Жаңа сабақтар

Қордай ауданындағы мектептерге көмек көрсетілд і

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушылары мен психологтары Жамбыл облысына қарасты Қордай ауданының бірнеше мектебінде мұғалімдер және оқушылармен жұмыс жүргізді. Атап айтқанда, арт терапия, Гештальт терапия, нейролингвистикалық, топтық, жеке және релаксациялық жаттығулар кешені арқылы психологиялық диагностика жүргізіліп, кеңес берілді.

Бүгінгі таңда елімізде ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ету барысында бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Соның ішінде, ата-ана – бала – мектеп сабақтастығын дамыту, ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін нығайту және психолог мамандардың оқушыларға психологиялық қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру арқылы психологиялық сауаттылықты арттыруға басымдық беріледі.

Сонымен қатар, аудандағы елді-мекендерде туындаған жағдайға байланысты үй-жайы өртке шалдыққан, ата-аналары зардап шеккен балалармен және өтініш білдірген кейбір мектеп мұғалімдерімен жеке жұмыстар ұйымдастырылып, психологиялық көмек көрсетілді. Бұл жұмыс алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

http://edu.gov.kz/kz/news/detail.php?ELEMENT_ID=12677

ТарМПУ баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.