Жайладова Гулджамал Огланбековна

Оқу қызметінің тақырыбы: Ш дыбысы және әрпі.

Оқу қызметінің мақсаты: Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту. Балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буынға бөлу, сөйлем құрау, жұмбақ шешу). Ш дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Балалардың ш дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіртіп, сол сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құрату арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету,ертегіні әңгімелету арқылы сөздік қорларын молайту.Ұғымталдыққа тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Оқу іс-әрекетініңкөрнекіліктері: кеспе әріптер, текшелер.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

1.Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

2.Таныс дыбыстарды есте сақтау үшін сол дыбыс басталатын нәрселердің суретін көрсетіп, қай дыбыстан басталатынын тапқызу

Негізгі бөлім.

1. Ш дыбысы және әрпімен таныстыру.

Жұмбақ жасырады.

Зулап түсіп төменге,

Шыға алмас менсіз бөгенге.

(Шана)

Шана сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

Шана сөзін айтып көріңдерші, ең бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?

Ш әрпімен танысу: ш дыбысының баспа түрін көрсетеді.

Ш дыбысын ауада жазып көрсетеді.

2.Дәптермен жұмыс «Ақылды ешкі» сурет бойынша әңгімелейді

3. Тіл ұстарту жаттығуы.

Шы-шы-шы

Әкем менің аңшы

Сергіту сәтін өткізу.

Отырып-ақ орнымда,

Айдын көлді кешемін.

Сен білмесең егер де,

Былай ескек есейін.

(Қимылмен көрсету

Дәптермен жұмыс.

2 тапсырма,Ешкінің еңбек құралдарын атап,ш дыбысын ізде. Сызбаның қай суреттің атауы екенін тап.

3 тапсырма.Ш әрпі неге ұқсайды?

Ш-пішенші ұстар қос қолдап,

Айырдың басы үш тармақ.

«Сөз ойла, тез ойла» дидактикалық ойыны.

Ш дыбысына сөз ойлату, сөзді дұрыс айтқан балаға смайликтерді бір-бірден беріп тұрады. Сөзді көп әрі дұрыс ойлаған болса, көп ойыншыққа ие болады. Кімнің смайликтерінің саны артық болса, сол бала ұтады. Мысалы: шана, шар, шие, машина, ағаш, шымшық.

Дәптермен жұмыс.

4 тапсырма. Тарақ тістерінен,ешкі үйінің шарбағынан неше ш әрпін жасауға болады?

-Балалар Ш дыбысынан басталатын қандай ертегі білесіңдер?

«Шалқан»ертегісін мнемокесте арқылы әңгімелету.

Бір бала шана сөзін тақтаға қима әріптер арқылы жазып береді, буынға бөледі, дыбыстық талдау жасайды.Қалған балалар орындарында отырып жазады.

III. Қорытындылау.

-«Шалқан» «Шана» сөзі қай дыбыстан басталады?

-Ш дыбысы дауысты дыбыс па? Дауыссыз дыбыс па?

-Неліктен дауыссыз, кәне, бәріміз айтамыз

—
Зайтуна Есмаганбетова

—
IЗГIЛIК НАГИЕВ. Редактор

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше