 3 алма барлығын қосқанда неше жеміс болады?
(барлығы алты жеміс)
6-тапсырма:
Сенбінің тапсырмасы:
1-ден 10-ға дейінгі сандарды ретімен орналастыру арқылы, түрлі суреттер құрастыру.
7-тапсырма:
Жексенбінің тапсырмасы: «Ханталапай» ойыны. Ойының шарты: қоржынға 1-ден 7-ге дейін нөмірленген асықтар салынады. Оқушылар асықты алып, оның нөміріне сәйкес сұрақтарға жауап береді.
№ 1 Аптаның бірінші күні қандай?
№ 2 Бір жылда қанша ай бар?
№ 3 Қазір жылдың қай мезгілі?
№ 4 Сен қай күндері қай күндері бала-бақшаға келесің?
№ 5 Бүгін аптаның қай күні?
№ 6 Ертең аптаның қай күні болады?
№ 7 Бір аптада неше күн бала-бақшаға келесің, күн демаласың?
IV. Қорытынды
Балалар бүгінгі ҰОҚ сендерге ұнадыма
- Бүгінгі ҰОҚ тақырыбы қандай? — Бүгін бізге қонаққа кім келді.? — Бүгінгі тапсырмалар сендерге қызықты болдыма? — Апта күндерін үш тілде айта аласыңдарма? — Балалар бүгін бізге қонаққа кімдер келді?
Жақсы балалар? Балалар сендердің алдарыңда қызыл, сары, жасыл жұлдызшалар бар. Бұл жұлдызшалардың белгілері:
Қызыл жұлдызша -өте жақсы
Сары жұлдызша-жақсы
Жасыл жұлдызша -орташа
Ал балалар сендерге бүгінгі ҰОҚ ұнады ма? өздерің бүгінгі ҰОҚ қалай қатыстыңдар, ҰОҚ сендерге түсінікті болдыма? Олай болса алдарыңдағы (қызыл, жасыл, сары) жұлдызшаларды алып, жетістік ағашына ілеміз.
Жақсы балалар сендер бүгінгі ҰОҚ жақсы қатыстыңдар мен сендерді өте жақсы деп бағалаймын. (Жетістік ағашына өз қолымдағы кереметтей жұлдызшаны жапсырам. Сыйлыққа шокалад берем).
«Успех GOLD-8» ЖШС «Асыл бесік»балабақша- бөбекжайы
Тақырыбы: «Апта күндері»
(ҚМҰҚ оқу іс-әрекетінен ашық ұйымдастырылған оқу қызметі)
«Бәйтерек» мектепалды даярдық тобы
Тәрбиеші: Кабылова Н.Қ
Өскемен қаласы
2020 жыл
—
Зайтуна Есмаганбетова
—
IЗГIЛIК НАГИЕВ. Редактор