Жумабаева Айнур Ерденовна

Жумабаева Айнур Ерденовна

СҚО Жамбыл ауданы Преснов селосы

МКҚК «Айнагүл» бөбекжай – бақшасы»

Тәрбиеші

Аялаған анашым

Қатысушылар:

Жүргізуші: Айнұр Ерденовна

Ардақ Мұқтаевна

Аққала: Айжан Какимовна

Мыстан кемпір: Айнұр Қизатовна

Көктем: Роза Оразбаевна

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, аналар мен әжелер! Сіздерді көктемнің келуімен және бірге келетін алғашқы көктем мерекесі 8 Наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын «Балбөбек» тобының бүгінгі 8 наурыз халықаралық аналар,әжелер,апалар мерекесіне дайындаған мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз. Айнагүл бөбекжай-бақшасының әдіскері Макенова Айгүл Мухамедияновнаға құттықтау сөз береміз

Жүргізуші: Бүгінгі мерекеде сіздер үшін аналар, шырқап әнге саламыз.

Ән: «Ерке бала»

Жүргізуші:

Жарқын жүзді жан анам

Сендей болсын бар адам А.Мансұр

Сендей болса бар адам

Шаттық кетпес баладан


Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған, Ақниет

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ анам!


Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір-бірден Қыдырәлі

Аналарға сыйлаймыз.


Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен Нұрдаулет

Құрметті аналар.


Менің анам ақылшым,
Күн секілді білгенге
Шашырайды шуағы Махаббат
Үйімізге кіргенде


Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз. Айару
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз


Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай Т.Даниал
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай


Бізді өсірген апатай,
Еңбегіңде зор екен
Құтты болсын апатай С.Санжар
Құтты болсын мерекең


Мақтаным апа
Шат әнім апа Аслан
Өзіңе тақпақ
Жаттадым апа.


Үн қатасың бал тілмен

Еркелеймін күнде мен А.Самир

Құттықтаймын анашым
Сегізінші наурызбен.


Әлпештеген аялаған
Ақсүт берген апатайым Архат

Тақпақ айтып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын.

Жүргізуші: Бүгінгі мерекеде аналарымыздың құрметіне би билеп берейік.

Би: «Үнді би »

Жүргізуші: Көктем келмей бүгінде,

Тәрбиеші: Жумабаева А.Е. 19.04.2017

«Жұлдыз»2-ші кіші тобына арналған

ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным / Әлеумет

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Жаратылыстану / Экология негіздері

Тақырыбы: “Болашақ қуаты”.

Мақсаты: Балаларға ЭКСПО болашақ қуаты жөнінде мағлұмат беру. Жер, су, күн туралы толық мәлімет беру және табиғатқа келтірер пайдасы туралы ұғым қалыптастыру

Міндеттері:

Білімділік: ЭКСПО көрмесі туралы білімдерін тереңдету.

Дамытушылық: Балалардың ойлау белсенділіктерін, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту

Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық. Балалар бүгін біздің сабағымыз ерекше болып отыр. Бізге бүгін көптеген қонақтар келді. Қонақтармен амандасайықшы.

Ал енді шеңберге тұрып бір-бірімізге жақсы күн сыйлайық.

Аспан түрді түндігін

Сәуле жерге жайылды

Неткен ашық бүгін күн

Қайырлы түн ,қайырлы түн

-Сәлеметсіздер ме!

Шаттық шеңберін жасайды.

Ұйымдастырушылық-іздністік. Балалар мемлекетіміздің басты қаласы қалай аталады?

Біздің елбасымыз кім?

Биыл Экспо болады. Астана қаласында өтеді. EXPO дегеніміз дүниежүзілік көрмесі. EXPO – ның тақырыбы «Болашақтың қуаты». Халықаралық өкілдері техникалық жетістіктермен, даму келешегімен, жаңа жобалармен бөліседі. Халақаралық көрмелер ұйымдастырады.(слайд көрсетіледі)

Осы EXPO – ның бойтұмарлары. Сәуле, Мөлдір, Қуат.

(Музыка ырғағымен бойтұмар қуыршақтар кіреді).

Қуыршақтар: Сәлеметсіздер ме, балалар! Біз ЭКСПО – ның бойтұмар қуыршақтарымыз. Өзімізді таныстырып жүрміз.

Мен Сәулемін – күннің көзін бейнелеймін

Ал мен Мөлдір – суды бейнелеймін. Мен Қуат – жерді бейнелеймін.

Біз өте қуаныштымыз келгендерінізге. Жолдан шашаған шығарсыз. Сіздер мен бірге бой сергіп алайық.

Сергіту сәт

Балалар қалай ойлайсыңдар күннің көзі бізге не үшін керек?

Оның қандай пайдасы бар?

Ал су не үшін керек?

Су тағы нелер үшін қажет?

Жердің қандай пайдасы бар?

Балалар ағашты сындыруға, гүлдерді жылуға бола ма?

Қалай ойлайсыңдар суды босқа төгуге, ластауға бола ма?

Табиғатты қорғау керек. Қоршаған ортаны ластамау керек.

Қуыршақтар: Балалар біз сіздерді сынап көрейік.Сендер мен дамытушы бір ойын ойнаймыз..

Дамытушы ойын: «Кім тапқыр».

Ойынның шарты: Күн, жер су сендермен ойнайды. 1. Түрлі түсті карточка таратылады. 2. Музыка әуенімен жүреміз. 3. Музыка тоқтағанда сендер карточка түстеріне тән құбылысқа қарай жүгіресіндер.

Осы үшеуі болашақтың қуаты.Осы жер, күн, сусыз өмір сүре алмаймыз және тіршілік жоқ.

Күн,су,жер бір-бірімен байланысты.

Мемлекетіміздің басты қаласы Астана.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

  • Жылу берушін, жарық беру үшін.

Күннің жылуына өсімдіктер жануарлар өседі.

  • Қол жуу үшін, тамақ пісіру үшін, бет жуу үшін.
  • Жануарларға, өсімдіктерге,жәндіктерге, құстарға.
  • Жүру үшін, өсімдіктер өсу үшін, ағаштар өсу үшін.

Балалардың жауабы.

  • Балалар дамытушы ойынды ойнайды.
Рефлексивті-түзетушілік

Рефлексивно-корригирующий

Балалар биыл Астана қаласыңда не болады?

EXPO деген не?

Қуыршақ

бойтұмарларының аттарын атап беріндерші?

Әрқайсысы нені білдіреді?

Бір сөзбен айтсақ олар не үшін бізге керек?

Тақпақтар.

Әл-Тарази

Білсін мұңы балалар,

Сусыз құрғақ далалар.

Сусыз қараң қалалар

Ескертеміз бар ұлға

Ескертеміз бар қызға

Суды босқа ағызба.

Айшабибі:

Қуат көзі – күн

Жылу көзі – күн

Тіршіліктің иесі

Қайнап жатқан күн.

Ақжүрек:

Қазақстан – атамекен, құт қонған жер,

Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер.

Қуыршақтар : Біз сіздерге жай келген жоқпыз. Бізде сендерге Экспо-дан сыйлық ала келдік. Біз енді кетейік, басқа балабақшаларға бару керек.Рахмет сіздерге.Сау болыңыздар.

Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Балаларды мадақтау.

Балалардың жауабы.

Балалар тақпақтарын айтады.

Қуыршақтар мен қоштасады.

«Жұлдыз» екінші сәбилер тобына арналған

ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Әлеумет/Шығармашалық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология. Аппликация

Тақырыбы: “Ұлпа қарлы қыс”.

Мақсаты: Балаларға қар, қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы мағлұмат беру.

Міндеттері:

Білімділік: Балаларға қардың үш қасиеті зор екенін түсіндіру.

Дамытушылық: Танымдылық қабілеттерін арттыра отыра, ой өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатты,құстарды,жануарларды қорғай білуге, қамқорлық жасауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық. Балалар бүгін біздің сабағымыз ерекше болып отыр. Бізде бүгін көптеген қонақтар отыр. Қонақтармен амандасайықшы.

-Балалар, кәнекей шеңберге тұрайық, бүгінгі күнімізге сәлем берейік.

Аспан түрді түндігін,
Жерге сәуле жайылды
Неткен ашық бүгін күн,
Қайырлы күн, қайырлы күн!

-Сәлеметсіздер ме!

Балалар шеңбер жасайды.

Балалар педагогпен бірге өлеңді қайталайды.

Ұйымдастырушылық-іздністік. Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келеді.Бәріміз мұқият тыңдап жауабын тауып көрейікші.

Жұмбақ:

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.

Ия,дұрыс айтасыңдар. Жауабы қар. Бүгін біз қармен көбірек танысамыз.

Тәрбиеші:

– Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгіліңде неше ай бар?

Енді мына суретке назар аударайық. (Суретпен әңгіме құрастыру)

– Не көріп тұрсыңдар ағаштардың үстінде үйлердің үстінде?

– Қардың түсі қандай?

-Ауа райы қандай?

Дала аппақ қарға оранды. Күн суық, жиі – жиі боран соғады, қар жауып тұрады.

Жауып тұрған қарға алақанымызды тоссақ – ол алақанымызда ақ ұлпа болып көрінеді.

Тәрбиеші: Сендер қарды бірнеше рет алыңдар қолға.

  • Қандай ол?

Тәрбиеші: (Балалардың қолдарына кішкенеден қарды алақандарына салады.)

  • Қолдарындағы қар неге айналды? (Қолдарын сүртуге салфетка беру .)
  • Неге еріп қалды?

Тәрбиеші: Бізге қар таза болып көрінеді. Ендеше дұрыстап қарайықшы. (қарды ыдыстың ішінде көрсетеді.)

Балалар сендердің естеріңдерме мен таңертең қарды кіргізгем. Суды қараңдаршы, қандай су оның ішінде. Суық және таза емес.

  • Балалар ал қарды ауызға алуға болама?
  • Неге оны жеуге болмайды?

Дұрыс айтасыңдар. Жарайсыңдар!

Тәрбиеші:Біз қарға басқан кезде қар сықырлайды.

Қазір біз сендер мен бір тәжірибе арқылы анықтаймыз.

Тәжірибе: «Дауысынан танып ал.»

Тәрбиеші: Балаларды столға шақырады, онда пакет крахмал мен жатады.

Тәрбиеші: Балаларды көздерін жұмуды айтады және саусақтар мен пакетті ұстауға өтінеді. Осылай біз қарды басқан кезде осылай сықырлайды. Енді әуен арқылы естіп көрейік. Тәрбиеші:. Қар суық кезде сықырлайды. Аяз кезінде қар жабыспайды. Егерде далада жылы болса, қар жабысады.

Осы кезде иттің дауысы шығады. Топқа ит келеді.

  • Балалар бізге не келді?

Ит: Сәлеметсіздер ме! Менің атым Ақтөс. Мені сендерге Аққала жіберді. Аққалаға сендерден көмек керек.

Тәрбиеші: Хатты оқиды.

Сәлеметсіздер ме балалар. Маған сендерден көмек керек. Мен орманда өзім жалғызбын. Жанымда достарым жоқ..Маған өте көңілсіз мұнда. Маған көмек тесіңдерші.

Тәрбиеші: Балалар барамыз ба аққалаға көмек көрсетеміз бе?

Балалар біз сендер мен қысқы орманға барамыз онда құстар бар. Құстарға және жануарларға өте қиын қыс мезгілінде.Сондықтан біз құстарға жем апарамыз, ал қоянға сәбіз, тиінге жаңғақ, түлкі мен қасқыр олар жыртқыш аңдар, олар тек қана ет жейді. Сондықтан мен дүкеннен оларға ет алдым біз соны оларға апарамыз.

Енді бізге орманға бару үшін жылы киіну керек, дала суық..

Балалар қазір сендерге осы бос тұрған мольбертке тек қана қыс мезгілінде киетін киімдерді іліп қоясындар.

Тәрбиеші: Ақтөс неге адамдар пима,тон киеді. Қалай ойлайсың?

Ақтөс: Әдемі болу үшін,сұлу болып көріну үшін.

Тәрбиеші: Балалар дұрыс па Ақтөтің айтқаны?

Тәрбиеші: Әрине тонбау үшін оларды киеміз.

Ал жануарлар бір киімді шешіп, екінші киім кие алмайды . Бірақта жануарлардың тондары жылы болады. Ал қоян мен тиін тонның түсін ауыстырады. Міне қарандаршы жаз мезгілінде қоян мен тиін, ал мынау суретте қыс мезгілінде. Қалай ойлайсыңдар неге олар тоннын ауыстырады. Өткені басқа жануарларға көрінбейу үшін,сақтану үшін.

Енді бізді аққала тосып қалған шығар.Ал сен енді Ақтөс бізге жол көрсет. Біз сенің артынан барайық..

Орманға аттанады. «Орманға бара жатқан кезде сықырлаған дауыс ырғағын жіберу.»

Тәрбиеші: Ой балалар қараңдаршы мынау қоянның ізі ғой. Міне көрдіңдер ме қоянның түсі ақ.. Біз оған сәбіз берейік.

Ооо а мынау қасқырдың ізі ғой оғанда азық тастап кеттейік.

  • А, мынау кімнің ізі деп ойлайсыңдар?

Әрине түлкінің ізі ғой. Оғанда азық қалдырайық..

Міне қараңдаршы тиін отыр ағашта,оғанда жаңғақ берейік.

А, міне біздің құстарымыз оларға жемсалғышты ағашқа ілейік.

Міне Аққалаға да келіп қалды.

Онда Аққала қарсы алады

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе !

Аққала: Сәлеметсіздер ме, балалар.Мен өте қуаныштымын сендер маған келгендеріне! Тәрбиеші; Біздің балалар өте мейірімді,қамқорлы сондықтан олар сізге көмек көрсетуге келісті.

Аққала: Қараңдаршы мен жалғызбын. Достарым жоқ.

Тәрбиеші: Біз жолда тонып қалған сияқтымыз,кішкене жылынып алайық.

Сергіту сәті: Музыка ырғағымен жасау.

Таза ауада дем алып,

Шынығамыз жаттығып

Айналаны, қорғаймыз,

Күл – қоқыстан тазартып.

Тәрбиеші:Уайымдама біз саған көмек көрсетеміз. Балалар кәнекей Аққалаға көмек көрсетейік. Біз қазір сендермен Аққалаға достарды жасап береміз.

Құстар қанат қағады

Құстар ұшып барады,

Көкте қанат қағады.

Барлық құстар қосылып,

Шиқ-шиқ-деп, ән салады.

Жасалу жолдарын түсіндіреді.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, енді осы достарды аққалаға сыйлайық.. Ылғида көңілді болып жүрсін.

Аққала: Қандай тамаша! Мен өте қуаныштымын, балалар маған көмек тескендеріне рахмет. Енді ылғи да мен көңілді болып жүремін.Сендер маған көмек көрсеткен үшін мен сендер мен бір ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын. «Аққала».

Менде де сендерге деген тәтті сыйлығым бар. Тәрбиешілеріне берейін ол сендерге топқа барғасын береді.

Аққала:Рахмет.

Тәрбиеші:Бізге енді өз балабақшамызға қайтуымыз керек. Енді Ақтөс жүр бізбен бірге сен үй жануарсың ғой ,сен ылғи да үйдің жаныңда болу керексің. Сау болыңдар.

Тәрбиеші:

Қорытынды: Сонымен балалар қандай қорытындыға келеміз?

Қар бізде қандай?

Қардың түсі қандай?

Қарды жылы жерге кіргізген кезде неге айналады қар?

Далаға шыққан кезде біз қалай киінеміз?

Бізге не келді қонаққа?

Орманға бара жатқан кезде нелердің іздерің көрдік?

Біз орманға кімге бардық?

Аққалаға не жасап бердік?

Балалардың жауабы.

-Қыс

-3 ай бар

– Қарларды

  • Ақ

– Суық

-Суық

– Суға

-Жылудан

Балалардың жауабы.

-Жоқ

-Таза емес және суық, тамақ ауырады

Балалар столға жақындайды. Тәрбиешінің айтқаның орындайды

әуенді тыңдайды.

-Ит

-Сәлеметсіз бе!

Балалар тыңдайды.

Балалардың жауабы

Балалар тәрбиешінің айтқаның істейді

Балалардың жауабы.

Балалар қарайды.

Балалардың жауабы.

Балалар өздері береді.

Сәлеметсіз бе!

Сергіту сәтін орындайды.

Балалар өз жұмыстарын орындайды.

Аққалаға сыйлайды.

Балалар қоштасады Аққаламен және итпен

Балалардың жауабы.

Рефлексивті-түзетушілік

Рефлексивно-корригирующий

Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Бүгінгі сабақта жақсы жұмыс істедіңдер.Міне сендерге аққала берген тәттілер қараңдаршы аққала әр қайсысына өз суретін жабыстырып берді, естелік болсын деп.Тәрбиеші таратады. Балалардың жауабы

Көңілді өтпес мереке.

Көктемді мұнда шақырып,

Табамыз қайдан лезде?

Музыка ойналып, Аққала ортаға жүгіріп шығады.

Жүргізуші: Ой, Аққала, сен мұнда қайдан жүрсің? Мұнда неге келдің?

Аққала: Мен сендерге қуанышты хабар әкедім. Құр келген жоқпын, сендерге хат әкелдім.

Ол қайда кетті(іздейді)?

А-а, міне, таптым(тәрбиешіге береді)

Жүргізуші: Міне, қызық?… Мына хат кімнен келді екен?

Кәне, оқып көрейік.

Сәлеметсіңдер ме, балақайлар! Мен көктемнің апасы қыс ханшайымымын. Сендер менімен бірге қыс мезгілінде қызықтап, қардан аққала жасап, шанамен сырғанап, көңіл көтердіңдер. Енді менің сібір жаққа кететін уақытым болды. Ал, менің сіңілім көктем аруы әлі ұйқыда жатыр. Сендер бүгінгі мерекеде көңіл көтеріп, ән салып, би билеңдер. Сонда көктем аруы, ұйқысынан оянып, сендерге келетін болады. Сол кезде айнала құлпырып,күн сәулесін шашып, ағаштар бүршік жарып, бәйшешектер гүлдеп, құстар келіп, ән салатын болады. Қош сау болыңдар, балалар!

Сәлеммен: Қыс ханшайымы.

Жүргізуші: Рахмет, Аққала сіз асықпаныз сізгі арнап қуыршақ биін билейік

Би: «Қуыршақ»

Аққала : Балаларды, қонақтарды мерекемен құттықтап, қоштасып шығып кетеді.

Жүргізуші: Қыс ханшайымы көңіл көтеріңдер-деді ғой. Олай болса көңіл көтерейік. Музыка ойналып, ішке сыпырғышымен ұшып мыстан кіреді. Мыстан: Қараңғы үйшікте тұрамын, Сиқырлаймын алдаймын. Сыпырғышпен ұшамын. Мұнда бала көп екен? Бұл не өзі болды екен?

Балалар: Бұл балабақша.

Мыстан: Демек, мен дәл түскен екенмін ғой! Мен балабақшаға келген екенмін ғой! Жақсы болды! Ормандағы досым айтып еді: балабақшаға бар, онда балалар көктемді қарсы алып, аналар мен әжелерін мерекесімен құттықтап жатыр. Ал, сен онда болмайсың! Сендер мені шақырған жоқсыңдар! Мына мені, Мыстан сұлуды шақыруға ұмытып кеттіңдер(өзін қолымен көрсетеді)! Сондықтан мен сендерді кешірмеймін! Мен сендерден өшімді аламын! Мерекені болдырмай, мен сендерді осы жерден қуып шығамын!(балаларды қорқытады)

Жүргізуші: Әй, Мыстан! Босқа шаршамай-ақ қой. Күшіңді құр босқа жоғалтпай-ақ қой! Біз сенен қорықпаймыз.

Мыстан: Ах, сендер менен қорықпайды екенсіңдер! Қазір мен айқайлаймын(айқайлайды). Мен сыпырғышыммен ұрайын(сыпырғышпен жерді соғады). Мен сендерге көктем аруын жібермеймін. Айналаны қара түнек көңілсіздік басатын болады. Мен қара түнекпен доспын. Ол сендерге көңіл көтеруге мұрша бермейді. Көктем аруы да оянбайды. Ал, көктем келмесе, мерекені де тойлай алмайсыңдар!

Жүргізуші: Біз көңілді халықпыз. Көңіл көтеріп, би билеп, ән салып, қара түнекті қуамыз. Кәне, балалар, көңілді, әзіл ән салыңдар.

Мыстан: Ән салыңдар, салыңдар! Осыдан менің күлдірмей көріңдер! Көресетемін мен сендерге! Ортаға әже киім киген төрт ұл шығады.

Әзіл би: «Әжелер биі»

Мыстан: Жарайды мені күлдірдіңдер! Бірақ мен сонда да берілмеймін. Күшті болсаңдар менің көңілімді тағы да көтеріп билетіп көріңдер. Сендер мені билете алмайсыңдар.

Жүргізуші: Ах, мына мыстан өзінің жеңілісін мойындамады ғой. Балалар, көңілді би билеп, мына мыстанды билетсек қайтеді?

Балалар: Иә.

Би: «Үнді би»

(Мыстан да балалармен қосылып, билеп кетеді. Музыка бітсе де Мыстан билеп жүріп әрең тоқтайды. )

Мыстан: Жарайды, жарайды. Менің көңілімді көтердіңдер! Сендер жеңдіңдер! Бірақ мен оңайлықпен берілмеймін. Мен сендердің шапшаңдықтарыңды тексеріп көрейін. Ойын арқылы мен сендерді жеңемін! Дайынсыңдар ма?

Балалар: Иә.

Ойын: «Шар!»

Балалар мен ата-аналары екі топқа бөлініп тұрады.Әр топқа қарама қарсы орындық тұрады.(5-7 қадам) Бірінші топтағы бірінші баланың қолына шар беріледі. Ойын ойнаушы шарды орындыққа жеткізіп, орындықты айналып тобына келіп қайта келу керек . Келген ойыншы келесі ойыншыға беріп, ойын қайталанады. Эстафетаны тез ойнап бітірген топ жеңіске жетеді.

Мыстан: Жарайсыңдар, бұл балабақшада шапшаң, өнерлі, әрі көңілді балалар бар екен! Менің көңілімді көтердіңдер, би де биледім. Көңілімді көтеріп, бір жасарып қалдым. Жарайды менің орманға қайтатын уақытым болды. Мен барып көктем аруын оятайын. Ал, сендер, мені мерекеге шақыруға ұмытып кетпеңдер! Қош сау болыңдар! Мыстан қоштасып, шығып кетеді.

Жүргізуші: Манадан бері, ән де айттық би де биледік, ойын да ойнадық. Ал, көктем аруы әлі жоқ! Не болды екен, балалар? Осы кезде музыка ойналып ортаға көктем аруы шығады.

Көктем: Сәлем, сәлем, балақайлар,

Әзиз әже, назды аналар.

Қуаныңдар алақайлап,

Құстар әнін ала келдім.

Жерге кілем жаба келдім.

Жан бітіріп табиғатқа,

Гүлдерімді ала келдім.

-Салеметсіңдер ме балалар! Мерекелеріңіз құтты болсын аяулы аналар! Жүргізуші: Салеметсіз бе Көктем аруы! Қош келдіңіз! Сіз отырып біздің балалардың сізге арнаған өлең, тілектерін қабыл алыңыз.


Ана өмір шырағы Н.Самира
Ана өмір бұлағы
Бесігімнің жыр әні
Жүрегімде тұрады.


Еркелеймін шаттанам, Іңкәр
Жарқын күлкің бақ маған
Ақ бетіңнен сүйейін
Келші келші ақ мамам


Бал бөбегін баптаған Ә.Абылай
Мамам үшін мақтанам
Ақ бетіңнен сүйейін
Келші келші ақ мамам.


Анам менің сүйіктім Б.Данил
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.


Анаң болса қасында Б.Санжар
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.


Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін. Алдияр
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.


Мәпелейді, әлдилейді, бағады.
«Құлыным» деп құшағына алады Әрсен
Өзгеге де, өзіне де жауапты
Барлығына қалай уақыт табады?!


Айналайын анашым
Аялайсың, бағасын Ә.Самира
Сен үшін балалармен
Ән шырқайық бәріміз

Жүргізуші: Балалар біз ару Көктемге арнап тілектер айтып бердік, енді балалар

Көктемге арнап әнін айтып берейік.

Ән: «Анашым»

Көктем: Балалар, ұлдар, бүгін тек қана аналарымыз бен әжелріміздің ғана мерекесі емес, біздің қыздарымыздың да мерекесі. Кәне, қыздарды да құттықтап жіберейік.

Балалар: Сұлу қыздар мерекелерініз құтты болсын! Осылай құлпырып жүреберіңдер.

Көктем: Жарайсыңдар, ұлдар, қыздарды бүгінгі мерекесімен құттықтап, тілектеріңді айттыңдар. Ендеше өздерің айтқандай қыздарымызды ортаға шақырып, ойын ойнайық.

Ойын: «Кім бірінші қызға гүл сыйлайды»

Шарты: Ортада үстел үстінде құмыраға салынған гүлдер тұрады. Ойынға 5-6 ұл бала қыздарды вальс биіне шақырады. Әуен ойналып, вальс билейді. Әуен тоқтаған кезде, ұлдар жүгіріп барып құмырадағы гүлді алып бірінші қызға сыйлау керек. Кім бірінші қызға гүл сыйласа, сол бала жеңіске жетеді.

Көктем: Рахмет, балалар, бүгінгі мерекемен мен аналар мен әжелерлі тағы да құттықтаймын.

Көктем: Балалар менің кететін уақытым болды. Мен сендермен қоштаспаймын. Әлі де мен сендермен бірге боламын. Сендер мені далаға серуенге шыққанда көретін боласыңдар. Көріскенше сау болыңдар балалар.

Музыка ойналып, Көктем залдан шығып кетеді.

Жүргізуші: Құрметті аналар сіздерге арнап жүрек биін арнаймыз

Би: «Ана жүрек»

Жүргізуші: Осымен бүгінгі «Аялаған анашым» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі ертеңгілікте кездескенше қош сау болыңдар.

«Балбөбек» отаңғы тобына 2018- 2019 оқу жылына

арналған «Шебер қолдар» үйірмесінің жоспары

№ Өткізілетін

мерзімі

Тақырыбы Мақсаты Қолданылатын

Құрал-жабдықтар

Сағат саны
1 7.09.18ж «Қағаздан не құрастырылады?» Балаларды қағаз түрлерімен, қасиетімен, олардан не жасауға болатынымен таныстыру. түрлі-түсті қағаздан қиылған жолақтар (ені 5см),ақ қағаз (А4),желім,қайшы,қолорамал,қылқаламдар. 1
2 14.09.18ж. «Мысық пен тышқан» Балаларды кепкен жапырақтармен ұқыпты, таза жұмыс жасауға жаттықтыру. қағаз, кепкен жапырақтар,кілей. 1
3 21.09.18ж. «Қуыршақ» театры (Қолтырауын Гена, Чебурашка) Пайдалануға жарамсыз заттардан ойыншықтар жасауды үйрету.Баланың ой-қиялын дамыту,шығармашылықпен әрекет етуге баулу, бастаған істерін аяғына дейін жеткізе білуге дағдыландыру. Қағаз түрлері,пайдалануға жарамсыз заттар,желім,қайшы. 1
4 28.09.18ж. «Сандықша» Пайдалануға жарамсыз заттардан,қорапшалардан сандықша жасап, әшекейлеуге үйрету. Қағаз, қорапша,кілей,қайшы. 1
5 05.10.18ж. «Саңырауқұлақ» оригами Қағаз, оның пайдалануы туралы түсінік беру.Шаршыны тең екіге және қиғашынан бүктеуге үйрету.Баланың ой-қиялын ,кеңістікте орналастыра білу дағдысын дамыту. Қағаз түрлері,желім,қайшы. 1
6 12.10.18ж. Пайдалануға жарамсыз материалдар мен өз бетінше жұмыс. Қалдық заттардан ойыншықтар (тышқан) жасауды үйрету.Баланың ой қиялын дамыту.Шығармашылықпен әрекет етуге баулу.Бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуге дағдыландыру. Қағаз түрлері,желім,қайшы. 1
7 19.10.18ж. «Күзгі өнімді жинауға арналған себет» Оригами Өз қолдарымен қағаздан ір-түрлі бұйымдар жасауға үйрету.Шаршы қағазды теңестіре,тігінен, көлденеңнен бүктеу дағдыларын жетілдіру.Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру. Ермексаз,тұзды қамыр,сазбалшық,себет. 1
8 26.10.18ж. «Құстар ұясы» Балаларға пластикалық ыдыстан ұя жасауды үйрету П1ластикалық ыдыс. 1
9 02.11.18ж. «Көбелек» (Табиғи материалмен жұмыс) Балаларды табиғи материалдармен таныстыру.Жұмыс істеудің алғашқы дағдыларын қалыптастыру.Ойыншық жасау барысында дене бөліктерін салыстыра білуге үйрету.Әдемілікке баулу. Табиғи материалдар,қайшы,желім. 1
10 09.11.18ж. «Үй» Балаларға пластикалық ыдыстардан,пенопластан әр түрлі заттар жасауға үйрету. Пластикалық ыдыстар , пенопласт. 1
11 16.11.18ж. «Шырпы қораптарынан машина жасау» Пайдалануға жарамсыз заттардан машина жасауды үйрету.Баланың ой-қиялын дамыту, шығармашылықпен әрекет етуге баулу, бастаған істерін аяғына дейін жеткізе білуге дағдыландыру. Шырпы қораптары,желім,қайшы. 1
12 23.11.18ж. «Өз бетінше жұмыс» Балалардың өз қалауы бойынша жұмыс жасау. Түрлі түсті қағаз,желім,пластикалық бөтелкелер,ермексаз. 1
13 30.11.18ж. Ит (Табиғи материалдармен жұмыс) Жануарлардың бейнесіне сәйкес табиғи материалдар таңдай алуға үйрену.Бастаған істерін аяқтауға дағдыландыру. Әртүрлі табиғи материалдар,желім ,қайшы,жіп,түрлі-түсті қағаз,қылқалам. 1
14 07.12.18ж. «Көгершін» (Оригами) Қағазбен жұмыс істеудің әр түрлі тәсілдерін үйретуді жалғастыру;Саусақ бұлшық еттерін жетілдіру. Суреттер, құстардың макеті. 1
15 14.12.18ж. «Көңілді шеберхана» Қағаздан әр түрлі ойыншық жасау тәсілдерін үйретуді жалғастыру.Дөңгелектеу арқылы конус жасауға үйрету.Дайын жұмыстарды өздері бағалай алуға үйрену. түрлі-түсті қағаздар, желім,қайшы. 1
16 21.12.18ж. «Ұшақ» Балаларды қағазды бекітудің қарапайым әдістермен таныстыруды жалғастыру.Бүктеу кезінде қарама-қарсы қабырғалары мен бұрыштарынаң сәйкес келуін қадағалап отыруға үйрету. Түрлі-түсті қағ1аз,желім, қайшы. 1
17 28.12.18ж «Жаңа жылдық безендіру» (Түрлі-түсті қағаздармен жұмыс) Қағаз,желім,қайшымен жұмыс істеу дағдыларын бекіту.Қиылған дайын үлгі қалыптар бойынша пішінді қиып, бір-біріне таза,ұқыпты желімдеуге үйрету.Бір-біріне қуаныш сыйлауға жұмылдыру. Суреттер, түрл-түсті қағаздар,желім, қайшы. 1
18 04.01.19ж. «Аққала» Балаларға қағазды умаждау арқылы домалатып, бір-біріне желімдеп, аққала жасату. Қағаз түрлері,желім,қайшы. 1
19 11.01.19ж. «Шырша» Пайдалануға жарамсыз заттардан шырша жасауға үйрету.Балаланың ой-қиялын дамыту, шығармашылықпен әрекет етуге баулу, бастаған істерін аяғына дейін жеткізе білуге дағдыландыру. Суреттер, шырша үлгісі,қалдық материалдар. 1
20 18.01.19ж. «Табиғи материалдармен жұмыс» Балалардың өз қалаулары бойынша жұмыс жасау. Суреттер, табиғи материалдар,жүн,желім ,қайшы. 1
21 25.01.19ж. «Үйрек» (Оригами) Саусақ бұлшық еттерін және баланың ой-қиялын дамыту;Қағазды әр түрлі әдіспен бүктеуге жаттықтыру. Үйрек суреттері,қағаз,желім ,қайшы. 1
22 01.02.19ж. «Кірпі» Балаларды пайдалануға жарамсыз заттармен: шишкалар мен ермексазды біріктіре отырып жұмыс жасауға жаттықтыру. шишкалар, ермексаз. 1
23 08.02.19ж. «Балық» Балаларды қағазды екі бүктеп, арнайы сызылған жолдармен пішінді қиып алуға үйрету. Түрлі-түсті қағаз, желім, қайшы. 1
24 15.02.19ж. «Рамкалар жасау» Балаларға жарамсыз заттарды,дәндерді рамаға ұқыпты жапсыра білуге жаттықтыру. Суреттер, дәндер,рама. 1
25 22.02.19ж. «Желкенді қайық» Жаңғақ қабығына ермексазды толтыра отырып, дайын таяқша жапырақты қадап бекіту. Суреттер, жаңғақ қабығы, ермексаз. 1
26 01.03.19ж. «Аналарға сыйлық (Құттықтау ашық хат) Қалың қағаз бетіне жұмсақ мочалканы (губка) алма пішініне ұқсатып киып, желімдеп,бетіне ине қадағыш жасау. мочалка (губка),желім, қайшы. 1
27 08.03.19ж. «Гүлдер.Қағаздан біріктіру» Өз қолдарымен қағаздан әр түрлі гүлдер жасауға үйрету.Шаршы қағазды теңестіре, тігінен, көлденеңнен бүктеу дағдыларын жетілдіру. Қағаз түрлері,жіптер 1
28 15.03.19ж. «Көбелек» (Табиғи материалмен жұмыс) Балаларды табиғи материалдармен таныстыру.Жұмыс істеудің алғашқы дағдыларын қалыптастыру.Ойыншық жасау барысында дене бөліктерін салыстыра білуге үйрету.Әдемілікке баулу. Табиғи материалдар,қайшы,желім. 1
29 29.03.19ж. «Жұлдызқұрт» Балаларға жер жаңғақты, ағаш жапырағын,бояуларды пайдаланып, жұмыс жасауға үйрету. Жер жаңғақ,ағаш жапырақтары, бояулар. 1
30 05.04.19ж. «Кеме» (Оригами Балаларды қағаздан бұйымдар жасауға үйретуді жаластыру.Қағазды бүктеу, жазу арқылы саусақтарды әр түрлі ұсақ қимылдарды жасауға үйрету.Балалардың байқағыштығын, зейінін дамыту. Суреттер, қағаз,желім,қайшы 1
31 12.04.19ж. «Мимоза тармақшалары» Дөңгелек түрдегі заттарды қия білуге, бөліктерден құрастыра ьілуге үйрету.Саусақтарының бұлшық еттерін жетілдіру. Суреттер,дөңгелек заттар. 1
32 19.04.19ж. «Тасбақа» Балаларды пайдалануға жарамсыз заттармен: жаңғақ қабығы мен ермексазды біріктіре отырып жұмыс жасауға жаттықтыру. Жаңғақтан , ермексаздан жасалған тасбақа. 1
33 26.05.19ж. «Досыма арналған альбом» Қағазбен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.Тіктөртбұрышты қағазды тең екіге бүктеу және бір-біріне желімдеу тәсілдерін меңгерту.Альбомды әшекейлету арқылы көркемдік талғамдарын дамыту.Бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу. Әр балаға бірнеше ақ парақ қағаз ,түрлі-түсті қағаз,жіңішке лента,қайшы. 1
34 03.05.19ж. «Пингвин» Балаларға пластикалық бөтелке мен ермексаздан пингвин жасауды үйрету. Пластикалық бөтелке , ермексаз. 1
35 10.05.19ж «Ұшақ» Балаларды қағазды бекітудің қарапайым әдістермен таныстыруды жалғастыру.Бүктеу кезінде қарама-қарсы қабырғалары мен бұрыштарынаң сәйкес келуін қадағалап отыруға үйрету. Түрлі-түсті қағаз,желім, қайшы. 1
36 17.05.19ж «Шығармашылық көрме ұйымдастыру» Балалардың жыл бойы жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастыру. Суреттер, жасаған жұмыстар. 1

—
Зайтуна Есмаганбетова

—
IЗГIЛIК НАГИЕВ. Редактор

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше