Бодыбаева Кенішкүл Абытқызы

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы

№8 «Қызғалдақ» бөбекжай балабақшасы МКҚК

Бодыбаева Кенішкүл Абытқызы

Тақырыбы: «Ана-асыл қазынам»

Мақсаты. Анасы мен баласын сайысқа қатыстыра отырып ,баланың ата-ана өміріндегі маңызы, ата-аналардың балаға деген тәрбиесін көрсету. Балаларды ынтымақ пен бірлікке үлкенді сыйлап, отбасына көмекші болуға тәрбиелеу.

Құрметті қонақтар,ата-аналар! Бүгінгі 8-наурыз Халықаралық

аналар мерекесіне арналған кешке қош келдіңіздер! АЯУЛЫ ӘЖЕЛЕР, АРДАҚТЫ АНАЛАР,ГҮЛ-ГҮЛ ЖАЙНАҒАН ҚЫЗДАР мерекелеріңіз құтты болсын! (әуен орындалып тұрады)

Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым
Ана десем әділдікті ұғамын.
Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар,
Аналардан туған кейбір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар,қасиетті аналар !
Сайысқа қатысушы отбасылармен таныс болыңыздар.

  1. Серікқызы Айдай анасы Мақпал
  2. Смаділда Айсана анасы Гүлсая

3.Аманкелді Адия анасы Элмира

(Бүгінгі сайыстың шеберлігін бағалайтын
әділқазылар мүшелерімен таныстыру)
Сайыстың бағдарламасы:

1.Таныстыру

2.Өз өнері

3.Сұрақ –жауап

4.Ас мәзірі

5.Кім жылдам ойыны
Ал,халайық, ықыласпен демелік
Аналардың бүгінгі сайыстарын көрелік.
Анасы мен баласына қарап біз
Әділдікпен бағаларын берелік
(таныстыру)
Балабақша меңгерушісі А. Задаева

Балабақша әдіскері А.Мұратова

Балабақша психологы Б. Әбілқасымов

1-бөлім: Таныстыру.

Аналар өздерін таныстырып және қызының атын кім қойды,неліктен олай атағаны туралы түсіндіру.

Қазақ халқы өнегелі бай екен,
Өнер деген мол қазына кең екен.
Би билеп,ән айтып жырламайтын
Өнерсіз қазақ жоқ екен.
(өнер көрсету)

2-бөлім: «Өнерлі өрге жүзер»
(Анасы мен қызы өнерлерін көрсетеді )

3-бөлім: «Сұрақ жауап»

Қайсысы білгір білімді,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек,кім жылдам,
Таланттарын табайық.
(сұрақтарға жауап беру)

    1. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата
    2. Үш биді ата
    3. Үш жұртты ата
    4. Қазақтың ұлттық ойындарын ата
    5. Үш арсызды ата
    6. Қазақ даласының алғаш мектеп ашқан ұлы ағартушы кім

4-бөлім: «Ас мәзірі»

5-ші бөлім. «Кім жылдам» ойыны.

Анасы мен баласы біріккен жұмыс. Бала геометриялық пішінді ұстап тұрады, анасы парақты ұстамай бір қолымен пішінді қиып алу керек. Қиылған суретті баласы ұқыпты ақ қағазға жапсыру керек.

Ана-өмірдің қуанышы, тірегі,
Бала- оның жұбанышы, жүрегі.
Ана алдында ел жауы да бас иген
Олар дәйім тыныштықты тіледі.

Аналарды құттықтау,сайыстың жеңімпаздарын анықтау.
Ендеше,сайысымызды қорытындылау үшін кезекті әділқазылар алқасына береміз.Сайысқа қатысушылар
мынадай номинациялармен марапатталады:

  1. «Шебер ана»
  2. «Ақылды ана»
  3. «Өнерлі ана»
    Қорытынды. Құрметті ата-аналар бүгінігі сайысымыз өз мәресіне жетті. Барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт, береке, бірлік тілейміз. Мерекелеріңіз құтты болсын.

Тақырыбы: Төлдер айтысы

Мақсаты: Төрт түлік мал төлдерінің адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Сахналау барысында дауыс ырғағын келтіре отырып, рөлдерге ену дағдыларын дамыту. Кеңістікте бағдарлау, түрлі қарқынды қозғалу кезінде өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіру, дағдыларын жетілдіру. Олардың бізге тигізетін пайдасын айту, күтіп баптауға, қорғап қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, жұмбақ жасыру, мақал-мәтелдер

Сөзді жұмыс: Шопан ата, Зеңгі баба, Қамбар ата, Ойсыл қара

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: ертегі мазмұнынмен таныстыру

Көрнекілігі: үй жануарларының суреттері, аудио жазба, слайд, АКТ.

Билингвалды компонент: үй жануарлары – домашние животные, сиыр – корова, жылқы – лошадь, түйе – верблюд, қой – овца, ешкі – коза.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдастырушы – қозғаушы қызмет Шаттық шеңбері

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Баршаңызды құрметтеп

Бас иеміз біз

Сәлеметсіздер ме балалар!

Көңіл күйлерің қалай?

Ауа райы қалай?

Келген қонақтар қалай?

Балалар бүгін ерекше күн, өйткені бізге қонақтар келді.

Білер қазақ баласы,

Сәлем – сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз,

Бәрінеде де ізетпен

Біздер сәлем береміз.

Бүгін біз «Төлдер айтысы» ертегісімен танысамыз.

Сәлеметсіз бе апай!

Тамаша

Тамаша

Тамаша

Сәлеметсіздер ме!

Ұйымдастырушылық – ізденушілік Жұмбақ жасыру

1. Мінсең желдей жүйткейді

Көңілің таудай өседі

Алып ұшар алысқа

Ер қанаты деседі

2. Екі айнасы бар

Екі найзасы бар

Төрт сылдырмағы бар

Бір шыбыртқысы бар

3. Үстінде екі тауы бар

Кезікті бір жануар

4. Кішкене ғана бойы бар

Айналдырып киген тоны бар

5. Жарға шығып ойнайды

Ойынға бір тоймайды

Болсадағы сақалы

Секендеуді қоймайды

Жарайсыңдар балалар

Сендер үй жануарларына, яғни төрт түлік малға нелер жататынын білесіңдер ме?

Олардың төлдері қалай аталады?

Неліктен үй жануарлары деп аталады?

Үй жануарларының қандай пайдасы бар?

Я балалар үй жануарларының адамға тигізетін пайдасы көп екен

Жылқы – ірі жануар жеті қазынаның бірі киелі мал. Жылқы етінен жал-жая, қазы –қарта, шұжық жасалады. Қымыз өте шипалы сусын.

Түйе – бірнеше күн аштықпен сөлше шыдайды. Түйенің пайдасы мол. Сүті шұбат. Жүні адам қажетіне өте пайдалы.

Сиыр – айыр тұияқты жануарлардың бірі. Сиырдың еті мен сүтінен айран, қатық, май, құрт, ірімшік жасайды.

Қой – төрт түліктің бірі. Қой еті дәмді әрі құнарлы. Қой жүнінен киім, шұлық, қолғап тоқиды.

Ешкі – өте тынымсыз үй жануары. Сүті ем.

Қазақ халқы төрт түлік малдың әрқайсынының пірі киесі, қамқоршысы бар деп білген.

Қой қамқоршысы – Шопан ата

Сиыр қамқоршысы – Зеңгі баба

Жылқы қамқоршысы – Қамбар ата.

Түйе қамқоршысы – Ойсыл қара

Ойын

Төлдерін тап.

Сиыр бұзаулайды.

Түйе боталайды.

Жылқы құлындайды

Қой қоздайды

Екші лақтайды.

Бұл жануарлардың өздеріне тән дыбыстары болады. Төлдері енесі өріске кеткенде, қарыны ашқанда дыбыс білдіреді.

Дыбысын тап.

Дидактикалық ойыны

Үн таспадан үй жануарларының дыбысын анықтау.

Үй жануарларын қалай шақырады.

Қой – қозы: пұшайт-пұшайт

Сиыр – бұзау: әукім-әукім

Жылқы-құлын: құрау-құрау

Түйе-бота: көс-көс

Екші – лақ: шөре-шөре

Дұрыс айтасындар.

Үй жануарлар туралы кімдер тақпақ айтып береді.

Жылқы

Сиыр

Түйе

Қой

Ешкі

Сұрақтарға жауап береді

Үйжануарларының адамдарға тигізер пайдасы көп. Олардан ет, сүт алынады.

Құрт, ірімшік жасалады.

Балалар зейін қойып тыңдайды.

Есте сақтау үшін қайталайды.

1.Шөре –шөре лағым

Тентек болма шырағым

Секендемей деміңді ал.

Селтеңдемей құлағың

2. Қара көзің мөлдіреп қызықтырмай қоймайды.

Жібек жүні үлбіреп

Қарасам көз тоймайды.

3. Әукім-әукім әукешім

Қасиінші әукесін

Енең әне келеді

Ақ мамасын береді

4. Құлыншағым құндызым

Құлдырайды шабады.

Жылтылдаған жұлдызым

Құстай қанат қағады

Жарайсыңдар балалар.

Балалар, осы төрт түлік мал туралы мақал білесіңдер ме?

Балалар малды тебуге, ұруға бола ма?

Төрт түлікті құрметтеу

Кендірмен байлама

Жыңғылмен айдама

Кендірмен байласаң

Жыңғылмен айдасаң

Мал бітер деп ойлама

Осылайша ата-бабаларымыз малды құрметтеген.

«Төлдер айтысы» ертегісін оқып беру

Осы ертегіні балалар рөлдерге бөліп, орындап береді.

1.Жылқы малдың патшасы

Түйе малдың қасқасы

2.Мал өсірсен қой өсір

Өнімі оның көл көсір

3.Түйе-малдың үлкені

Жылқы-малдың үркегі

4.Малды баға біл

Бабын таба біл

Болмайды.

Балалар мұқият тыңдайды.

Рефлексивті – түзетушілік Қорытындылау.

Жарайсыңдар балалар!

Бүгінгі оқу қызметіне бәрің жақсы қатыстыңдар. Үй жануарлар туралы көп нәрсе білдіңдер.

Балаларды мадақтау

Хор: Тұлпарым

-Үй жануарларымен, олардың төлдерімен;

-Өйткені олар адамдардың көмегімен өсіріледі.

-Сүт, ет, май, жүн, қымыз, шұбат

Күтілетін нәтиже:

Түсінеді: Үй жануарлардың және оның төлдерін пайдасын, қажеттілігін

Қолданады: Үй жануарларына деген қамқорлық сезімдері қалыптасады, төлдерді шақыру туралы тақпақтарды айтуды

Білім беру саласы: Әлеумет

Оқу қызметі: Қоршаған орта

Тақырыбы: Ұлттық тағамдар

Мақсаты: Төрт түлік өнімдері туралы білімдерін бекіту. Ұлттық тағамдар туралы түсініктерін молайту. Асты құрметтеуге , қадірлеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл: ойын технологиясы

Көрнекілігі : Ұлттық тағам түрлері: құрт, ірімшік, май, айран , қаймақ, сүт, қазы-қарта , слайд көрсету.

Билингвалды компонент: айран-кефир,сүт-молоко

Сөздік жұмыс: қазы- қарта, май сөк

Барысы:

Ұйымдастыру.

Жылулық шеңбері

Қазақ ұлты дарамыз,
Өсіп келеді санамыз
Жылуыңа жылу қос,
Болашаққа бірге барамыз. (Балалар қол ұстасып айтады)
Балалар орнымызға барамыз.

Тәрбиеші : Балалар бүгінгі оқу қызметімізді бастаймыз . Біздің бүгінгі өтетін оқу қызметіміз «Қоршаған орта» , тақырыбы «Ұлттық тағамдар».

  • Балалар көгілдір экранға назар аударайық. (экраннан ұлттық тағамдардың , төрт түліктің суреттерін слайд арқылы көрсету )
  • Балалар, мына төрт – түлік малдың аттарын білесіздер ме?

Кім айтады? ( жауап береді)

  • Өте жақсы, барлығымызда ұлттық тағамдардың түрлерін, қайдан алынатынын жақсы білеміз екен.
    Балқаймақ – Түйе сүтінен немесе айраннан пісірілетін тағам.
    Құрт – Ашытылған түйенің сүтінен немесе ашылатын жасалатын сусын.
    Шұбат – Тайлақты түйенің сүтінен ашытылған жасалатын сусын.
    Ежегей – Жаңа төлдеген малдың уызына қант қосылып пісірілетін тағам.
    Айран – Жас түйенің сүтінен алынатын сусын.
    Қымыз – Жылқы сүтінен алынып ашытылатын сусын.
    Ірімшік – Сиыр сүтінен қант қосылып пісірілетін тағам.
    Бұжы – Малдың іш майына ұн қосылып ішекке салынып пісірілген тағам.
    Қазы – Жылқы етін тұз бен бұрыш қосып, ішекке салып пісірілетін тағам.
    Қуырдақ – Төрт – түлік малдың етінен май араластырып пісіретін тағам.
    Бауырсақ – Бауырсақты білмейтін қазақ жоқ шығар, ұлттық тағамның ұлы асы. Ұн мен майға пісірілетін тағам.
  • Билингвалды компонент: айран-кефир,сүт-молоко

Сергіту сәті. Айя мен Әлидің төрт түлік әні(Музыка терапиясы)

Дидактикалық ойын: «Құртты кім көп жинайды?»

Ойын шарты: Енді, балалар қолдарымызды берілген ыдысқа құртты кім тезірек және көп жинайды. Олай болса бастайық.

Тәрбиеші: Балалар, енді мына суреттерге назар аударалық.
(Тақтаға ұлттық тағам түрлерінің суреттерін ілінеді, балалар тағы бір қайталап айтып өтеді).

Бата:Дастарханымызға береке берсін,
Бастарымыз мереке берсін.
Астарымызға адалдық берсін,
Елімізге амандық берсін.
Әумин, әумин!

ЦИКЛОГРАММА

ІІІ апта (20-24 қаңтар, 2020 ж.)

Ортаңғы «Дарын» тобы

Өтпелі тақырып «Табиғат әлемі»

Тақырыпша «Құстар- біздің досымыз»

Күн тәртібі Уақыты Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма
Балаларды қабылдау

Ата-аналармен әңгімелесу

Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б. )

Таңертеңгі гимнастика (5 мин)

8.30 – 8.45 Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы. Құстар туралы жан-жақты әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға арналған ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату. Балалардың көңіл -күйлеріне назар аударып, қызуын өлшеп қабылдау. Медаға, психологпен бірлескен жұмыс.
«Қызыл кітап»

Суретпен жұмыс.

Саусақ ойыны.

«Сәлем»

Мақсаты. балалардың ой-қиялын дамыту; саусақ қиыдарын жетілдіру.

Дидактикалықойын:«Дауысынан таны»

Мақсаты: құстардың дауысынан қарап тануға үйрету

Саусақ ойыны.

«Үкі»

Мақсаты. Елестету сезімдерін дамыту.

«Құстар әлемі» топтамасымен таныстыру
Жаттығулар кешені Кубиктермен Шишкалармен.
Таңғы ас 8.50-9.10 Ботқаның, дәрумендердің, дұрыс тамақтанудың және т.б.балалардың денсаулығына пайдасы туралы әңгімелесу,дастархан басында әдептілікпен тазалық сақтап отырып ас ішуге баулу
Ойындар,

Ұйымдастырылғаноқуқызметіне (ҰОҚ) дайындық

9.10-9.20 Балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастыруда ойындар және баяу қимылды ойын-жаттығулар
Қанатын қағып қаздарда

Көкпенен жүзіп өткенді.

Торғай отыр томпиып

Құйрықтары шолтиып.

Сауысқаның сақ отыр,

Сары шымшық тағы отыр.

Торғай, торғай торғайсың,

Таяу келіп қонғайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязға тоңбайсың.

Қарға, қарға, қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

Біреу келсе қасына

Басын бұғып қорғалар.

Қазым, қазым, қаңқылда,

Көлде жүзіп саңқылда.

Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі 9.20-10.15 1.Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:«Дала құстары» (әңгімелеу)

Мақсаты: Зат есімдер мен көмекші есімдерді байланыстырып сөйлеуге үйрету, құстарды қорғай білуге тәрбиелеу.

Дидактикалық ойын:

«Ұшты-ұшты»

Көрнекіліктер: мазмұнды суреттер

Әдіс–тәсілі: ойынтехнологиясыБилингвальды компонент: құстар-птицы

Күтілетіннәтиже:

Түсінеді:құстардықорғайбілуді

Қолдана алады: байланыстырып сөйлеуді біледі

2.Сурет салу

Тақырыбы:«Торғай»

Мақсаты: Сурет салу кезінде түрлі қаламды қолында еркін ұстау дағдыларын жетілдіру. Құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстардың үнін, қимыл -қозғалысын бейнелеп, дене бөліктерін ажырата білу дағдыларын дамыту

Дидактикалық ойын:

«Құстар қимылы»

Көрнекіліктер: қоян суреттері

Әдіс –тәсілі: ойын технологиясы.

Билингвальды компонент: торғай-воробей

Күтілетін нәтиже:

Түсінеді : Құстар туралы

Қолдана алады: түрлі қаламды қолында еркін ұстау дағдыларын 3. Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар)

1. Еденде тігінен тұрған құрсаудан еңбектеу.

2. Екі аяқпен секіру (аяқтар бірге, аяқтар алшақ).

Қимылды ойын: «Ұядағы құстар»

Әдіс –тәсілі: денсаулық технологиясы.

Көрнекілігі: құрсау

Билингвальды компонент: доп-мяч

Күтілетін нәтиже:

Түсінеді :Еденде тігінен тұрған құрсаудан еңбектеуді

Қолдана алады:Екі аяқпен секіруді.

1.Математика негіздері

Тақырыбы:«Үшбұрыш»

Мақсаты: Геометриялық фигура – үшбұрыш ұғымын қалыптастырып, геометриялық фигураларды тану және оларды атау дағдыларын дамыту

Дидактикалық ойын:

«Танграм»

Көрнекіліктер:геометриялық пішіндер

Әдіс –тәсілі: ойын технологиясы.

Билингвальды компонент: үшбұрыш-три угольник

Күтілетін нәтиже:

Түсінеді :Геометриялық фигура – үшбұрыш ұғымын

Қолдана алады: геометриялық фигураларды таниды.

2. Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар)

1. Екі аяқпен секіру (аяқтар бірге, аяқтар алшақ)

2. Тереңдікке секіру (15-20 см биіктіктен)

Қимылды ойын: «Мысық пен торғай»

Әдіс –тәсілі: денсаулық технологиясы.

Көрнекілігі: гимнастикалық скамейка

Билингвальды компонент: секіру-прыгать

Күтілетін нәтиже:

Түсінеді:Тереңдікке секіру

Қолдана алады:Екі аяқпен секіру

1.Көркем әдебиет

Тақырыбы:

«Шұбар тауық» ертегі

Мақсаты: Ертегі мазмұнын түсініп тыңдай отырып, бірізділігін бұзбай айтуға үйрету. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Таныс ертегілерді ойнауға,сахналауға ынталандыру,қызығушылықтарын ояту

Дидактикалық ойын:

«Ретімен орналастырайық»

Билингвальды компонент: тауық-курица.

Әдіс –тәсілі: ойын технологиясы.

Көрнекілігі:

Ертегі кейіпкерлерінің суреттері

Күтілетін нәтиже;

Түсінеді: : Ертегі мазмұнын түсініп тыңдайуды

Қолданады: ертегілерді ойнауды, сахналауды

2. Музыка

Тақырыбы: «Құстар-біздің досымыз»

Мақсаты: Құстар тіршілігі туралы мағлұмат беру, қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Әнді көңілді ашық дауыспен таза орындауға үйрету

Ән тыңдау: «Торғай ағаш қорғайды» Қ.Қайым

Ән айту: «Сұр көжегім»

К.Қуатбаев

Әуенді-ырғақты

қимыл, ойын:

«Мысық пен балапандар» Қимылды ойын

Әдіс –тәсілі: ойын технологиясы.

Билингвальды компонент:құстар-птицы

Күтілетін нәтиже:

Түсінеді :Құстар тіршілігі туралы

Қолдана алады: Әнді көңілді ашық дауыспен таза орындауды

1.Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы:

«Біздің қанатты достарымыз»

Мақсаты: Құстар туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, құстардың сыртқы ерекшеліктері туралы білімдерін байыту. Құстар және оларды бір- бірінен қалай ажырату керектігін түсіндіру. (Торғай мен сауысқан) Дидактикалық ойын:

«Құстардыңұясықайда?»

Билингвальды компонент: құстар-птицы

Көрнекілігі:құстардың суреті

Әдіс –тәсілі: ойын технологиясы.

Күтілетін нәтиже;

Түсінеді:Құстар туралы түсінеді

Қолданады:Құстар және оларды бір- бірінен қалай ажырату керектігін

2.Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар)

1.Тереңдікке секіру (15-20 см биіктіктен)

2.Арқан бойымен жүру

Қимылды ойын: «Қораздар шайқасы»

Әдіс –тәсілі: денсаулық технологиясы.

Көрнекілігі:гимнастикалық скамейка

Күтілетін нәтиже:

Түсінеді:Арқан бойымен жүру

Қолдана алады:Тереңдікке секіруді

1.Жаратылыстану

Тақырыбы:«Қыста құстарға қамқор боламыз»

Мақсаты:Қыстап қалатын құстар туралы түсінік қалыптастыру. Жұмбақ шешу қабілеттерін дамыту. Балаларды «біздің кішкентай достарымызға» жанашырлық танытуға баулу.

Дидактикалық ойын:

«Құстар еліне саяхат»

Билингвальды компонент: құстар-птицы

Көрнекілігі:

Құстардың суреті

Әдіс –тәсілі: ойын технологиясы.

Күтілетін нәтиже;

Түсінеді: Қыстап қалатын құстар туралы Қолданады:құстарға жанашырлық танытуды

2. Мүсіндеу

Тақырыбы: «Торғай»

Мақсаты: құсты мүсіндеуде

ермексаз кесектерінен бөліп алу, дөңгелектеу, шымшу, сылау әдістерін пайдалану дағдыларын жетілдіру.

Дидактикалық ойын:

«Әр құсқа өз үйі»

Әдіс –тәсілі: ойын технологиясы.

Билингвальды компонент:құстар-птицы, торғай-воробей Күтілетін нәтиже:

Түсінеді :құсты мүсіндеуді

Қолдана алады: бөліп алу, дөңгелектеу, шымшу, сылау әдістерін

Серуенге дайындық 10.15-10.30 Балалардың киіну реттілігін бақылау, киінгенде түймелерін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды, киіміндегі олқылықтарды жөндеуді қадағалау. Киім шкафтарын таза ұстау және жинау.
Серуендеу 10.30-12.00 Серуенге қызығушылық туғызу;

Қар бетіндегі іздерді бақылау.

Мақсаты:балаларды қар бетіндегі құстардың ізін бақылату және оларды салыстыра білуге үйрету. Құстар туралы түсініктерін кеңейту.

Қимылдық ойын:«Қаздар», «Жапалақ пен балапандар ойыны», «Қарлығаш пен аралар», «Қу түлкі», «Аққу –қаздар ойыны»

Мақсаты: Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа баулу

Серуеннен оралу 12.00-12.20 Балалардың реттілікпен киімдерін шешуі, дербес ойын әрекеті .
Түскі ас 12.20-13.00 Балалардың назарын тағамға аудару; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс; әдеп ережесі.
Бата:

Асқа адалдық берсін! Денге саулық берсін! Дастарханға байлық берсін!

Нан қиқымын шашпаймыз,

Жерде жатса баспаймыз.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаймыз.

Дастарханның басында,

Әдеттен біз озбаймыз.

Үлкендердің қасында,

Қолды бұрын созбаймыз.

Нан – ардақты асыл ас,

Кәрі, жас одан аттамас.

Ақ дастархан үстінде,

Қол жумай оны ұстамас.

Бата:

Дастарханың майлы,

Көңілің жайлы болсын.

Өміріңе не тілесең,

Тілегің қабыл болсын.

Түскі ұйқы 13.00-15.10 Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату.
Баяу бесік жырын тыңдату «Әтеш пен тоты құс» әңгімесі «Аққу-қаздар»

ертегісі

Баяу әуен тыңдату «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»
Біртіндеп ұйқыдан ояту, ауа, су шаралары 15.10-15.40 Жалпақ табандылықтың алдын алу мақсатында ортопедиялық жол бойымен жүру.

Білімді кеңейту және мәдени-гигеналық дағдыларды орындау.

Ояну жаттығулары Кешен №12

Бесін ас 15.40-16.00 Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс
Ойындар, дербес әрекет

Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс

16.00

16.40

«Құстар суреттерін құрастыру» дидактикалық ойын

Мақсаты: құс бейнелерін құрастыра білуге үйрету.

Үйірме жұмысы:

«Біз және театр» «Шұбар тауық» Орыс халық ертегісі.

Вариативтік компонент

«Дидактикалық ойындар»

Тақырыбы: «Иісі бойынша анықта» ойыны

Мақсаты: Сезім түйсігін қоршаған ортаға қызығушылығын дамыту.

Көрнекілігі: Жеміс-жидектер.

«Шұбар тауық» ертегісін сахналау

Мақсаты: балаларды кейіптендіру дағдыларын қалыптастыру.

Үйірме жұмысы.

Ұлттық ойын.

«Кім түртті» ойыны.

Жеке баламен жұмыс.

Сурет салу оқу қызметіндегі жұмыстарын жалғастыру (суретті аяқтау)

Жеке баламен жұмыс: Арман мен Жібек Аягөз Нұрсұлтанға. геометрия

лық фигураларды тану және оларды атау дағдыларын қалыптасты

ру.

Жеке баламен жұмыс: Арман мен Жібек Аягөз Сұлтан Алимуса Нұрсұлтанға қысқа ертегі айтқызып жаттықтыру. Жеке баламен жұмыс:Сұлтан Айсана Әнел Нұрсұлтан Нұрдәулетке құстардың сыртқы ерекшеліктері туралы айту. Жеке баламен жұмыс: Жібек Арман Алимуса Нұрдәулет Сұлтанға дөңгелектеу, шымшу, сылау әдістерін пайдалануды жетілдіру.
Серуенге дайындық 16.40-16.50 Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету, жылы дұрыс киінудің адам денсаулығына пайдасы туралы әңгімелесу.
Серуен Серуенге қызығушылық туғызу, балалармен жеке әңгімелесу
Балалардың үйге қайтуы 16.50-

17.30

Ата-аналарға кеңес: Балалардың маусымдық киімдерін тапсыру. Ата-аналарға кеңес. Балаңыздың жан-жақта дамуына ықпал жасап, сұрақтарына толық жауап беріңіз. Ата-аналарға кеңес.

Балалардың бүгінгі жетістіктері туралы айту.

Ата-аналарға кеңес.

Балаңызға табиғаттағы өзгешеліктер туралы айту.

Ата-аналарға кеңес

Балаңызға суретті кітапша беріп боямақпен жұмыс жасаңыз.

Тәрбиешілер: К. Бодыбаева.

—
Зайтуна Есмаганбетова

—
IЗГIЛIК НАГИЕВ. Редактор

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше