Түгелбаева Ләззат
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
Түгелбаева Ләззат “Арай” бөбекжай бақшасы тәрбиеші
Күні:
Білім беру саласы: Әлумет
Ұйымдастырылған оқу іс-қызметі: Экология негіздері.
Тақырыбы: «Қыстап қалатын құстар және жыл құстары».
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға құстардың жылы жаққа ұшып кету себептері туралы түсініктерін тереңдету, құстарды қыстап қалатын, жылы жақа ұшып кететін құстарға бөліп жіктей алу білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Қыстап қалатын жәнежыл құстары туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру, оларды маңызды белгілері бойынша ажырата білуге үйрету.
Тәрбиелік: Құстарға деген сүйіспеншіліктерін арттыру: қыста оларға қамқорлық жасауға деген құштарлықтарын арттыруына жағдай жасау.
Көрнекі құралдар: Құстардың сутеттері,топтастыру, слайд .
Сөздік жұмыс: Отырықшы құстар, жыл құстары.
Билингвальды конпанент: жыл құстары- перелетные птицы, отырықшы-оседлый.
Ұйымдастырылған оқу іс-қызметі барысы.
Амандасу
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті.
Төріме міне, еніпті,
Амандасу үлкенге.
Тәрбиенің басығой,
Ал, қанекей бәріміз,
Сәлемдейік үлкенге.
«Сәлеметсіздерме, апайлар!»
1. Негізгі бөлім:
-Жарайсыңдар балалар! Олай болса осы көңіл – күймен бүгінгі оқу іс-қызметімізді бастаймыз.
-Бір жылда неше мезгіл бар? – төрт мезгіл.
-Қазір жылдың қай мезгілі?- күз
-Күз мезгілінде неше ай бар?- үш ай
-Күз мезгілінде ауа-райы қандай болады? –суық,салқын,жаңбыр жауады,бұлты.
-Күз мезгілінен кейін қай мезгіл келеді? – қыс
Жұмбақ:
Қанаты бар талмаған,
Жауы шыбын-шіркейдің,
Табиғатты ол қорғаған (құс)
Жыл құстарын слайд арқылы тусіру құстар бейнеленген суреттерге қарауды ұсынады .
-Бұл құстардың қайсысы таныс? (Балалар өздеріне таныс құстарды атайды)
-Ауладан, орманнан қандай құстарды көресіңдер? (Балалар өздері көрген білетін құстарын атайды)
-Қыста жылы жақа ұшып кететін құстар қалай аталады? (Жыл құстары)
Жылы жақа ұшып кететін құстар қысқа өзіне азық жинай алмайды және қыста азық тауып жеуге бейімделмеген.
-Ал бізде қыста қыстап қалатын құстар қалай аталады? (Отырықшы құстар)
-Қыста сендер қандай құстарды көресіңдер? (Торғай,шымшық,көгершін,тоқылдақт қарға)
-Олар неге жылы жаққа кетпей, қалып қояды деп ойлайсыздар? (Олар суықтан қорықпайды.
Азық тауып жей алады)
-Олар озықты қайдан табады? (Ағаштың қабығының астынан,қуыстарға жасырынып қалған жәндіктерді тауып жейді)
2. Сергіту сәті:
Жәй қимылды ойын
Қыстап қалатын және жыл құстар ойыны.
-Жыл құстарын ойтқанда отырып қаламыз,
-Ал қыстап қалатын құстарды айтқанда ушамыз.
Сөздік жұмыс:
Отырқыш құстар- қыстап қалатын құстар,
Жыл құстары-жылы жаққа ұшып кететін құстар
Сөз жұмбақ:
- Қонып алып жарға қарқылдайды? (қарға)
-
Құйрығы ұзын,өзі бұтақтан бұтаққа ауысқан? (сауысқан)
-
Тұмсығымен шымшып құрт тереді? (шымшық)
-
Бір уыс көлемім,
Шыбын шіркей қорегім,
Бау бақшаны қоргаймын? (Торғай)
3. Дидактикалық ойын:
Қыста қыстап қалатын құстар мен
Жылы жақа ұшып кететін құстарды ажыратып топтастыру.
3. Қортынды:
Балаларға сұрақ қою арқылы оқу іс-қызметін қорытып,мадақтау.
-Қыстап қалатын құстар қандай құстар жатады?
-Құстарға қандай қамқорлық жасаймыз?
Балалар бәріміз бірге: Жылы жаққа ұшпайтын,
Біздің жақта қыстайтын.
Құстар жүрсе жуықта,
Жем шашуды ұмытпа.
Балалар сабақа өте жақсы қатыстыңыздар.
—
Зайтуна Есмаганбетова
—
IЗГIЛIК НАГИЕВ. Редактор
