Жаңа сабақтар

Хуанбай Гүлнұр

Алматы облысы, Талғар ауданы, Нұра ауылы

«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар Жалпы білім беретін

№12 орта мектеп» МКК

бастауыш сынып мұғалімі Хуанбай Гүлнұр

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Математика

Мектеп:

Күні:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сандар және өлшемдер

Сынып:1

Мұғалімнің аты – жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы Баға
Оқу мақсаты 1.1.3.6 1 теңгелік, 2 теңгелік, 5 теңгелік,10 теңгелік, 20 теңгелік монеталармен түрліше төлем жасау.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Теңге (монета) номиналдарын атайды.

Көптеген оқушылар: Белгілі бір сомадан монеталармен төлем жасайды,ұсақтайды.

Кейбір оқушылар: Тауардың ақшасын төлеуде монеталардан қажет соманы құрастырады, дәлелдейді.

Бағалау критерийлері 1 теңгелік, 2 теңгелік, 5 теңгелік,10 теңгелік, 20 теңгелік монеталармен түрліше төлем жасайды.
Тілдік мақсаттар Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Тиындар, ақша құны, баға,теңге, жалпы сан, қалдық ақша, қайтарым туралы айтады.

Сабақта диалог үшін қолданылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

• Төлем жасау үшін сенде не болу керек?

• Төлеу үшін қандай монетаны пайдаланасың?

Ақша (монета) артылып қала ма? Қандай монетамен төлейсің?

Құндылықтарды дарыту Түрліше төлем жасау арқылы қарым — қатынасқа түсу.
Пәнаралық байланыстар Дүниетану-тағам, сусын түрлерін атайды
АКТ қолдану дағдылары Слайд-ақша түрлері,ашық сұрақтар көрсетіледі
Бастапқы білім Теңге, ақша , монета туралы алған ұғымдары бар.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезендері Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

7 минут

Психологиялық ахуал

(М) Сәлеметсіңдер ме, балалар? Бүгінгі математика сабағымыз ерекше өтпекші. Оның ерекшелігі ,сабағымыз «Дәмханада» өтеді. Олай болса, жағымды ахуал туғызу үшін «Тамаша тілек» жаттығуы арқылы бір-бірлерімізге табыс, сәтті сауда тілейік!Оқушылар бір-бірлеріне сәттілік тілейді!

) Жақсы, рахмет!

(Сыныптың бір бұрышына алдын ала “Дәмхана” жасап қойылады.Дәмханадағы үстелдің үстіне ас мәзірі қойылады.Тағамдардың пластмасса модельдері мен суреттеріне бағасы жазылып тұрады.

Оқушыларға бүгінгі сабақта дәмханада болатындары хабарланады, сатып алатын тағам ақысын монеталармен төлейтіні айтылады,ол үшін сабақ барысында монета жинау керектігі түсіндіріледі).

Бағалау критерийлерімен таныстыру. (дұрыс жауап 10,20,50,20 теңгемен сараланады, жалпы ұпай-100т. Осы теңгені монетаға айналдырып, соңында дәмханадан төлем жасайды.

Ширату жаттығуы

«Орныңды тап» ойыны ұйымдастырылады.

Көрген монеталарын оқушылар таңдап алады.

Дәмхананың әр тұсына 1 тг, 10 тг, 20тг, 100тг деп жазылған қағаздар ілінеді.

Орындалу шарты:

1топ.1 тг- «Құны ең кіші монеталар»

2топ. 10 тг- «20 тг мен 5 тг арасында орналасатын монета»

3топ. 20 тг— «Жартысы 10 тг болатын монета»

4топ.100 тг-«Құны ең үлкен монета»

Оқушылар монеталарды алу арқылы 4 топқа бөлінеді. (Топ ережесі айтылады)

«Дельфи» тәсілі (Ми штурмы)

(Өткен сабаққа шолу,жаңа сабаққа кіріспе)

(М) Дүкеннен айран және тоқаш сатып алғым келіп тұр. Менде 100тг ғана бар. Ал,қалай ойлайсыңдар,менің ақшам жете ме екен?

) Жоқ, жетпейді.

) Неге олай ойлайсыңдар?Осы сұраққа нақты жауап беру үшін біз нені білуіміз керек?

(О)Заттың қанша тұратынын, демек бағасын білу керек.

Меню,тамақ үлгілері(пластмасса)
Сабақтың ортасы

30минут

(М)Жақсы,ендеше,балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Баға»

(ТЖ) 1 –тапсырма. «Белгісіз монеталар» ойыны. 11 теңге, 15 теңгені қалай шығарып алуға болады.

11 тг = 10 тг + 1 тг;

11 тг = 1 тг + 10 тг;

11 тг = 5 тг + 5 тг + 1 тг;

15 тг = 10 тг + 5 тг;

15 тг = 5 тг + 5 тг + 5 тг;

Сызбаға қажетті соманы желімдейді,қорғайды.

(ҚБ) «Монета» тәсілі

Дескриптор.

Белгісіз монеталарды табады.

Белгісіз монеталарды табады,есептейді, қосады.

(ЖЖ)2-тапсырма.

«Көршіңмен сырлас» тәсілі

Қажетті зат сатып алу үшін бізге не керек?

— Қымбат емес заттарды сатып алу үшін, біз нені қолданамыз?

Бір шоколадтың бағасы – 75 тг немесе бір сырдың бағасы – 60 тг болса, оны қандай монеталар төлеп, сатып алуға болады?Сенде 100 тг кесек ақша болса, оны қалай ұсақтайсың немесе артығын қалай қайтарып аласың?

Оқушылар бір бірінің жауаптарын салыстырады

(ҚБ)« Монета» тәсілі

Сергіту сәті. «Көңілді әуен»

(ТЖ)3-тапсырма.«Ойлан және зертте!» стратегиясы.

Арман бәліш және самса сатып алмақшы болды. Дүкенде бәліш 70 тг, ал самса 100 тг тұрады. Бәліш мен самсаның қайсысы арзан?Қанша арзан?

(ҚБ) «Монета» тәсілі

Дескриптор

Бәліш мен самсаны ажыратады.

Олардың қанша тұратынын айтады.

Қайсысы арзан?, қанша арзан екенін салыстырып, зерттей алады.

Ашық сұрақтар:

Белгілі бір соманы жинау дегенді қалай түсінесің?

— Баға нені көрсетеді?

— Бағасы 16 тг тұратын затты сатып алу үшін қандай монеталарды пайдаланар едің?

— Әмияныңда 80 теңге бар. Осы ақшаны пайдаланып,мына тамақтың ішінен қайсысын сатып алар едің?

Тамақтар: сүт 90 тг, нан 50 тг, сағыз 30 тг. (Жауабы: нан 50 тг, сағыз 30 тг.)

Слайд

Сызбалар

https://i0.wp.com/www.catalogofmoney.com/images/coins/kzt/20_kzt_a_big.jpg?w=825

Жеке карточкалар

Ламинатталған А4

https://i0.wp.com/www.catalogofmoney.com/images/coins/kzt/20_kzt_a_big.jpg?w=825

АКТ

Оқулық

Постер

https://i0.wp.com/www.catalogofmoney.com/images/coins/kzt/20_kzt_a_big.jpg?w=825

Слайд

Сабақтың соңы

3минут

Жиналған соманы санау, сол соманы теңгеге айналдыру , «Дәмханадан» керек затына төлем жасап, қажеттерін алу.

Кері байланыс: Әмиян тәсілі

Мен………………алдым. Мен………….алмадым.

Өйткені…………..

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап

отырсыз?

Оқушыларды әр тапсырмадан кейін ауызша мақтап, қолдау көрсетіп, көмек қажет ететін оқушыларға көмек көрсетіледі.

Қабілетті оқушыға қосымша тапсырма беріледі.Неліктен қайсысы арзан? Қанша арзан? екендігін зерттеуді ұсынылады

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау мақсатында «Монета» тәсілі қолданылады

«Әмиян» атты кері байланыс арқылы сабақ қорытындыланады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабактың басында топқа бөлінген кезде қауіпсіздік ережесі айтылады

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі ( оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз ) ?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады ( оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз ) ?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.