Пирманова Сапаргул Елемесқызы, Тилеумаганбетов а Калка Ногайбаевна
№1 «Қуаныш» ересек тобында ұйымдастырылған іс -әрекеттің технологиялық картасы
Білімберусаласы: «Таным»
Ұйымдастырылғаноқуіс-әрекет: «Математика»
Тақырыбы: « Заттардың кеңістіктегі орналасуына санының тәуелсіздігі, үлгі бойынша санау»
Мақсаты:
Білімділік: Өзгеше орналасқан (шеңбер,шаршы ішінде)заттар тобын теңестіруді үйрету;Заттарды үлгі бойынша санауға үйрету; Заттың орналасқан орнын анықтау.
Дамытушылық: балалардың ойлау қабілетіндамыту
Тәрбиелік: ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Керектіқұралдар: геометриялық пішіндер ,сабаққа байланысты суреттер.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ –жауап,көрсету,түсіндіру.
| Тәсілдер кезеңдері | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың іс-әрекеті |
| Мативациялық- қозғаушы | Ойын: «Өзі орыңды тап»
Ойынның шарты: Әр бала өз қолындағы пішіндерге қарап өз орындарын табады. |
Балалар ойынды қызығушылықпен ойнады. |
| Іздену- ұйымдастырушы | Тәрбиеші балаларды тақтаға назарт аудартады. Балалардан тақтада тұрған шарлардың түстерін және оң және сол жақта,жоғары,төмен орналасқанын көсетуін сұрайды.
-Ал балалар алдындағы тақтайшаға өз қолдарындағы дөңгелектерді орындарына орналастырады. 1 тапсырма Педагог балаларға дөңгелек шеңберге 4-кесе қоюларын сұрайды. -солдан ,оңға қарай санауды ұсынады. – Шеңбердің ішінде неше кесе бар? 2-тапсырма. Тәрбиеші балаларға тақтайшаның үстінгі бөлігіне төрт дөңгелек,ал төмендегі жағына 1-4 дейінгі сандарды ретімен қоюды ұсынады. 3-тапсырма Тәрбиеші балалардың назарын тақтадағы қонжықтарға назар аудартады. Тәрбиеші балаларға сол жақтағы қонжыққа сары киім,оң жақтағы қонжыққа қоңыр киімдерін кигізуді тапсырады. Балаларға сұрақ қояды және тапсырма береді. – Қонжықтардың оң қолына дөңгелек,ал сол қолына сопақша шар жапсыруды тапсырады. Сергіту сәті: Бәріміз біргеміз, Оңға бір қадам,солға бір қадам. Шапалақ ұрамыз. Алға бір қадам,артқа бір қадам Шапалақ ұрамыз. 4-тапсырма.Тәрбиеші балаларға қонжықтардың суретін көрсетеді. -Балалар,суретші төрт аюдың суретін салды.Бірақ басқа нәрсеге алаңдаймын деп,үшеуінің суретін ,дұрыстап сала алмады.Кейбір бөлшектерін ұмыт қалдырды.Кане,жоғарыда отырған қонжықтарды мұқият қарап шығайық.Содан соң жетпей тұрған тұстарын толықтырып,төмендегі аюлардың суреттерін аяқтайық.Барлық аюлар бір-біріне ұқсайтын болу керек. |
Балалар тапсырманы орындады.
Балалар сұрақтарға жауап беріп тапсырмаларды орындады. Балалар аюларды бояды. Балалар тақпақтың мәтіні бойынша жаттығу жасайды. Балалар суреттің жетіспей тұрған жерлерін толықтырып салды. -Түйме. -Бантик, түйме,табанын салдық |
| Рефлексивті- корекциялаушы | Ойын.: «Заттарды орындарына орналастыр»
Мақсаты: Заттарды жоғары,төменге дұрыс орналастыруды үйрету. Педагог балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мадақтайды |
-Балалар ойынды қызығу-
шылықпен орындады. Балалар өз жұмыстарын тәрбиешінің үлгісімен салыстырады. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: заттардың кеңістікте орналасуына тәуелсіздігін;
Нені игереді: орналасқан екі топтағы заттарды теңестіру, заттың орналасқан орнын анықтау.
Нені меңгереді: топтағы заттардың тең немесе тең еместігін анықтауд
Пирманова Сапагуль
№4«Гүлдәурен» ересек тобында ұйымдастырылған іс-қызметінің технологиялық картасы
Күні,айы,жылы:
Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Дидактикалық ойындар еліне саяхат.»
Мақсаты: Дидактикалық ойындар арқылы баланың алған білімдерін кеңейту.Сөйлеу мәдениетін сөздік қорын байыту.Түрлі –түсті суреттер ,ойындар арқылы,ойлау сөйлеу мәдениетін дамыту.Балаларды білімділікке тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Луллия шеңбері,мальберт,түрлі-түсті суреттер,слайд.
Әдіс-тәсілдер: Көрсетк,түсіндіру, сұрақ-жауап,мадақтау.
| Әрекет-кезеңдері | Тәрбиешінің қызметі | Баланың іс-әрекеті |
| Мотивациялық
қозғаушы |
-Балалар бүгін бізде ерекше күн,бізге көптеген қонақтар келіпті,қанекей балалар қонақтармен амандасайық.
-Жарайсыңдар балалар.Мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр,сендер ойын ойнағыларың келе ме? -Ендіше «Керісінше айт» деген ойын ойнаймыз. -Алдымен ойын шартымен таныстырып кетейін,ал сендер мұқият тыңдап тұрыңдар.Бұл ойын доп арқылы ойналады.Мен қазір бір сөз айтып,допты бір балаға лақтырамын,допты қағып алған бала,менің айтқан сөзіме қарама-қарсы сөз айту керек. -Жарайсыңдар балалар сендер өтте жақсы қатыстыңдар.Ойын сендерге ұнады ма? |
-Саламатсыздар ма.
-Ия. -Алыс-жақын,ұзын-қысқа, Биік-аласа, ақ-қара т.б. -Ия. |
| Ізденуші
ұйымдастырушы |
-Оқу қызыметімізді бастамас бұрын Жыл мезгілдерін пысықтап алайық.
-Балалар Қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем мезгілінде неше ай бар? -Көктем мезгілінде ауа-райы қандай болады? -Көктем мезгілі туралы тақпақ білесіңдер ме? -Жарайсыңдар балалар өте жақсы. Бүгінгі біздің оқу қызыметіміз сөйлеуді дамыту. Біз бүгін Дидактикалық ойындар еліне саяхатқа барамыз, -Балалар сендер саяхатқа шыққыларың келе ме? -Саяхатқа біз немен шығамыз? -Жарайсыңдар балалар дұрыс айтасыңдар,біздер бүгін автобуспен саяхатқа шығамыз. -Ендіше кәне бәріміз автобусқа жайғасайық.Бізде автобустың жүргізушісі Нұржан болады. – Кане балалар автобустан жайлап түсеміз.Міне балалар Дидактикалық ойындар еліне келіп жеттік.Айналамызға қарайықшы,бұл жерде түрлі тапсырмалар бар екен, сендер тапсырмаларды орындағыларыңыз келе ме? 1-тапсырма. Д/О «Көлеңкесін тап» Мақсаты: Суреттер бойынша балалардың тілдерін дамыту. Ойын шарты: Балалар суреттерді көлеңкесі арқылытауып,жапсырады және сипаттайды. 2-тапсырма. Д/О. «Үй жануарларының дыбысын ажырат» Ойын шарты: Үй жануарларының дыбыстарын,үнтаспадан есту арқылы,олардың дыбыстарын дұрыс ажырату. 3-тапсырма. «Сөрелерге орналастыр» Ойын шартты: Сөреде тұрған өнімдерге байланысты суреттерді дұрыс орналастыру. Сергіту сәті: 4-тапсырма. Д/О «Заттардың түсін ажырат» Ойын шарты: Берілген кескіндерді түстеріне қарай , түрлі түсті қағаздардың бетіне орналастыр. 5-тапсырма. Д/О «Дұрыс орналастыр» Ойын шарты: Жер,су,теміржол, аспан атауларына мән бере отырып көліктер қайда жүреді немесе кеме қайда жүзеді деген сұрақтарды қойып,балаларға тапсырма беру. 6-тапсырма. Д/О «Луллия шеңбері» Ойын шарты: Берілген сұрақтар бойынша ,сұрақтарға жауап бере отырып,суреттерді стрелкамен қосу. |
-Қазір жылдың көктем мезгілі.
-Көктем мезгілінде үш ай бар? -Көкте мезгілінде күн жылынады, -Аспан ашық болады. -Ағаштарға бүршік атып жапырақтар шыға бастайды. -Құстар жылы жақтан ұшып келеді. -Бәйшешекпен қызғалдақ гүлдері өседі. -ия. -Автобуспен. Балалар автобусқа отырып дидактикалық ойындар еліне барады. -ия. Балалар көлеңкенің суреттерін тауып сипаттап берді. Балалар мұқият тыңдап үй жануарларының дауыстарын танып атап берді. Балалар әр сөреде тұрған онімдердің дұрыс орналастырды. Балалар сергіту сәтін қимыл іс- әрекетпен көңілді жасады. Балалар берілген бейнелердің түстеріне қарай дұрыс орналастырып ажырата білді. -Балалар жер,су,теміржол,аспан көліктерін дұрыс орналастырды. Балалар берілген сұрақтарға дұрыс жауап беріп стрелка арқылы қосты. |
| Рефлексті
коррекциялаушы |
Жарайсыңдар балалар тапсырманы дұрыс орындадыңдар.Ендіше балабақшаға қайтатын уақыт болған сияқты.автобусқа отырып,балабақшамызға қайтайық.Канекей балалар балабақшамызға келдік.
-Біз саяхатқа қайда бардық? -Қандай ойындар ойнадық? -Саяхатқа шыққан сендерге ұнады ма? Жарайсыңдар балллалар бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар. Осымен бүгінгі оқу қызыметіміз аяқталды. Келген қонақтармен қоштасайық. |
Балалар қайта автобусқа отырып балабақшаға келді.
-Дидактикалық ойындар еліне. -Көлеңкесін тап,үй жануарларының даусын ажырат,Сөрелерге орналастыр,Заттардың түсін ажырат,Дұрыс орналастыр,луллия шеңбері . -ия. |
Күтілетін нәтеже:
Нені білуі керек: Сөйлеуді дамытуға арналған дидактикалық ойындарды ойнай білу керек.
Нені менгерді: Дидактикалық ойындардың әдістерін менгерді.
Нені біледі: Дидактикалық ойындар арқылы сұрақтарға толық жауап берді.
Тилеумаганбетова Калка
—
Зайтуна Есмаганбетова
—
IЗГIЛIК НАГИЕВ. Редактор
