Муханова Эльвира Зайнуллиевна

Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы

Тайпақ ауылы «Айгөлек»

бөбекжайының ІІ-санатты

ағылшын пәні мұғалімі

Муханова Эльвира Зайнуллиевна

Тақырыбы: «Мен ағылшын тілін ұнатамын. I like English»

Мақсаты:

Балаларға ойыншықтар,жемістер,аңдар,түстер туралы мағлұмат беру. Тақырып бойынша жаңа сөздерді жаттату.Сөздік қорларын дамыту.Уақытты бағдарлай білуге,ауа-райының құбылыстарын,жыл мезгілдерін атауға дағдыландыру.Пәнге деген қызығушылықтарын дамыту. Балаларды ұйымшылдыққа,достыққа тәрбиелеу

ҰОҚ барысы:

Амандасу

-Hello children. I am glad to see you. How are you?

-Hello, we are fine!

Өлең жолдарымен амандасады

Hello to all

Hello to you

Hello, Hello

To all of you!

-Sit down, Let`s begin our lesson.

Балалар бір-біріне,қонақтарға жымияды,жылу сыйлайды.

-Балалар бүгін бізде ерекше күн.Бүгінгі біздің уақытымыз қызықты өту үшін әртүрлі қызықты ойындар ойнайық.

-Мен бүгін сендерге жалғыз келген жоқпын. Қасымда қонағым бар.Ол-

-Ол бізге алыс жақтан саяхаттап,қонаққа келді.Бірақ ол сендерге тосыннан келгісі келеді

Мен сендерге фокус көрсетемін

«Микки из шляпы»

Қане бәріміз : Фокус-покус-тру –ля-ля деп айтамыз

Қалпақтн микки шығады.

Қараңдаршы ол не?

-Дұрыс,ол Микки-тышқан а,ылшынша –моус-Mouse

Very nice.

-Қане онымен амандасайық. Hello ,Hello, Hello.

-I am glad to see you

-Олда сендерді көргеніне қуанышты.Ендеше қызықты ойындар арқылы біз оған ағылшын тілін қалай білетінімізді көрсетейік.Let`s play with her

Тілді дамыту жаттығулары

  1. «Аудар және қимылды орында»ойын-жаттығуы. Уақытты бағдарлау

Good morning- қайырлы таң-қолдарын көтереді

Good afternoon-қайырлы күн-жүгіреді

Good evening-қайырлы кеш-орындарына отырады

Good night- қайырлы түн- көздерін жұмады 2-3 рет қайталау

Very good ,Жарайсындар, балалар.Әрі қарай жалғастырайық.

  1. «Weather event. Ауа-райы»Жыл мезгілдерін атап,ауа –райын болжау

Көктем-Spring-sunny- күн шығады

Жаз-Summer-hot-ыстық болады

Күз-Autumn-cool ,windy-салқын,желді

Қыс-Winter-snowy, frost- қарлы,аязды

Балалар қимылмен орындап, аудармасын атайды

Well done,жарайсыңдар!

Балалар қараңдаршы Миккидің қолында әдемі сөмкесі бар. Оның ішінде не бар екен?Суреттер бар екен,соларды сендерге көрсеткісі келеді. Сендерге естелікке өз өмірінен суреттер әкелген, соларды тамашалайық. Сол суреттерді экраннан үлкен етіп көрсетейін. Және өзімен бірге көп фишкалар алып келіпті.Сендер дұрыс жауап берсендер сендерге 1 фишкадан беремін.Соңында ким көп жауап беріп,көп фишка жинады соны санаймыз.

Мынау ойын бөлмесі,ол ойыншықтарымен ойнап отыр.Қараңдаршы оның сүйікті ойыншықтары көп екен.Қарап,оларды атайықшы. Ойыншықтарды бір сөзбен қалай атаймыз-Toys

«Ойыншықтарды ата»ойыны

Шарты: суреттен қарап,оларды ағылшынша атайды

Доп- a Ball

Машина- a car

Қуыршақ-a doll

Тешелер- a dice

Шарлар-түстері- a balloon red, blue, yellow , green ,white, orange

Жарайсыңдар,балалар!

Әр баланың дұрыс жауабына фишка беріледі

Мынау оның ас үйі.Ол осы жерде үнемі дәмді тағамдар әзірлейді екен.Және көптеген жемістерден шырын дайындағанды ұнатады екен.

Сендер қандай жемістерді көріп тұрсындар.Ол қандай жемістерден шырын дайындағанды ұнатады екен?

Бір сөзбен жемістерді қалай атаймыз?-Fruits

«Жемістерді атап,оларды ажырат»дидактикалық ойыны

Алма- Apple

Алмұрт-Pear

Банан-Banana

Жүзім-Grape

Апельсин-Orange

Шарты: Атап,оларды себетке орналастырады,түстерін ажыратады

Фишкалар ұсыну

Оның достары көп,ол сол достарына қонаққа жиі барады екен.Қане ендеше оның достарын жеке атайық.Олар-аңдар-Animals

What do you see?Нені көріп тұрсыңдар?

Олар: Қасқыр- A wolf

Аю-A bear

Маймыл- A monkey

Қоян- A here

Түлкі- A fox

Тиын-A squirrel

Кірпі- A heghog

Mouse-тышқан

Тақпақ:

I have a bear.

I have a hare.

I have a dog.

I have a frog.

«Кім шапшаң»ойыны

Балалар жасырынған аңды табады .Әр аңның қайсысы жоқ екенін атап, табады.

Ойын «Құйрығын тап»ойыны

Құйрықтарын қондырады

Музыкалық сергіту жаттығуы

« Peekaboo » «Head shoulders knees and toes knees and toes»

Ойын «Музыкалық стол» «Musical table»

Let`s continue playing together

Музыка ойналады тоқтағанда қай аң не жейді ? балалар атайды

What does bear like?

Bear likes –honey, black berry

Monkey likes-banana

Rabbit-carrot

Squirrel-nut

Mouse-cheese

Clever boys and girls ,өте жақсы, You know all fruit

Міне енді Микки достарының нені ұнататынын біліп жүретін болады.

Қимылды жаттығу

Қолды шапалақтаймыз-Clap, Clap, Clap

Аяқты топылдатамыз- Stamp, Stamp, Stamp

Біз былай билейміз- Dance, Danсе, Dance

Жоғарға самғаймыз-Flay, Flay ,Flay

Балықша жүземіз-Swim, Swim, Swim

Қоянша жүгіреміз-Run ,Run Run

Ал енді отырамыз-Sit down

Good boys and girls

We should do special exercises to have strong eyes.

Көзге арналған жаттығу жасаймыз

Look left right- оңға-солға

Up look down- төмен-жоғары қараймыз

Look around-айнала қараймыз

At your nose- мұрынға қараймыз

At that rose-маңдайға қараймыз

Close your eyes-көзімізді жабамыз

Open wink twice-көзімізді ашамыз,жыпылықтатамыз

Your eyes are nice.

Қорытынды: Сұрақ –жауап бойынша қорытындылау

Келген қонақпен қоштасу

Өзінің сыйлығын қалдырды

Children you good fellows Thank you every much

Good bye good bye see you again

Good bye good bye see you my friend

Good bye good bye I had fun today

I had fun today Мағанда өте көңілді болды.

Күтілетін нәтиже

Балалар тақырыптар бойынша жаңа сөздерді білді;

Тақпақ,өлеңдер бойынша сөздік қоры дамыды;

Қимылды ойынды,көзге арналған жаттығуды шарты бойынша жасады;

Тақырыбы:«Табиғаттың қызықты тапсырмалары»

Мақсаты: Балаларға ағылшынша жыл мезгілдерін, қысқы киімдер,жануарлар,түстер,сандар туралы түсінік беру.Ағылшынша тақпақ,өлеңдер арқылы сөздік қорларын дамыту.Пәнге деген қызығушылықтарын ояту.Табиғатты аялай білуге,сүйе білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: жануарлар, күннің көзі, музыка, қысқы киімдер суреттері

Барысы

Hello boys and girls I am glad to see you.Бүгін бізде ереше күн.Бізге көптеген конақтар келді,қане барлығымыз амандасып алайық.

Амандасу

Hello golden sun

Hello blue sky

Hello my guest

Hello my friends

Балалар бүгін менің көңіл-күйім өте жақсы.ол көңі-күйдімен сендерге жолдағым келіп тұр.Қане,қолымызды ұстап,бір-бірімізге күлімдеп, «I am happy»деп айтайық.Осындай жақсы көңіл-күймен мен сендерді ғажайып орманға саяхат жасауға шақырамын.Ендеше уақыт алмай саяхатқа аттанайық. Journey in to the forest It is winter it is cold.Күн салқын жылы киімдерімізді киіп алайық.

Дидактикалық ойын: «Қысқы киімдерді ата»

Didactic game:«I put on….»

When It is cold I put on hat….осылайша ағылшынша киімдердің атауын атайды

Енді дайын болсақ, немен барамыз.Ендеше қарғо шаңғы теуіп барайық.Тез жету үшін жаттығу жасап барайық.

Физкультминутка

Hands up,

Hands down,

Hands on hips,

Sit down.

Stand up,

Hands to the sides

Bend left,

Bend right.

One, two, three, hop,

One, two, three, stop.

Stand still!

Фонетикалық жаттығу

Міне біз орманға да келдік. St-st-forest,айнала қандай тамаша-w-w-wonderful,аңдардың дауысы естіледі-m-m-animals,құстар-b-b-birds,ағаштар-tr-tr-trees,қыс мезгілі-w-w-winter,айнала қар-s-s-snow everywhere

We are in the forest. Exellent,өте жақсы

Түсінік жұмыстарын жүргізу.Табиғатты аялау керектігін,қорғау керектігін түсіндіру.

Күнге көметесу

What is it? It is a sun! Lets see Whats wrong?Бұл не? Бұл күн!

-Қараңдаршы оған не болған?

-Ол көңілсіз,ол күлімдемейді?

-It is not smiling! Let`s ask sun What happened?Қане,күннен не болғанын сұрайық

-It has lost its sunrays Lets help the sun .Ол өзінің күн шуақтарын жоғалтқан.Ендеше оған көмектесейік.

Табиғаттың бізге арнаған тапсырмалары бар екен,соларды орындайық.

  1. Ойын: «Суреттерді біріктір және жыл мезгілдерін ата!»

And now dear boys and girls! Look at the blackboard There are 4 seasons on the blackboard and now say after me Let`s count 1-2-3-4

Көктем-Spring

Жаз-Summer

Күз-Autumn

Қыс-Winter

Және осы жыл мезгілдерінің өздерінің сүйікті түстері бар екен.сол туралы айтып жіберейік.

Көктем-Spring is green

Жаз-Summer is bright

Күз-Autumn is yellow

Қыс-Winter is white

Very good.Міне біз күннің бір шуаңын тауып қондырдық.әліде жетпейді.

Тыныс алу жаттығуы.Орманда балалар ауа тап-таза болады.Қане дем алып, тыныс алайық.

I can go

I can run

I can jump

Енді қалған күннің шуақтарын табайық.Қараңдаршы алдымыздан көптеген орман аңдары шықты. Қане амандасайық.Hello

-Міне балалар күннің көзі,Мына аңдардың дыбысын ажыратып,оларды ағылшынша атайық.

Дидактикалық ойын: «Аңдарды ата »

«Wild animals in the forest»

Well done,жарайсындар!

Міне күннің көзі -ағылшында өлең айтайық

«Winter song» қыс туралы өлеңімізді айтып,бойымызды сергітейік

4. тапсырма: «Түстерді ата»

Біздің күніміздің шуақтары ерекше,түрлі түске боялған.Ендеше түстерді атайық.

What color is your sunray? It is red….

Қараңдаршы,біз күннің барлық шуақтарын тауып беруге көмектестік.Сондада біздің күніміз көңілсіз.А-А-А,ол бізден шуақтарын санап беруімізді өтінеді

Ендеше санайық,Let`s count 1-2-3-4

Міне біздің күніміз күлімдеді.It is smiling!

Қорытынды,қоштасу

Балалар,бөбекжайга оралатын уақыт келді,Қане көзімізді жұмып, санап оралайық.Close your eyes , let`s count to ten ,Open your eyes

Балалар,сендерге орманға саяхат ұнады ма?

Нені көрдіңдер,неге көмектестіңдер?

I can say goodbye

I can say goodbye, You can say goodbye. I can say goodbye to you, You can say goodbye to me, Goodbye. Goodbye to you.

The expected result

Repraduce –ұғынды: Жаңа сөздердің ағылшынша атауын білді ;

Understand-түсінді:Табиғатты аялау керектігін түсінді;

Appey- қолданды:Ойынды шарты бойынша орындады;

Тақырыбы:«Сиқырлы сандықша-волшебный сундук- Maigic chest»ашық оқу қызметінің жоспары

(Педагогикалық серіктестікте)

Мақстаты:Балаларға жаңа сөздерді үйрету. Сөздік қорларын дамыту. Музыкалық дыбыстарды ажыратып, ырғақты сезінуге баулу. Балалардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Ұжымшылдыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу

Көрнекіліктер: күз мезгілі суреті, жемістер, кірпі, лэпбук, музыка, үнтаспа,отбасы мүшелері суреті,ертегі кейіпкерлері т.б

ҰОҚ барысы

Шаттық шеңбері

Hello kids glad to see you again Let`s begin our lesson.Балалар бүгін бізде ерекше күн,бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Келген қонақтармен 3 тілде амандасу

Амандасу

Қайырлы таң ұстазым

Қайырлы таң достарым

Шеңберге тұрайық

Жылулық сыйлайық

Доброе утро учитель

Доброе утро друзья

Посмотрите друг на друга

Пожелайте добра

Good moning ,good morning

Good moning, to you

Good moning, good morning

We are glad to see you

-Балалар менде сендерді көргеніме қуаныштымын.Көңіл-күйлерің қалай? Оқу қызметіне дайынбыз ба?

-Қане, ендеше ашық оқу қызметімізді бастайық

Are you ready?

Тосын сәт.

-Балалар қараңдаршы, Look , бөбекжайға келе жатқанда жолдан мынандай сандықша тауып алдым.Ол жәй сандықша емес,сиқырлы сандықша.Сендер оның кімнің сандықшасы екенін білмейсіңдер ме? Мен оны аша алмадым.Сендер сандықшаны ашуға көмектесесіңдер ме?

-тыңдаңдаршы,балалар, сендер естіп тұрсыңдар ма?Бір дыбыс шығатын сияқты,ненің дыбысы?

Ендеше сандықты ашу үшін мынандай тапсырма бар екен. Сол тапсырмаларды орындап,сандықшаны ашайық.

  1. Қол моторикасын дамытып, дәстүрден тыс әдіспен сұраққа жауап беріп, табиғат бейнесін бейнелеу,күз мезгіліне байланысты сұрақтарға жауап беру.Күз ерекшеліктеріне тоқталу

-What season is it now?

-Қазір жылдың күз мезгілі- it is autumn

Жапырақтар сарғайып жерге ұшып түсіп жатыр- leaves

Күн- sun

Бұлт- sky

Гүл- flower

Құстар жылы жаққа ұшып барады- birds

Олардың түстерін 3 тілде атайды

Сандықша ашылады.Very good

-Ой,балалар қараңдаршы,сандықшаның ішінде кірпі бар екен және оның бізге әртүрлі тапсырмалары бар, Соларды орындайықшы, балалар.

  1. Біздің кірпіміз күн салқындағасын тоңып қалған,ендеше оған көмектесіп,оны және достарын мына тұрған үйшікке орналастырайық.Орналастыру үшін әр аңның дыбысын ажыратып, атауларын 3 тілде атаймыз. Ендеше кірпімен музыкалық-дидактикалық ойын ойнап жиберейік.

Didactic games «Мұнара»дидактикалық-музыкалық ойыны

Мақсаты: Балалардың музыкалық есту қабілеттерін дамыту

Ойын барысы:

Педагог: Далада тұр мұнара,мұнара

Әдемі өте биік мұнара

Кім жүгіріп келе жатыр мұнараға?

Кім асыңып келе жатыр мұнараға?

Балалар музыканы тыңдап, қай кейіпкерге сәйкес әуен екенін ажыратады.Тапқан аңды орналастырады. 3тілде атайды

Жарайсындар балалар,сендер кірпіні үйіне орналастырдыңдар.

Біздің кірпіміз достарына жемістерден компот қайнатқысы келеді екен.Бірақ жемістерді ажырата алмайды.Оған жемістерді бір-бірінен ажыратып беруге және оларды атауға көмектесейік.

Didactic games: 2. «Жемістерді ажырат»дидактикалық ойыны

Шарты: Жемістерді бір-бірінен ажыратып, 2- ге бөліп,оларды 3 тілде атайды

Жарайсыңдар ,балалар сендер кірпіні бір қуантып тастадындар.

Балалар біздіңде кірпі сияқты өз отбасымыз,үйіміз бар. Сендер сол отбасы мүшелерін білесіңдер ме? Отбасында кімдер тұрады?

Балалар отбасы мүшелерін атап, оларды орналастырады.

Very good , thank you children

3.«Отбасы мүшелерін ата және орналастыр»дидактикалық ойыны жүргізіледі. 3 тілде оларды атайды.

-Балалар,жарайсыңдар,сендер тапсырманы жақсы орындадыңдар. Well done

-Балалар шаршап қалдыңдар ма? Ендеше қимылды жаттығуымызды орындап,бір демалып алайық.

Physical training. Музыкалық сергіту-жаттығу «Baby shark»

Let`s sing a song together

Қорытынды: Сұрақ-жауап бойынша оқу қызметін қорытындылау,мадақтау,бағалау

I am very glad .You were clever and attentively .Thanks for you attention bye. The lesson is over good bye!

Күтілетін нәтиже:

  • Балалар жаңа сөздерді үйренеді.

-Сөздік қорларын дамытады. Музыкалық дыбыстарды ажыратып, ырғақты сезінеді;

-Балалардың пәнге деген қызығушылықтары артады .Ойынды шарты бойынша орындайды.Топтық жұмыс жасап дағдыланады;

Тақырыбы:«Қонжыққа көмектесейік» оқу қызметі

Мақсаты:

-Балаларға күз туралы түсінік қалыптастыру. Балаларды күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. Балаларға алтын күздің бізге берері мол екенін, күздің сыйы жемістер мен көкөністер туралы түсінік беріп жаңа сөздермен таныстыру. Оларды бір-бірінен ажыратуға баулу

  • Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту. Тілдің грамматикалық құрылысын қалыптастыру.
  • Балаларды табиғатты аялай білуге тәрбиелеу .Табиғат сұлулығын көре білу іскерліктерін дамыту.Балаларды достыққ, адамгершілікке тәрбиелеу

Педагог балалармен амандасады.

I can say hello. (Әуенмен айтады)

I can say hello,

You can say hello.

I can say hello to you,

You can say hello to me. Hello, Hello to you.

Let`s begin our lesson.

-Күз өте әдемі жыл мезгілдерінің бірі.Біз бүгін ағылшынша күз мезгілі туралы айтамыз.Біз әр жыл мезгілінің өз түсі бар екенін білеміз./Суретке қарап хормен айтады/

-Балалар сендер күз мезгілінің ерекшеліктерін өз көздеріңмен көріп,тамашалағыларың келе ме?Ендеше күзгі орманға саяхат жасайық.Табиғат құбылыстарымен жеке танысайық.

-We are ready. Let`s go for a walk/сиқырлы музыка/бойынша

-It is autumn,қазір күз мезгілі

Айналаға қарап,сұрақ қою.

-Қараңдаршы қандай әдемі табиғат ?

-Answer my guestion, What can you see What is it?

Батырхан: I can see leaves,autumn is yellow

Педагог: Tell us about the weather it is sunny or cloudy

Бала: Yes, it is cloudy

Педагог: What colour is the sky .What colour are the leaves?

Аяжан: The sky is blue .The leaves are green,yellow ,red ,brown

Мензифа сен осы сарғайған жапырақтар туралы қандай тақпақ білесің?

Down down

Yellow and brown

The leaves are falling

Over the town

-Балалар сендер орманда нелер тұратынын білесіздер ме?

  • Жыртқыш аңдар мекен етеді,дұрыс айтасыздар

-Педагог: Қараңдаршы мына жерде қонжық отыр.Ол бізді естіп шыққан болып тұрғо.

-Сәлем қонжық ,сен неге көңілсізсің?

-Қонжық: Мен күз бойына қайғырып көңілім түсіп отыр.Мен басқалар сияқты қыс мезгіліне еш дайындалмадым. Жемістер мен көкөністерден ештене дайындамадым,анама көмектесе алмадым.Мен мына көкөністерден салат, жемістерден тосап қайнататынын білем, бірақ оларды бір- бірінен ажырата алмаймын, шадастырам.

-Сендер маған көмектесесіңдер ме?

-Педагог: Сен мұңайма, қонжық,біздің балалар саған ажыратуға көмектеседі

-Қонжық: Ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын , мен жұмбақ жасырғанды өте жақсы көремін,сендер шешуін тауып маған көкөніс пе? жеміспе екенін ажыратып айтыңдар

Жұмбақтар – riddles

Пішіні дөңгелек, тәтті

Ұрмай-соқпай жылатады, әркім бірақ ұнатады.

Қызыл мұрыны, жерге бойлайды / сәбіз -carrot -морковь

-Педагог:Балалар бізге күз не береді?Ендеше осы күз сыйын екіге бөліп қонжыққа жинап берейік.

-Көкөністер қайда піседі?

Жерде ,бақшада піседі,өте дұрыс

-Ал жемістер ағашта өседі?

-What is this? It is a carrot , an anion , tomato ,cucumber

-It is an apple ,it is a banana, grape, pear, orange

Балалар шарты бойынша ажыратады.Арнайы дайындалған көрнекілікке орналастырады

-Ендеше қимылды жаттығуды жасап, бойымызды сергітейік ,қимылмен орындайды

The wind is blowing (жел сияқты қолдарын былғайды)

The leaves are falling down (жапырақ сияқты қолды түсіреді)

We are gathering the leaves (жерден жапырақ жинайды)/осы жапырақтар сендерге күзгі орманға саяхаттан естелік болсын

  • Қонжық: рахмет балалар сендер менің көңілімді көтеріңдер

-Педагог: Балалар күн бұлттанып жаңбыр жауғалы тұр. (үнтаспадан жаңбыр дауысы)

-It is raining. Run up to me under my umbrella

Барлығы қолшатыр астына жасырынып, жаңбыр өлеңін айтады, қонжықпен билейді

Let`s dance

Rain rain go away

Come agein another day

Litlle children wants to play

Rain rain go away

-Жарайсыңдар балалар, ендеше жаңбырға жаурамай тұрғанда бөбекжайға жетіп алайық

Қонжықпен қоштасады. Good bye!

Бөбекжайға оралып оқу қызметін сұрақ-жауап арқылы қорытындылау,балаларды мадақтау,бағалау

Күтілетін нәтиже

Бала білу керек: Күздің сыйы жемістердің ,көкөністердің атауын жеке-жеке біледі;

Бала меңгеру керек: Тақпақты,өлеңді қайталай отырып тілдерін жаттықтырып, жаңа сөзді меңгереді;

Бала жасай алуы керек: Тапсырманы түсініп сұраққа жауап бере отырып,топтық жұмыс жасай алады

Білімберусаласы: Қатынас.

Тақырыбы: «To travel with Dara .Дарамен жануарлар еліне саяхат»

Мақсаты:

– Жабайы жануарлардың ағылшын тіліндегі атауын үйрету.Әр аңдарды жеке- жеке таныстыру, оларға деген сүйіспеншіліктерін арттыру

–Ағылшын тілінде сөйлеу қабілеттерін, есте сақтау, ой-қиялын дамыту.

–Аңдарды қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Билингвалдықкомпоненті:

wild animals- жабайы аңдар- дикие животные»

a wolf-қасқыр-волк

a rabbit-қоян-заяц

here-қоян

a bear-аю-медведь

a fox-түлкі-лиса

tiger-жолбарыс-тигр

lion-арыстан-лев

monkey-маймыл-обезяна

elephant-піл-слон

giraffe –керік-жираф

zebra-зебра

Көрнекіліктері: Суреттер, көрнекіліктер, слайд, үнтаспа, видеоролик,Дара мен Диего суреттері, Боти маймыл көрнекілігі, аңдардың суреті, пішіндер, ойынға қажетті құралдар

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ –жауап, түсіндіру, саяхаттау,жаттату ,мадақтау, қорытындылау

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу-hello, children. I am glad to see you.

Мен сендерді көргеніме қуаныштымын.

Good morning

Good morning

Good morning to you

Good morning good morning

We are glad to see you

-How are you ? are you ready? Let`s begin our lesson.

-Ендеше, бүгінгі оқу қызметін бастайық

Тосын сәт: Шармен алыс жақтан күйтабақ ұшып келді,Ой балалар қараңдаршы, сиқырлы шармен біреу бізге күйтабақ жіберіпті.Ішінде не бар екен көрейік

1 слайд көрсетіледі,тыңдалады

Дара: Сәлеметсіздер ме балалар, Мен Дара ,ал мен Диего ,біз бүгін орманнан аңдарды іздейміз , сендер де бізбен іздеп,саяхаттағыларың келе ме?

-Педагог: Балалар , Дарамен саяхатқа барғыларың келе ме? Аңдармен танысамыз ба?

-Ендеше тез жету үшін саяхатқа балалар велосипедпен аттанайық,ағылшынша

Қимылмен жасайды

Тақпақ айтады

What a happy day today

Boys and girls are beautiful today

They dance and wonderful play

What a happy ,happy day

http://go1.imgsmail.ru/imgpreview?key=1e00881466eff557&mb=imgdb_preview_144 https://i.ytimg.com/vi/JIdxGPSSDsU/hqdefault.jpg

2 слайд

Hello, hello it is so nice to say

Hello ,hello and have a nice day

Амандасу, Hello Дара мен Диого амандасады

Сұраққа жауап береді Бұл не? What is it? Жабайы аңдар- wild animals

-Ағаштың үстіндегі қандай аң? Тиін-sguirrel

-Ал тастың үстінде қандай аң ?қоян-hare

Шөптің түбіндегі қандай аң? Маймыл-обезяна –monkey,қолында батпырауығы бар

-Қап, балалар ,қараңдаршы ,Ботиді қатты жел ұшырып әкетті.Ендеше Дараның досы Боти маймылға көмектесейік,ол үшін көптеген тапсырмаларды орындауымыз керек

Алдымызда өзен-river, одан көпір арқылы өтейік, ол үшін тапсырманы орындайық

3 слайд

Пішіндерді орнына қою, оларды атау, түстеріне тоқталу shapes- пішіндер

Circle-дөңгелек tringle -үшбұрыш rectangle-төрбұрыш

-Жарайсындар балалар, тапсырманы дұрыс орындадыңдар, жолымызды әрі жалғастырайық. Алдымызда қалың шөптер-grass бар оған жеткенше, қимылды жаттығуымызды орындап барайық. Қимылды жаттығу

1, 2 ,3 hop with me

1 ,2 ,3 hop with me

hop now hop now

you and me

1, 2, 3 jump with me

1 ,2, 3 jump with me

Қалың шөпке келеді There are many animals.Балалар қараңдаршы көп аңдар жүр

4 слайд

Шөптің арасында аңдардың балалары анасынан адасып қапты, оларға көмектесейік

,аңдарды жеке атау tiger-жолбарыс-тигр

lion-арыстан-лев

monkey-маймыл-обезяна

elephant-піл-слон

giraffe –керік-жираф

zebra-зебра

Әрі қарай жолды жалғастыру

– Let`s sing a song «Teddy bear» өлеңін айту қимылын салу

Teddy bear, Teddy bear

Turn around

Teddy bear ,Teddy bear

Touch the ground

-Very good

-Алдымызда қарындары ашып қалған аңдар жүр екен содан өту үшін «Жануарларды тамақтандырайық» Now children let`s play

5 слайд «Жануарларды тамақтандыр» ойын көрсетіледі, сызба жұмысы жүргізіледі Балалар маймыл нені ұнатады?

Балалар- бананды-banana

Балалар қоян нені ұнатады?

Балалар: сәбізді-carrot

A monkey likes banana

Физминутка/сергіту сәті/phisical training

Дарамен бірге би билейік

-Міне балалар Ботидіде таптық, ол аю тауының жанындағы шыршаға батпырауығымен ілініп қалыпты, оны түсіру үшін аюдың тапсырмасын орындайық

«Бұл қандай аң?» дидактикалық ойынын ойнату Аңдардың жартысы көрсетіледі, қандай аң екенін ажыратады,Ботиға ағаштан түсуге көмектеседі

Боти алғыс айтады,сыйлығын береді Сендер өте білімді екенсіңдер,өздеріңнің білімдеріңнің арқасында маған көмектестіңдер,рахмет сендерге,Thank you, сендерді ұмытпаймын, Сау болыңдар,қоштасады

-Good bye children.

Балалар Диего мен Дараға алғыс айтайық

Педагог: Балалар уақыт біраз болды, балабақшамызға оралайық

Велосипедпен қайтады, өлең жолдарын айтады

1- 2 -3 hop, hop, hop

1- 2 -3 stop ,stop, stop

1- 2- 3- 4 I am sitting on the floor

  • I like to play
  • I like to run
  • I like to jump
  • It is fun
  • Сұрақ-жауап. Біз бүгін қайда бардық, нелерді көрдіңдер?Қандай аңдарға көмектестіңдер?
  • Қорытынды Мадақтау

Бүгін сендер оқу қызметіне жақсы қатыстыңыздар.

Оқу қызметіміз аяқталды, сау болыңдар! The lesson is over, good bye!

Күтілетін нәтиже:

Бала білу керек: Жануарларға жеке-жеке тоқталып, атауларын жаттайды, тілдерін дамытады;

Бала игеру керек: Фонетикалық дағдыларды қалыптастырады. сөздік қорларын молайтып, қызығушылықтарын оятады;

Бала жасай білуі керек: Топтық жұмыс жасап,ойынды шарты бойынша орындайды;

Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы

Тайпақ ауылы «Айгөлек»

бөбекжайының І-санатты

педагог-психологы

Муханова Эльвира Зайнуллиевна

Тақырыбы: Құм қалашығындағы табиғатқа саяхат!» құм терапиясы

Мақсаты: Баланың ішкі сезім бағыттарының өздігінен жүзеге асуы. Баланың «мен» концепциясын дамытады, өз іс-әрекеттері мен жасағандарына жауапты болады.Қиял,көрнекі-бейнелік ойлауды,сөздік логикалық, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту.Ұсақ қол моторикасын және өзіне деген сенімін арттыру.Танымдық және психикалық үрдісті дамыту

Түзету мақсаты:

Құммен жұмыстану арқылы баланың ақыл –ой белсенділігін күшейтіп,шапшандыққа тәрбиелеу.Құммен ұқыпты жұмыс жасай білуге үйрету.

Көрнекіліктер: Құм,ойыншықтар,слайд,музыка, физминутка,

Барысы:

Психолог: Сәлеметсіңдер ме,балалар? Қазір біздер елестету жаттығуы бойынша құм қалашығына саяхат жасаймыз,онда көптеген ойындар ойнаймыз. Елестету жаттығуы бойынша құм әлеміне енеді.

-Біз сіздермен бұл жерге құммен ойнауға келдік.

Балаларға арналған мінез-құлық ережелерімен таныстырып кету

Болады

  • Кез келген ойыншықты қалағанынша алуға;
  • Өз ойыншығын әкелуге;

Керек

-ойыннан кейін құмнан ойыншықтарды әкету;

Болмайды

  1. Құмды ауызға салуға болмайды.
  2. Құмды лақтыруға болмайды.
  3. Құмды құмсалғыштың сыртына шашуға болмайды.
  4. Ойнағанда, қолыңды тек құмсалғыш үстіне қағуға болады.
  5. Ойынан кейін орыныңды жина және қолыңды жу».

-Балалар құммен амандасайықшы,қолдарымызды құмға салайық.

Ендеше «Сәлеметсің бе? құм» жаттығуы

Ал енді құммен амандасамыз.Ол үшін саусақтармен, алақанмен «Сәлеметсің бе? құм»деп ұстаймыз.

Сұрақ: Құм қатты ма?жұмсақ па?құрғақ па? Әлде су құм ба?

Балалар жауабы: (жылы, не салқын,ылғал не құрғақ,)

Балалардың белсенді дамуы құммен ойнау кезінде жүзеге асады. Ең алдымен оларды құмның қасиеттерімен таныстыру қажет. Сусымалы,құрғақ,дымқыл,оған қолды немесе басқалай заттарды жасыруға болады

Психолог; Осы құмды жылыту үшін құмға күн суретін салайық.Содан соң тапсырма беру.

Тапсырма: Екі жұмырдығыңа құм алда, «с-с-с-с» дыбысын айтып отырып, құмды қолыңнын арасынан ағыз. Енді осы төмпекшілерді «ш-ш-ш-ш» дыбысын айтып отырып, жайып таста. Бала тапсырманы 2-3 рет өзі жасап қайталайды.

Әртүрлі геометриялық пішіндерді салу ойыны .Бұл ойындар арқылы балалардың қалып,кескін және көлем деген ұғымдарды есте сақтауларына үлкен ықпал жасалады.

«Тышқанға жасалған ін»ойыны.

Психолог пен бала күрекпен үлкен шұңқыр қазады.Сонан соң ойыншықтарды шығарып,оны інге кіргізеді. Баланы ін жасағаны үшін мадақтау.

«Мен пісірдім»ойыны ( түрлі құмнан тағамдар жасау) Бала құммен торт,бөлке,нан және өзге де тағамдарды жасайды.Бұл үшін бала әртүрлі кескіндерді қолданып, жасаған нәрсенің бетін күрекпен тегістейді.

Құм үстімен белгілі бір манипуляциялар жасау: балалар педагог көмегімен кішкентай қалыптарды құммен толтырады, құмның үстімен сызықтар жүргізеді, таңбалар қалдырып, төбешіктер жасайды. Құмға заттарды,ойыншықтарды көму, оларды табу.

Ойын: «Ертегінің суретін сал!»

Педагог баладан құмда қандай да бір заттардың суретін салуды сұрайды немесе өзі салады. Мысалы, кішкентай гүл, баладан айтуын сұраймыз: бұл қандай әлем немесе ертегі әлемі? Содан соң балаға гүл туралы тарихты, әңгіме барысы кезінде кейіпкерлерді-қызды, жаңбырды, қолшатырды, кемпірқосақты т.б.қоса отырып, толықтыра салуды ұсынады.Кіші топ бүлдіршіндері болғандықтан тәрбиеші немесе педагог көмегімен салады.

«Білуге құмарлықты дамыту ойыны.»

Психолог: құмның астына кішкентай пішіндерді,ойыншықтарды жасыту қажет, балалар оларды «коктейлге арналған »түтікшелердің көмегімен құмды үрлей отырып,іздеп табулары тиіс.

Қосымша ойналатын ойындар:

«Құмда не жасырылған?»ойыны

«Кімнің,ненің іздері?»

«Итке арналған күрке»ойыны (Төбешікті тығыздап, шұңқырлар жасау)

Психолог Жалаңаяқ құмда жүру жаттығуы жасалды.Құмнан түрлі мүсіндерді жасады,қызығушылық танытты

Психолог:

-Балалар сендердің көңіл-күйлерің тамаша екен. Сендер барлығың белсенді қатыстыңдар,бізге де жақсы көңіл-күй сыйладыңдар.Олай болса бүгінгі көңіл-күйімізді қонақтарға сыйлайық.

Балалардың таным қабілеттерін дамытуға

арналған ойындар

Сиқырлы дорба

Ойын жүргізушінің қолында сыңарымен және сыңары жоқ ұсақ заттар салынған сиқырлы дорба болады ( екі қасық, түймелер, ұсақ ойыншықтар, екі қолғап, моншақтар т.б.) Ойын жүргізуші бір ойыншыны шақырып, қолын дорбаға салып, қандай заттар бар екенін және олардың сыңарларын ұстап көру арқылы анықтайды. Ойын жүргізуші сиқырлы дорбадағы заттарды үстел үстіне шығарып, ойыншының жауабын тексереді. Келесі ойынға дорбаға басқа заттар салынады.

Қиялдағы сурет

Балалар шеңбер құрып отырады. Ойыншыларға таза ақ парақ пен түрлі-түсті қарындаштар таратылып беріледі. Балалар ойын жүргізушінің белгісі бойынша өз ойларынан сурет сала бастайды. Ойын жүргізуші белгі берген кезде салып жатқан суретін тоқтатып, оң жағындағы ойыншыға береді де, сол жағындағы ойыншының суретін жалғастырады. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша суреттер қолдан-қолға ауысып, толықтырылып салына береді. Соңында суреттер талданады.

Балалардың таным қабілеттерін дамытуға

арналған әдістемелер

«Бұл қандай заттар?»

«Бұл қандай жануар?»

Бұл қандай зат болуы мүмкін?

Домалаққа, төртбұрышқа ұқсайтын заттарды ата?

Тақырыбы: «Бірдей заттарды бір түспен боя.»

Тақырыбы: «Мысықгарға құлактарын, үйлерге терезе, тышқандарға құйрық салып суреттерді толықтыр.»

Мақсаты: Балалардың ой-қиялын, қол моторикасын дамыту.

Тақырыбы: «Еске түсірейік кімге не жетіспейді?»

Көрнекілік: Құралдармен бірге салынған қимыл-қозғалыстағы балалар , қимыл-қозғалыссыз салынған балалар суреті.

Нұсқау: Бұл әдістеме топта өз жасына сай дамымаған балаларға арналған. Әр балаға суретті көрсетіп, есте сақтауын айтып, екінші суретті көрсету керек. Баладан суреттегі әр баланың алғашқы суретте немен айналысып тұрғанын есінен түсіруін өтіну.

Нәтижені өңдеу:

5-7 секунд аралығында есте сақтау қабілеті өте жоғары 30-35 ұпай

7-10 секунд аралығында есте сақтау қабілеті жоғары 25-30 ұпай

10-13 секунд аралығында есте сақтау қабілеті орташа 15-25 ұпай

13-17 секунд аралығында есте сақтау қабілеті төмен 10-15 ұпай

17-20 секунд аралығында есте сақтау қабілеті өте төмен 5-10

Тақырыбы: «Мына суретте не туралы айтылған? Қай сурет жасырылған?»

Мақсаты: Баланың ой-қиялын, қабылдауын дамыту

«Қонжыққа бір қарайық, айырмашылық табайық!

Мақсаты: Бала зейінін анықтау, Зейіннің бөлінушілігін анықтау.

Көрнекілік: Бірінші парақтағы қонжық суреті және екінші парақтағы жеткіліксіз бөліктермен салынған қонжық суреті.

Нұсқау: Екі парақтағы қонжықты көрсетіп айырмашылықтарын табуды тапсыру. Әр баланың қаншалықты айырмашылық тапқанын және жылдамдылығын бақылау.

«Кеме» әдістемесі

Мақсаты: Баланың көру түйсігін тексеру, түстерді ажырату деңгейін бақылау

Керекті құралдар: Кеме үлгісі, әр бала алдына кеме суреті, бояу карандаштар.

Нұсқау: Таратылған кеме суретін тақтадағы үлгі бойынша бояту әр баланың түс ажырата алу деңгейін жұмыстану барысында бақылау.

«Суреттің жұбын тап!»

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін, есте сақтауын және сөздік қорын дамыту.

Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар

Ойыншықты сипатта

Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуға ұсынады (1 минут). Алынатын ойыншықтар түрлі-түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргендегі түр-түсі, көлемі, пішіні, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады.

Қиялды дамытуға арналған ойындар

Сиқырлы дөңгелектер

Баланың қиялын дамытуға арнайы бірнеше дөңгелектер беріледі, олардан балалар жануарлардың бейнесін жасау ұсынылады. Мысалы: құлақтары үшбұрыш, көзін қиғаш сызықтармен, тұмсығы мен мұртын сызып мысықтың бейнесін салады. Аю, құлақтарын жартылай дөңгелек, көздерін екі дөңгелек, тұмсығы мен аузын салу арқылы аюдың басын салады, оның сыртқы бөлігінен ирек сызықтарды айналдыра жүргізу арқылы арыстанның басының суретін салып, бала өз қиялы бойынша суретті толықтырады.

Ойлауды дамытуға арналған ойындар

Ойлан да аяқта

– Ат шабады, ал қарлығаш…

– Ит үреді, ал қарға…

– Жылан жорғалайды, балық…

Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар

Не үлкен?

Отырған балаларға жүргізуші сұрақ қояды. Орындықтан не үлкен? Балалар кезекпен заттарды атайды. Ойын ойнаған кезде жүргізушіге атаған заттарды қайтадан айтуға болмайды және балаларға қайталауға болмайды. Кім екі рет шатасса ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады.

Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар

Өз орныңды тап

Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.

Зейінді бол

Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші әр түрлі қимыл-қозғалысты көрсетеді. Балалар қайталап тұрады. Жүргізуші ескерткен қозғалысты, мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын қайталамайды. Қайталаған бала ойыннан шығарылып, жеңімпаз жүргізуші болады

Бір сөзбен ата

Бұл ойынға суреттер көрсетпей-ақ сөзбен айтуға да болады. Ойын жүргізуші бірнеше заттардың атын атайды да, бір ойыншыдан бір сөзбен қалай атауға болатынын сұрайды. Мысалы:

  • Автобус, машина, трактор, ұшақ.
  • Дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, төртбұрыш.
  • Қара, қызыл, сары, көк, жасыл.
  • Қарлығаш, торғай, қарға, сауысқан, тырна.
  • Сиыр, жылқы, түйе, ат, қой.
  • Сарымсақ, сәбіз, қызылша, пияз.
  • Қоян, арыстан, тиін, қасқыр.
  • Теледидар, үтік, шаңсорғыш, тоңазытқыш.
  • Көйлек, жейде, шалбар, жемпірү
  • Айран, ірімшік, сары май, қаймақ, құрт.
  • Сызғыш, қарындаш, дәптер, өшіргіш.

—
Зайтуна Есмаганбетова

—
IЗГIЛIК НАГИЕВ. Редактор

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше