Жаңа сабақтар

Мұратова Айзат Яхияқызы

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы №8 «Қызғалдақ» бөбекжай балабақшасы МКҚК Тәрбиеші Мұратова Айзат Яхияқызы

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: Математика негіздері
Тақырыбы: 5 саны

Мақсаты: 5-ке дейін тура және кері санауды жетілдіру және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға, логикалық тапсырмаларды шешуді үйрету

Әдіс-тәсілдер: ойын технологиясы
Көрнекілігі: сандар, түрлі-түсті шарлар, геометриялық пішіндер, үлестірмелі материалдар, АКТ

Билингвалдық компонент: бір-один, екі-два, үш-три, төрт-четыре, бес-пять

Ұйымдастырылған ашық қызметі барысы:

І. Ұйымдастыру

«Тамаша» ойыны

-Біз бүгін ашық оқу қызметімізді барлығымыз көңілді болып отыруымыз керек. Сондықтан сендермен бірге «Тамаша» ойынын ойнағым келіп отыр. Олай болса, мен сендерге сұрақ қоямын, сол сұраққа тек «тамаша» деп жауап беруіміз керек.

-Бүгінгі көңіл күйіміз қандай?

-Біздің балабақшамыз қандай?

-Біздің тобымыз қандай?

-Біздің ұлдарымыз қандай?

-Біздің қыздарымыз қандай?

-Біздің тәрбиешілеріміз қандай?

-Керемет балалар!

ІІ. Негізгі бөлім
— Бір жылда неше мезгіл бар?
— Төрт мезгіл. Кәне, атап шығайық… (қыс, көктем, күз, жаз)
Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.
Мына шардың түсі қандай?(ақ)
— Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?
Қыс. қыста жер қандай болады (ақ)
Сары шарды көрсету
Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.(күз)
— Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.
Жер беті сары кілемге ұқсайды.
Жасыл шарды көрсету.
Бұл түс шөптердің түсі сияқты.
— Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады..
Ағаштар бүршік жара бастайды.(көктем)
Қызыл шарды көрсету.
— Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.?
Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?.(жаз)

Балалар мына шарлардың түстерін білдік, енді сиқырлы шардың ішінде не бар екенін білгілерің келе ме? Кәне, шарды кім жарады.Бір бала шығып шарды жарады.

-Балалар, бізге тапсырмалар берілген, осы тапсырманы дұрыс орындайық.

1 — тапсырма. 1-ден 5-ке дейін тура және кері санау. Екі тілде санау.
2 — тапсырма. Дидактикалық ойын: «Санына қарай цифрларын тап»

Сергіту сәті
Айя және Әлимен бірге санамақ айту
3 — тапсырма. Жұмбақ шешу.

  • Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек, менің атым (дөңгелек)
  • Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме, бірден білер құлақ асқан сөзіме. (үшбұрыш)
  • Теледидар таныс екен баршаға, ал пішінім ұқсайды ғой (шаршыға)

4- тапсырма. Логикалық тапсырмалар

1)Табақта бір алма,
Қолымда екі алма.
Барлығын қосқанда,
Шығады неше алма ? (3 алма)

2) Үш алмұрттын біреуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады? (2 алмұрт)

3) Ақ балапан,
Сары балапан.
Шұбар балапан,
Қара балапан.
Барлығы неше балапан? (4 балапан)

4) Ағашта бір қарға бар еді,

Қасына бір қарға ұшып келді.

Ағашта неше қарға қалды? (2 қарға)

ІІІ. Қорытынды

  • Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі оқу қызметімізге жақсы қатысқан балаларды мадақтап,қорытындылау.

Күтілетін нәтиже:
Түсінеді: 1-ден 5-ке дейін тура және кері санауды, логикалық есептерді шығаруды
Қолданады: түстерді ажыратып, геометриялық пішіндерден сурет құрастыруды

Мамандығым – мақтанышым

Әрбір оқу жылында елімізде мыңдаған жас түлек білім ошағын тәмамдап, үлкен өмірге қанат қағады. Жас түлектің алдында үлкен сынақ, маңызды шешім, болашақ өміріне жолдама болар шешім тұрады. Ол – мамандық таңдау.

Ж.Аймауытов: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл – жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе», – дейді. Рас, жас жеткіншек тек өз жүрек қалауымен ғана таңдаған мамандықтың шебері бола алады, яғни мамандық таңдау – жай ғана оқып, диплом ала салу емес, өмірлік жолыңды айқындау. Бірақ кейбір ата-ана, туған-туыс оған мән бермей, жеткіншектің көңілі қаламаған мамандыққа еріксіз апарады.

Меніңше, жас түлек болашақ мамандығын таңдарда, ең алдымен өзін, өз бейімділігін, жүрек қалауын ескеруі қажет. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс–табыс биігіне жеткізетін қанат.

Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн.Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзін араласқын келетін ортаны да таңдау. Әр мамандықтың өз қиындығы, өз қызығы бар.

Менің жүрек қалауым, арман еткен мамандығым- ол, балалар тәрбиешісі. Мен неге бұл мамандықты таңдадым? Ес білген шақтан, әлемнің ең кереметі, пәк жүректі бүлдіршіндердің жүрегінде мәңгі сақталар тәрбиеші болуды арман еттім. Тәрбиеші болу үшін ең алдымен үлкен жүрек керек. Ол-адам бағдарын жасаушы,келешек ұрпақтың сәулетшісі.Бүгінде мен осы арман еткен мамандық иесімін.

Тәрбиеші жұмысы күрделі де, қызықты да, жауапты. Балабақшаға кіргенде жас бүлдіршіндердің жағымды үндері, сыңғырлаған күлкілері «Сәлеметсіздер ме, балалар?» деген сөзіме берген балалардың «Сәлеметсіз бе?» деген жауабы бір сергітіп, серпілдіріп тастайды. Сондықтанда, бұл сөз мен үшін қадірлі, мен үшін құдыретті сөз. Күнде таңертең жұмысқа келгенде, балалармен бірге болған әрбір уақытым мені жаңа әлемге жетелегендей болады. Алдымда отырған жас бүлдіршіндерімнің сүйкімді де, әдемі, байсалды да, ақылды жүздерін көрсем, әрбір үйдің ерке баласының жүздерінен не нәрсені де білуге құштар шабытты, сұраулы жанарларын байқаймын.Осы бір «Балалар әлемнің» теңізіне бір бағыт алсаң ешқашан басқа жаққа кете алмайсың деп ойлаймын.

Күнделікті таңертең балабақша ауласына жақындағанда, балалардың сыңғырлай күлген дауыстары мені қуанышқа бөлейді. Балабақша кіргеннен-ақ, өзімді мазалаған сан түрлі ойлардан арылып, балалардың тәтті қылықтарымен әдемі жүздерінен шаттанамын. «Баласыз үй мазар, балалы үй базар»- деп ата- бабаларымыз бекер айтпаса керек. Балалардың әр күні біздің көз алдымызда өтіп жатыр. Алдымызға келген балалар — біреудің маңдай алды жарығы, енді бірі – жал дегенде жалғызы, бірі – ерке, бірі – қой аузынан шөп алмас момыны. Маңдай алды жарығын Таңшолпандай жарқыратып, жал дегенде жалғызды көпшілдікке үйретіп, қой аузынан шөп алмасты ортада жарқылдап сөйлер шешен қылып тәрбиелеу үшін қажымас қайрат пен батырлық қажет.

Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды. Алайда баланың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі бір үлкен ғанибет. Ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз санасына алғашқы адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындату мына біз тәрбиешілердің еншісінде.

Өйткені бала – кіршіксіз пәк, тап-таза мөлдір бұлақтың бастауын, көзін ашып тұнығуына қону үшін қаншама қиын да, қызықты еңбек пен тер төгу керек. Балаларды ана тілінде әдемі сөйлету олардың ой – сезімдерін оның еркін көркем жеткізе алуға баулу, таңымдық қабілеттерін дамыту – тәрбиешінің мақсаттарының бірі.

Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт.Себебі, тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып маған сенім артады. Пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Өйткені, мен оларға, олар маған қажетігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы — әр тәрбиешінің бақыты. Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан -тәнімен сезіне білуі қажет.Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты.Шынымды айтсам, кейде жұмыстан үйге келгенде қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күндерімді ой елегінен өткізе отырып, балаларымның ыстық ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарымен, сәбилік шын жүректерімен айтқан сөздері есіме түскенде шаршағанымды ұмытып кетемін. Осы бір «Балалар әлемінің теңізіне» бір бойласам, ешқашан өз мамандығымды өзгерткім келмейді. Өйткені, бала-пәк, бала тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы сияқты. Балалар — өмір гүлі. Ал гүлдер ешқандай жасандылықсыз, шынайылықпен баптағанда ғана өседі.

Сөзімді қорытындылай келе, менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мен мамандығымды шексіз мақтан тұтатынымды және осы таңдаған жауапкершілігі мол қызмет жолында бар білімім мен тәжірибемді аямайтынымды,қалтқысыз еңбек ететінімді айтқым келеді.Мен үшін күнделікті балабақша балалардың алаңсыз күміс күлкісін,шаттыққа толы көңіл күйлерін көріп,балалармен бірге ойнап күлгеннің өзі бір бақыт деп білемін..

«Дені саудың –жаны сау »(спорттық ойын)

Мақсаты: Балаларға денені шынықтырудың пайдасын, адамның дені сау сергек болуына көмектесетінін түсіндіру. Балалардың көтеріңкі көңіл — күйде болуын қалыптастыру, тепе — теңдікті сақтау, шынықтыру жаттығуларына, сайыстың шарттарына деген қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекілігі: түрлі шарлар, жалаушалар, кубиктер, секіргіш доптар,үлкен доп, гимнастикалық орындық, эмблема әр балаға.

Барысы:
Шаттық шеңбер.
Біз бақытты баламыз,
Шыныға да аламыз
Сәулетті елдің көгінде
Шамшырақ болып жанамыз. (иіліп сәлем беру)

  • Құрметті ойыншылар, бүгін «Дені саудың-жаны сау» атты спорттық ойынымызды бастаймыз. (екі топқа бөлініп тұрады)

Ал, сайыскер балалар,
Ешкімің жоқ алалар
«Жеңімпаз» болу үлкен ерлік
Оны әділқазы бағалар.
(әділқазы мүшелерімен таныстыру)

Ойынымыздың шарттары:
1. Таныстыру
2. «Допты тез жеткізу»
3. «Тепе-теңдікті сақтап жүру»
4. «Епті де, жүйрік»

  1. «Кедергілер»
  2. «Қаппен секіру»
    Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт сапар!
  3. Таныстыру.
    «Күншуақ» тобы
    Ұраны: Күндей болып күлеміз,
    Шуақ шашып жүреміз.

«Жұлдыз» тобы
Ұраны: Бүгін жарыс бақшада
Қуанады бар бала.

  1. «Допты тез жеткіз»
    Ойын шарты: Допты ұстап жүгіріп келу.
  • «Тепе-теңдікті сақтап жүру»

  • Ойын шарты: Тақтай үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру.

    1. «Епті де, жүйрік» сайысы

    Ойын шарты: Үлкен доп үстіне отырып, орындықты айналып секіріп орнына келу

    1. «Кедергілер» сайысы
      Ойын шарты: Допты ұстап, кубик арасынан алып өту.
  • «Қаппен секіру» сайысы.
    Ойын шарты: қапты аяғына киіп алып, кедергіні айналып өту.

    • Рахмет, ойыншылар. Барлық сайысшарттарын орындадық.

    Өнерге биік сеніңіз
    Думанға қызық келіңіз
    Әділқазы ел сенген
    Сайысқа баға беріңіз!
    (Әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды)

    Тақырыбы: «Тәуелсіздік — деп соғады жүрегіміз »

    Мақсаты: Мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін бекіту, тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан туралы балаларға ұғындыру.Болашақ ұрпақты Отан сүйгіштікке баулып, туған жерін, елін сүюге, табиғат әсемдігін танып оны қорғай білуге тәрбиелеу.
    Көрнекілігі: көк түсті шарлар, билборд, қанатты сөздер, ҚР рәміздерінің және тәуелсіздік құрбандарының суреттері, бейне көрініс

    Ертеңгіліктің барысы:

    (Әжесі жұн тутіп отырады. Немересі далада ойнап жүреді)

    Әжесі: Е-е-е-е… — тәуба! Бергеніне шүкір…

    Немересі: Әже, әжетай! Далада керемет болып жатыр, аспанға жаркылдаған салют атып, адамдар қуанышқа бөлiніп жатыр. Жүрiңіз, көрейік!

    Әжесі: Е-е-е-е, жарығым бұл қуаныш. Тәуелсіздіктің мейрамына арналған керемет, қой. Жақсылығымыз ұзағынан болсын!

    Немересі: Әжетай, Тәуелсіз деген не?

    Әжесі: Тәуелсіздік деген еркіндігің, бостандығың, бақытың, балам. Біздің кезімізде мұндай еркіндік болған жоқ.

    Немересі: Сол өміріңіз туралы айтып беріңізші?

    Әжесі: Әй, балам-ай, өткен өмірді көз алдыма елестетсем шуылдап, басым айналады. Аздап тынықпасам болмас. (Әжесі немересімен қисайып жата кетеді).

    Немересі: (көзін ұқалап тұрады) — Әже, жап-жарық күнді көрдім. Көп түс көрдім.

    Әжесі : Е-е-е-е…. ол сенің бақытың, балам. Тәуелсіздігінің мәңгі жарық күні.

    Немересі: Ендеше, мен ұстаздарымнан, жолдастарымнан сүйінші сұраймын. Алақай, сүйінші! Тәуелсіздіктің ақ таңы атып келді!

    «Алға, Қазақстан» әнімен билеп , залға кіреді.

    Тәрбиеші: Армысыздар, құрметті апайлар, балалар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
    Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрек жарды қуанышқа толы күнді ата — бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
    Ғажайып сәт:Балалар біреу есік қағатын тәрізді тыңдайықшы. Ой балалар, бізге қонаққа шет елден Америкадан қонаққа Джон мырза келді. Ол сендердің әндеріңді естіп, сендермен танысып, біздің еліміз туралы тереңірек білгісі келеді екен. Ол сендерге бірнеше сұрақтар бергісі келеді. Сұрақтарына жауап береміз бе?
    Шет елдік қонақ:- Балалар сендер тұратын мемлекет қалай аталады?
    Балалар: Қазақстан.
    — Қазақстанның бас қаласы қалай аталады?
    Балалар: Нұр- Сұлтан
    -Қазақстан мемлекетінің тұңғыш көшбасшысы кім?
    Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
    Қазіргі ҚР президенті кім?

    Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.
    — Қандай мемлекеттік рәміздерді білесіңдер?
    Балалар: Ту, елтаңба, әнұран
    — Тамаша, сендер рәміздер туралы қандай өлең — тақпақ білесіңдер?

    Кәусар: Елтанбасы елімнің
    Неткен әйбат, әдемі.
    Тұнығындай көңілдің
    Ортада аспан әлемі!

    Нұрасыл: Желбірейді шалықтап,
    Қазақстан жалауы.
    Көкте қыран қалықтап,
    Қанат қағып барады.

    Әдемі: Әнұраным — жан ұраным,
    Айтар әнім, сөйлер сөзім,
    Туған жерім, сағынарым,
    Мәңгі бақи шырқалады.
    Республика ән ұраны.

    Қазақстан республикасының Ән ұранын тыңдайды.

    Тәрбиеші: Жарайсыздар балалар! Олай болса экранға назар аударайық (тәуелсіздік туралы бейне көрініс)

    Бүгінгі «Жас ұлан» тобының тәрбиеленушілерінің Тәуелсіздік күніне арнаған мерекелік өлең шумақтарын қабыл алыңыздар!

    Диас: Он алтыншы желтоқсан

    Елдің ұлы мейрамы

    Жаңа шыққан көктемдей

    Жаз күніндей жайдары.

    Айару Б: Арымыздай тап-таза

    Жанымыздай шуақты

    Көтерілді биікке

    Қазақстан байрағы.

    Гүлбахар: Жарық болса күніміз

    Жарқын шығар үніміз

    Елін сүйіп ержетер

    Біз болашақ гүліміз.

    Санжар: Он алтыншы желтоқсан

    Тәуелсіздік алған күн

    Ерекше боп мәңгілік

    Ел жадында қалған күн.

    Хор: «Желтоқсан желі»

    Айару Б: Мереке бүгін ұлы күн,

    Бабалар рухы көксеген.

    Азатты елдің ұлымын

    Теңескен төбем көкпенен.

    Ахмед: Жасай берсін ұлы күн

    Үміті боп елінің.

    Ақ күн боп баланың

    Шаттығы боп шалдардың

    Гүлсезім: Маған қымбат ұлы елімнің

    Шешек атқан әр гүлі.

    Аялайды бәрімізді

    Азаттықтың таң нұры.

    Айару А: Әр қазақтың есінде сақталады

    Желтоқсандық өрендер ақталады

    Ел намысын қорғаған сарбаздарым

    Ерліктерін мәңгілік сақтаған.

    Сезім: Тәуелсіздік таңы атты

    Барлық әлем жаңарып

    Осы тұрған халқыма

    Бейбітшілік арнады

    Мағжан: Қайраттай қайсар ұлдардың

    Жанымен келген еркіндік

    Жазира мен Ләззаттың

    Арымен келген еркіндік

    Қасыретпен қайғының

    Бәрімен келген еркіндік.

    Хор: «Егемен Ел Қазақстан»

    Медина: Әнді алысқа жеткіземіз,

    Көкке елдің туы ілінді.

    Жылда той қып өткіземіз,

    Тәуелсіздік ұлы күнді.

    Низомиддин:Тәуелсіздік –ел болу

    Ынтымақпен өрге озу

    Еркін және өзге елмен,

    Терезесі тең болу

    Айым: Сарыарқаның даласында,

    Күн шуағын төккен күн.

    Елім менің, жерім менің,

    Баққа қолы жеткен күн.

    Бақытжан: Он алтыншы желтоқсан

    Ел мерейі тасыған

    Қазақ деген қалың жұрт

    Бәрін кешті басынан.

    Жас ұлан топ биші қыздары «Мен қазақтың қызымын»

    Ойын: «Сипаттама бойынша тап»

    Бекзат:Тәуелсіздік-Бақ туын.

    Қолға ұстаған сәт бүгін.

    Болсын дәйім шат күнім.

    Інжу: Мерекеге шығады

    Бүкіл халық біліп қой

    Отандастар ұғады

    Тәуелсіздік –ұлық той

    Сабиназ: отан жерім, Отан елім

    Міне, менің қазақ жерім

    Нұрсәуле: Отан-деген атамекен

    Отанымды сүйемін мен.

    Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігімізге арналған «Тәуелсіздік – деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік ертеңгілігіміз өз мәресіне де келіп жетті.

    «Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады»- балалар бәріміз шын жүректен шыққан тілегімізді айтайық.

    Қ- қазақ елі мәңгі жасасын!

    А-аспанымыз ашық болсын!

    З-заманымыз тыныш болсын!

    А- ақшамыз көп болсын!

    Қ-қазақстан гүлдене берсін!

    С- сәтті күндеріміз көп болсын!

    Т-туымыз биікте желбіресін!

    А- аңсаған арманымыз орындалсын!

    Н- нанымыз көп болсын!

    Тамаша балалар! Осы шын жүректен шыққан тілектеріңіз қабыл болсын!
    Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
    Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
    Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
    Туған күнің құтты болсын, алыбым!

    Хор: «Отаным -Қазақстан»
    Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

    Туған күнің құтты болсын, балақай!

    Мақсаты: Балалардың мереке туралы ұғымдарын кеңейту. Туған күнді мереке ретінде көтеріңкі көңіл сыйлай білуге үйрету, жақсы тілектер айту дағдысын дамыту. Сөздік қорын молайту. Балаларды адамгершілікке, мейірімділікке, ауызбіршілікке, достыққа тәрбиелеу.

    Көрнекілігі: түрлі-түсті шарлар,жалаушылар, гүлдер, микки маус киімі,4 саны, суреттер,шақыру хаттар

    Барысы:
    Күндей жадырап
    Айдай арайлап
    Судай мөлдір таза көңілмен,
    Бүгінгі күнімізді бастаймыз!
    Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын, ризамын! Қане бәріміз келген қонақтармен амандасайық.(Балалар үш тілде амандасады)
    Балалар, бүгін біз туған күн кешін тойламақшымыз. Балалар туған күн жылына бір рет келеді.Туған күн болатын адамның көңіл күйі көтеріңкі болады,оларға жақсы тілектер айтылады, сыйлықтар беріледі.

    Алақай – ау, алақай!
    Айтыңдаршы балақай,
    Балабақшамызда бүгін,
    Туған күні бүгін,
    Туған күні кімнің?
    Туған күн иелерін сүйкімді қыздарымыз мен жігіттерімізді төрге орындыққа шақырамыз. Қанекей балалар барлығымыз қол шапалақтап, қошемет көрсетейік. Балапандарымыз

    4 жасқа толып отыр.(Бақытжан, Парасат, Диас, Бекзат, Айару, Мағжан, Ахмед)

    Құтты болсын бүгінгі туған күнің,
    Әрдайым күлімсіреп жүрсін жүзің
    Жасыңа жас қосылып өсе берші,
    Өмір саған әрқашан төксін нұрын.

    Балалар біз де достарымызды туған күндерімен құттықтап, оларға арнаған билерімізді билеп, әндерімізді және тақпақтарымызды айтып берейік.

    Нұрислам: Өсті міне бойымыз,

    Өсті міне ойымыз,

    Қуанышқа ортақпыз.

    Құтты болсын тойымыз

    Нұрәли:Толысады ойымыз,
    Азаяды ойынымыз.
    Өйткені біз күн санап
    Өсіп келе жатырмыз.

    Хор: «Балабақша»

    Тәрбиеші: (Есік қағылады, топқа Микки маус кіреді) Балалар тобымызға қонақтар келе жатыр.Бәріміз қарсы алып, амандасайық. (үш тілде амандасады)

    Микки Маус: Сәлем достар!Мұнда қандай мереке тойлап жатсыңдар?

    Балалар: Туған күн.

    Микки Маус: Мен құттықтаушымын.Мен сендердің туған мерекелеріңді естіп келдім, бірақ осы мерекені бұзғым келіп тұрған жоқ,менімен бірге тойлайсыңдарма?

    Балалар: Иә

    Микки Маус: Балалар сендер көңілдеріңді көтергілерің келеме?

    Балалар: Әрине

    Микки маус: Онда барлығымыз ортаға шығып билеп, көңілімізді көтерейк.(микки маус өлеңіне барлығы билейді)

    Тәрбиеші: Балалар келесі құттықтау тақпақтарымызды айтуды жалғастырайық.

    Жасмин: Балдай тәтті баламыз

    Ақылдымыз данамыз

    Туған күні достардың

    Бірге қарсы аламыз.

    Айсәуле:Туған күнің достардың

    Зор қуаныш кореміз

    Ортаға алып би билеп

    Ән де салып береміз.

    Хор: «Тәрбиеші»

    Хасан:Туған күнді тойлаймыз

    Қызықты ойын ойнаймыз

    Қолдан жасап ойыншық,

    Досымызға сыйлаймыз.

    Арсен: Нұр ойнаған көзіңнен

    Құшақ толы көзіңнен

    Құттықтаймыз сіздерді

    Қуанышты күндермен!

    Айғаным: Құтты болсын туған күнің

    Думан тойың, жан досым!

    Қол бұлғайды қырдан бүгін,

    Қызықтырған арманың.

    Би: «Тик-так»

    Қожа: Жүзімізге қараңыз

    Бал күлкілі баламыз

    Бізге қымбат-күн шуақ

    Бізге қымбат-анамыз

    Санжар: Бүгін туған күніміз,

    Қолда шоқ-шоқ гүліміз.

    Ойын ойнап, би билеп,

    Таусылар емес әніміз

    Ән: Бауыржан Айсәуле «Ертегілер» әні

    Інжу: Еркін күліп ойнаймыз,

    Ертеңді де ойлаймыз

    Жолдастықты қадірлеп

    Туған күндң тойлаймыз!

    Тамерлан: Үйренеміз өнер біз

    Шетімізден шеберміз

    Тақпақ айтып, ән шырқаймыз

    Биде билеп береміз!

    Би: «Қолшатыр»

    Тәрбиеші: Балалар енді достарымызға арнап тілектер айтайық.

    Аслан: Туған күндерініз құтты болсын. Достарымыз аман болсын.

    Бекболат:Бақытты балалық шақ тілейміз.

    Ерқанат:Ақылды, білімді,тәртіпті бала болыңыздар.

    Медина: Денсаулықтарыңыз мықты болсын!

    Низамиддин: Аспанымыз ашық болсын!

    Гүлбахар: Жүздеріңіз күлкіге толсын!

    Микки Маус: Жарайсыңдар, балалар!Қане бәріміз ортаға шығып билейікші. (барлық бала билеп шығады)

    Ән: «Туған күніңмен!» (Үш тілде айтылады)

    Тәрбиеші: Қане, балалар енді бәріміз торттың шамдарын үрлейік.

    Туған күнің құтты болсын балақай,

    Шаттық пен күлкі бағын аралай.

    Ата-анаңның сүйікті ұл мен қызы боп.

    Алдарыңнан ақ күн тусын арайлап-деп бүгінгі туған күнге арналған ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.