Жаримбетова Гуларай Бактыгерейовна
«Аққайың» балабақшас
«Мен өмірдің гүлімін»
(1 маусым балалар күні мерекесі)
Дайындаған: Г.Б.Жаримбетовa
Талдысай ауылы
Мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын- сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші:Құрметті қонақтар, ата-аналар, қымбатты бүлдіршіндер мен сәбилер! 1- маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз.
Баршамызды бала тілімен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын.
Ата-ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе?, бал бұлақтан жалғайтын.
Сүп-сүйкімді періштелер сендерсіңдер,
Қандай бейне өздеріңе тең келетін.
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерген.
Балалар, 1- маусым 1950 жылдан бастап, Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Біздің Қазақстан Республикасында балалар құқығы заңмен бекітілген. Әр бала, балабақшаларда, мектепте мемлекет тарапынан тегін тәрбие мен білім алуға құқылы. Міне, біздің «Аққайың» балабақшасында да, осы балалаларды қорғау күніне арналған «Мен өмірдің гүлімін» атты салтанатты жиынымызды тамашалауға қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Ән: «Достар»
Жүргізуші: ортаңғы топ қыздарының орындауында «Ақкөгершін» биі
Би: «Ақкөгершін»
Миккимаус келуі: Бұл не деген мереке? Нені тойлап жатырсыңдар?
Жүргізуші: Бүгін бізде, 1- маусым балалар күніне арналған үлкен мерекелік шара өтіп жатыр. Бізбен бірге тойлағыңыз келсе, қалып тойлауға болады. Балалар, _______________ қалдырамыз ба?
Балалар: Иә, қалдырамыз.
______________________: Қане, балалар онда сендермен бір көңіл көтеріп ойын ойнайық. Ойынымыздың аты «Кім жылдам?»
Ойынның шарты: Үстел үстінде тұрған ыдыстағы суды түтікшемен ішіп тауысу. Ойынға әр топтан 2 бала қатысады.
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар. Бәріңізде епті екенсіңдер.
Өнері де өрілген,
Биіктерден көрінген
Бишілірді шақырсақ
«Моряк» биін билеген-«Күншуақ» тобының бүлдіршіндерін қарсы алайық.
Би: «Моряк»
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар. Енді, отаңғы то бүлдіршіндерін «Балабақша» әнімен ортаға шақырамыз
Ән: «Балабақша»
Осы кезде әуенмен _______________________ келеді.
______________________! Сәлеметсіздер ме, балалар.
Балалар амандасады.
????: Бүгінгі балаларды қорғау күні құтты болсын. Рұқсат болса, менде сендермен бірген мерекені тойлайықшы.
балалар жауабы.
????: Қызықты болсын деп, бәріміз бірге ойын ойнайық.
Балалар: Алақай!!! ойнайық.
Ойын: «Такси» Ойынның шарты:
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар. Балалар, бізге ойыншықтар елінен тағы да қонақтар келіпті. Қане, қарсы алайықшы.
Би: «Қуыршақтар»
Би: «Шығыс»
Осы кезде ______________ келеді: Қандай ғажайып әлем! Мен қай елге келдім.?
Жүргізуші: Бұл «Аққайың» балдырғандар елі. Бұр елде ақылды, әдемі, өнерпаз балалар тұрады. Бүгін бізде үлкен мереке. Кел, бізбен бірге көңіл көтер.
____________: Жарайды балалар.
Олай болса, мен де сендермен ойын ойнап көңіл көтергім келіп тұр.
Жүргізуші: Балалар ойын ойнаймыз ба?
балалар жауабы
????: жарайсыңдар балалар. Ендеше ойынымның аты «Балық аулау» деп аталады.
Ойынымыздың аты: ««Балық аулау»
Ойынның шарты:
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, өте тамаша ойын болды.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, келесі кезек тағы әсем әнге беріледі. Балабақшамыздың өнерлі бүлдіршіндерінің орындауында «Біз тәртіпті баламыз» әні. Қабыл алыңыздар.
Ән: «Біз тәртіпті баламыз»
Би: «Достар»
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар.
Ән көмейден құйылды.
Қайғы бұлты шегінді.
Балалар мен дүние
Көрікті де, көңілді.
Құрметті қонақтар, қымбатты балалар! Бүгін естен кетпес керемет мерекелік шарамызды өткізіп отырмыз. Аспанымыз ашық, болашағымыз жарқын болсын. Осымен, «Біз өмірдің гүліміз» атты мерекелік іс-шарамыз аяқталды. Балалардың бәрін бірге «Ай, будет круто» биіне шақырамыз.
Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімдері : « Сурет» Сабақтың тақырыбы: «Әсем шарлар аспанда» Мақсаты: Балаларға шар туралы түсінік беру, бояулар түстерімен таныстыру ойын арқылы түр-түсін ажырата білуге үйрету. Ақыл-ойларын, зейндерін, танымдық қабілеттерін арттыру. Қол шеберліктерін жетілдіру. Шардың әсемдік құралы екенін айта отырып, балаларды әдемілікті сүйе білуге тәрбиелеу. Сабақтың әдіс-тәсілдері: таңғажайып сәт , көрсету,түсіндіру, сұрақ-жауап, көңіл-күйді көтеру, мадақтау. Сабақтың көрнекілігі: Шар суреттерінің үлгілері, (слайд) Билингвалды компанент: шар- шарик. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Балалар барлығымыз шаттық шеңберіне тұрып, қонақтармен амандасайықшы. Шаттық шеңбер: Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік. Қабақ түйген не керек, Көңілді болып жүрейік. Күлкі көңіл ашады, Күліп өмір сүрейік. Есік қағылады, бөлме ішіне кішкентай қонжық келеді. – Сәлеметсіңдер ме, балалар? – Сәлеметсің бе, қонжық? – Бұл қандай топ? «Күншуақ» тобы – Ия, «Күншуақ» тобының балалары сабаққа жақсы, ынталы қатыссың деп, мына керемет сыйлық алып келдім, – деп шығып кетеді. – Ал, балалар, көрдіңдер ме, бұл сыйлықтың ішінде не бар екен? Ол үшін мен сендерге бір жұмбақ жасырамын, сол жұмбақтың шешуін тапқанда , бұның ішінде не бар екенін білесіңдер. Қағанақтай қабық, Байқа алма жарып. – Ол шар ғой. – Жарайсыңдар, жұмбақтың жауабы шар екен ғой. – Балалар, мынау шар. Шар резенкадан жасалады, шарды химиялық қоспалар қосып, түрлі-тісті бояулармен бояйды. Шарлар үріледі, созылады, сығылады, жыртылады, шардың іші толған ауа, суға салсаң батпайды. Шарды қатты қыссаң, қысыммен жарылады, ине тықсаң, қатты тарс етіп жарылады. Түстері: қызыл, жасыл, сары, көк. Пішіні: сопақша, дөңгелек. – Балалар, осы шарды не үшін қолданамыз. – Мерекелерді шармен безендіреміз, шармен ойнаймыз. – Дұрыс айтасыңдар? Ол жұмсақ , желмен ұшады, және тез жарылғыш. Олай болса ойын ойнап жібірейік. Дидактикалық ойын: «Түстерін тап және ата» – Бәрекелді, түстерін таныдыңдар, енді балалар бізге қонжық осы шардың суреттерін салуды өтініпті. Сендер шардың суретін салып, бояп бере аласыңдар ма? (Балалардың жауабы) Балалар орындарында отырып сурет бояуға кіріседі. Сергіту сәті: Қызыл, сары, көк шар, Қызыл, сары, көк шар, Қолымызда көп шар. Қолымызда көп шар. Әуеде қалқиды, Айдаймыз, күндейміз, Әніміз шалқиды. Ойнаймыз , күлеміз.
- Орынымызға жайғасып алайық. Салған суреттерін қандай түспен боядыңдар. Балалардың жауаптары тыңдалады. – Олай болса, қонжығымызға бүгін қандай тақырыпта сурет салғанымызды айтайық. Сұрақтарға жапсыру арқылы жауап берейік. – Балалар, біз ұйқымыздан тұрғанда бірінші нені көреміз? (Аспанды) – Аспаннан нені көреміз? (Бұлттарды көреміз) – Бұлттың арасынан не шығады? (Күн шығады) – Ал жерде не өседі? (Ағаш және шөптер өседі) – Тағы нелер өседі? (Гүлдер өседі) – Гүлдердің үстерінде нелер ұшып жүреді? (Көбелек, аралар) – Сендер ненің суретің салып боядыңдар? (шарлардың) – Олардың түстері қандай? (Қызыл, жасыл, сары, көк) – Сендердің салған шарларың қайда ұшып барады? (Аспанға) – Көрдіңдер ме, балақайлар? Сендер әсем шарларыңды аспанға ұшырдыңдар. – Қараңдаршы, балақайлар, қонжық сендерге қуанышты, сендерге алғысын айтып алғыр да, білімді болыңдар деп алғысын айтып қоштасады.
Күтілетін нәтиже: Біледі: Бояу түстерін ажыратып, қолдана алады. Меңгереді: Шардың ішінде ауаның болуы. Жасайды: Балалар суретті бояй алады.
Сау болыңдар!
Тақырыбы: «Сиқырлы су»
Білім беру саласы: «Таным» Бөлімдері : «Қоршаған ортамен таныстыру» Сабақтың тақырыбы: «Сиқырлы су» Мақсаты: Су туралы, білімдерін кеңейту, судың қасиеттерімен таныстыру, іс-тәжіребие жасауға қызығушылығын арттыру. Суға қомқорлық жасауға үйрету. Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрсету,түсіндіру, сұрақ-жауап, тәжіребие жасау, мадақтау. Сабақтың көрнекілігі: Суреттер (слайд) , су, стакан, сүт, қасық, қант, лимон. Билингвалды компанент: су-вода, жаңбыр-дождь. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Балалар барлығымыз шаттық шеңберіне тұрып, қонақтармен амандасайықшы. Шаттық шеңбер:
Самал жел бізді желдетші, Күн нұры бізді жарқырат. Таза ауа бізге дем берші, Мөлдір су бізді салқындат. – Балалар, біз қай жыл мезгілімен қоштасып жатырмыз? (Күз мезгілімен) – Күз мезгілінде неше ай бар? (Үш ай бар) (Осы сәтте магинитафон арқылы жаңбырдың тамшысының тырсылы естіледі) – Қанекей тыңдаңдаршы? Бір нәрсе тықылдайтын сияқты, ненің дауысы шығады? (Балалар таңдана тыңдап жауаптарын береді) Ғажайып сәт: – Бізге қонаққа тамшы келіпті. – Қане, қонақпен сәлемдесейік. (Балалар амандасады) – Ол бізге қонаққа келіпті. Бірақ өзі неге көңілсіз екен? Ол өзінің неге көңілсіз екенің сұрайық? Тамшы: – Сәлем достар! – Мен, жақында ғана туылдым. Бірақ өзім туралы ештеме білмейді екенмін. Сондықтан менің көңіл-күйім жоқ. Сендер сондай ақылды, білімді балаларсыңдар ғой, мүмкін мен жайлы білетін боларсыңдар. (балалар өз көңілдерін білдіреді.) – Тамшы, кел төрлет! – Біз бүгін «Сиқырлы су» әлеміне зерттеу жасаймыз. – Өзінің кім екекнің білгің келе ме? Тамшы: – Ия, білгім келеді. – Ендеше сен де мұқият тыңдап отыр. Балалар экранға назарларын аударады.
Слайдпен жұмыс. Судың дыбысы естіледі.
- Судың пішіні бар ма? Біз қазір судың пішіні бар ма, жоқ па соны тексереміз (тәрелкеге су құю) Әрине, жоқ, суды қай ыдысқа құйсаң ол сондай пішін болады.
-
Судың дәмі бар ма? Осыны да тексерейік, алдарыңа ыдысқа су құйылған. Сол суды ішіп көріңдер. (балалар ішіп көреді)
Енді, осы суға кейбіреулерің қант қосып көріңдер,ал басқаларың тұз қосып көріңдер. Суды ішіп көріңдер дәмі өзгерді ме? (балалар жартысы қант, жартысы тұз салып өздерінің сезімдері туралы айтады) – Дұрыс суға біз не қоссақ, сол заттың дәмін сеземіз, ал судың дәмі жоқ екен.
Сонымен қатар су мен сүтті салыстырып көрейік, су бар стаканға қасық салайық, қасық көрінеді ме? Ия,көрінеді. Ал сүт құйылған стаканға қасық салайық көрінеді ма? Жоқ көрінбейді, сондықтан судың түсі жоқ, ол – мөлдір екен.
- Білесіңдер ме, балалар, мынау тұрған судан лимонад шырынның дайындауға болады. Бірге жасап көрейік. (балалар араластырып өздері ішіп дәмін көреді).
Балалар, сонымен су түссіз, дәмсіз, иіссіз, тұрақты пішіні жоқ табиғи ресурс. Оны дәлдеу үшін біз сумен тәжіребие жасадық.
- Өзен мен көлдерде, теңіздерде нелер тіршілік етеді? (Әртүрлі балықтар, өсімдіктер) Олар сусыз өмір сүре ала ма? Адамдарға су не үшін қажет? Судың қажеттілігі туралы не білеміз? (суретпен жұмыс) Суды ішеміз және жуынамыз. Сумен өсімдіктерді бау-бақшаны суарамыз. Сумен ас әзірлейміз. Сумен кір тазалаймыз. Суға адамдар да, жануарлар да шомылады. – Балалар, біздер судың әртүрлі қасиеттері бар екеніне көз жеткіздік.
Тамшы: – Мен өзімнің жетерліктей қасиетім бар екен. Енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. – Жарайсыңдар, балалар, ал енді «Күн мен жаңбыр»деген ойынды ойнайық. Мен сендерге «күн» дегенде серуен дейсіңдер, ал «жаңбыр» дегенде қолшатырдың астыңа тығыласыңдар.
Тамшы: – Балалар, сендерге көп-көп рахмет! Менсіз табиғатта тіршілік жоқ екеніне көзім жетті. Сау болыңдар!
- Тамшы сағанда көп рахмет! – Біздің балалармен ойын ойнап көңілдерін көтеріп тастадың. Сау болыңыз! – Өте жақсы балалар, ал енді барлығымыз орнымызға отырайықта сұрақтарға жауап берейік.
Судың иісі, дәмі, түсі бар ма? (жоқ) – Бізге қонаққа кім келді? (тамшы) – Қандай тәжіребие жасадық? (пішінін болмайтынын, түссіз екенін) – Сусыз өмір сүруге бола ма? (жоқ) – Адамдарға су не үшін керек? (ішеміз, жуынамыз, ас әзірлейміз, кір жуамыз) – Суды үнемдеу керек пе? (ия) – Жарайсыңдар, балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізге белсене қатысқандарың үшін сендерге алғыс айтамыз. Қонақтармен қоштасайық! Сау болыңдар! Күтілетін нәтиже:Нені білуі керек: суды үнемдеуді, суды ластамауды. Түсінеді: судың адам өміріне маңыздылығын Меңгереді: тәжірибие жасау арқылы судың қасиеттерін .
Сабақтың тақырыбы: «Сіріңкемен ойнама, балақай!»
Сабақтың мақсаты: Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге үйрету. Сірікені ұстамауға және ойнауға болмайтынын ұғындыру. Өрт сөндірушілердің қалай жұмыс жасайтындығын көрсете отырып, оттан сақтану жолдарын үйрету.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап Сабақтың көрнекілігі: Өрт сөндіру құралдары, слайд, тақырыпқа байланысты суреттер Сөздік жұмысы: От, алау, жылдам жаңғыш. Билингвалды компанент: от- огонь, сіріңке- спички, Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Балалар барлығымыз шаттық шеңберіне тұрып, қонақтармен амандасайықшы.
Шаттық шеңбер:
– Балалар, қараңдаршы, бүгінгі күн қандай әдемі! Терезеге қараңдаршы, күн алтын сәулелерін шашып тұр. Ендеше қонақтармен амандасып жіберейік.
Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен. Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық. -Балаларды орындарына отырғызу. Сіріңке, майшам, газ. (Осы суреттерге назар аударайық) – Сіріңке күнделікті өмірде қажет. Сіріңке арқылы майшамды, газды, т.б. нәрселерді тұтату үшін пайдаланамыз. Сіріңкені үлкендердің рұқсатынсыз алмау керек. Себебі, өрт-тілсіз жау. Сіріңкенің адам өміріне пайдасымен бірге зияны да болады.
- Балалар, біз бүгін қауіпсіздік ережелерінің бірі өрттің қаншалықты қауіпті екенін білейік.
Слайд көрсету.
- От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От өмірдің сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса тамағымыз піспейді, үйімізде жылымайды. Оттың пайдасы да бар, зияны да бар. Отты дұрыс пайдаланбасақ, күйіп қаламыз, жарақат аламыз. Оттан өрт шығуы мүмкін.
Енді, газды ашық тастап кетуге бола ма? (өрт шығу мүмкін)
Газдың иісі шыққан жағдайда не істеу керек? (есік, терезелерді ашу керек) – Ал, ашпасақ ше? (ендеше иіс тиіп қалады) – Ал, мына көрініске қараңдаршы, үтік қосып ұмытып кеткен не болады? (өрт болады) – Ашық тұрған тоққа саусақты тигізуге бола ма? (жоқ болмайды) – Дұрыс атасыңдар, тоқ тартады. – Балалар, сіріңкені ұстауға бола ма екен? (болмайды) – Сіріңкені тауып алсақ кімге беруімі керек екен? (үлкендерге) – Сіріңкені не үшін пайдаланамыз? (от жағып, тамақ пісіру үшін) – Ал, балалар мынау не? (газ) – Газды не үшін пайдаланамыз? (тамақ пісіру үшін) – Газдың үстіне киім кептіруге бола ма екен? (жоқ болмайды) – Дұрыс айтасыңдар, кішкентай балаларға газға жақындауға болмайды. Ас үйге кіруге болмайды. Өрт шыққан жағдайда балалар, 101-ге хабарласуымыз керек. Көшеде біреу саған тиіссе 102-ге. Ал денеңді күйік шалғанда немесе ауырған жағдайда 103-ке хабарласу керек.
Сергіту сәті: Өрт пен түтін айнала, Қарап тұрма жәй ғана. Тез хабар бер 101-ге Уақытты сен ұстама.
(Осы кезде ішке қолында сіңіркесі бар Түлкі келеді). – Ой, қорқытып жібердің ғой түлкі сен мұнда қайдан жүрсің? Не болды сонша айғайлап. – Мен жолда келе жатып сіріңке тауып алдым. Мен оны жағып көрейін дедім. – Түлкі, оны жақпа сіріңкемен ойнауға болмайды. – Қойшы, бір сіңіркеден қандай от шығар дейсің. (сіріңкені жағады да қолым-ай деп айғайлап кеп жылайды. Осы сәтте балалар өртті сөндіруге келеді) Бір қыз бала дәрігерге хабарласады. 2 қыз дәрігер болып түлкінің қолын емдейді.
Көрдің бе, түлкі бізбен бірге бүгінгі сабағымызға қатысып сіріңкемен ойнауға болмайтынның біліп ал.
Слайд арқылы суретпен жұмыс. Д/о: «Бола ма, болмай ма?» Қорытындылау: Міне балалар, біз сендермен бүгінгі сабағымызда сіріңкемен таныстық. Өрт қауіпсіздігін білдік. Сендер өте ақылды да, жылдам екенсіңдер түлкіге көмектестіңдер жарайсыңдар. Түлкі: – Балалар, рахмет сендерге мен енді сіріңкенің не екенің білдім. Үлкендердің рұқсатыңсыз ұстамаймын. – Ой мен тағы да сіріңке тауып алдым балалар ішін ашып көрейін деп апайға береді. (ішінен чупа-чупсті алып балаларға таратады). Балаларға алғыс айту. Күтілетін нәтеже: Нені білуі керек: Оттың пайдасын,әрі зиянын. Түсінеді: Сіріңкені ұстамау керектігін жылдам жанғыш екенін. Меңгереді: Өрт қауіпсіздік шараларын
| № | Қатысушының аты- жөні | Еңбек өтілі, санаты | Байланыс деректері
( тел.,эл.поштасы) |
—
Зайтуна Есмаганбетова
—
IЗГIЛIК НАГИЕВ. Редактор
