Рахимова Гульмира Абилгазиевна

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы.

Рахат №1 орта мектебінің “Тарих және құқық пәндерінің”

мұғалімі Рахимова Гульмира Абилгазиевна

“Ұлы Жеңіске – 75 жыл.

Адамзат тарихында үлкенді кішілі он бес мыңға жуық соғыс өткен. Бірақ солардың ішіндегі ауқымы, құрбандары мен алапаттығы жағынан ең жантүршігерлігі Екінші дүниежүзілік соғыс және оның құрамдас бөлігі- Ұлы Отан соғысы (1941-1945жж.) болды.

Бүгінде соғыс кезіндегі Қазақстандықтардың шығыны жайлы әр түрлі пікірлер айтылып жүр. Соғыс Қазақстан жерінде өтпесе де, қазақстандықтар Кеңес Одағының бөлігі ретінде фашистермен жан аямай соғысып, жеңіске өз үлестерін қосты. Қазіргі кездегі айтылып жүрген деректерге сүйенсек:

Сонымен. 1941 жылдың 22- маусымында Германия өзара шабуыл жасаспау келісімін бұзып,Тұтқиылдан Кеңестер Одағына соғыс бастады. Еуропаны жайпап келе жатқан Гитлерлік фашизмге қарсы көпұлтты Кеңес Одағы

1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына халқының саны біршама көп, едәуір дамыған өндірістік қуаттары және орасан бай табиғи ресурстары бар Қазақстан КСРО-ның құрамдас бөлігі ретінде кірісті. Көпұлтты мемлекеттің барлық халықтары Отанды қорғауға жаппай жұмылдырылды.Қазақстандықтар да Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен бастап Қара теңізден Балтық теңізіне дейін созылған барлық майдандарда гитлерлік басқыншыларға қарсы шайқастарға қатысты.

Фашистік Германияға қарсы соғыс жеңісінің 20 жылдығына байланысты1965 жылы 8 мамырда Брест қамалына “Батыр қамал” атағы берілді, ал Ленинградқа “Қаһарман қала” атағы берілді. Сталинград шайқасы батырларының ерлігін мәңгі есте сақтау үшін 1963-1967 жылдары Мамай қорғанында мемориалды кешен салынып, 1982 жылы “Сталинград шайқас” музей понорамасы ашылды. Қазақстан Сталинград майданына көп көмек көрсетті. Қорғаныс зауыттары , түсті металлургия , көмір және мұнай өнеркәсібі кәсіпорындары толық қуатымен жұмыс істеді. Батыс Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп орындары Сталинград майданының тапсырысы бойынша жылы киім тігуді, шаналар, ат әбзелдерін шығаруды жолға қойды Мемлекеттік қорғаныс Комитетінің көмегімен Пешной-Гурев-Орск мұнай құбыры мен теңіз портын салу міндеті шешілді. Теңіз флотының қызметкерлері мұнай өнімдерін тасуды 6 есе көбейтті.

Осынау қиын қыстау сұрапыл соғыс кезінде жас балалар ата-анасынан айырылды.

Бұның өзі балалар мен қарияларға берілген ауыр сынақ еді. Сол кезде қаншама отбасы тірідей отқа оранып, қарша бораған оқтың астында қалды. Жас балалар қатал тағдырдың шырмауында қалды. Сұм соғыс оларды жастайынан өмірдің қатал сынына салды.

Соғыс- деген алапат күйретуші күш.Ұлы Отан соғысы…Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн.Соғыс салған зардап әлі күнге дейін жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күн ұмытылмайды. Себебі, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі бола аларлықтай үлкен сабақ. Ұлы Отан соғысының сұрапыл ауыртпалығын бастан өткерген біздің елдің ұраны “Ешкім ұмыт қалмайды, ештеңе ұмытылмайды” деген ұлағатты сөз сол соғыс зардабын көрген әрбір Отандастарымыз үшін де қымбат ұғым. Дүниежүзін дүр сілкіндірген 1941-1945 жылдар аралығындағы сұм соғыстың зардабы қазақ жерін айналып өткен жоқ. Әрбір төртінші қазақстандық майданға аттанып, неміс фашистерімен жан аямай айқасты Соғыстың зардабынан миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті.Бірақ бәрібір Рақымжын Қошқарбаев Берлиндегі Рейхстагқа ту тігіліп, жеңіс туы желбірей түсті. Осы жеңісте Қазақстанннан шыққан қаһарманмен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған.

9-шы мамыр фашизмді жеңген қаһарман халқымыздың ұлы мереке күні. Бұл күні қуаныш үшін қаншама боздақтарымыз өмірін қиған, біз қазіргі ұрпақ сол боздақтарымыздың сол қайтпас ерлігімен келген бостандық пен жеңісімізді шын жүрегімізбен мақтаныш сезіммен еске алатын күн.

Атақты қолбасшы Бауыржан Момышұлының “Ұрыс идеалы дегеніміз-Ұрысты шығынсыз жеңіп шығу. Ұрыс өнері дегеніміз-ұрысты аз шығындармен жеңіп шығу” деген қанатты сөзі бар[1]. Бауыржан Момышұлы Эрнесто Че Гевараның кумирі болды. “Волоколамск тасжолы” Че мен Фидель Кастроның сүйікті кітаптарының бірі болған. 1963 жылы Фидель Кастромен сұхбаты жариаланды. “Екінші дүниежүзілік соғыстың батыры деп кімді атар едіңіз? -деген сұраққа Кастро: “Александр Бектің “Волокаламск тас жолы ” (қазақшасы “Арпалыс”,1943ж.) кітабының кейіпкері-қазақ Момышұлы”, – деп жауап берген. Көп кешікпей Бауыржан Момышұлы Кубаның Қорғаныс министрі Раул Кастроның шақыруымен Куба еліне барады. Аға лейтенант Б.Момышұлы басқарған батальон Мәскеу үшін болған шайқаста 27 рет ұрысқа кіріп, соғыс тарихында болмаған тактикалық маневрлар жасап, әскери өнерге көптеген жаңалықтар енгізген.

Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағытең ірі апат болғанын ұмытуға хақымыз жоқ . Осы соғысқа 72 мемлекет қатысты. Яғни, соғыс жер шарының 80 пайызын, немесе 1,7 млрд адамды қамтыды, 55 млн-нан аса адам мерт болып, з5 млн адам жараланды. Майдан даласында күніне 25 мың адам қаза болып отырған.

1418 күнге созылған сұрапыл соғыстағы жеңіс Кеңес азаматтарына оңайға түскен жоқ. Сондықтан да біздің жарқын болашағымыз үшін өз өмірлерін қиған, бейбітшілік аспанын силаған даңқты батырларымызды, олардың тылдағы және майдандағы ерліктерін мақтан етіп, есте сақтауымыз керек.

Қолданылған әдебиеттер

  1. З.Ахметова. “Шуақты күндер”.

2.” Қазақстан тарихы көне заманна бүгінге дейін” Бес томдық. 3-4 томдары.Алматы: Атамұра, 2002.

  1. “Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін”. Оқу құралы. Алматы: Дәуір, 1994.
  2. Төлентаев К. Қазақстан тарихы. Оқу құралы Алматы: Зият Пресс,2006.

[1] А.Бек. “Волокаламск тас жолы”

—
Зайтуна Есмаганбетова

—
IЗГIЛIК НАГИЕВ. Редактор

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше